Архив доступен 112 видео Порциями по 20

Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.

48 МИЛЛИОНҒА АЛЫНҒАН NEO БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАСТАРЫМЫЗДЫ НЕГЕ ЖАППАЙ ЕМТИХАННАН ҚҰЛАТУДА?!

6 сертификаттың жыры немесе NEO бағдарламасы

студенттерді қалай әлекке салды? Ағылшын тілін онлайн платформамен оқуға міндеттеген Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде 1 курс студенттері жаппай емтиханнан құлағаны рас па?! 48 миллион теңгелік бұл жоба ақтаулықтарға несімен ұнамай қалды? Жоғарғы оқу орны білім алушы жастардың дербес деректерін мемлекеттік сатып алу проталына жариялағаны рас па? Жастардың жанайқайына құлақ түріп, мәселесіне араша түскен қоғам белсендісі Бибігүл Рамазанды негізсіз қамауға тапсырма берген кім ?

Ректор Берік Ахметов 1 айдан бері университетте дауға айналған бағдарламаның нүтесін қоюға неге асықпайды? Кибер шабуылға төтеп бере алмаған бағдарлама үшін жүздеген жас құрбан болуы керек пе? 1248 студентті жауапқа тартып, 14-ін оқудан шығарғанда университет не ұтады? Тәлімгерлерге өз ұялы телефонымен сынақ алып, аядай кабинетке мыңнан аса жасты қамаған білім ордасына расында «академиялық адалдық» керек пе?

Уитни Джеффери Алан деген кім? Студенттер мен ата-аналарға есімі жақсы таныс бұл адамның университетте тайраң салып, білім алушы жастарды ашса алақаны жұмса жұдырығында ұстатып қоятындай шексіз билікті берген кім? Өз платформасын енгізіп өзі би, өзі қожа қылатын білім ордасында басшы жоқ па? Жаңа шығарылым жастардың жанайқайын ғана емес, Маңғыстаудағы білім саласындағы былықты да әшкере етеді.

Арнамызға жазылып, осы шығарылымды бөлісіңіз. Пікір қалдырып, белсенді болуға шақырамыз.

Байланыс: +7 701 186 38 38

Жоба ақылы. Демеуші көмегімен түсірілді.

СИН ЮАНЬ СТИЛ ЗАУЫТЫ ПРЕЗИДЕНТТЕН КӨМЕК СҰРАП, ҚАНДАЙ ЗАҢСЫЗДЫҚТЫ ЖАСЫРЫП ҚАЛҒЫСЫ КЕЛДІ ?!

Президенттен көмек сұраған инвесторлар. Полицияны «қысым көрсетті», «кәсіпорынды тоқтатпақ болды» деп айыптаған даулы мәлімдемелер. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған бұл оқиға алғаш қарағанда шетелдік инвестор мен мемлекеттік органдар арасындағы кезекті жанжал сияқты көрінеді. Бірақ құжаттарға үңілген сайын бұл оқиғаның шынайы көрінісі мүлде басқа қырынан айқындала бастады...

Шымкенттегі «Син Юань Стил» металлургиялық зауыты нені жасырғысы келді? Неге әлеуметтік желі арқылы жанайқайын жеткізген кәсіпорын басшылығы біздің сұрақтарымызға жауап беруден бас тартты?

Бұл шығарылымда біз қоғамда қызу талқыланған даудың екінші жағын көрсетеміз. Ресми құжаттарда не жазылған? Тексеру кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды? Қазақстанда жұмыс істеуге тиісті рұқсаты болмаған шетел азаматтары расымен зауытта еңбек етті ме? Ал зауыттың Шымкентте орналасып, басқа өңірде тіркелуі нені білдіреді?

Қоғамнан жасырын қалған деректер мен жауапсыз қалған сұрақтардың жауабын осы шығарылымнан көріңіздер.

Байланыс: +7 701 186 38 38

SinYuanSteel

ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ МЕРҒАЛИЕВ ХВАН МЕН ТЕННІҢ МҮДДЕСІН НЕ ҮШІН ҚОРҒАП ОТЫР?!

