Архив доступен 219 видео Порциями по 20

Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.

Өзбектер қазақтардан неге қорқады | Сараптама

Өткен мамыр айында естеріңізде болса президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда симпозиумын өткізіп, әлемнің тарихшы ғалымдарын шақырып, Еуразия құрлығының жарымын уысында ұстаған Жошы ұлысы, оның тікелей мұрагері қазіргі Қазақстан екені турасында маңызды мәлімдемелер жасап еді ғой. Ол туралы біз осы Білген дұрыс арнасында баяндағанбыз.

Бахтиер Алимджонов сол жиынға қатысқан тарихшының бірі.

Оның қазақ империализмі туралы подкастта айтқан мәлімдемесі тақырып қозғауымызға түрткі болып отыр.

Оның сыртында біздің қоғамда Ташкент қазақтыкі, Қырғыздар Ұлы жүз құрамында болған, Қарақалпақ пен Ноғай қазақтың бөлініп қалған бір сынығы деген пайымдар жоқ емес қой. Әлгі Алты алаш дейміз ғой, ғасырлар бойы оның құрамында сол аты аталған бауырлас халықтарды көріп келеміз. Бұл бір қарағанда Ресейдің Украина мен Беларусьтің елдігін мойындамай, бір халықпыз деп орыстың құрамынан ғана көретін шовинистік көзқарасына ұқсай ма?

Біз осыған дейін түркі халықтарын отарлап, жаулап алып, жұтып қою саясатын жүргізіп отырған Орыс отаршылдығын сынап келеміз ғой, бірақ сол империялизм біздің Қазақта бар ма? Осы және өзге де бірқатар сұрақтарға жауап іздеп көрсек. Шайларыңызды демдеп, ден қойсаңыздар, бісміллә деп бастайық.

білгендұрыс

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС БАСТАЛДЫ | ҚАЗАҚСТАН ҚАЙ ЖАҚҚА ӨТЕДІ | ӨЗЕКТІ

тұр. Украинадағы майдан, Тайваньдағы технологиялық текетірес және Таяу Шығыстағы энергетикалық хаос – кездейсоқ оқиғалар ма, әлде жаһандық қайта бөліністің басы ма? Бұл сараптамалық видеода біз Үшінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттарын, алып империялардың жасырын ойындарын және екі оттың ортасында қалған Қазақстанның тағдырын талдаймыз.

білгендұрыс

РЕСЕЙ КҮЗДЕ КҮЙРЕУІ МҮМКІН | САРАПТАМА

Бүгінгі шығарылымызды өз түбіне өзі жетудің аз-ақ алдында тұрған ядролық держава Ресей федерациясына арнасақ па деп отырмыз.

Соңғы 10даған жылдар бойы оның ыдырауы туралы түрлі болжамдар, гипотезалар, зерттеулер мен сараптамалар көбейді. Ол әлбетте негізсіз емес. Себебі көршілеріміз Кеңес Одағы құлағалы бері бірнеше тәуелсіз мемлекетке шабуыл шасап, әскерінің аяғы тиген елдерге қайғы қасірет әкелді. Бумеранг заңын ешкім жоққа шығарған жоқ және кез-келген қадамның кері әсері бар екенін ескерсек, расымен де Ресейдің ыдырауы туралы әңгімелерді еріккеннің ермегі емес деп түсінуге болады. Оның сыртында елді соңғы 20 жылдан астам уақыт жеке дара билеп-төстеп отырған 73-жастағы Владимир Путин де мәңгі жасамайтыны ақиқат.

Сонымен әлемдегі ең үлкен мемлекеттің ыдырауына қандай жағдайлар алғышарт? Орыс империализмі және одан туындайтын факторлар – басқыншылық милитаристік саясат, әлемдік күштермен ядролық бопсаны алға тарта отырып ит пен мысық ойнау, Кеңес одағын қайта құруға талпыну т.б толып жатқан мың сан себептің бір парасына тоқталып көрейік. Әдеттегідей шайларыңызды демдеп, ден қойсаңыздар, бісміллә деп бастайық.

