Архив доступен 395 видео Порциями по 20

Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.

Қазақстанда шегірткеге қарсы науқан сәтті аяқталды: егістіктерге зиян келген жоқ

Бүгінгі таңда ел аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толық көлемде аяқталды. Химиялық өңдеу жұмыстары 1,8 млн гектар алқапта жүргізілді. Барлық жұмыстар тиісті сапаны қамтамасыз ете отырып, оңтайлы мерзімдерде орындалды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріне зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков хабарлады.

«Өңдеу жұмыстарына 556 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Зерттеп-тексеру іс-шараларына шамамен 3,5 мың адам қатысты, бұл фитосанитариялық мониторинг жүргізу мүмкіндіктерін едәуір күшейтті. Жоғары биологиялық тиімділігі бар пестицидтер қолданылды. Сонымен қатар, шегірткеге қарсы іс-шараларға қатысты азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында арнайы call-орталық пен Telegram-бот жұмыс істеді. Өңірлерде барлық мүдделі қызметтердің жұмысын үйлестірген жедел штабтар тұрақты негізде қызмет атқарды», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Комитет төрағасының айтуынша, шекара маңындағы аумақтардағы фитосанитариялық жағдай тұрақты. Үйірлі шегіртке зиянкестерінің көші-қону жағдайлары тіркелмеген.

«ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ»

Тақырыбы/Тема

«ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ»

/«О ЗАВЕРШЕНИИ ЗАЩИТНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ ПРОТИВ САРАНЧОВЫХ ВРЕДИТЕЛЕЙ»

Спикерлер/Спикеры

«ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ АГРОӨНЕРКƏСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАНЫБЕКОВ СƏКЕН ƏСЕМБЕКҰЛЫ;»

«ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ АГРОӨНЕРКƏСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ САҚМОЛДИН САЯТ САРҚЫТБАЙҰЛЫ;»

/«ПРЕДСЕДАТЕЛЬ КОМИТЕТА ГОСУДАРСТВЕННОЙ ИНСПЕКЦИИ В АГРОПРОМЫШЛЕННОМ КОМПЛЕКСЕ МИНИСТЕРСТВА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА РК КАНЫБЕКОВ САКЕН АСЕМБЕКОВИЧ;»

«ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ КОМИТЕТА ГОСУДАРСТВЕННОЙ ИНСПЕКЦИИ В АГРОПРОМЫШЛЕННОМ КОМПЛЕКСЕ МИНИСТЕРСТВА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА РК САКМОЛДИН САЯТ САРКЫТБАЕВИЧ;»

МОДЕРАТОР: Мақпал Асубайқызы

24.07.2026: Қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері және қолдау шаралары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен білім беру саласын дамытуға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Бүгінде Қазақстан халықаралық олимпиада жеңімпаздарын мемлекеттік деңгейде ынталандыратын санаулы елдердің бірі. 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге біржолғы ақшалай сыйақылар төленіп келеді. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлеріне - 1500 АЕК-ке дейін; күміс медаль иегерлеріне - 1000 АЕК-ке дейін; қола медаль иегерлеріне - 500 АЕК-ке дейін сыйақы беріледі. Бұны ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау тек оқушыларға ғана емес, олардың жетекшілеріне де бағытталған.

«2025 жылы Президент алғаш рет халықаралық жеңімпаздарды дайындаған 24 ұстазға «Құрмет» ордені, «Шапағат» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыстады. Сондай-ақ тәлімгерлерге 8,5-тен 26,5 базалық лауазымдық жалақы көлемінде қаржылай сыйақы берілді. 2025 жылы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен оларды даярлаған педагогтерге жалпы сомасы 101 млн астам теңге көлемінде біржолғы мемлекеттік сыйақы төленді», – деді спикер.

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары еліміздің жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім гранты негізінде оқуға мүмкіндік алды. Ал 2025 жылдан бастап халықаралық олимпиада жеңімпаздарына «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша білім алу мүмкіндігі берілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылдан бастап халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтерге де мемлекеттік біржолғы ақшалай сыйақы төлеу тетігі енгізілді.

Қазақстандық оқушылардың Халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне тоқталатын болсақ, оқушылар математика, информатика, физика, химия, биология, география және басқа да пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда жыл сайын 100 пайыздық нәтижелер көрсетіп келеді.

2025-2026 оқу жылында қазақстандық оқушылар 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, нәтижесінде 1 059 медаль және 57 арнайы марапат иеленсе, оның 201-і алтын, 351-і күміс, 507 қола медаль. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда марапаттар санының 96%-ға артқанын көрсетеді.

