Архив доступен 1 552 видео Порциями по 20

Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.

Оқушы қызды қорлады деп күдікке ілінген 40 жастағы азамат екі айға қамауға алынды

Информбюро

Астанада жеңіл көлік қатты жылдамдықпен көкөніс сататын дүкенге соғылды #информбюро

Информбюро

Алматыда 30 астам адамды көліксіз қалдырған автосалон басшысы ұсталды #информбюро

Информбюро

Убийство предпринимательницы в ВКО: полиция задержала подозреваемых #информбюро

Информбюро

Жену олимпийского чемпиона по боксу осудили за избиение женщин в Караганде #информбюро

Информбюро

Алматыда үш әйел алып, өмірін желіге жариялаған азамат айыппұл арқалады #информбюро

Информбюро

Единый QR обернулся против бизнеса: комиссия шокировала предпринимателей #информбюро

Информбюро

Информбюро 24.07.2026 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!

00:00 – Аңдатпа

01:26 - Қазақстанда базалық мөлшерлеме тағы да төмендеді

03:30 - Доллар қайта қымбаттай бастады

04:48 - Жекеменшік банктер жеңілдетілген ипотекаларын ұсына бастады

07:23 - Семейде бір күннің ішінде екі бала биіктен құлап кетті

08:20 - Астанада жеңіл көлік қатты жылдамдықпен көкөніс сататын дүкенге соғылды

09:03 - Оқушы қызды қорлады деп күдікке ілінген 40 жастағы азамат екі айға қамауға алынды

11:01 - Жамбыл облысында билік естен шығарған ерекше елдімекен бар

14:19 - Алматыда 30 астам адамды көліксіз қалдырған автосалон басшысы ұсталды

15:49 - «Әділет» партиясының мобильді керуені еліміздің түкпір-түкпіріне жол тартты

16:36 - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

17:17 - «Ақ жол» партиясының өкілдері Еуразиялық Фудс кәсіпорынының қызметкерлерімен кездесті

17:56 - «Respublica партиясының өкілдері Қарағанды облысындағы өндіріс орындарын аралады

18:32 - Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат науқаны эко-марафонмен басталды

19:11 - Алматыда «Ауыл» партиясы кезекті сайлауалды үгіт-насихат науқанында дәрігерлермен кездесті

19:54 - Қазақстан Халық партиясы өкілдері жұмысшылармен кездесті

20:33 - «Жаңа Адамдар» мен «Дала Қырандары» қозғалыстары «Адал Азамат» мектебін ашты

22:49 - Маңғыстаулық прокурорлар халыққа тегін кеңес берудің оңтайлы тәсіліне көшті

24:46 - Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік-құқықтық акция өтті

27:04 - Champion сауда белгісі жаңа өнім ұсынады

Информбюро

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік-құқықтық акция өтті

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтті. Шара барысында мамандар жұмыс табуға, оқуға немесе қайта даярлаудан өтуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қолдауын қажет ететін күрделі мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, акцияда QR-код арқылы қиын немесе өміріне қауіп төнген жағдайда адамдарға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін арнайы қосымша таныстырылды.

«Мүмкіндік» акциясы мемлекеттік органдарды, жұмыс берушілерді және қоғамдық ұйымдарды біріктіріп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау қызметтерін қолжетімді етуді мақсат етеді. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.

БАУЫРЖАН БЕКБОСЫНОВ, Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары

Өткен екі шараны алатын болсақ айтатындар нәтиже бар. Осы екі шараның ішінде бізге 800-дей адам келіп, өздерінің шағымдарын білдірді. Арыздарды қарау нәтижесінде 50-ден астам адам жұмыс орнын тауып, күнделікті нәпақасын алып отыр.

Акцияның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс табуға, білім алуға немесе қайта даярлаудан өтуге, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету.

АҚБӨПЕ МАНАТОВА, Қостанай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Мүгедектігі бар адамдарға бұл қолайлы нәрсе. Өйткені, осында келгенде әр саладағы мемлекеттік мекемелердің басшыларымен сөйлесе алады. Сұрақтарын шеше алады. Шеше алмаса да кеңес алып, қай жерге бару керек, қандай құжаттарды дайындау керек, мәселені шешуге кеңес алуға ең қолайлы нәрсе деп ойлаймын.

Акцияның басты жаңалығы – Aman ID сервисінің таныстырылымы болды. Білезікке немесе жеке заттарға орналастырылған QR-код арқылы адамның жеке басын жылдам анықтауға, маңызды медициналық ақпаратты алуға және төтенше жағдайда туыстарына автоматты түрде хабарлама жіберуге болады.

Информбюро

Маңғыстаулық прокурорлар халыққа тегін кеңес берудің оңтайлы тәсіліне көшті

Көпшілік қай мекемеге барып, қандай құжат жинау керегін білмей, табалдырық тоздырады. Осы жайтты ескерген қадағалаушы орган тура сауда орталығының ішінде жұрттың шешілмей жүрген мәселесін тыңдап, бір жерден бірнеше маманнан құқықтық кеңес алуға мүмкіндік жасады.

