Архив доступен 232 видео Порциями по 20

Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.

Ұлымның артында жүкті жұбайы қалды - марқұм Ерзаттың әкесі

15 МИНУТТА КЕЛЕМ ДЕП ШЫҒЫП, ӨЛІ ТАБЫЛҒАН / ӨЗІН ӨЛТІРУІ МҮМКІН БЕ? / ТЕРГЕУ НЕ ДЕЙДІ? https://youtu.be/YOQHw6Xo3LQ

СОТ ПАКТЫҢ КӨЗ ЖАСЫНА ҚАРАМАДЫ / ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАП КЕШІРІМ БЕРГЕН БЕ? / АҚЫРҒЫ ҮКІМ

Алматының басты көшесі - Әл-Фараби даңғылында болған жойқын жол апаты қоғамда үлкен резонанс туғызған еді. Үш адамның өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін жол сақшыларының жұмысы сынға қалып, тіпті қалтасы қалың, ықпалды адамдардың қатысы бар деген болжам да тарады. Араға үш ай уақыт салып, бұл даулы іске нүкте қойылды. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Александр Пакты кінәлі деп танып, 10 жылға соттады. Ақырғы сөзінде айыпталушы ажал құшқан азаматтардың жақындарынан жылап тұрып кешірім сұрады. Алайда оның өкініші сот үкіміне әсер еткен жоқ.

ЖолАпаты

Өлі денесін балықшылар алып шыққан - Ерзат Егінбайдың әкесі

15 МИНУТТА КЕЛЕМ ДЕП ШЫҒЫП, ӨЛІ ТАБЫЛҒАН / ӨЗІН ӨЛТІРУІ МҮМКІН БЕ? / ТЕРГЕУ НЕ ДЕЙДІ? https://youtu.be/YOQHw6Xo3LQ

Мұрын тамшылары фобияға соқтырады - аллерголог

Аллергияны көбі көктем мен күзде болатын уақытша жайсыздық деп ойлайды. Алайда бұл - ағзаның дабылы. Оның белгілерін басып, емделіп кеттім деп ойлауға болмайды. Аллергия асқынса, арты ажалға апаруы мүмкін. Youtube-арнамызға берген сұхбатында аллерголог-иммунолог Арай Батырбаева аллергияның негізгі белгілері, ең қауіпті түрлері, неден пайда болатынын және аллергия симптомдарын уақытша басудың қаупі туралы айтып берді.

Балаға ұрыс-керісті көрсетпеу керек

Неліктен балалар арасында агрессия ушығып барады? Гаджет пен әлеуметтік желінің бала психикасына әсері қандай? Компьютерлік ойындар мінез-құлықты өзгерте ме? Телефонға тәуелділік, ата-аналардың жиі жіберетін қателіктері және бала тәрбиесіне қатысты басқа да өзекті мәселелер төңірегінде психолог Күлмәш Елшібаева айтып берді.

ПЛАСТИКАЛЫҚ ОТАДАН КЕЙІНГІ ҚАЗА / КЛИНИКАЛАРДЫ КІМ ТЕКСЕРЕДІ? / «ҚАРЫНДАСЫМДЫ ЖОҒАЛТТЫМ»

Пластикалық отадан кейінгі адам өлімінің жиілеуі қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Жуырда липосакция жасатуға барған блогер Сәуле Базархан операция кезінде көз жұмса, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов та пластикалық отадан кейін қайтыс болған еді. Марқұмдардың туыстары дәрігерлердің әрекетіне күмән келтіріп, әділ тергеу талап етуде.

Жеке клиникалар қаншалықты қауіпсіз? Бұл салада бақылау жеткілікті ме? Науқастар қандай тәуекелге барады? Біздің редакция осы тақырыпты зерттеп, мамандармен, тұрғындармен және марқұм Сәуле Базарханның туыстарымен тілдесті.

ПластикалықОта #Липосакция#КлиникаЖауапкершілігі

МедицинаМәселесі

ДенсаулықСақтау

ӘділТергеу

МассагетМәселе

ПластикалықОтаданКейінгіҚаза

ПациентҚауіпсіздігі

ӘлібекШынтемір

Ұлымның мәйітін көрсетпеді - марқұм Ерзаттың әкесі

15 МИНУТТА КЕЛЕМ ДЕП ШЫҒЫП, ӨЛІ ТАБЫЛҒАН / ӨЗІН ӨЛТІРУІ МҮМКІН БЕ? / ТЕРГЕУ НЕ ДЕЙДІ? https://youtu.be/YOQHw6Xo3LQ

Аллергия тұқым қуалауы мүмкін - аллерголог

Аллергияны көбі көктем мен күзде болатын уақытша жайсыздық деп ойлайды. Алайда бұл - ағзаның дабылы. Оның белгілерін басып, емделіп кеттім деп ойлауға болмайды. Аллергия асқынса, арты ажалға апаруы мүмкін. Youtube-арнамызға берген сұхбатында аллерголог-иммунолог Арай Батырбаева аллергияның негізгі белгілері, ең қауіпті түрлері, неден пайда болатынын және аллергия симптомдарын уақытша басудың қаупі туралы айтып берді.