Ағымдағы жылы әлемдегі ең беделді жеті халықаралық пәндік олимпиаданың төртеуіне қатысқан қазақстандық оқушылар осы төрт олимпиаданың барлығынан жеңімпаз атанып 19 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 9 күміс және 4 қола медаль бар. Ұлттық құрама қыркүйек айына дейін география (IGeO), информатика (IOI) және лингвистика (IOL) пәндері бойынша тағы үш ірі халықаралық олимпиадада ел намысын қорғайды.

24.07.2026 ж.: Адам саудасы ұйымдасқан қылмыстың бір түрі ретінде

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Халықты ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінуде. БҰҰ бастамасымен жыл сайын 30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында ІІМ «Адам саудасы - ауыр қылмыс» атты ақпараттық науқан өткізуде. Оның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарды адамдарды кейіннен қанау мақсатында арбаудың заманауи тәсілдері туралы хабардар ету. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Үшінші басқарма бастығы Самат Кұсетов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, ІІМ «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Елде мәжбүрлі еңбекке тарту, жыныстық қанау және адам ағзаларын заңсыз алу секілді адам саудасының түрлі нысанын анықтауға және жолын кесуге бағытталған республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері осы санаттағы 80 қылмыс тіркелді. Сонымен қатар адам саудасымен айналысқан екі ұйымдасқан топтың заңсыз қызметі тоқтатылды», – деді Самат Кұсетов.

Осындай жағдайлардың бірі Алматы қаласында анықталды. ІІМ мәліметінше, ұйымдасқан топ адамдарды қылмыстық мақсатта пайдалану үшін адам саудасымен айналысқан. Ведомство өкілі қаскөйлер тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, өз қатарына тартқанын айтып өтті. Кейін олардың атына Алматы және Шымкент қалаларында қымбат автокөліктерді рәсімдеу үшін оң кредиттік тарих қалыптастырып, кейіннен бұл көліктерді сатқан. Негізгі ұйымдастырушылар ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жайларды ұсыну, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша 700-ден астам әкімшілік іс тіркелді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 213 млн теңгеден асты.

23.07.2026 ж.: ҚР қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту

Қазақстандағы ағза донорлығы жүйесі 40-тан астам донорлық ұйымды, 5 HLA-зертхананы және 11 трансплантация орталығын біріктіреді. Өткен жылдан бері трансплантация орталықтарының саны 9-дан 11-ге дейін артты. Атап айтқанда, Алматы қаласында бірқатар клиника лицензия алып, жүрек трансплантациясымен айналыса бастады. Сонымен қатар Шымкент, Қызылорда және Ақтөбе қалаларында өңірлік трансплантация орталықтарының желісі дамып келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Айдар Ситказинов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Оның айтуынша, барлық жұмысты өңірлерге жетекшілік ететін үш республикалық үйлестірушісі бар Трансплантацияны үйлестіру жөніндегі республикалық орталық жүзеге асырады. Өңірлерде жүйенің жұмысын 20 өңірлік және шамамен 30 стационарлық үйлестіруші қамтамасыз етеді. Олардың басым бөлігі – реаниматолог дәрігерлер.

Қайтыс болған донорлардан ағза трансплантациясының басым бөлігі 2015–2017 жылдары жүргізілген. Кейін пандемияға байланысты, сондай-ақ 2020 жылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа адамның өзінің ерік білдіруін немесе оның туыстарының рұқсатын міндетті түрде талап ететін «сұратылған келісім» қағидаты енгізілгеннен кейін көрсеткіштер төмендеді.

«Соңғы жылдары операциялар саны қайтадан артып келеді. 2025 жылы елімізде қайтыс болған донорлардан 68 трансплантация және бүйрек немесе бауырдың бір бөлігін трансплантациялауды қамтитын 242 туыстық трансплантация жасалды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша сегіз қайтыс болған донор тіркеліп, олардан 30 трансплантация жүргізілді, сондай-ақ тірі донорлардың қатысуымен тағы 121 трансплантация орындалды», – деді спикер.

Оның айтуынша, Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекспен реттеледі. Кодекстің 209-бабына сәйкес, әрбір кәмелетке толған азамат емхана немесе eGov порталы арқылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін немесе бас тартуын дербес білдіре алады. Сонымен қатар электрондық қызмет арқылы барлық ағзаны немесе олардың жекелеген түрлерін, мысалы, жүректі, өкпені немесе бауырды алуға келісім беруге болады.

Қайтыс болғаннан кейінгі донор ретінде тек ми өлімі диагнозы ресми түрде қойылған кәмелетке толған адам ғана бола алады. Басқа диагноздар кезінде ағзаларды алу жүргізілмейді. Бұдан бөлек, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мәселесін қарау кезінде туыстарының пікірі де ескеріледі.