[Заголовок]

[Описание]

Қазақстанның сот жүйесінде бұрын-соңды болмаған даулы жағдайды қоғам назарына ұсынамыз. ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев алматылық кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, заңды жер иесі — зейнеткерді меншігінен айыруы мүмкін бе? Бұл сұрақ бүгін «Жүйе» ақпараттық алаңында ашық талқыланады.

Бағдарлама қонақтары — Алматы қаласының тұрғындары Адиша Күзембаева мен оның ұлы Серік Күзембаев. Олардың айтуынша, 2020 жылы заңды түрде сатып алынған 1 гектар жер телімі алаяқтық жолмен қолдан жасалған құжаттар арқылы бірнеше адамға қайта сатылған. Содан бері отбасы үш жылдан астам уақыт өз жерін сот арқылы қайтарып алуға тырысып келеді. Ең сорақысы — зейнеткердің жерін Қостанай облысындағы нотариус бөтен адамдарға рәсімдеп бергені анықталған.

Алаяқтар әшкереленіп, тиісті жазасын алғанымен, жердің заңды иесі әлі күнге дейін өз меншігіне қол жеткізе алмай отыр. Қылмыстық сотта анықталған фактілер азаматтық процесте мүлде басқа сипат алып, сот тәжірибесінде бұрын кездеспеген шешімдер қабылдануда. Бұл даудың айналасында Жоғарғы сот төрағасының аты аталуы қоғамды одан әрі алаңдатып отыр.

Хван мен Тен ісінде ерекше назар аудартқан Мерғалиевтің қаулысы қаншалықты заңды? Ал алматылық зейнеткердің жерін тартып алуға ұмтылған кәсіпкерлердің әрекетіне Бас прокуратура қандай құқықтық баға береді? Осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабын «Жүйенің» жаңа шығарылымынан көре аласыз.

Арнамызға жазылып, «Жүйе» бағдарламасымен бірге әділдікке бастайтын ашық диалогтың бір бөлшегі болыңыз. Өзекті мәселелерді жария алаңға шығарып, заңсыздықпен күреске бірге үн қосайық.

Байланыс: +7 701 186 38 38

Жоба ақылы. Демеуші көмегімен түсірілді.

[Комментарии]

Сот қызметкерлері қылмыскердің жағдайын жасауда!!!!!!! Қылмыстық-іс қозғалсын!!!!!!! Судья, қылмыскерлер қатал жазалансын!!!!!!! 86

Соттардың бәрін құрту керек,жаңадан жас судьялар тағайындай керек.

Казакыстанда адыл сот жок адылеттыкке жеталмай жырген халык коб

Сотта сатылады ғой...Жаңалық емес бұл

Масқара,мен осы районда турамын,бул жерде жерлер біздін районда қымбат өте булар енді ақшамен женіп отырғой

Өте дұрыс жан айқай , соттарға масқара сын !

Бұл соттарың

да конституцияға сай жұмыс жасамайды Бай манаптардың құқығын қорғап кетеді

Өз қара басын ойлаған министр әкім сот депутат әттең о дуниеде жауабын беред иншалаа

Заңы жұмыс істемейтін ел еш уақытта дамымайды, Кузенбаеваның жері өзіне қайтарылсын және бүкіл елге жариялансын. Біздің елде кәсіпкерлерге қолдау көрсетпейме президентіміздің айтқандары бекер болғаныма? Онда біз Ауғанстаннан да қауіптіл ел болғанымызды мойындайық. Осыдан кейін ел экономикасын алға сүйреуші кәсіпкерлер қалайша шетелге қашпайды. Сот жүйесінің мына әрекеті шектен шығу деп білейік қаз

Өте жақсы сұбхат болды,тыңғылықты түсіндірілді. Жүйеде өзгеріс болмай,бұл орындала қоюы екі талай,осы ғой халықты алаңдататыны. Алдағы уақытта жақсы өмір сүретін боламыз,ол алдағы уақыт қай кезде болады,нақты жауабы барма......