КОЛЛЕКТОРЛАР ҚҰТЫРДЫ / СУ БАССА, НЕ БОЛМАҚ? / БАСШЫЛАР БАССЫЗДЫҚҚА БАРҒАН

Бүгінгі Мәжіліс отырысы да қызу пікірталасқа толы болды. Депутат Бақытжан Базарбек коллекторлық агенттіктер мен жеке сот орындаушыларының былығын әшкерелеп, бұл салаға бақылауды күшейтуді талап етті.

Ал депутат Нұргүл Тау студенттерге арналған жатақхана тапшылығы мәселесін көтеріп, сандарды сөйлетті. Оның айтуынша, елімізде 115 мыңнан астам студентке жатақхана орны жетіспейді. Халық қалаулылары сейсмология саласын дамыту, балаларға арналған цифрлық контент сапасы, онлайн-сауда, т.б. мәселелерді де талқыға салды. Толығырақ Мәжіліске шолуымыздан көре аласыздао.

МәжіліскеШолу

Студенттер

Мәжіліс

ӘлібекШынтемір

Агрессияның артында баланың жанайқайы тұр

Неліктен балалар арасында агрессия ушығып барады? Гаджет пен әлеуметтік желінің бала психикасына әсері қандай? Компьютерлік ойындар мінез-құлықты өзгерте ме? Телефонға тәуелділік, ата-аналардың жиі жіберетін қателіктері және бала тәрбиесіне қатысты басқа да өзекті мәселелер төңірегінде психолог Күлмәш Елшібаева айтып берді.

15 МИНУТТА КЕЛЕМ ДЕП ШЫҒЫП, ӨЛІ ТАБЫЛҒАН / ӨЗІН ӨЛТІРУІ МҮМКІН БЕ? / ТЕРГЕУ НЕ ДЕЙДІ?

Жуырда ғана жұрттың жағасын ұстатқан Ерзат Егінбайдың жұмбақ өлімі қоғамда қызу талқылануда. Ол 19 мамыр күні Алматыда із-түзсіз жоғалып, төрт күннен кейін мәйіті судан табылған еді. Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиға төңірегінде түрлі болжам мен алып-қашпа әңгіме көп. Бірі қасақана өлтірілген десе, енді бірі өзіне қол жұмсауы мүмкін деген пікір айтуда. Алып-қашпа әңгіме емес, нақты шындықты білу үшін біз студиямызға марқұмның әкесі Шалқар Егінбайұлын шақырдық. Ұлының өліміне қатысты әкенің айтары не? Ерзаттың жақындары қандай сұрақтарға жауап іздеп жүр? Толық сұхбатты YouTube арнамыздан көре аласыздар.

00:00 - Аңдатпа

01:50 - Аға, көңіл айтамыз

02:30 - “Дүкенге барып келем деп” шыққан

03:40 - Телефоны Есік қаласынан бір қосылған

04:00 - Саяхатта метро камерасына түсіп қалыпты

04:25 - Видеода жан-жағына жалтақтап жүр

05:10 - Космос ауылынан түскен, содан хабар жоқ

05:35 - Суық хабар келді

06:18 - Оны алдап шақырып алуы мүмкін

07:45 - Денесінде соққының іздері болды ма?

08:16 - Өзіне қол жұмсауы мүмкін емес

08:40 - Тергеуге көңіліңіз тола ма?

10:20 - Тергеушілер ештеңе айтпайды

10:55 - Сенгіш еді, соның кесірі тиді

11:30 - Алты ай бұрын үйленген еді…

11:37 - Соңғы рет 15 мамыр күні сөйлестім

11:59 - Сол күні қоштасқандай болды

12:55 - Әдейі өлтірген

13:19 - Өзін өлтіргісі келсе, асылып қалар еді

13:47 - Оны тұншықтыруы мүмкін бе!?

