Қазақстанда жұмыс істеу оңай ма? 🧐 #жұмыс #қазақстан
Текст материала отсутствует.
Всего видео: 135
Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Астанада оппозиция белсендісі Ермек Нарымбайдың соты бойынша жарыссөз өтті. Азаттық радиосының мәліметінше, прокурор белсендіні 3 жыл бас бостандығынан айырып, 5 жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды сұраған.
Ермек Нарымбай биыл ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған жаңа Конституцияны сынаған жазбасынан кейін ұсталды. Оның үстінен 430-бап «сот үкімін орындамағаны үшін» қылмыстық іс қозғалған. 2023 жылы сот белсендіге қоғамдық-саяси айналысуына тыйым салған еді.
Прокурор Ермек Нарымбай пробация қызметінің ескерткеніне қарамастан «құқыққа қарсы әрекеттерін жүйелі түрде жалғастырды» деп айыптап отыр.
Ермек Нарымбай тағылған айыппен келіспейді, оны негізсіз деп санайды. Белсендінің адвокаты Василий Садықов сын айту кез келген азаматтың Конституциялық құқығы екенін атап өтті.
Еске салсақ, Ермек Нарымбай биыл ақпанда ұсталып, содан бері 6 ай бойы қамауда отыр. Сот бұлтартпау шарасы жазасын өзгертпей қойды.
Бұған дейін Нарымбай 2015 жылы азаматтық саяси белсенділігі үшін қудалауға ұшырағаннан кейін елден кеткен еді. Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанға орала сала, әуежайдан қайта тұтқынға алынды. 2023 жылы мерзімін өтеп шықты. Жасы 80-нен асқан белсендінің әкесі ұлының ұсталуын елдегі сөз бостандығын тұншықтырумен байланыстырады.
Ермек Нарымбайдың маусымда өткен сотынан шығарылымды Toiken Media ютуб-арнасына көре аласыз
Жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта қаланы 1 метрден асатын су басып, көлге айналды. Автобустар мен көліктер су астында қалды. Тұрғындар әлеуметтік желілерде су басқан қала көшелерінен түрлі видеолар жариялап «Астанада апокалипсис» десті.
Нөсердің суы жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан ЛРТ-ны да аямапты. LRT стансасының бірінің төбесінен көл-көсір су ағып жатыр.
Астана қаласының әкімдігі бұл жайтқа бойлары үйренген. Тіпті «Бір мезетте жауын-шашын мөлшері көп болған кезде нөсер кәріз жүйесі суды орта есеппен 40 минуттан бір сағатқа дейін қабылдап үлгереді. Кейбір учаскелерде уақытша шағын су басу жағдайлары байқалады» деген мамыражай хабарлама таратты.
Бірақ бұл Астанада бірінші рет емес. Үп еткен жел болса, ғимараттардың қас беттері құлап, қала көшелері суға батады. Тосын күн райы әкімдіктің дайындығы қандай екенін тағы бір көрсетті. Елордалықтардың сөзінше, нөсер жауын бар болғаны 15 минут шамасында төгіп өткен. Соның өзі тұрғындарды біраз әбігерге салды. Көлігі суға толып, астында қалғандар бар. Енді жұрт ертең күз келгенде, не істейміз деп алаңдаулы.
Текст материала отсутствует.
21 шілде Семей соты азаматтық белсенді Нұржан Сембаевты қылмыстық кодектің «экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және қаржыландыру» бабымен кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Одан бөлек, 3 жылға қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына тыйым салып, мемлекетке 1,7 млн теңге көлеміндегі сот шығындарын өтеуге міндеттеді.
Дәл осындай айыппен 2024 жылы тәуелсіз журналист Думан Мұхамедкәрім 7 жылға сотталған еді.
Қылмыстық іске Нұржан Сембаевтың Facebook парақшасындағы жазбалары мен репосттары себеп болған. Айыптау актісінде белсенді тыйым салынған «Қазақстанның Демократиялық таңдауы ұйымына ақпараттық қолдау көрсетті» делінген.
Сараптамаға жіберілген материалдардың бірінде Сембаев құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның жазбасына репост жасағаны бар. Онда құқық қорғаушы сол кезде араздық тудыру бойынша қамауда отырған Qaznews24 сатиралық паблигінің негізін қалаушы Темірлан Еңсебек туралы жазған.
Нұржан Сембаев соттағы соңғы сөзінде өз әрекетінде ешқандай қылмыс жоқ екенін, өзін толық ақтауды сұрады. Ол айғақтарды бұрмалап, қолдан жасалғанын айтады. Белсендінің телефонын тексергенде, оны «экстремистік ұйымды қаржыландырды» деп айыптауға негіз болған Әблязовпен жазысқан хаттар табылмаған.
Еске салсақ, 42 жастағы Нұржан Сембаев биыл ақпанда ұсталып, содан бері 6 ай бойы тергеу изоляторында қамауда болды. Ол желіде саяси көзқарасын ашық білдіріп, саяси тұтқындарға бостандық талап еткен.
экстремист емес / FB
Текст материала отсутствует.
Қазақстан жаңалықтарына сатиралық шолу жасайтын «Ахуал сегодня» YouTube-арнасының негізін қалаушы Азамат Омаров екі айға қамауға алынды.
Ол қылмыстық кодекстің 174-ші «араздық қоздыру» бабымен айыпталған. Журналисті үйінен ұстап, компьютер, телефондары мен өзге де техникасын тәркілеген. Астана сотының қаулысында журналистің сатиралық материалдары «қоғамда теріс пікір қалыптастыруы мүмкін» делінген.