Халықаралық олимпиада жеңімпазы: жетістігімнің артында ата-анам мен ұстаздарымның еңбегі тұр

Халықаралық физика олимпиадасының алтын медаль иегері Әмірбек Азатбеков ОКҚ алаңында өзінің ғылымға қызығушылығы бастауыш сыныптан басталғанын айтты. Алғашқы қадамы анасының қолдауымен логикалық есептер шығарудан бастау алған. Ол Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсіп, ғылымға деген қызығушылығын одан әрі дамытқан.

«Физика пәнінің мұғалімі менің осы ғылымға деген қызығушылығымды арттырып, олимпиадаларға дайындай бастады. Соның нәтижесінде республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, 2025 жылы Азия және халықаралық олимпиадаларда күміс медаль жеңіп алдым. Ал биыл физикадан халықаралық олимпиадада еліміздің ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткіздік», – деді спикер дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, халықаралық олимпиадалардағы тапсырмалар мектеп бағдарламасынан әлдеқайда күрделі болады және мұндай жетістікке жету үшін жүздеген, тіпті мыңдаған сағат бойы дайындалу қажет.

«Бұл – тек оқушының еңбегі емес. Оның артында ата-ананың қолдауы, мұғалімдер мен жаттықтырушылардың еңбегі жатыр. Егер олар болмағанда, бүгінгі жетістікке жетуім екіталай еді. Олар маған әрдайым сенім сыйлады», – деді ол.

Сонымен қатар халықаралық олимпиада жүлдегері өткен жылы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін еске алды. Оның айтуынша, Президенттің дарынды жастарға көрсеткен қолдауы жаңа белестерді бағындыруға ерекше ынталандырған.

«Қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері»

Тақырыбы/Тема

«Қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері және дарынды балаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы»

/«О достижениях казахстанских школьников на международных олимпиадах и мерах государственной поддержки одарённых детей»

Спикерлер/Спикеры

«ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АҚПАРОВА ШЫНАР ҚУАНЫШҚЫЗЫ;»

««ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ДАВЛЕТ ТИМУР ВЛАДИМИРОВИЧ;»

«ФИЗИКАДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ ЕРКЕБАЕВ ӘЛІШЕР АНУАРҰЛЫ;»

«БИОЛОГИЯДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ АСКАРОВА ЛЕЙЛА СЕРІКҚЫЗЫ;»

«ЭКОНОМИКАДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ МҰЛДАШЕВ РУСЛАН ҚҰРМАНҒАЛИҰЛЫ;»

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИЗИКА ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ АЗАТБЕКОВ ӘМІРБЕК БОЛАТБЕКҰЛЫ;»

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ МҰХТАРХАН БАТЫРХАН СЕРІКҰЛЫ;»

/«ВИЦЕ-МИНИСТР МИНИСТЕРСТВА ПРОСВЕЩЕНИЯ РК АКПАРОВА ШЫНАР КУАНЫШОВНА;»

«ДИРЕКТОР РЕСПУБЛИКАНСКОГО НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОГО ЦЕНТРА «ДАРЫН» ДАВЛЕТ ТИМУР ВЛАДИМИРОВИЧ;»

«ТРЕНЕР СБОРНОЙ КОМАНДЫ ПО ФИЗИКЕ ЕРКЕБАЕВ АЛИШЕР АНУАРОВИЧ;»

«ТРЕНЕР СБОРНОЙ КОМАНДЫ ПО БИОЛОГИИ АСКАРОВА ЛЕЙЛА СЕРИКОВНА;»

«ТРЕНЕР СБОРНОЙ КОМАНДЫ ПО ЭКОНОМИКЕ МУЛДАШЕВ РУСЛАН КУРМАНГАЛИЕВИЧ;»

«ОБЛАДАТЕЛЬ ЗОЛОТОЙ МЕДАЛИ МЕЖДУНАРОДНОЙ ОЛИМПИАДЫ ПО ФИЗИКЕ АЗАТБЕКОВ АМИРБЕК БОЛАТБЕКОВИЧ;»

«ОБЛАДАТЕЛЬ ЗОЛОТОЙ МЕДАЛИ МЕЖДУНАРОДНОЙ ОЛИМПИАДЫ ПО ЭКОНОМИКЕ МҰХТАРХАН БАТЫРХАН СЕРІКҰЛЫ;»

МОДЕРАТОР: Мақпал Асубайқызы

Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай: ІІМ өкілі атқарылатын жұмыстар туралы айтты