білгендұрыс

90-шы жылдардағы СҰМДЫҚ ҚАТЕЛІК | Қазақ малдан қалай айырылды | Өзекті

Қазақстанда соңғы 25 жылда ет бағасы 14 есе қымбаттаған! Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл тек «маусымдық құбылыс» деп сендіргісі келеді. Бірақ шын мәнінде солай ма? Неге еттің бағасы шарықтап, ал ауылдағы шаруаның бейнеті ақталмай отыр? Бұл шығарылымда біз тек базардағы бағаны ғана емес, мәселенің тамырын қазамыз.Кеңес Одағы кезіндегі 34 миллион бас малды қайда жібердік? Миллиардтаған субсидия неге қарапайым шаруаға емес, алпауыттарға бұйырады? Егер дұрыс реформа жасасақ, қой шаруашылығы қалайша Қазақстанға 100 миллиард доллар табыс әкелетін «екінші мұнайға» айнала алады? Мәселенің ақ-қарасын сарапшылар мен нағыз шаруалардың пікірімен бірге талдаймыз.

білгендұрыс

Бір жылда 51 мың адам жараланды | Сараптама

Бүгін біз жолдардағы адам өлімі, қалараралық күре жолдардағы көлік апаттары турасында тақырып көтермекпіз. Әлбетте жолда жүрген соң ережені сақтау, өзіміздің және өзгенің өмірі үшін бірінші кезекте жауапкершілік алатын өзіміз. Бірақ адамның ырқынан тыс жайттар да өкінішке қарай қайғылы оқиғаларға алып келуде. Былтыр жол көлік оқиғаларынан адамның өмірі қиылуы жөнінен біздің Қазақстан әлемдегі үшінші ел боп шыға келді. Ойлап қараңызшы, 2025 жылы Қазақстанда 2 жарым мыңға жуық адам көз жұмып, 51-мыңы жараланды.

Айдың күннің аманында жаға ұстатарлық статистика. Құдды бір соғыс жүріп жатқандай, бетін ары қылсын. Неге бұлай? Жолдың сапасы, көліктің техникалық жарамдылығы немесе адамдардың мінез-құлқы себеп пе? Осы сұрақтарға жауап іздеп, мәселені бір саралап көрсек. Ендеше ағайын, патша көңілдеріңіздің қалауымен арнамызға тіркеліп, біз ұсынып жүрген контенттерге лүпіл басып пікір жазып қойсаңыздар, бісміллә деп бастайық.

білгендұрыс

Қазақстанды кім құтқарады | Өзекті

Таяу Шығыста соғыс оты қайта лаулады. АҚШ-тың Иран әскери нысандарына жасаған соққысынан кейін, Brent маркалы мұнай бағасы бірден секіріп, барреліне 98 доллардан асып түсті. Иран билігі Вашингтонға сес көрсетіп, әлемді $200-лық мұнаймен сескендіріп отыр. Бұл жаһандық дүрбелең мұнай экспорттаушы Қазақстан үшін көктен жауған алтын жаңбыр ма, әлде бюджетті іштей жейтін улы инфляция ма? Бүгінгі шығарылымда халықаралық және отандық сарапшылардың пікірін талдай отырып, алдағы 3 негізгі сценарийді таразыға саламыз. Үкіметтің бюджеттік "тәбеті" мен қазынаның шығыны бізді қандай тығырыққа тірейтінін ашық айтатын кез келді.

білгендұрыс

АЛТЫН ОРДА КІМНІҢ ТАРИХЫ | САРАПТАМА

Жүздеген жылдар бойы сан ұрпақ «Ұлытауға бардың ба, ұлар құсын көрдің бе» деп өсіп өнді. Жошы хан туралы естеліктер мен ол туралы Ақсақ құлан күй-аңызы рухымызда, Ұлытаудан әрбір тасы мен сай саласында сайрап жатыр. Алтын Орда немесе Ұлық ұлыстың тарихи мұрасын бір кісідей еншілеген халық болса, ол біздің қазақ.