СІРГЕЛІ ЖҰРТЫН ҚАРСЫ ҚОЙЫП, АҒАЙЫН АРАСЫНА ІРІТКІ САЛҒАНДАР «ЕЛШІБЕК БАТЫР» ҚОРЫНА НЕГЕ ШҮЙЛІКТІ?

[Заголовок]

СІРГЕЛІ ЖҰРТЫН ҚАРСЫ ҚОЙЫП, АҒАЙЫН АРАСЫНА ІРІТКІ САЛҒАНДАР «ЕЛШІБЕК БАТЫР» ҚОРЫНА НЕГЕ ШҮЙЛІКТІ?

[Описание]

Бір даудың дабылы бүтін бір рудың абыройына дақ салуға дейін барды. «Елшібек батыр» қоры төңірегіндегі әңгіме неге ұлттың, тіпті 12 атадан тараған ұрпақтың арасына жік салатын дауға айналды? «Батыр–Жайдақ руынанбыз» деп шыққан топтың түпкі мақсаты не, ал бұл шудың артында кімдер тұр? Бұл — жай ғана тұрмыстық келіспеушілік пе, әлде әдейі өршітілген қоғамдық араздық па?

Жекелеген адамдардың әрекеті қалайша тұтас Сіргелі руының атына таңылды? Ата-баба аманатына айналған Сіргелі ата рухани орталығы туралы тараған сөздердің қайсысы шын, қайсысы жағылан жала? Қастерлі тарихи орталық пен тұтас ел абыройы жеке мүддесін ойлайтындардың нысанына айналып бара жатқан жоқ па?

Айгүл Орынбек LIVE арнайы шығарылымында біз қауесетке емес, нақты дерекке сүйеніп, дау неден басталғанын, кімге және не үшін тиімді болғанын ашып көрсетеміз. Бұл — тек бір рудың емес, ел ішіндегі татулық пен тарихи жауапкершілікке қатысты мәселе. Шындықты бірге таразылау үшін жаңа шығарылымды жіберіп алмаңыз.

Байланыс: +7 701 186 38 38

Жоба ақылы. Демеуші көмегімен түсірілді.

Шындықты бірге іздейік! Арнаға

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ӘР СЫНЫПТА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛУЫ ТИІС

Шымкентте жаға ұстатар жағдай! Оқушыға азғындық әрекет жасамақ болған ұстаз әлі күнге дейін лайықты жазасын алмай отыр. Құзырлы органдар неге үнсіз?

«Жүйе» бағдарламасына жүгінген Айғаным ханым 7 жасар қызының тағдыры үшін алаңдаулы. 25 ақпанда «Нұртас» мектебінде болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, бүгінгі күні тергеу созбалаңға салынып, істің соңы сиырқұйымшақтанып барады.

Ең сорақысы – мектеп әкімшілігі жәбірленуші баланы емес, керісінше өз арам ойын іске асырмақ болған ұстазды қорғаштаған! Бұл қалай болғаны? Бұның артында кімнің мүддесі тұр?

Бір емес, бірнеше оқушыға күмәнді әрекет жасаған мұғалімнің қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Айғақ бар! Дәлел бар! Бірақ неге тергеушілер оны жоққа шығаруға тырысады? Неге?

Шымкент прокуратурасы неге нақты шешім қабылдамайды? Кім кімді жауып отыр? Кім кімді қорғаштап отыр?

Жәбірленуші қыздың анасы берілген жазаға келіспейді. Өйткені әділдік жоқ жерде – қауіп бар. Ал бүгін үнсіз қалсақ, ертең бұл жағдай тағы қайталануы мүмкін!

Бұл тек бір отбасының мәселесі емес. Бұл – бүкіл қоғамның, әр ата-ананың жүрегіне тиетін мәселе!

Әр сыныпта бейнебақылау болуы тиіс! Бұл – балалардың қауіпсіздігі үшін қажет!

Бұл шығарылымды бөлісіңіз! Үнсіз қалмаңыз! Азғындыққа қарсы бірге тұрайық!

