ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!
2026 жылғы 3 шілде мен 3 тамыз аралығында докторантураға құжаттар қабылдау жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады, ал түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі
Өтініш беру кезінде тек түсу емтиханын тапсыру ҚАЛАСЫН таңдай аласыздар.
Ал түсу емтиханын тапсыру ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (3 тамызға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, түсу емтиханын тапсыру тілі мен қаласына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
ДТЕ-ге қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.
МАҢЫЗДЫ
1️⃣TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 5 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды
2️⃣Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификатты («Дене шынықтыру педагогтерін даярлау», «Музыка педагогтерін даярлау», «Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау» және «Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламаларының топтарын қоспағанда) ұсынуы қажет
3️⃣Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады
4️⃣Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламалары бойынша докторантураға шекті балл – 50 балл.
В ДОКТОРАНТУРУ!
С 3 июля по 3 августа прием документов в докторантуру осуществляется в высших учебных заведениях, а прием заявлений на вступительный экзамен осуществляется на сайте www.app.testcenter.kz
При подаче заявления Вы можете выбрать только ГОРОД сдачи вступительного экзамена.
Информация о ДАТЕ и ВРЕМЕНИ сдачи вступительного экзамена будет доступна в личном кабинете 9 августа.
Отметим, внести изменения в заявление по группе образовательных программ, языку и месту сдачи экзамена можно только до завершения срока приема заявлений (до 3 августа).
Стоимость участия в ВЭД составляет 21 072 тенге.
ВАЖНО
1️⃣Лица, имеющие сертификат Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) сдают дополнительное тестирование на знание английского языка до начала ВЭД. Информация о МЕСТЕ и ВРЕМЕНИ проведения дополнительного тестирования будет доступна 5 августа в личном кабинете поступающего. Стоимость участия в дополнительном тестировании составляет – 14 162 тенге
2️⃣Поступающие обязательно должны предоставить сертификат КАЗТЕСТ, а также сертификат, подтверждающий владение иностранным языком (за исключением поступающих по группам образовательных программ «Подготовка педагогов физической культуры», «Подготовка педагогов музыки», «Подготовка педагогов казахского языка и литературы» и «Подготовка педагогов русского языка и литературы»)
3️⃣В докторантуру принимаются лица, имеющие степень «МАГИСТР» и стаж работы не менее 9 (девяти) месяцев или завершившие обучение в резидентуре по медицинским специальностям
4️⃣Пороговый балл для поступления в докторантуру по программе докторов философии (PhD) по государственному образовательному заказу и на платной основе – не менее 75 баллов, по программе докторов по профилю, в том числе по программам индустриального PhD – не менее 50 баллов.