Әдетте қазіргі орыс империясының мемлекеттілігі сол Орданың тарихынан тамыр тартады дегенді естиміз, болмаса өзімізге ет жақын Ноғай, Қарақалпақ, Қырым мен Қазан татарлары тіпті Өзбек бауырларымыз да бір есептен елдігін Ұлы дала империясымен байланыстырады. Алтын Орда кімдікі? 3 ғасыр Еуразия даласында үстемдік құрған империяның тікелей мұрагері кім? Бұл тақырыпты қозғауға өткенде Астанамызда өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық жиын түрткі болып отыр.

Себебі ақпарат айдынында Қазақ елі Алтын Орда мемлекетінің мұрасын меншіктеуге тырысып жатыр деген сарындағы сандырақтарды да естіп қалып жатырмыз.

Хош сонымен Ұлық ұлыс туралы аз-кем әңгіме өрбітіп білгенімізбен бөліссек. Ал сіз патша көңілді көрермен, арнамызға жазылмаған болсаңыз жазылып, лүпіл басып, пікір жазып тақырыпқа ой қоса отырыңыз. Бісміллә деп бастайық.

білгендұрыс

Құдіретті Ташиев неге бір күнде жеңілді | Өзекті

Мызғымастай көрінген Садыр Жапаров пен Қамшыбек Ташиевтің «достар тандемі» ресми түрде күйреді! Қырғызстанның ең ықпалды силовигі болған Ташиевке «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген ауыр айып тағылып, тергелді. «75 белсендінің хаты» деген не және ол билік тазартуын қалай бастап жіберді? «Қырғызнефтегаз» айналасындағы дау мен кландар соғысы Ташиевті қалай тығырыққа тіреді? Қазақстанның өз басынан өткен «қос билік» қасіреті мен Қырғызстандағы қазіргі жағдайдың арасында қандай байланыс бар? Астана бұдан қандай сабақ алды? Бұл сараптамамыз ел арасына жік салу емес, аймақтағы ірі саяси процестерді салқынқанды әрі салмақты тәпсірлеуді көздейді.

«Алтыннан да қымбат достық» ертегі кітабына тапсырыс беру

Kaspi дүкен арқылы сатып алу:https: https://l.kaspi.kz/shop/AU2zd8nsgHRZWoD

білгендұрыс

Құдіретті Ташиев неге бір күнде жеңілді?

ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАРУЛАНДЫРАДЫ | САРАПТАМА

«ТҮРКІ БІРЛІГІ — БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ» деген тамаша нақыл сөз бар. Авторы Мұстафа Кемаль Ататүрік. Бірінші Дүниежүзілік соғыста Осман империясы жеңіліске ұшырап, ел басына күн туып, шетелдік интервенттер басып кірген уақытта Түрік халқын ұлт-азаттық күреске бастаған ұлтшыл революционер. Басқыншыларды Анадолы аумағынан түре қуып, бүгінгі, біз білетін Түркия республикасының негізін қалаған даңқты тұлға. Ататүрік түркі халықтарының бірлігін не себепті болашақтың кепіліне балады?

Күні кеше ғана сан ғасыр бойы ондаған мемлекет пен халықтарды уысында ұстап келген Осман империясының құдыреті қайда қалды? Иә, империя мәңгілік емес, бұл фәниде басып алған иелігің де уыста тұрмайды, құдды бір келімді кетімді қонақ сияқты. Соны жете түйсініп, бауырлас халықтардың бірлігінен асқан баянды күш болмайтынын ұғынғандықтан Аманаттап айтып кеткен сөзі деп аңдауымызға болады. «ТҮРКІ БІРЛІГІ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ». Иә, Түрік республикасы құрылғалы да ғасырдан асты. Ататүрік аңғсаған болашақта қазір біз өмір сүріп жатырмыз.

Бауырластардың бірлігі бекем, һәм баянды ма? Бүгінгі әңгімеміз осы жайлы болмақ.