30 шілдеде БҰҰ бастамасымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні атап өтіледі. Биыл ол қанаудың жаңа түрі адам саудасының құрбандарын ең алдымен онлайн-алаяқтық саласында қылмыс жасауға мәжбүрлеу нысанына назар аударуға арналған «Алаяқтық тұзағында» ұранымен өтеді. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстар қылмыстың осы түріне қарсы іс-қимылдың ең тиімді құралдардың бірі болып қала береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Үшінші басқармасының бастығы Самат Құсетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінде қанаудың барлық түрлері үшін, соның ішінде мәжбүрлі еңбекке тарту, сексуалдық қанау және қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

«Осындай қылмыстарды анықтау мен жолын кесу мақсатында жүйелі түрде жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Жыл басынан бері полиция бөлімшелері адам саудасына қатысты 80-нен астам қылмысты анықтады. Сондай-ақ екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды», – деді спикер.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан аумағында азаматтарды интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстарды жасауға мәжбүрлеу фактілері тіркелмеген. Дегенмен, шетелде Қазақстан азаматтарын арбап тарту жағдайлары болған. Бұдан бөлек, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай беру, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету фактілерінің жолын кесу жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта 700-ден астам әкімшілік іс тіркеліп, жалпы сомасы 213 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

«АДАМ САУДАСЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ»

Тақырыбы/Тема

«АДАМ САУДАСЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ»

/«ТОРГОВЛЯ ЛЮДЬМИ КАК ФОРМА ОРГАНИЗОВАННОЙ ПРЕСТУПНОСТИ»

Спикерлер/Спикеры

«ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ ҮШІНШІ БАСҚАРМАНЫҢ БАСТЫҒЫ ҚҰСЕТОВ САМАТ СҰЛТАНҰЛЫ;»

«ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ ВАСИЛЕНКО СТАНИСЛАВ ЮРЬЕВИЧ;»

««ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТЫ БАШИМОВ МАРАТ СОВЕТҰЛЫ;»

«ҚР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШІ-ҚОН ҰЙЫМЫНЫҢ/БҰҰ-НЫҢ КӨШІ-ҚОН АГЕНТТІГІНІҢ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ БЕЛОНОСОВА АЛИЯ ЕРСАИНОВНА;»

«ЕҚЫҰ-НЫҢ АСТАНАДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ОФИСІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАМАНЫ ДЖУЗБАЕВА ДИНА БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ;»

««ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ - ҚОРҒАУ» ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ РЫЛЬ АННА ИГОРЕВНА;»

«АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ КЕНБАЕВ ЖАНҒАЛИ АЙТҚАЛИҰЛЫ;»

/«НАЧАЛЬНИК ТРЕТЬЕГО УПРАВЛЕНИЯ ДЕПАРТАМЕНТА ПО БОРЬБЕ С ОРГАНИЗОВАННОЙ ПРЕСТУПНОСТЬЮ МИНИСТЕРСТВА ВНУТРЕННИХ ДЕЛ РК КУСЕТОВ САМАТ СУЛТАНОВИЧ;»

«ПОСОЛ ПО ОСОБЫМ ПОРУЧЕНИЯМ МИНИСТЕРСТВА ИНОСТРАННЫХ ДЕЛ РК ВАСИЛЕНКО СТАНИСЛАВ ЮРЬЕВИЧ;»

«ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ДИРЕКТОР ОБЩЕСТВЕННОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ «МЕЖДУНАРОДНАЯ АССОЦИАЦИЯ ЮРИСТОВ», ДЕПУТАТ МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА РК VIII СОЗЫВА БАШИМОВ МАРАТ СОВЕТОВИЧ;»

«НАЦИОНАЛЬНЫЙ КООРДИНАТОР ПРОГРАММ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ ТОРГОВЛЕ ЛЮДЬМИ МЕЖДУНАРОДНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ ПО МИГРАЦИИ/АГЕНТСТВА ООН ПО МИГРАЦИИ В РК БЕЛОНОСОВА АЛИЯ ЕРСАИНОВНА;»

«ПРОГРАММНЫЙ СПЕЦИАЛИСТ ОФИСА ПРОГРАММ ОБСЕ В АСТАНЕ ДЖУЗБАЕВА ДИНА БАХЫТЖАНКЫЗЫ;»

«РУКОВОДИТЕЛЬ ЧАСТНОГО ФОНДА «КРИЗИСНЫЙ ЦЕНТР - ҚОРҒАУ» РЫЛЬ АННА ИГОРЕВНА;»

«НЕЗАВИСИМЫЙ ЭКСПЕРТ В СФЕРЕ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ ТОРГОВЛЕ ЛЮДЬМИ КЕНБАЕВ ЖАНГАЛИ АЙТКАЛИЕВИЧ;»

Ведущая: Мақпал Асубайқызы

23.07.2026 ж.: Жаңғырту және мемлекеттік қолдау шаралары

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, елімізде шамамен 4 мыңнан астам тозығы жеткен және апатты көппәтерлі тұрғын үй тіркелген. Алдын ала бағалауға сәйкес, апатты және ескі тұрғын үйлердің барлық меншік иелерін көшіру үшін шамамен 3,2 трлн теңге көлемінде инвестиция қажет. Осыған байланысты, реновациялаудың тиімді тетіктерін іске асыру, жеке инвестицияларды тарту және қалалық ортаны дамытудың заманауи тәсілдерін енгізу құрылыс және урбанизацилау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің біріне айналуда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің шамамен 40 мың меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.