14:50 - Тергеу шешеді

15:21 - Сіздерден де сұрарым сол

16:10 - Артында жүкті жұбайы қалды

17:25 - Халыққа алғыс айтамын, қолдағаны үшін

17:40 - Қорытынды

ЕрзатЕгінбай

Соңғы 10 жылда аллергия өршіп келеді

Аллергияны көбі көктем мен күзде болатын уақытша жайсыздық деп ойлайды. Алайда бұл - ағзаның дабылы. Оның белгілерін басып, емделіп кеттім деп ойлауға болмайды. Аллергия асқынса, арты ажалға апаруы мүмкін. Youtube-арнамызға берген сұхбатында аллерголог-иммунолог Арай Батырбаева аллергияның негізгі белгілері, ең қауіпті түрлері, неден пайда болатынын және аллергия симптомдарын уақытша басудың қаупі туралы айтып берді.

АЙЛЫҒЫ ШАЙЛЫҚҚА ЖЕТПЕЙДІ / МЕДИЦИНА САЛАСЫ ОҢБАЙ ТҰР / КИНОГА КЕТКЕН АҚША ҚАЙДА?

Мәжіліс мінберінен микрофон алып, мәселе көтергендер ішінде бүгін депутат Асхат Рахымжанов ел ішіндегі қымбатшылыққа қынжылатынын жеткізді. Ол жұрт қазір несиені азық-түлік үшін алып, күнкөрісі кредитке айналғанына алаңдаушылық білдірді. Ал депутат Дәулет Мұқаев отандық киноға бөлінген миллиардтардың қайда кетіп жатқанын сұрады. Сонымен қатар, депутаттар медицина мен білім саласындағы түйткілдерді де сөз етті. Бүгінгі отырыста көтерілген осы және өзге де маңызды мәселелер тізбегін Мәжіліске шолуымыздан көре аласыздар.

МәжіліскеШолу

ДәулетМұқаев

Медицина

Қазақстан

КҮН ТОҚПЕН КҮНЕЛТІП ОТЫР / БАЛАМ ҚАРАҢҒЫДА САБАҚ ОҚИДЫ / АҚША ЖЕП ҚОЙҒАН

Тұрар тұрғындары «тоқтан таршылық көрдік» деп жиналды. Олар жылда жүз мыңның үстінде ақша жинап, сұрағандарын берсе де, не жарыққа не жолға жарымай отыр. Ең сорақысы - мәселе шешілмесе де, ақша жинау тоқтамаған. Ал мамандар “6 млн қарызы бар” деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Түйткіл қалай шешілмек!? Жауаптылар жауапқа тартыла ма!? Біздің материалдан көріңіздер.

ТұрарАуылы

ӘділдікКерек

Инфрақұрылым

ТоқТапшылығы

ШынТемір

ӘлеуметтікМәселе

МәселеШешілсін

Балаларға ата ана жылуы жетпей жатыр

Неліктен балалар арасында агрессия ушығып барады? Гаджет пен әлеуметтік желінің бала психикасына әсері қандай? Компьютерлік ойындар мінез-құлықты өзгерте ме? Телефонға тәуелділік, ата-аналардың жиі жіберетін қателіктері және бала тәрбиесіне қатысты басқа да өзекті мәселелер төңірегінде психолог Күлмәш Елшібаева айтып берді.

АШУЛАНШАҚ БАЛАНЫҢ АРТЫНДА АТА-АНА ТҰР / ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІ ҰРПАҚ

Неліктен балалар арасында агрессия ушығып барады? Гаджет пен әлеуметтік желінің бала психикасына әсері қандай? Компьютерлік ойындар мінез-құлықты өзгерте ме? Телефонға тәуелділік, ата-аналардың жиі жіберетін қателіктері және бала тәрбиесіне қатысты басқа да өзекті мәселелер төңірегінде психолог Күлмәш Елшібаева айтып берді.

00:00 – АҢДАТПА

02:00 – ҚАЗІР БАЛАЛАР АШУЛАНШАҚ

04:52 – КЕКШІЛ БАЛАЛАР КӨБЕЙДІ

06:50 – БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІ, ӨЗІҢНЕН БАСТА

08:15 – АШУДЫҢ АРТЫНДА НЕ ЖАТЫР?

10:24 – ТЕЛЕФОНДЫ УАҚЫТЫМЕН БЕРУ КЕРЕК

11:40 – БӘРІ БАЛА КЕЗДЕГІ «ТРАВМАЛАРДАН»

14:00 – КОМПЮТЕРЛІК ОЙЫНДАР ҚАУІПТІ

16:20 – БАЛАНЫ МЕНТАЛИТЕТКЕ ҚАРАЙ ИКЕМДЕУ КЕРЕК

18:40 – БАЛАНЫҢ ГАДЖЕТКЕ ТӘУЕЛДІ ЕКЕНІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙ АЛАМЫЗ?