білгендұрыс

Қазақстандағы ең ірі сауданың құпиясы | Қазақтың қанымен келген миллиардтар | Өзекті

Өскемендегі жойқын жарылыс пен «Қазцинктегі» адам шығыны жай ғана техникалық ақау ма, әлде жүйелі дағдарыстың нәтижесі ме? Осы сараптамада біз компанияның рекордтық 5 миллиард доллар табысы мен тозығы жеткен ескі цехтар арасындағы қайшылықты ашып көрсетеміз. Неге миллиардтаған салық төлейтін алпауыт экологиялық талаптар мен жұмысшы қауіпсіздігіне келгенде дәрменсіз болып отыр? Сондай-ақ, швейцариялық Glencore-ның Қазақстаннан кету себептерін және жаңа қожайын Шахмұрат Мүтәліптің 5 миллиард долларлық мәмілесінің астарын егжей-тегжейлі талдаймыз. Бес баланың әкесіз қалуына кім кінәлі және ұлттық байлықтың кезекті бөлінісі халыққа не береді?

білгендұрыс

ИЗРАИЛЬ ҚАЗАҚСТАНДЫ ОДКБ-ДАН ШЫҒАРАДЫ | САРАПТАМА

Білген дұрыс арнасының бүгінгі шығарылымын кезекті бір халықаралық мәселеге арнасақ па деп отырмыз. Және бірден астын сызып айта кететін жайт, бағдарлама әсіре эмоциясыз, таза фактілер мен нақты қадамдардың төңірегінде болатынын атап өтейін. Әуелі мына көріністерге көз салайық.

Бұл 2020 жылдың күзінде, барлығымыздың көз алдымызда өткен 44 күндік Қарабақ соғысы. Әзербайжан мен Армения қарулы күштері арасындағы шешуші әскери қимылдар. Соққы беруші және шабуылдаушы дрондар Армения әскерлерінің шебін талқандауда. Ол құрыш сауытты техника, танк, арттиллериялық қондырғылар мен әуе қорғанысы жүйелерін істен шығарды. Нәтижесінде Әзербайжан әскері бұл соғыста техникалық басымдыққа жетті.

Жалпы осы Қарабақ соғысы қазіргі заманның ұрыс жүргізу тактикаларына үлкен өзгеріс, керек десеңіз бетбұрыс әкелген жағдай екеніне айдай әлемнің көзі жетті. Төбеден шүйлігіп кеп, қырғидай тиіп жатқан IAI Harop және Orbiter камикадзе дрондары. Бұл Израильдің әскери өнеркәсібінің өнімдері. Сондай-ақ осы елдің жедел тактикалық Лора зымыран кешендерімен жарақтанған Әзербайжан қарулы күштері орыс қаруына арқа сүйеген Армения әскерлерінен бір бас жоғары болып шықты.

Әскери сарапшылар Израильдің шабуылдау әлеуеті жоғары қару-жарақтары кавказдағы қақтығыста күштердің арасалмағын айқындап берді, Әзербайжанның үстемдігін арттырды деп бірауыздан кесіп айтты. Бұдан аңдағанамыз Каспийдің арғы бетіндегі біздің бауырлас ел, сол соғыс қарсаңында Израильмен әскери әріптестік орнатқанның арқасында аталған басымдыққа ие болды. Себебі естеріңізде болса 2016 жылғы шекаралық қақтығыста тараптар итжығыс түскен болатын.

Иә, қазір Әзербайжан мен Армения татуласқан, сондықтан тараптардың бірін таңдап, ұзақ уақытты қажет ететін бейбіт қадамдарды қолға алған екі елдің арасына от салуға қақымыз жоқ екенін айта кетейін. Бірақ фактінің аты факті. Эмоциясыз. Ендігі әңгіме, осы Израильмен біздің елдің арасында қандай байланыс бар? деген мәселеге келіп тіреледі. Жалпы бұл тақырыпқа бір есептен аталған елдің президеті Ицхак Герцогтың өткен айдағы Қазақстанға сапары да түрткі екенін айта кеткен жөн.

Әлбетте қазіргі Ирандағы соғыс бар, былтырғы Газадағы қырғынға байланысты Израиль мемлекетіне деген керағар көзқарас біздің қоғамда бар екенін жақсы түсінеміз. Бірақ Астанаға Тель-Авивтен қонақтар текке келмесе керек. Немесе біздің биліктің де бір білгені бар шығар. Демек Қазақ елі мен Израильдің байланыстары бір тақырыпқа сұранып тұрғаны анық. Ендеше патша көңілді көрермен, шайларыңызды демдеп ден қойсаңыздар, біраз қызықты ақпараттармен бөліссек.