Байланыс: +7 701 186 38 38

Жоба ақылы. Демеуші көмегімен түсірілді.

[Комментарии]

Резонанс керек!!!!!

Этого учителя срочно надо отстранить от работы

Департамент образования куда смотрит, таких больных людей нельзя допускать к работе , а если изнасилование произойдёт , сломается жизнь ребёнка , таких учителей сразу надо гнать с работы

Бұл заман балаларымызды тіпті мектепке жіберуге қорқатын заман болған екен ғой.. баланың психикасы, ата анасының уайымы не болып жатқанын.. Алла сабыр берсін, әділдік орнасын. Заң бәріне бірдей, әділ сотқа сенеміз, жазалансын!

масқарағой бул барлығы қатаң жауапкершілікке тартылсын

Неге мектеп басшылығы ұстап отыр мұғалімді? Мұғалім солай жасап отырса, кімге сенеміз сонда? Сұмдық қой

Сумдык бул мектепти тугел тексеру керек директорды мугалиммен бирге жауапка тарту керек . Жалпы жеке мектепти жабу керек.

Ужас ужас

Не деген масқара ондаи ағындарды қалаи мектепте ұстап отыр

Сотталсын

Батыр ана екенсіз

Сыз Батырсыз мұндай масқараны жасырмау керек

УТЕСИНОВ ІСІ: ПЕДОФИЛИЗММЕН КҮРЕС БИЗНЕС КӨЗІНЕ АЙНАЛҒАН БА?

[Заголовок]

УТЕСИНОВ ІСІ: ПЕДОФИЛИЗММЕН КҮРЕС БИЗНЕС КӨЗІНЕ АЙНАЛҒАН БА?

[Описание]

Қылмыстық іс айыптауға ғана сүйеніп қозғала ма, әлде дәлелмен бекітілуі тиіс пе? Ақтауда Бердіхан Утесиновке қатысты қозғалған іс осы негізгі құқықтық қағиданың сақталған-сақталмағанын біздің жаңа шығарылымда қалың көрермен назарына ұсынбақпыз.

Бір айып. Бір үкім. Бір адамның тағдыры. Бірақ сол үкімнің артында айтылмай қалған шындық бар ма? Ақтауда туысының қызына азғындық жасады деп айыпталған Бердіхан Утесиновке қатысты қылмыстық іс – дәл осындай сұрақтарға толы. Бұл – дәлелге сүйенген тергеу ме, әлде әу бастан айыптауға бағытталған жүйенің көрінісі ме?

Іс материалдарын ашып қарасақ, куәгерлердің жауабы бір-біріне кереғар, ал ресми сараптамалар айыптауды қуаттайтын нақты белгілерді растаған жоқ. Бірі «мас болған» десе, екіншісі «ішімдік ішпейді» дейді. Ал медициналық қорытындыда алкоголь де, есірткі де анықталмаған. Сонда шындық қай тұста жоғалды?

Бұл шығарылымда біз тергеудің қалай жүргізілгенін, қысым көрсету туралы мәлімдемелерді және адам тағдырына балта шапқан процессуалдық қателіктерді ашып көрсетеміз. Бұл іс – бір ғана Бердіхан Утесиновтің тағдыры емес, заңның қалай жұмыс істеп жатқанын көрсететін құқық қорғау саласының жұмысының көрінісі. Егер айыптау дәлелденбей жатып, адам тағдыры шешіле берсе, ертең мұндай жағдай кез келгеннің басына түсуі мүмкін. Сондықтан біз бұл секілді істерді назардан тыс қалдырмаймыз.

Шындықтың ашылуын, заңның әділ қолданылуын біздің бағдарламамызда бірге талап етейік. Осы және өзге де резонансты істерді жіті бақылап, әділдік жолындағы журналистік зерттеулерді өткізіп алмау үшін Айгүл Орынбек LIVE арнасына жазылып, шығарылымды бөлісіңіздер. Қоғам үнсіз қалмаса ғана әділдікке жол ашылады.

