Алатау туралы оқып жатқанда Arcane есімізге түсіп кетті. Пилтовер деген бар еді ғой. Өңкей байлар мен технократтар тұратын қала. Тура сол.
Құжаттарды дұрыс түсінсек...
Алатауды кеңес басқарады + премьер-министр (кеңес төрағасы ретінде). Қала әкімі де болады, бірақ ол көбіне city manager'дың жұмысын істейді (су, жол, транспорт, мектеп, интернет дегендей). Әкімді кеңес тағайындайды – 5 жылға. Ал кеңістің өзін (мүшелерін) президент таңдайды.
Қалада мемқызметкерлер көп болмайды. Тек қана әкім, оның орынбасарлары және әкімшілік басшысы. Қалғандары "Алатау қаласының қызметкерлері" деп танылады.
Ұшатын такси туралы естіген шығарсыздар. Қаланың бөлек ауа кеңістігі болады (3000 метр биіктікке дейін). Жалпы Алатауда инвестиция тартып, жаңа технологияларды енгізіп, тестілеу оңайырақ болуы керек. Заң жағынан да, салық жағынан да.
P.S. Қалған Қазақстан Заун болып кетпесе болды енді.