білгендұрыс

Нәлібаев Үкіметке сілкініс әкеле ме | Жаңа партияның қожайыны кім | Сараптама

Мамырдағы мерекелерде жалпақ жұрт демалып жатқанда елдің саяси қазаны бұрқ-сарқ қайнаумен болды. Роман Василийұлы Скляр мырза Президент Әкімшілігінің тізгінін ұстап шыға келді, Үкіметтегі оның орнын Қызылорда облысының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев алмастырды. Президент әкімшілігін бұған дейін басқарған Айбек Дәдебайұлын алып тастады дегенде, бірқатар айтқышбек, дәуде болса вице-президент сол Айекең болатын шығар деп бал ашқан. Айекең айды аспанға шығарып, су жаңа партия Әділеттің төрағасы болып шыға келді.

Бүгін олар алғашқы құрылтай съезін де өткізді. Саяси ұйымның жарғысын қабылдап, бағдарламасын бекітті. Демек тамызда өтетін Құрылтай, яғни Парламент сайлауында тың, жаңа әрі белсенді ойыншыны көретін боламыз.

Роман Скляр мырза елдегі ең ықпалды институттардың бірі Президент әкімшілігін басқара ала ма, жалпы ол лауазымға не үшін тағайындалды?

Нәлібаевтың үкіметке келуінен министрлер кабинетінің жұмысына қан жүгіре ме? Әдетте Қызылорда облысының әкімі болып тұрған кезінде нәтиже көрсетпеген қол астындағыларды сілкіп алады дегенді ас үйдегі әңгімелерден еститінбіз, Нұрлыбек Мәшбекұлы үкіметке сілкініс әкеле ме?

Біраз сұрақ бар, жауап іздеп көрсек. Ендеше ағайын шайларыңызды демдеп ден қойып, әдеттегідей арнамызға тіркелсеңіздер, патша көңілдеріңіздің қалауымен бастайық.

білгендұрыс

Қазақстан мен АҚШ бірігіп қару жасай ма | Өзекті

Дональд Трамптың ұлдары Қазақстанның вольфрам кен орындарын игеруге келді! Financial Times таратқан бұл ақпарат әлемдік геосаяси айқастың жаңа деңгейге шыққанын аңғартады. Пентагонның қару-жарақ өндірісіне ауадай қажет вольфрам неге «жаңа мұнай» атанып отыр және АҚШ бұл қадам арқылы Қытайдың үстемдігін бұза ала ма? Біздің Ата Заңымыз бойынша халыққа тиесілі байлықтың игілігін шын мәнінде кім көреді? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын бүгінгі арнайы сараптамадан біле аласыздар.

білгендұрыс

Каспий ондаған шақырымға қысқарып жатыр | Каспий мен Аралды не байланыстырады| Сараптама

Каспий теңізі тартылып жатыр. Экология жанашырлары, ғылыми орта мен мемлекеттік деңгейде бұл мәселе көтеріліп жатыр қазір. Неге десеңіз 2100 жылға қарай Каспийдің суы 20 метрге дейін төмендейді деген болжам бар, біз оны қағылған дабыл деп қабылдасақ болады. Себебі су деңгейі мамандардың есептеулерінше 3-4 метрге төмендегеннің өзінде жағалаудан бірнеше ондаған шақырымға алыстап, жаңағы сияқты теңіздің табаны ғана қалады. Ал 21 метрге төмендегенде не болатынын бағамдай берсек болады.

Демек сұрақ, шынымен де айдай әлем, ең үлкен көлді құрғатып қойып қарап отырмақ па, жалпы судың азаюына не себеп? Теңіз тартылып, табанында сор мен шаңды алқаптардың қалуынан келетін кесел қандай? Сұрақ көп. Мың мәселеге бір шешім бола ма? Осыған жауап іздеп көрсек. Ендеше ағайын, шайларыңызды демдеп ден қойсаңыздар бастайық.