«Реновациялауды сапалы іске асыру және осы саладағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Жер және Құрылыс кодекстеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар бүгінгі таңда Бірыңғай оператордың кепілдіктерін ұсыну тетігін қолдана отырып, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді реновациялаудың жаңа нарықтық тетігін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылданды», – деді спикер.

Қабылданған түзетулер реновациялауды іске асырудың қосымша нарықтық құралын қалыптастырады. Бұл құрал тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама аясында Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының кепілдіктерін қолдану арқылы құрылыс салушылардың (инвесторлардың) қатысу мүмкіндігін көздейді.

Жаңа тетікті енгізудің артықшылықтары мен экономикалық әсері

Бірыңғай оператордың кепілдігі болуы есебінен апатты және тозығы жеткен тұрғын үй тұрғындарының құқықтарын толық қорғау

Жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту

Заманауи стандарттарды ескере отырып, тұрғын үй қорын жаңарту және азаматтардың жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету.

Реновациялау жобаларын іске асыруда әкімдіктердің рөлі аса маңызды болып табылады, өйткені дәл осы әкімдіктер реновациялау бағдарламаларына сәйкес реновациялауға жататын нысандардың тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, нарықтық тетікті табысты іске асыру үшін әкімдіктер тұрғын үйлерді паспорттау нәтижелері негізінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын уақытылы өзектендіруді ескеруі қажет, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үйді реновациялау тек бекітілген қала құрылысы жобалары шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстанда 4 739 адам ағза трансплантациясын күтуде, оның ішінде 125 бала бар

ОКҚ алаңында өткен баспасөз ҚР ДСМ Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситказинов осындай көрсеткіштерді жария етті.

«Күту тізіміндегі азаматтардың басым бөлігіне бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе қажет. Күту тізіміндегі азаматтардың шамамен 80%-ын бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы, гемодиализ қабылдап жүрген науқастар құрайды», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Қазақстандық тұрғын үй компаниясы реновацияға арналған жаңа кепілдік тетігін іске қосты

«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді реновациялауға арналған кепілдік беру тетігін әзірледі. Бұл құрал реновациялау жобаларына жеке инвестицияларды тартуға бағытталған және үлестік құрылыс туралы заңнамада белгіленген тәртіпке ұқсас тұрғын үй меншік иелерінің құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз етеді.

«Реновациялау процесінде тұрғындар өз пәтерлерін «бөлмеге – бөлме» қағидаты бойынша тапсыра алады, ал құрылыс салушылар компанияның кепілдіктерін пайдалану мүмкіндігіне ие болады», - деді ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев.

Оның айтуынша, реновациялау аясында кепілдік беру туралы шартта жобаны кезең-кезеңімен іске асыру (құрылысқа қажетті құжаттарды дайындау процесінен бастап нысанды пайдалануға бергенге дейін), техникалық-экономикалық көрсеткіштер және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Уәкілетті компания сақтауға тиіс өзге де міндетті түрде орындалуы керек шарттары көзделеді.

«ҚР қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту»

Тақырыбы/Тема

«ҚР қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту»

/«Развитие посмертного донорства в Республике Казахстан»

Спикерлер/Спикеры

«ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТРАНСПЛАНТАТТАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ СИТКАЗИНОВ АЙДАР КИНЖИТАЙҰЛЫ;»

«ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТРАНСПЛАНТАТТАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖІЛГЕЛДИНА НАЗГҮЛ ЗАШИТҚЫЗЫ;»

«ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ЧИНАЛИЕВ АЗАТ МЫРЗАБАЙҰЛЫ;»

«ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ САУРОВА САМАЛ ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ;»

«МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРКШІСІ, МИНИСТРЛІКТІҢ ШТАТТАН ТЫС БАС НЕФРОЛОГІ ТҰҒАНБЕКОВА САЛТАНАТ КЕҢЕСҚЫЗЫ;»