Бізбен бірге әділдік іздеңіз — АЙГҮЛ ОРЫНБЕК LIVE арнасына

105 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРА СҰРАЙТЫН ШЫМКЕНТТІҢ «АШ» ПРОКУРОРЫ КІМ?!

Шымкентте қылмыстық істер «бәліш» секілді ашық саудаға айналған ба? Прокурорлар мен АФМ қызметкерлерінің әрекетіне қатысты түскен арыздан кейін жәбірленушілерге қарай қысым болып жатқаны рас па? Телебаева мен Қойбағарова бастаған ұйымдасқан топтың «крышасы» кімдер? Гүлнараның айтуымен «прокурорға» деп берілген 105 миллион теңге ақшаның тағдыры не болды? Есқараевалардан қылмыскер етуді көздейтін мүдделі топтың артында кім тұр? Бұл шығарылымда сауда жасаймын деп айыпты болған Есқараеваның шындығы мен пара алатын шымкенттік құзырлылардың заңсыздықтары айтылады.

«Әділдік іздеймін» бағдарламасының жаңа шығарылымында біз эмоцияға емес, дәлелге сүйенеміз. Гүлнара Телебаева, Сәуле Қойбағарова, Адилхан Жәнібеков және Дастан Сатыбалдиевтердің әрекеттерін әшкерелейтін құжаттар, сараптамалар, нақты деректер – бәрі көрсетіледі. Пара тасушы делдалдар мен алаяқтық әрекет жасаған кәсіпкерлерді прокуратура неге ақтап алғысы келеді? Отбасылық бизнесті дөңгелеткен Айгүл Есқараева мен оның ұлы Айсұлтан Ергешті қылмыскер ретінде көрсетуге мүдделі Шымкент прокуратурасы ма, әлде АФМ қызметкерлері ме? Алтын саудасы төңірегіндегі дауды жәй «қарыз» деп жылы жапқысы келетін құзырлыларға заң жоқ па?

Айгүл Орынбек LIVE арнасына жазылып, алтын сатып айыпты болғандарға қатысты істің шын мәнінде қалай бұрылғанын бірге көріңіз.

Байланыс: +7 701 186 38 38

Жоба ақылы. Демеуші көмегімен түсірілді.

[Комментарии]

Недеген масқара елде болып жатыр. Журналист қарындасымызға әділдік үшін күрескен - көп рахмет . Әділдік жолында тұрған адамдарға - ақ жол.

Не только Шымкентский прокурорлар . Бүкіл жердің прокурорлары пара алғыштар

Ақшамыз жоқ болғанына шукір.Ұйқымвз тыныш ,уайым жоқ

Прокурорлар әбден тойынып болған ғой барлық жерде олардың ақшамен шешетіні айдан анық

Бүгінге дейінгі, осындай оқиғалардың қалай аяқталғанын каналыңыздан көрмедік.

Байлар көп екен ,,,сыбайлас жемқорлық әбден тамырлағанына көзім жетті

Ұйымдасқан топ қой

Журналист ханымға!!! Көп рахмет, осылай әділетсіздік ті жариялағанына! Қоғамда сыбайлас жемқорлық кең етек жайған! Мемлекеттің ішкі жауы сыбайлас жемқорлық!!!!!!!!!!!

Ужас не сұмдық қандай елдеміз

Органдарды көшедегі әйелдер Управлят етеді ма? Параны солар арқылы алып отыр ма?

ШЫМКЕНТТІК ТЕРГЕУШІ НҰРАЙДЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ ВИДЕОМЕН БӨЛІСІП ӘДІЛДІК ІЗДЕЙДІ

[Заголовок]

ШЫМКЕНТТІК ТЕРГЕУШІ НҰРАЙДЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ ВИДЕОМЕН БӨЛІСІП ӘДІЛДІК ІЗДЕЙДІ

[Описание]

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өлімі қоғамды әлі күнге дейін бейжай қалдырған жоқ. Кең қоғамдық резонанс тудырған бұл іс жуырда Президенттің назарына ілігіп, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда көтерілді. Алайда ресми мәлімдемелерге қарамастан, оқиғаның көмескі қалған тұстары аз емес.