білгендұрыс

Уран соғысы | Соңғы көзір кімнің қолында | Өзекті

Қазақстан — әлемдік уран нарығының абсолютті көшбасшысы. Жер шарында өндірілетін бүкіл уранның 45%-ы біздің топырақтан шығады. Бірақ бұл орасан зор байлық кімнің бақылауында? Неге біз әлемді жарықпен қамтамасыз етіп отырсақ та, өзіміз энергетикалық тығырыққа тірелдік?

Бұл сараптамада біз уран нарығындағы «Үлкен ойынның» астарына үңілдік.

ҚЫРҒЫЗСТАН СИНГАПУРГЕ АЙНАЛАДЫ | САРАПТАМА

Таяу-келешекте көрші Қырғыз елі қарыштап дамып, Сингапур сияқты Азияның жолбарысына айналады. Оған негіз жоз емес. Қазір бір туғандарымыздың экономикасы нағыз бумды бастан кешуде. Былтыр ол 11 пайыздық өсім көрсетсе, келешекте де 8-9 пайыздан кем болмайды деген болжам бар. Соңғы 3 жылда көршілеріміздің ЖІӨ-і екі еселенді. Құрылыс, өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларының өсімі қос бірлікті санмен, яғни оннан жоғары пайызды көрсетуде. Бұл бәріміз білетін Сингапур. Егер Қырғызстан дәл осылай дамып кетсе ше!? Тамаша ғой.

Әлбетте біз Қазақ елі Қырғыз туғандарымыздың өркендеуіне, өсіп өнуіне қуанамыз. Іргеңдегі бауырлас елдің бақуатты болғаны жалпы жақсы ғой қай заманда болмасын. Бірақ таяқтың екінші ұшы бар. Ол саяси интригалар. Иә, Сингапур келешектің еншісінде.

Ақпанның басында Қырғыздың экс шенеуніктері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси және рухани элита өкілдерінің Жапаровқа арнаған хатын іске аспай қалған ақсақалдар революциясы деп айдарласақ болар бәлки. Бірақ президенттің сенімді серігі Қамчыбек Ташиевтың орнынан алынуы және содан кейін басталған қамаулар мен құрықтаулар әлі күнге шекті жалғасып жатыр. Неге? Садыр Жапаров «Ескі Қырғызстанның» элитасын түгел тазалап «Жаңа Қырғызстан» құрып жатыр ма? Және дәл осы жаңа Қырғызстан жайнап өсіп, Сингапурдың деңгейіне жете ме?

Көршілес, һәм бауырлас ел болғандықтан іргемізде болып жатқан жайттарды бір сыдырғы біле жүргеніміз абзал деп тақырып арнаған ойымыз бар, шығарылымға үн қосып, лүпіл басып қойыңыздар, пікір жазыңыздар, Қырғысзтан жайлы қандай ойыңыз бар? Ендеше ағайын, шәйләріңізді демдеп, ден қойсаңыздар бастайық.

білгендұрыс

7 МИЛЛИОН ҚАЗАҚ ЖАСЫ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛА МА | АРЗАН ЕҢБЕК КҮШІНІҢ ҚАТЕРІ | ӨЗЕКТІ

Қазақстан халқы 20,5 миллионға жетті. Бұл сүйінші жаңалық сынақтың басы ма? Ресей нарығы жабылып, Орталық Азияның миграциялық ағыны біздің елге күрт бұрылды. Көршілес Өзбекстан халқы 80 миллионға жеткенде, біз өз нанымыз бен суымызды қорғай аламыз ба? Арзан жұмыс күші біздің 7 миллион жасымызды жұмыссыз қалдырмай ма? Ресурс үшін болуы мүмкін жаңа ғасырдың қақтығысы туралы сараптаймыз. Айналамызда не болып жатқанын Білген Дұрыс.

