Архив доступен 4 177 сообщений С 2017 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қазақстанда 4 шілдеден бері кемінде жеті (!) журналистің уатсап-нөмірі бұғаттаулы тұр. Оның қатарында Лұқпан Ахмедияров, Ирина Петрушова, Асхат Ниязов, Назымгүл Күмісбаева сынды әріптестер бар.

Бұғаттау схемасы бір: алдымен шетелдік нөмірден уатсапқа толассыз қоңырау түседі, артынан бір нөмірден хат келеді екен де, бірден "уатсабыңыз бұғатталды" деген ескерту хат шығады. Оның себебі жазылмайды, шешімге шағым түсіре де алмайсыз. Бір күнде бірден жеті журналистің уатсабы бұғатталып қалғаны кездейсоқтық дегенге Азаттыққа пікір айтқан әріптестердің ешқайсы сенбейді. "Бұл — тәуелсіз журналистикаға сайлау алдындағы қысым" дейді Назымгүл.

Жылдар бойы журналистер деп, сөз бостандығы деп, баспасөз еркіндігі деп шыр-пыр болған құқық қорғаушы Тамара Калеева туралы Азаттық деректі сұхбат жариялапты.

Қазақстан енді ғана Тәуелсіздік алған жылдары баспасөзде не болғанын, жыл сайын қысым қалай күшейгенін баяндап берген екен. Белгілі саясаткерлердің беймәлім қылықтарын да айтады. Назарбаев кетіп, Тоқаев келгенде оянған, бірақ ақталмаған үміті туралы да сөз болыпты.

Тамара апай жылдар бойы «Әділ сөз» ұйымына жетекшілік етті. Апай зейнетке шыққан соң, орнына Қарлығаш Жаманқұлова келді. Жаманқұлова — президент саясатын ашық қолдайтын, таяуда ғана құрылған «Әділет» партиясының белсенді мүшесі. Тамара апай журналистерге қорған болған ұйымның жұмысы тұралап қалғанына күйінеді, өкінеді және журналистерден кешірім де сұрап отыр.

Тамара Калеева сөз бостандығы жолындағы күресі еш нәтиже бермегенін айтса да, еңбегі ұшан-теңіз. Аман болсын апай.

Көріңдер.

"Ресейдің сұрауы бойынша". Орал полициясы журналист Лұқпан Ахмедияровты ұстады

22 маусымда Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында тәуелсіз журналист, "Просто журналистика" YouTube-арнасының авторы Лұқпан Ахмедияров ұсталғанын оның әріптесі Рауль Упоров хабарлады.

Упоровтың айтуынша, полиция журналисті көшеде тоқтатып, Ресей ІІМ-і оған халықаралық іздеу жариялағанын жеткізген. Ахмедияровтың сөзінше, қылмыстық істі Ресейдің Мәскеу облыстық полициясы былтыр желтоқсанда қозғаған.

Оралдағы полиция мекемесіне жеткізілген журналистің нақты қандай айып бойынша іздеуде жүргені әзірге жарияланған жоқ.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме дайындап жатқанын айтып, әзірге толық ақпарат бермеді.

Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Қазақстандағы қоғамдық-саяси мәселелер мен Украинадағы соғыс тақырыбын көтеретін "Просто журналистика" жобасының авторлары ретінде танымал.

Биыл наурызда Ахмедияров, Упоров және оператор Еркебұлан Ғапуов Украинадан оралған соң Астана әуежайында қысқа уақытқа ұсталып, кейін босатылған еді.

Лұқпан Ахмедияров – Қазақстандағы белгілі тәуелсіз журналистердің бірі. Ол бұған дейін кәсіби қызметіне байланысты қастандыққа ұшырап, бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық істер аясында құқық қорғау органдарының назарына іліккен.

«Хабар» арнасы таңғалдырудан жалықпайды. Мына тірлігін қараңдар енді.

Жасұлан Базарбай деген әншінің қызы ерекше бала, сөйлемейді. Сөйлемейтін қызын мына хабардың журналистері ЖИ арқылы «сөйлетіп», «арманын орындап отыр» екен.

Не деген қатыгездік, не деген ценизм бұл? Қойыңдар деген бір адам болмағаны ма ұжымда? Сөзім жоқ.

«Айран» жобасы жабылдық деп мәлімдегенін көрген шығарсыңдар. Әп-әдемі келе жатқан жоба еді. Өкінішті.

Ішінде жүрген адамдардан жобаға қысым болды деп естідім. Бас редакторы Дәурен оны эфирде тұспалдап айтқан да екен. Медианарық пен сөз еркіндігі тарыла бастағанының тағы бір айғағы.

