[Заголовок]
Қазақстандағы 1242 ауыл су тасқыны кезінде жапа шегуі мүмкін | 5 облыс қызыл аймақта | Қауіпсіздік
[Описание]
НартайАралбайұлы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектеновке
Құрметті Олжас Абайұлы!
Бүгінгі мәселе көктем келсе жанын шүберекке түйетін көптің көкейіндегі арыз деп біліңіз. Тақырып тасқын туралы.
Сынақтан сабақ алмайтын салақтықтан сақтасын деп, ағайынның ауласын топан су баспасын деп дабыл қағамын. Алысқа барып қайтемін, 2024 жылы 10 облысты су шайғанда жұрттың жүрегі шайлығып қалған еді. Халқымыздың жылдап жиып-тергенін топан су түк қалдырмай ағызып алып кетті. Дүние былай тұрсын, арнасынан адасып аққан қызыл су адам өмірін жалмағанын да білеміз. Барынан айрылған бұқарамен аяқтай барып кездестік, жапа шеккен жұртқа жабылып жәрдем жасады қазақ елі.
Биылғы ахуалда көңіл көншітпей тұр. Салаға жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек 2026 жылдың көктемінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысындағы елді-мекендерді су басу қаупі бар. Себебі қар қалың түскен. Тоң қалың, енді елдің соры қалың болмасын дейміз. Себебі қасат қар қазірдің өзінде ери бастады. Еліміздің 1242 елді-мекені су тасқыны кезінде жапа шегуі мүмкін.
Естеріңізде шығар, 10 облымызды арнасынан адасып аққан су басқанда жұрт жауаптылардың жауапсыздығына қатты қапа болды. Мемлекет басшысының өзі: «Құзырлы мекемелер, яғни әкімдіктер, Төтенше жағдайлар министрлігі, Су ресурстары министрлігі бірлесіп жұмыс жасамайды. Жауапкершілік алудан қашады. Жұмысты бір-біріне сілтеп отырады» деп қатаң сынады.
Биыл бұқараны не күтіп тұр деп қолда бар ресми құжаттарға үңілсек көңіл көншітер ақпарат аз. Бір деректі келтірейін, былтыр жүргізілген тексеруге сәйкес Қазақстанда 1395 гидротехникалық тірек құрылысы бары белгілі болды. Оның 243-і республикалық меншікте, 914-і коммуналдық меншікте, 234-і жеке меншікте, ал 4 гидротехникалық тірек құрылысы мүлдем иесіз жатыр. Осыдан-ақ есің екеу, түсің төртеу болады. Кей азаматтар мәселе тек иесіз қалған құрылыста деп ойласа қатты қателеседі. Елде бар 1395 гидротехникалық құрылыстың 564-іне жөндеу керек.
Оның 544-і қанағаттанарлықсыз күйде болса, 20 гидротехникалық құрылыс апатты жағдайда тұр. Тонналаған суды бөгеп тұрған гидротехникалық құрылыстың бірі бұзылса салдарын ойлаудың өзі қорқынышты, ал бізде жаңа айтқанымдай 564-і жөндеуді қажет етеді.
Осы тұста ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің су шаруашылығын реформалау үшін дайындаған жоспарымен таныстым. Осы құжаттағы бір деректі ғана келтірейін, Ислам даму банкінен 2025-2027 жылдары су қоймаларын салуға, жөндеуге, каналдарды ретке келтіруге 558 миллиард теңге алу көзделген. Ал 2027-2029 жылдары тағы 606 миллиард теңге алу қарастырылған. Аталған қаражатты қашан және қалай өтейміз? Бұл бұқарадан жасырмай жариялайтын дерек.
Сондықтан мынадай нақты ұсыныстарды жолдаймын
Апатты және жөндеуді қажет ететін 564 гидротехникалық құрылысты дереу ретке келтіру керек.
Су басуы мүмкін елді-мекендердегі тұрғын үйлер
мен ғимараттарды, мүліктерді сақтандыру жұмыстарын үйлестіру қажет.
Өзендердің жайылмаларын, су а
[Теги]
еңбек адамы, труд, нартайаралбайұлы, нартайсұхбат, ақорда, тоқаев, назарбаев, жанболатмамай, qasqajol, жылқышыбай, амантасыған, митинг, әблязов, путин, кта, оппозиция, димашқұдайберген, иманбек, нартайньюс, шындық
[Комментарии]
ТАҒЫДА МИЛИАРДТТАРДЫ ҰРАУ ТОНАУ ЖАЛДАРЫН ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТЫРМЫЗ ДЕСЕЙШІ ӨҢШЕҢ ҰРЫ ҚАРЫ БАНДИТТЕРТОНАЙ БЕРІҢДЕР ҚАРҒЫС АТСЫН БӘРІҢДІАРСЫЗ ДҮНИЕ ҚОҢЫЗДАР
Адеми сойлейсин инимау не не акшанв коериндер миллион жарым толесин неге соны айтпайсын а сиз сон козгашы
Жарайсін Нартай, сәттілік.
Ассалаумағалайкум Нартай Аралбайұлы БҚО жазып отырмын ауылдық жерге барып су айдынын жалға алып балық шаруашылығымен айналысып кәсіп ашам ба деп жолығу ға Бқо балық инспекция басқармасына барған едім осы мәселе бойынша. Олар жалға алатын су айдынына паспорт жасату керек деді сол үшің Бқо табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жіберді, Ол жерге барсам биыл тек 4 су айдынына п
Құран Ниса 32- " Алла о бастан бәрін біледі". Хадис :" арабтың жері көкорай шалғын болмайынша - Ахирет болмайды". Мұхаммед пай - р.с.ғ.с.7- ғасыр. Менің 2050- ші жылы 75- жасымда дүниеден өткенімді КӨРІП ҚОЙҒАН -Алла тағала : Ахиретін жасайтын уақыт жақындағанда - араб жерлерінің көк орай шалғын аймаққа айналатынын да - көріп қойған. Келешекте адамдардың жер бетінде млрд - тап көбейіп: мұнай,газ и