«Құқықтық дәріхана» акциясында прокурорлар, құқық қорғау және әділет органдарының қызметкерлері, нотариустар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар мен мемлекеттік орган басшылары бір алаңға жиналып, азаматтардың сауалдарына жауап берді. Бірі жер дауын көтерсе, енді бірі тұрғын үй, еңбек, отбасы немесе мұрагерлік мәселесіне қатысты кеңес сұрады.

Г{ҮЛМИРА ҚОЖАНОВА, Ақтау қаласының тұрғыны

Қойылған сұрақтарыма толық жауап алдым. Бірақ түйінім шешілмегенімен шешілу жолдарын нақты алдым. Көп өткізіліп тұрғаны дұрыс деп ойлаймын. Потому что әркімнің уақыты өзінің алтын уақыттай ол. Бір жаққа барып, интернеттен қарау деген уақыт та болмайды.

Мамандар әр азаматтың жағдайын жеке қарап, нақты қандай қадам жасау керектігін егжей-тегжейлі айтып берді.

СЕРІКҚАЛИ КҮШӘЛИЕВ, Маңғыстау облысының прокуроры

Мұндай формат азаматтарға бір жерде кешенді құқықтық көмек алып, өздеріне толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап-алуға мүмкіндігін береді. Осындай іс-шаралар халықтың мемлекеттік институттарына деген сенімін нығайтуға, құқықтық мәдениетін арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді іске асыруға ықпал етеді деп сенеміз.

Прокурорлардың айтуынша, бұл акция өңірде екінші рет өткізіліп отыр. Акция бүгінге дейін Маңғыстау облысының барлық ауданы мен қалаларында ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде екі мыңнан астам тұрғын өздерін толғандырған мәселелерге қатысты кәсіби құқықтық кеңес алған.

Информбюро

«Жаңа Адамдар» мен «Дала Қырандары» қозғалыстары «Адал Азамат» мектебін ашты

Енді жоба аясында белсенді, озық ойлы жастар күш біріктіріп, елдің кадрлық резервін құруы тиіс. Әрі бұл мектеп тәжірибе алмасу алаңына айналмақ. Себебі қоғамдағы түйткілді мәселелерді іштен білетін жас көшбасшылар проблеманы көтеріп қана қоймай, оны шешудің жолдарын да ұсынады. Яғни ниетін сөзбен емес, іспен көрсетеді.

«Жаңа Адамдар» мен «Дала Қырандары» еліміздегі ауқымды қозғалыстардың біріне айналды. Жігерлі жастар түрлі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, бірқатар бастамаларды іске асырды. Мысалы, қыз алып қашу, тұрмыстық зорлық-зомбылық секілді қоғамдағы түйткілді проблеманың түйінін тарқатуға түрткі болды. Енді, міне, «Адал Азамат» жобасын қолға алып отыр. Бұл мектеп ойы бір арнаға тоғысқан белсенді жастардың алып әлеуетін пайдалана отырып, шын көшбасшыларды дайындауға күш салмақ.

ҒАЗИЗА ҰЛЫҚМАНОВА, ЖАҢА АДАМДАР жастар қозғалысы шығыс өңірінің көшбасшысы

«Адал азамат» мектебі, біріншіден, көшбасшыларды шығаруға ниеттелген. Яғни көшбасшылар шешімді біреуден күтпей өзі қабылдайды. Жауапкершіліктен қашпайды. Яғни мемлекеттегі кез келген өзекті мәселелерді өз қолына алып, олардың шешілуіне үлес қоса алады.

Қозғалыс мүшелері «Әділетті Қазақстанды» тек адал азамат қана құрады деп сенеді. Жоба атауының астарында да осы ой жатыр. Мәселен, Нұрай Өмірзақ мектеп бірнеше бағытта жұмыс істейтінін айтты. Бірақ бәрін біріктірер екі қағидат бар. Ол – «Мәселе менде» және «Мен өзім». Яғни әрбір жас қоғамдағы процестер мен проблемаларды, мақсат-міндетті тікелей өзімен байланыстырады. Бастысы, өзіне-өзі сұрақ қоя алады, шешімін табуға тырысады.

НҰРАЙ ӨМІРЗАҚОВА, АДал азамат мектебінің жетекшісі

Біз белсенді адамдардан жас сарапшыларды, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларын не арнайы бір ұйымдардан үлкен эксперттік алаңдарды және де Әділет партиясының кадрлық резервін құруды көздейміз.

Демек, жоспар ауқымды, мақсат та айқын. Өйткені, «Жаңа Адамдар» мен «Дала қырандары» «Әділет» партиясының жастар қанаты болуға қатысты ниеттерін білдірген. Ал, «Адал Азамат» мектебі саяси ұйымның кадрлық резервін әзірлеуге тиіс.

Информбюро

Қазақстан Халық партиясы өкілдері жұмысшылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері шыны бұйымдарын шығаратын кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында жұмысшылар қолжетімді баспана, сапалы медициналық қызмет пен еңбек қауіпсіздігіне қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Партия өкілдері көтерілген мәселелердің сайлауалды бағдарлама аясында қарастырылатынын айтты.