/«ДИРЕКТОР РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЦЕНТРА ПО КООРДИНАЦИИ ТРАНСПЛАНТАЦИИ И ВЫСОКОТЕХНОЛОГИЧНЫХ МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ МЗ РК СИТКАЗИНОВ АЙДАР КИНЖИТАЕВИЧ;»

«ЗАМЕСТИТЕЛЬ ДИРЕКТОРА РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЦЕНТРА ПО КООРДИНАЦИИ ТРАНСПЛАНТАЦИИ И ВЫСОКОТЕХНОЛОГИЧНЫХ МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ МЗ РК ЖИЛЬГЕЛЬДИНА НАЗГУЛЬ ЗАШИТОВНА;»

«УПРАВЛЯЮЩИЙ ДИРЕКТОР ПО КЛИНИЧЕСКОЙ РАБОТЕ НАЦИОНАЛЬНОГО НАУЧНОГО ОНКОЛОГИЧЕСКОГО ЦЕНТРА ЧИНАЛИЕВ АЗАТ МЫРЗАБАЙУЛЫ;»

«И.О. ДИРЕКТОРА ДЕПАРТАМЕНТА ОРГАНИЗАЦИИ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ МИНИСТЕРСТВА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК САУРОВА САМАЛ ЖУМАБАЕВНА;»

«ДОКТОР МЕДИЦИНСКИХ НАУК, ПРОФЕССОР, ЗАВЕДУЮЩАЯ КАФЕДРОЙ ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ МЕДИЦИНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА АСТАНЫ И ГЛАВНЫЙ ВНЕШТАТНЫЙ НЕФРОЛОГ МИНИСТЕРСТВА ТУГАНБЕКОВА САЛТАНАТ КЕНЕСКЫЗЫ;»

МОДЕРАТОР: Мақпал Асубайқызы

«ЖАҢҒЫРТУ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ»

Тақырыбы/Тема

«ЖАҢҒЫРТУ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ»

/«РЕНОВАЦИЯ И МЕРЫ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ»

Спикерлер/Спикеры

«ҚР ӨНЕРКƏСІП ЖƏНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЫЛЫС ЖƏНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МЫҢБАЕВ ҚАНАТ ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ;»

««ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН ҮЙ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КАИРБЕКОВ ИСЛАМБЕК УРУМБАЕВИЧ;»

/«ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ КОМИТЕТА ПО ДЕЛАМ СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖКХ МПС РК МЫНБАЕВ КАНАТ ТУРСЫНБАЕВИЧ;»

«ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ ПРАВЛЕНИЯ АО «КАЗАХСТАНСКАЯ ЖИЛИЩНАЯ КОМПАНИЯ» КАИРБЕКОВ ИСЛАМБЕК УРУМБАЕВИЧ;»

Ведущая: Мақпал Асубайқызы

21.07.2026 ж.: ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі болып саналатын әскери білім беру жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінде жүйеге Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік кеңістігінде жұмыс істейтін 9 әскери оқу орны кіреді.

Мамандарды даярлау техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру магистратура және докторантура деңгейлері бойынша жүзеге асырылады. Осылайша, сержанттық құрамнан бастап офицерлер мен әскери ғалымдарға дейінгі кәсіби өсудің үздіксіз жүйесі қалыптастырылды. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ брифингінде осылай деді.

Оның айтуынша, қабылдау және конкурстық іріктеу жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді.

«Өткен жылдан бастап өтініштерді eGov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдау енгізілді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы ҰБТ нәтижелерін алуды, арнайы тексерулер мен медициналық рәсімдерден өтуді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Құжаттарды рәсімдеу мерзімі 120 күннен 30 күнге дейін қысқартылды. Азаматтарға өтінішті қашықтан беру мүмкіндігі жасалып, бұл рәсімнің ашықтығын, барлық өңір жастары үшін тең қолжетімділікті және субъективті факторларды барынша азайтуды қамтамасыз етті», – деді спикер.

Әскери жоғары оқу орындарына қабылдау төрт кезеңнен тұратын жүйе бойынша жүзеге асырылады: кәсіби-психологиялық іріктеу, медициналық куәландыру, дене даярлығын тексеру және конкурстық рейтинг.

2025 жылғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша әскери колледждерге бір орынға орта есеппен үш үміткерден келді. Ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар қатарында мемлекеттік авиацияда әуе кемелерін ұшу арқылы пайдалану, әскери медицина, автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар, сондай-ақ әскери істегі дене шынықтыру бағыттары болды.

Оқуға қабылдау қолданыстағы заңнамаға сәйкес рейтингтік тізімдер негізінде қатаң түрде жүргізіледі. Көрсеткіштері тең болған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабында көзделген азаматтарға, оның ішінде әскери қызмет өткеру өтілі бар әскери қызметшілердің балаларына, «Алтын белгі» иегерлеріне және олимпиада жеңімпаздарына басым құқық беріледі.