«Жүйе» бағдарламасының қонағы — Әбілғазы Артықбай. Бүгінгі сұхбатта ол Нұрайдың өліміне қатысты көпшілікке жарияланбаған деректерді ортаға салып, Шымкент қалалық полициясының ішкі жүйесінде болып жатқан жайттарды ашық баяндайды. 2018 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарған полиция қызметкері бұл оқиғадан кейін жұмыстан шеттетілгенін мәлімдейді. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің қабылдаған шешімін қайта қарауды талап етіп, аталған іске Мемлекет басшысының араласуын сұрайды.

2025 жылдың 5 қазанында Әбілғазы Артықбай кезекшілік барысында «102» пультіне түскен шақырту бойынша Бозарық шағынауданына барған. Сол күні Шерханның үйінде шын мәнінде не болды? Қаратау аудандық полиция басқармасында Нұрай тергеушіге қандай мәлімет айтты? Бозарықтағы шақыртудан кейінгі үш ай ішінде екі жас қайда жүрді? Нұрай мен оның жақындары құзырлы органдардан расында көмек сұрады ма? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауапты біздің жаңа шығарылымнан көре аласыз.

Арнамызға жазылып, «Жүйе» бағдарламасының қонағы болуға асығыңыз. Өзіңізді толғандырған мәселелерді жария алаңға шығарып, әділетсіздікпен күреске бірге үлес қосыңыз.

Байланыс: +7 701 186 38 38

Жоба ақылы. Демеуші көмегімен түсірілді.

Шындықты бірге іздейік! Арнаға

БЕЛГІЛІ ҰСТАЗДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ПРЕМИЯ ТӨЛЕГЕНІ ҮШІН 8 ЖЫЛҒА СОТТАДЫ

Бұл шығарылымда біз сырт көзге түсініксіз көрінетін, бірақ тереңіне бойласаңыз — қоғамдағы сыбайласқан жүйесіне қатысты талай сұрақты суыртпақтап шығаратын даулы істің шынайы бетпердесін ашамыз.

Қазақстанға танымал педагог, 40 жылын бала тәрбиесіне арнап, мыңдаған шәкіртінің жүрегіне жол тапқан Сафура Сейдуәлиқызы Тулекова қалайша аяқ астынан тергеу мен соттың нысанасына айналды? Қандай күштер оның жолын бөгеді? Біреуге кедергі болды ма, әлде бұл істің астарында мүлде басқа мүдде жатыр ма? Жаңа облыстың дамуына үлес қосамын деп келіп жазықты болған ұстаздың жанайқайы неге құзырлыларға жетпеді?!

Жаңа шығарылымның кейіпкерлері — Сафура ханымның баласы Нұрғиса Төлеутаев пен туған апасы Фаузия Тулекова. Олар алғаш рет көпшілік алдында тергеу барысында орын алған өрескел заң бұзушылықтарды, соттағы түсініксіз әрі қарама-қайшы шешімдерді және құзырлы орган назарсыз қалдырған негізгі дәлелдерді ашық айтады.

Сафура Сейдуәлиқызы — жай ғана ұстаз емес. Ол жаңа білім ордаларының қалыптасуына үлес қосқан, сан буынға бағыт берген, ұстаздықтың абыройын арқалаған тұлға. Ал дәл осындай азаматқа қатысты істің күмәнді тұстарының тым көп болуы — тек бір отбасының мәселесі емес, бүкіл қоғамды алаңдататын сұрақ.

Бұл іске шын мәнінде кім ықпал етіп отыр?

Неге айғақтар еленбей қалды?

Беделді педагогтың тағдыры неге біреудің ойынына айналуға тиіс болды? Жүйенің жаңа шығарылымында бағдарлама кейіпкерлерімен бірге осы сұрақтардың түбіне үңілдік.

Бұл әділдік жолында сүрінсе де, мойымаған отбасының шынайы хикаясы. Бөлісіңіздер, ақиқаттың таралуына атсалысып, әділдіктің орнауына үлес қосыңыздар!