Адвокат Төлеген Шайықов қамауға алу туралы шешімге қарсы шағым берген. Азамат Омаров өзіне тағылған айыпты мойындамайды.
Қамауға алынбай тұрып журналист «Обнуление + мечеть святого Нурсултана» деген жоғарыдағы видеоны жариялаған. Алайда видео авторлық құқықты бұзу туралы шағымнан кейін өшірілген. Видеода журналист жаңа Конституцияны, президент мерзімін жаңарту мен мешітке Назарбаев атауын беруді өткір сынаған. Жалпы өзінің YouTube-арнасында Омаров Қазақстандағы саяси жағдайға қатысты сатиралық шолулар жасайды.
Еске салсақ, бұл сатира үшін қудалаудың алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін дәл осы 174-баппен Qaznews сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек істі болған еді. Сот журналистің 5 жылға бас бостандығын шектеп, қоғамдық-саяси және журналистік қызметпен айналысуына, митиңдерге қатысуына тыйым салынды.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған жас жігіттің тағдыры қалай өзгерді?
Бұл шығарылымда Лос-Анджелесте жаңа өмір бастаған қазақстандық иммигранттар өз оқиғаларын баяндайды. Олар неге елден кетті, Америкада нөлден қалай бизнес құрды және Қазақстандағы бүгінгі өзгерістерге қалай қарайды? Ашық әрі шынайы әңгіме – саясат, эмиграция, еркіндік және жаңа мүмкіндіктер туралы.
Бейнероликті көріп, пікіріңізді комментарийде бөлісіңіз: Сіз осындай қадамға барар ма едіңіз?
00:00 – Басталуы
00:01 – Лос-Анджелес көшесіндегі қазақстандық иммигранттар
02:19 – Маржанның Америкадағы өмірі және бизнесті нөлден бастау жолы
03:25 – Қазақстандағы мансап туралы арман неге орындалмады?
05:35 – Саясатқа қызығушылық және оппозицияны қолдау себептері
08:55 – Қаңтар оқиғасынан кейінгі шешім: Қазақстаннан кету
09:56 – АҚШ-тағы жаңа өмір және жаңа мүмкіндіктер
11:53 – Бизнесмен -диссиденттің әңгімесі. Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған жас жжігіттің тағдыры қалай өзгерді?
14:07 – Неліктен көптеген қазақстандықтар шетелге кетіп жатыр?
16:16 – Қаңтардан кейінгі реформалар: өзгеріс болды ма?
18:28 –Соңы
Біздің шығарылымдар
Егер біздің жұмысымыз сізге ұнаса және арнамызда тәуелсіз сұхбаттар, сараптамалық талдаулар мен зерттеу материалдарының көбірек шыққанын қаласаңыз, бізді донат арқылы қолдай аласыз.
Кез келген қолдау түсірілімдерді, монтажды, команда жұмысы мен жаңа шығарылымдарды дайындауға көмектеседі.
Тәуелсіз журналистиканы және арнамыздың дамуын қолдайтын әрбір көрерменге шын жүректен алғыс айтамыз!
Бейне ұнаса, лайк басып, арнаға жазылып, достарыңызбен бөлісіңіз!
Ол аштық жариялап, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, бағаны төмендетуді, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыруды талап еткен. Umarovnews мәліметінше, полиция қызметкерлері белсендіні бірнеше минуттан соң-ақ ұстап әкеткен.
Орал қаласының соты Маруа Ескендірованы "бейбіт жиын өткізу ережесін бұзды" деп айыптап, 25 тәулікке қамап тастады. Белсендінің ісі екі күн бойы қаралған. Осы уақытта сот шешімі шыққанға дейін белсенді 25 сағаттан аса белсенді полиция бөлімшесінде болған.
Құқық қорғаушы Павел Кочетков істе бірқатар заңбұзушылық барын айтады. Белсендіні ұстау кезінде ұстау хаттамасы толтырылмаған, телефоны тартып алынған. Маруа Ескендірова наразылық акциясын өткізу туралы әкімдікке ескерту берген. Алайда әкімдіктен жауап болмаған. Құқық қорғаушының сөзінше, үш жұмыс күні ішінде жауап бермесе, бұл биліктің келісімін білдіреді. Тиісінше белсендіні қудалау заңсыз.
50 жастағы Маруа Ескендірова — Орал қаласының азаматтық белсендісі, қоғамдық-саяси, бейбіт жиындар мен адам құқықтарын қорғау мәселесін көтеріп келеді. Азаматтық-саяси белсенділігі үшін бірнеше рет қудалауға ұшыраған
Текст материала отсутствует.
Толық нұсқасы төменде
Текст материала отсутствует.
Толық нұсқасы төмендегі сілтемемен
Саяси партиялар туралы заңдар тек элита үшін ғана жұмыс істей ме? Қосарланған стандарттарды талдаймыз.
Толық нұсқасы төмендегі сілтемемен
Сот заңгер жалған ақпарат таратты деп 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, 5 жылға әлеуметтік желіге шығуға, блогерлікпен айналысуға тыйым салды.
Еске салсақ, Әділетхан Молдахан әлеуметтік желіде белсенді заңгер еді. Ол Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты анық-қанығын айтып, желіде видео жариялаған болатын.
Заңгер Әл-Фарабидегі апатқа шенеуніктің балалары мен лауазымды полицейлердің қатысы барын айтқан. Артынша наурызда қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Іс бірнеше рет созылып, қылмыстық іс аяқталуға жақындағанда, қайта қатаң бапқа сараланған.
Әділетхан Молдахан тағылған айыпты мойындаған жоқ, ол сот отырыстарының бірінен кейін «шындықты айттым» деп мәлімдеген болатын.
Толық нұсқасы төменде