Бизнес пен инвестицияны дамыту
Алматы әкімі Үндістанның Фармацевтикалық экспортты ілгерілету кеңесі ұйымдастырған Қазақстан-Үндістан бизнес кездесуіне қатысты. Іс-шараға Үндістанның 50-ге жуық компаниясының өкілдері жиналды.
Дархан Сатыбалды Алматы мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 337 млн АҚШ долларына жеткен.
Шаһар Қазақстанның ірі іскерлік, медициналық және ғылыми орталығы ретіндегі мәртебесін сақтап отыр. Фармацевтика саласы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Мұнда заманауи кластерлер қалыптасып, ғылыми орталықтар ашылып, дәрілік заттар өндірісіне бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Алматы инвесторлар үшін ашық әрі бизнесті қолдауға дайын. Кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымдық база ұсынылған. Оның ішінде индустриялық аймақ пен алдағы уақытта кеңейтілетін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы бар.
Развитие бизнеса и инвестиций
Аким Алматы принял участие в казахстанско-индийской бизнес-встрече, организованной Советом по продвижению экспорта фармацевтики Индии. В мероприятии участвовали представители около 50 индийских компаний.
Дархан Сатыбалды отметил, что сотрудничество Алматы с Индией продолжает активно развиваться: в 2025 году товарооборот между странами составил 337 млн долларов США.
Город сохраняет статус крупнейшего делового, медицинского и научного центра Казахстана. Фармацевтическая отрасль остается одним из приоритетных направлений: формируются современные кластеры, открываются научные центры и запускаются проекты по производству лекарств.
Алматы открыт для инвесторов и готов поддерживать бизнес. Для предпринимателей доступна развитая инфраструктура, включая индустриальную зону и специальную экономическую зону «Парк инновационных технологий», которую планируется расширять.
Facebook | Instagram | Telegram| TikTok