Кәсіби сержанттар құрамын даярлау бес әскери колледжде жүзеге асырылады. Бұл 9 немесе 11-сыныптан кейін әскери мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік беретін ерте кәсібилендірудің заманауи моделі. Колледждер бөлімшелердегі тәртіптің, ұйымшылдықтың және жауынгерлік тұрақтылықтың негізі саналатын сержанттарды даярлайды.

Даярлық мотожаяу әскер, танк және артиллерия бөлімшелерін басқару, инженерлік қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану, байланыс және радиоэлектроника, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, дене даярлы

21 07 2026 Киберқауіпсіздік және телекоммуникация салаларындағы жаңашылдықтар туралы

Қазақстанда алғаш рет жұмыс берушілер қызметкерлерді киберқауіпсіздік және кибермәдениет негіздеріне оқытуға міндеттелді, ал цифрлық жүйелердің иелері олардың қорғалу деңгейіне жыл сайын аудит жүргізуге тиіс болады. Бұл және басқа да жаңашылдықтар Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қабылданған Цифрлық кодекс пен «Киберқауіпсіздік туралы» заңда көзделген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Киберқауіпсіздік туралы» заң алғаш рет мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерін қорғаудың бірыңғай құқықтық негізін қалыптастырып, елдің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелі тәсілін енгізеді. Негізгі жаңашылдықтардың бірі ретінде Еңбек кодексінде жұмыс берушілер мен қызметкерлердің киберқауіпсіздік пен кибермәдениет талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері бекітілді.

«Бұл норма әрбір қызметкердің өзінің цифрлық қауіпсіздігін қорғауға қажетті базалық білім мен дағдыларға ие болуына, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен қызметтік деректерді қауіпсіз пайдалануға бағытталған. Жұмыс берушілер ішкі ережелерді бекітіп, қызметкерлерді оқытуды ұйымдастырады», – деді Досжан Мұсалиев.

Сонымен қатар киберқауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайынғы оқыту мемлекеттік органдар, әкімдіктер және аса маңызды инфрақұрылым объектілерінің қызметкерлері үшін міндетті болады.

Тағы бір жаңа норма – цифрлық жүйелердің киберқауіпсіздігіне жыл сайын міндетті аудит жүргізу. Аса маңызды цифрлық объектілердің иелері мұндай тексерулерді өткізіп қана қоймай, олардың қорытындысы бойынша есептерді жыл сайын Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жолдауға міндетті. Бұған дейін заңнамада мұндай талап болмаған. Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, аса маңызды объектілерге мемлекеттік бақылау жүргізу функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілген.

Айтарлықтай өзгерістер дербес деректерді қорғау саласына да енгізілді. Енді медициналық, банктік, коммерциялық және өзге де құпия ақпаратты қамтитын шектеулі қолжетімділік базаларына қол жеткізу қызметкерлердің міндетті биометриялық аутентификациясымен жүзеге асырылады.

Тағы бір жаңашылдық – ұйымдар дербес деректердің таралуы туралы тек мемлекеттік органдарды ғана емес, деректері жария болып кеткен азаматтардың өздерін де хабардар етуге міндетті болады. Бұдан бөлек, Қазақстанда дербес деректердің ірі операторларының тізілімі құрылып, олар үшін ақпаратты қорғауға қатысты қосымша талаптар енгізіледі. Заңнамада алғаш рет «дербес деректер идентификаторы» ұғымы бекітілді. Оларға тегі, аты және әкесінің аты жиынтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бет бейнесі, сондай-ақ тұлғаның биометриялық векторы және оның туынды мәліметтері жатады.

Досжан Мұсалиевтің айтуынша, жаңа заңдарды іске асыру аясында киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша 30-ға жуық заңға тәуелді акт қабылданды, ал тағы он шақты құжатты қыркүйек айының соңына дейін бекіту жоспарланып отыр.

Вице-министр сондай-ақ 2024 жылдан бері

Әскери білім беру жүйесіне озық цифрлық шешімдер енгізілуде – ҚР Қорғаныс министрлігі

Мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде зияткерлік және технологиялық басымдық шешуші факторлардың біріне айналып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев мәлімдеді.

«Әскери білім беру жүйесі оқу үдерісіне озық цифрлық шешімдерді, симуляциялық технологияларды, жасанды интеллект элементтерін және қорғалған IT-инфрақұрылымды кезең-кезеңімен енгізіп келеді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, барлық әскери даярлау бағдарламаларына киберқауіпсіздік элементтері енгізілген. Сонымен қатар симуляциялық кешендер, цифрлық полигондар, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары қолданылады.