білгендұрыс

ИРАНДАҒЫ СОҒЫСТА ҚАЗАҚТАР ШЕЙІТ БОЛҒАН | САРАПТАМА

Жер шарының бел ортасынан ордасын тігіп, дәуірлер дүрмегі мен небір замандардың залалы мен зардабын еңсеріп елдікке жетіп, арқаның төсіне туын тіккен қазақ деген халық болса, соның бір пұшпағы, түрлі тарихи оқиғалар туғызған себептерге байланысты атажұртынан бөлініп, ағайыннан ажырап, қыр астын былай қойғанда әлемнің қырықтан астам еліне шашырап, жырақта өмір сүріп жатқан жайы бар. Бүгін тарыдай шашылған қаракөздердің бір парасына, Парсы елін мекен еткен қазақтарға тақырып арнасақ па деп отырмыз. Себебі Иранда соғыс жүріп жатыр.

Әскери және экономикалық қуаты толағай АҚШ пен Израильдің шабуылына ұшырап отырған Иран мемлекетінде жасайтын қазақ қандастарымыз аман ба, - деген қисынды сұрақтың туындайтыны анық. Парсылар елінде қанша қаракөз бар? Соғыстың зардабы мен залалын қаншалықты көріп отыр? Иран әскері сапында шайқасып шахид кешкендер кімдер? Осы жайларды сараптап көрсек. Ендеше ағайын, шайларыңызды демдеп, ден қойсаңыздар бастайық.

білгендұрыс

Трамп жеңілді | Иран жеңісін тойлауда | Өзекті

АҚШ Президенті неге Иранның 10 қатаң талабын қабылдауға мәжбүр болды? Бұл стратегиялық шегініс пе, әлде Вашингтонның дәрменсіздігі ме? Ормуз бұғазындағы мұнай дағдарысы мен Иран билігіндегі жұмбақ өлім туралы бүгінгі сараптамада айтамыз.

білгендұрыс

Түркі мемлекеттер біріксе не болады | Сараптама

Ағайынды жігіттің кере қарыс жалы бар, Жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар деген атам қазақтың қанатты сөзі сірә қазіргі уақытта аса өзекті шығар. Айнала алай дүлей болған алмағайып заманда өмір сүріп жатырмыз. Таяу Шығыстан тыныш кетті. Алты ай бұрын ғана Палестинаның Газа секторында бейбітшілік орнады деп бөрікті аспанға атпап па едік, міне бір жарым ай болды, Израиль мен АҚШ және Иран арасындағы соғыстың өрті Парсы шығанағы аймағын түгел шарпыды. Украина мен Ресейдің алысып жатқанына бесінші жылға кетті.

Африкадағы алапат қырғындар, түстігімізде Ауғанстан мен Пәкістан атысып, ымырасыз жаулықтың жамылғысына оранды. Үндіқытайда Тайланд пен Камбоджа қит етсе қидаласып қалады. Тайваньға төніп тұрған Қытайың анау, арғы беттен Жапондар да аракідік ашық сес көрсетуде. «ДҮНИЕ ОҚ ДӘРІ ТОЛТЫРЫЛҒАН БӨШКЕГЕ ҰҚСАЙДЫ» деп 19-ғасырдың соңында Отто Бисмарк айтқан жағдайды қазір көріп отырмыз. Пруссияның алғашқы канцлері солай деп айтты, 30 жылға жуық уақыт өткенде 1-дүниежүзілік соғыс басталып, жер жаһанның қанға бөккені ендігіде тарих.

Қазір әлемнің 70 тен астам елінде ірілі ұсақты әскери қақтығыстардың көз алдымызда жүріп жатқаны алаңдатады. Төрткіл дүние текетірестердің торы мен шиеленістердің шырмауында отырғанда, осы біздің қазақ кімге арқа сүйейді деген сұрақ көлденеңдейді көкейде. Артыңда тұрып айналасына айбат шегетін алпауыт болмаса да қасыңнан табылып үзеңгілесетін қатарлас қамқоршың қажет қой қандай жағдай болмасын. Басыңа бұлт төніп келе жатса бауырыңды іздейтінің заңдылық, осындайда Түркі бірлігі қауіп-қатерлерге қалқан бола ала ма? –деген мәселені аз-кем саралап көрсек.

Және теориялық, гипотетикалық тұрғыдан исі түркі халықтарының басын біріктіріп көрсек қандай күш екенімізді де бір бағамдап алсақ. Ендеше патша көңілді көрермен шайларыңызды демдеп ден қойсаңыздар бастайық.

білгендұрыс