20:30 – БАЛАМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС БОЛУ КЕРЕК

22:40 – БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ ҰРЫСПАҒАН ДҰРЫС

24:38 – СЕНІМСІЗ ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ

26:10 – БАЛАНЫ ҚҰЛША ЖҰМСАУ ДЕГЕН ҰРЫП СОҒУ-ЕМЕС

30:00 – БАЛАНЫ ҚАЙРАУ ҮШІН ҰРСАТЫН

34:01 – ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУҒА ДЕЙІН БАРАДЫ

36:50 – БАЛАНЫҢ ІШКІ ЖАНАЙҚАЙЫ ТЫҢДАЛУЫ КЕРЕК

39:03 – НЕБІР ПАЦИЕНТТЕР КЕЛЕДІ

40:00 – ҚОРЫТЫНДЫ

Психолог

ТелефонТәуелділігі

БаланыңМінезі

СаналыАтаАна

YouTubeKazakhstan

ҚАЗЫЛҒАН КӨШЕНІ КӨМБЕЙ КЕТТІ / ҚАЛАНЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДА ТҰРЫП, ЖОЛ ЖОҚ / ӘКІМДІК ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР?

Алматының дәл іргесінде орналасқан Жұмабаев көшесінің тұрғындары бірнеше жылдан бері жол азабын тартып келеді. Кәріз жүйесін тарту үшін қазылған көше әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген. “Қалада тұрсақ та, қыстақтың күйін кештік” деген жұрт редакциямыздан көмек сұрады. Тұрғындардың жанайқайы мен жауаптылардың уәжін арнайы репортаждан көріңіздер.

ҚАЗЫЛҒАНКӨШЕ

ЖОЛДЫКІМЖАСАЙДЫ

АЛМАТЫ

РАҚЫМШЫЛЫҚ КІМДЕРГЕ БҰЙЫРМАҚ? / МЕКТЕП БІТІРУ КЕШТЕРІНЕ ТЫЙЫМ / МӘЖІЛІСТЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР

Бүгін Мәжілісте «ҚР жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы мақұлданды. Оның аясында биыл 15 мың адам қылмыстық рақымшылыққа ілігуі мүмкін.

Сондай-ақ, депутаттар мектеп бітіру кештерін өткізу мәдениетіне қатысты мәселе көтерді. Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, Қазақстанда мектеп бітіру кештері барған сайын әмиян жарыстыру мен көзбояушылыққа айналып барады. Ал депутат Болатбек Нәжметдинұлы Қытайдан Қазақстанға кіретін көліктерге қойылатын талаптарды күшейтуді сұрады. Халық қалаулылары талқыға салған осы және өзге де маңызды мәселелер тізбегін Мәжіліске шолуымыздан көре аласыздар.

Мәжіліс

МектепБітіруКеші

Саясат

ҰБТ АЛДЫНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІС / «ӨЛЕМ» ДЕП СУҒА ЖҮГІРГЕНДЕР БОЛДЫ / ҰБТ-ДАН ҰТҚАНДАР

Сынақтан сүрінбей өтуге, жоғарғы баллға жетуге, оқу орнына кетуге ассыққан түлектер саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биыл біріңғай ұлттық тестілеуге 240 мың талапкер қатысуға ниет етсе, екінші мүмкіндікті қоса алғанда 446 мың түлек өтініш білдірген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 399 мыңмен шектелген екен. Ал ҰБТ тапсырмай ақ, ақжағалы атанғандар кімдер!? Ең аз бал алса да, жалақысы жоғары жандарды білесіз бе!? “Алтын белгі” иегерлері қазір қайда!? Біздің әзірлеген арнайы репортажымыздан көре аласыз

ҰБТ2026

МамандықТаңдау

MassagetМәселе

АрманғаЖол

ВИЦЕ- МИНИСТРГЕ НЕГЕ ШҮЙЛІКТІ? / САҚАЛДЫ БАНДА ДЕГЕНІ КІМ? / МӘЖІЛІСКЕ ШОЛУ

Мәжілістің бүгінгі отырысында Әділет вице-министрі сын садағына ілікті. Депутат Қазыбек Иса мемлекеттік тілде қойылған сауалдарға орысша жауап берген Ботагөз Жақселековаға шүйлігіп, «қазақ тілін үйреніңіз, болмаса келесі жолы келмеңіз» деп кесіп айтты.

Бүгінгі жиында халық қалаулылары әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың жағдайы, өңірлерді сапалы ауыз сумен қамту, қалдықтарды басқару, жеке нотариустар төңірегіндегі түйткілдерді талқылап, басқа да бірқатар өзекті мәселені көтерді. Депутат Ермұрат Бапи «сақалды бандиттер» деп кімдерді меңзеді? Оны Мәжіліске шолудан көріңіздер.

мәжіліс