БЕЙБІТ ҚҰСАЙЫНОВ, Қазақстан халық партиясы төрағасының орынбасары

Жұмысшылармен кездесіп оларға біздің саяси бағдарламамыздың 19 тарабы бар деп айттық оларға. Ең бастысы біздің еңбекқор азаматтарымыз саяси бағдарламамыздың ортасында тұр деп айттық.

Информбюро

Алматыда «Ауыл» партиясы кезекті сайлауалды үгіт-насихат науқанында дәрігерлермен кездесті

Партия өкілдері мамандарға сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Яғни агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауылдардағы инфрақұрылымды жақсарту, аймақтардағы мектептердің сапасын арттыру секілді мәселелерді көтерді. Сондай-ақ кадр даярлау және ғылымды қолдауға байланысты партияның қолға алған жұмыстарын таныстырды. Жалпы саяси ұйым Құрылтай депутаттарының сайлауына 69 үміткерді ұсынып отыр. Олардың басым бөлігі 35 пен 55 жастағы азаматтар.

Информбюро

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат науқаны эко-марафонмен басталды

Яғни таң сәріден басталған спорттық шарада 200-ден астам қатысушы ұзақ жолды жүгіріп өтті.

Айта кетейік, саяси ұйымның басты ұстанымы қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған. Ал марафонның таңғы 7:00-де басталуының да өз сыры бар дейді ұйымдастырушылар. Бұл уақытта көлік қозғалысы аз, сәйкесінше ауа да таза болады деп отыр. Эко-марафонды партия төрағасы Азаматхан Әміртаев бастап шықты.{4Кп 2В}

Информбюро

«Respublica партиясының өкілдері Қарағанды облысындағы өндіріс орындарын аралады

Партия мүшелері кәсіпорындардың жұмысымен танысып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу барысында өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыс орындарын көбейтуге қатысты ұсыныстар талқыланды.

АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ, RESPUВLICA партиясының төрағасы

Еңбек пен тірлік жасап жатқан адамдардың қолдауын алу біз үшін өте маңызды. Келесі қаламыз Өскемен қаласына барамыз. Ода кейін Семей қаласына, Павлодар қаласына. Бүкіл біз өңірлерімізді қамтуға осы келесі жиырма күнде қамтуға тырысамыз.

Информбюро

«Ақ жол» партиясының өкілдері Еуразиялық Фудс кәсіпорынының қызметкерлерімен кездесті

«Ақ жол» партиясының өкілдері болса, Қарағанды қаласындағы Еуразиялық Фудс кәсіпорынының қызметкерлерімен кездесті.

Партия өкілдері кәсіпкерлерге сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы тың идеяларымен бөлісті. Айта кетейік, «Ақ жол» партиясы Құрылтай сайлауына ұсынған 63 адамның үшеуі Қарағанды облысынан.

АРТУР КИНСФАТЕР, «АҚ ЖОЛ» Партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары

Кәсіпкерлер біздің партияның дамуына қолдау көрсетсе, біз өз кезегімізде олардың дамуына жан-жақты қолдау білдіріп, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға күш саламыз.

Информбюро

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Астанада жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Жиынға саясаттанушылар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Негізінен саяси ұйым төрт негізгі бағытты қолға алған. Яғни экономиканы монополиядан арылту, сән-салтанат салығын енгізу, бюджетті цифрландыру және Парламентті кәсіби Құрылтайға айналдыру.

МАҚСҰТ НАСИБУЛОВ , Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының аппарат басшысы

Кеше сайлауалды науқан басталды. ОСК-ның отырысына қатыстық. Барлық партиялар бастап кетті. Бүгінгі күн біздің партиямыздың сайлау алды бағдарламасы талқылануда. Оған үміткерлер қатысып отыр. Сарапшылар мен заңгерлер қатысып отыр.

Информбюро

«Әділет» партиясының мобильді керуені еліміздің түкпір-түкпіріне жол тартты

Елімізде сайлау алды үгіт-насихат науқаны қарқынды жүріп жатыр. «Әділет» партиясының мобильді керуені еліміздің түкпір-түкпіріне жол тартты.

Мақсат – шалғай ауылдарға арнайы барып, азаматтардың ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдау. Астанадан шыққан керуеннің алғашқы тобы Ақмола, Солтүстік Қазақстан өңірлеріне аттанды. Бұл бағыттың жетекшісі ретінде партияның өкілі Армангүл Тоқтамұрат бастап шыққан.

АРМАНГҮЛ ТОҚТАМҰРАТ, "ӘДІЛЕТ" партиясы саяси кеңесі бюросының өкілі

Шамамен 14 мың шақырым жолды жүріп, 100-ден астам елді мекенді қамтып, 10 мыңнан астам азаматпен тілдесеміз деген мақсатымыз бар. Мұндағы ең басты біздің миссиямыз - Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру.

Информбюро