Әскери басқару саласында жасанды интеллект пен деректерді талдау технологияларын пайдалану бағыттары дамытылып келеді. Сондай-ақ әскери білім берудің цифрлық инфрақұрылымының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қорғалған білім беру IT-ортасы қалыптастырылып жатыр.

«ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау»

Тақырыбы/Тема

«ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау»

/«Поступление в военные учебные заведения МО РК»

Спикерлер/Спикеры

«ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ӘСКЕРИ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ПОЛКОВНИК ОЛЖАБАЕВ МҰРАТ ҚУАТБЕКҰЛЫ;»

«ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСТЫҒЫ БАЙКЕНОВ ХАМИТ БАҚДӘУЛЕТҰЛЫ;»

«ПОЛКОВНИК, РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ АТЫКЕНОВ ОЙРАТ САЛАМАТБЕКҰЛЫ;»

/«НАЧАЛЬНИК ДЕПАРТАМЕНТА ВОЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ МИНИСТЕРСТВА ОБОРОНЫ РК ПОЛКОВНИК ОЛЖАБАЕВ МУРАТ КУАТБЕКОВИЧ;»

«ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСТЫҒЫ БАЙКЕНОВ ХАМИТ БАКДАУЛЕТОВИЧ;»

«ПОЛКОВНИК, ВРЕМЕННО ИСПОЛНЯЮЩИЙ ОБЯЗАННОСТИ НАЧАЛЬНИКА ВОЕННО-ИНЖЕНЕРНОГО ИНСТИТУТА РАДИОЭЛЕКТРОНИКИ И СВЯЗИ АТЫКЕНОВ ОЙРАТ САЛАМАТБЕКОВИЧ ;»

Ведущая: Мақпал Асубайқызы

Өзіңізді кибералаяқтардан қалай қорғауға болады: министрліктің ұсынымдары

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, мемлекет азаматтардың киберқауіпсіздігін өз бетінше арттыруына мүмкіндік беретін бірқатар цифрлық сервис енгізді.

Атап айтқанда, eGov Mobile қосымшасындағы «Stop Credit» сервисі арқылы азаматтар өз атына несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым сала алады. Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі жеке деректерді өңдеуге қай ұйымдарға келісім берілгенін тексеруге және қажет болған жағдайда бұл келісімді кері қайтарып алуға мүмкіндік береді.

NomadGuard платформасы жеке деректердің интернетке таралу қаупін анықтап, фишингтік сілтемелерді тексеруге көмектеседі. Сонымен қатар, азаматтарға арналған тегін білім беру ресурстары да қолжетімді.

Олардың қатарында UNICEF-пен бірлесіп әзірленген балалар мен ата-аналарға арналған eGov платформасындағы жаңа онлайн-курс бар. Онда кибербуллинг, онлайн-груминг, дербес деректерді қорғау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелері қамтылған.

Сондай-ақ, CitizenSec платформасында азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған кибергигиена негіздері бойынша оқу курстары жұмыс істейді.

«Сонымен қатар, әрбір азаматқа мынадай қарапайым киберқауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береміз: SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк карталарының деректерін ешкімге хабарламаңыз; күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс жіберушілердің хабарламаларына жауап бермеңіз. Жеке деректерді енгізер алдында сайттың немесе қосымшаның мекен жайын мұқият тексеріңіз. Күрделі әрі бір-біріне ұқсамайтын құпиясөздерді пайдаланыңыз. Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз», - деді спикер баспасөз конференциясында.

«КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ»

Тақырыбы/Тема

«КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ»

/«О НОВОВВЕДЕНИЯХ В СФЕРАХ КИБЕРБЕЗОПАСНОСТИ И ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЙ»

Спикерлер/Спикеры

«ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТР МҰСАЛИЕВ ДОСЖАН УАЛДИНҰЛЫ;»

«ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АРЫҚБЕКОВА ҮМІТЖАН ШАПАЙҚЫЗЫ;»

«ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАБЕНОВ ОЛЖАС ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ;»

/«ВИЦЕ-МИНИСТР ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА И ЦИФРОВОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН МУСАЛИЕВ ДОСЖАН УАЛДИНОВИЧ;»

«ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ КОМИТЕТА ПО ИНФОРМАЦИОННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ МИИЦР РК АРЫКБЕКОВА УМИТЖАН ШАПАЕВНА;»

«ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ КОМИТЕТА ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЙ МИИЦР РК КАБЕНОВ ОЛЖАС КЫДЫРБЕКОВИЧ;»

МОДЕРАТОР: МАРЖАН БАХТИЯРҚЫЗЫ