Сарапшылар халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы көрсетілген статистиканы зерттеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге жетпейтінін анықтады.
⠀
Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2020 жылдың төртінші тоқсанында 125,4 мың теңге болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға артық.
⠀
Нақты мәнде тауарлар мен көрсетілген қызметтер бағасын ескерсе, халықтың табысы 5,2 пайызға өскен.
⠀
Өңірлерде жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс 2020 жылдың төртінші тоқсанында Түркістан облысында 65,9 мың теңгеден Атырау облысында 230,2 мың теңгеге дейін құбылғаны байқалады. Бұл ретте нақты мәнде Атырау облысында кірістер екі пайызға азайса, Түркістан облысында 7,4 пайызға артқан.
⠀
Жалпы алғанда, республика бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі атаулы ақшалай табыс көрсеткіші оңтүстік өңірлерде 100 мың теңгеден аспайды. Түркістан облысынан кейін Шымкент қаласы (79,1 мың теңге), Жамбыл (86,5 мың теңге), Алматы (90,7 мың теңге) облыстары.