Қаншама журналист жұмыссыз қалды. Әріптестеріме тілеулеспін!

Жаным, Власть.кз, жарқырай бер

Вчера “Власти” исполнилось 14 лет. Это с одной стороны очень мало и невозможно много - с другой.

Когда мы начинали 14 лет назад нами двигали оптимизм и вера в то, что мы точно знаем как сделать хорошее и интересное медиа, нужное для читателей. Где-то по дороге у нас возникали сомнения в том, что мы все еще это знаем и это вполне нормально - не сомневается тот, кто не пробует.

Нас всегда двигало вперед любопытство и желание делать журналистику. Некоторые из журналистов “Власти” никогда не работал в других медиа, но часть - работала и знает разницу между свободой и несвободой. Между возможностью выбирать важные темы и невозможностью проломить цензурную стену.

Как и всем казахстанцам, за эти 14 лет было много раз когда нам казалось, что все зря и надежда потеряна (в том числе и совсем недавно). Но раз за разом мы убеждались, что это не так. Ничего не потеряно, если у вас сохраняется вера в людей, которые есть вокруг.

Колонка основателя "Власти" Вячеслава Абрамова.

қайырлы таң

қайырлы таң

Азаттықтағы әріптестер бүгін кешке дейін не болғаны туралы бір сағаттық эфир әзірлепті

Көріп шығыңдар.

Мазмұны скринде тұр.

Туыс-туған, дос-жаранға да жіберіп қойыптар, консультацияны қолдайм деп отырмасын

СРОЧНО: в Астане люди в масках силой вытащили наблюдателя с участка 176

Участок 176, Астана: наблюдателя силой вытащили из участка люди в масках.

После закрытия участка комиссия сказала, что наблюдателю лучше уйти, но наблюдатель захотел остаться. Другие наблюдатели начали также уговаривать его уйти, а одна из членов комиссии начала кричать на него.

После этого 4 человека в медицинских масках подошли к наблюдателю ЛМИ сзади и силой вытащили его из участка, не дав взять свои вещи. После чего он все же вернулся за вещами и покинул участок из-за угрозы физической безопасности.

ТИК Астаны не поднимает трубку.

Түркістанда автобуспен адамдарды сайлау учаскелеріне апарып дауыс бергізіп жүрген болуы мүмкін деген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Facebook-те Несібелі Хайруллақызы есімді қолданушы 177 YA 13 мемлекеттік нөмірі бар сары автобустың ізімен жүріп, оның сайлау учаскелеріне тоқтағанын, одан адамдардың түскенін видеоға түсіріп алған.

көлік Түркістандағы кемі үш сайлау учаскесіне тоқтап, адамдар дауыс беріп шыққанша күтіп тұрған.

Азаттық видеодағы ақпараттың шынайылығын растай алған жоқ. Құзырлы органдар бұл видеодағы ақпарат бойынша әлі түсініктеме бермеді.

Референдум жайлы сағаттап марафон жүргізіп жатқан әріптестер бүгінгі қудалау мен қысымға да бірер минут арнар ма екен деп қиялдап отырам да, есімді жиып алам.

Тоқаев дауыс беруге барады деген учаскенің сыртында ғана емес, ішінде де қызу дайындық жүріпті. Осы туралы Азаттық видеосын көріңдер. Тілші не көргенін баяндап береді.

Бүгіннен тағы бір кадр. Президент Тоқаев дауыс береді деген учаске алдындағы жаяу жүргіншілер жолын жұмысшы кісі жуып жүр. Тоқаев бұл жерге келген жоқ ақырында.

"Еркіндік қанаты" тәуелсіз ұйымының бақылаушысын учаскеден шығарып жіберіпті.

осымен қоя салыңдар

Жаңа Конституцияға қарсы, бірақ консультацияны қолдайтын боп шықса

Азаттықтағы әріптестер бүгін кешке дейін не болғаны туралы бір сағаттық эфир әзірлепті

Көріп шығыңдар.

Мазмұны скринде тұр.

Туыс-туған, дос-жаранға да жіберіп қойыптар, консультацияны қолдайм деп отырмасын

«Мен сендерге қоймын ба?»: Референдум қарсаңында белсенділерді ұстап алып кетіп жатыр

Желіде полиция белсенді Оралбек Өміровті ұстаған видео тарап жатыр.

Полиция видео түсіруге кедергі келтіріп жатқанын көруге болады.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Тіл кеспек жоққа