Бізбен бірге әділдік іздеңіз — АЙГҮЛ ОРЫНБЕК LIVE арнасына

78 ЖАСТАҒЫ ПРОФЕССОР ӘДІЛДІК ІЗДЕП, ЖҮЙЕГЕ ҚАРСЫ ТҰРА АЛДЫ МА?

«Жүйе» бағдарламасының кезекті шығарылымы – жүйенің әділетсіздігіне жалғыз қарсы тұрған кейіпкердің оқиғасын талқылаймыз. Бұл жолы біз Шымкентте тоқырап қалған өндіріс орнынан бастау алған даулы істің ішкі сырын қазбалап, оның артындағы шындыққа көз жеткізуге тырысамыз.

Талай жасқа бағыт-бағдар беріп, еліміздің ғылымына өлшеусіз үлес қосқан техника ғылымдарының докторы, профессор Құрманбек Жантасовтың басына іс түсіп отыр. 78 жастағы ғалымға «200 миллион теңге қарыз» деп айып тағылып, сотқа сүйрелуде. Бірақ сұрақ туындайды: егер академия бөлген грант бір мақсатқа – жаңа өндіріс орнын іске қосуға жұмсалса, профессормен бірге оның ісіне жауапты команданың еңбегі ел игілігіне арналса, бұл қарыз қайдан шыққан?

Құрылыс жүруі тиіс зауыт қаңырап бос тұр. Шикізаты шаң басып жатыр. Ал басты айыптаушы тарап сол нысанға барып көрмеген. Бұл – көзбояушылық па, әлде жүйенің әдеттегі заңсыз әрекеті ме?

Бұл бағдарламада ғалымның дауы үшін күрескен адвокат Асқар Сапарғалиевты да тыңдаймыз. Оның пайымынша, бұл іс – жеке бір азаматты емес, елдің дамуына жанын салып жүрген ғылым жүйесін қажытудың белгісі. Әділет кім жағында? Біз көшпелі түсірілім жасап өндіріс орнының қазіргі жағдайын көрерменге ұсындық. Ғалымға айып таққан ғылыми орталық басшылығы мен сотта үкім кескен судьялардың мұқият тамашалауын сұраймыз.

Байланыс: +7 701 186 38 38

Жоба ақылы. Демеуші көмегімен түсірілді.

[Комментарии]

Еңбекті бағалау керек, неге осылай болады. Неге билік не ғұрдым қарайды

Әншілер мен спортсмендерді көтермелей бергенше ...осындай ғалымдарды қолдап...көтермелеу керек емес пе?

Ақсақал сізге денсаулық берсін

Неге мына Атаны қолдамасқа өте ұят екен қолда барда алтынның қадірі жоқ деген осы.Айгүл айналайын саған рахмет Атаның мынадай керемет еңбегін жариялап жатқаныңа

Курманбек агайды мен жас маман кезимнен танимын, оте жонаргы билимди, биликти киси . Енбегиниз алга бассын!!!!

Керемет, Айгүл. Осылай ақпараттық каналдардың барлығы қазақша өтуге тиісті

Қолдаймыз!!! Әділ нәтижесін күтеміз!!!

Колдаймыз ондирис керек Казакстанга

Біздің жемқорлар, ғалымдардың миын ашытуға барып жатса, онда олардың деңгейінің өсе бастағаны. Бұл жерде, жоғарғы деңгейдегі "рейдерлік" басып алу. Ғылым саласындағы жемқорлық.

Әділдік орнап , өндірісті іске қосуға жұмысты әрі қарай жүргізуге мүмкіндік беру керек, қолдаймыз

ДАЙВИНЧИК САЙТЫ ТАҒЫ ҚАНША ЖІГІТТІ ТҮРМЕГЕ ТЫҒАДЫ?!

[Заголовок]

ДАЙВИНЧИК САЙТЫ ТАҒЫ ҚАНША ЖІГІТТІ ТҮРМЕГЕ ТЫҒАДЫ?!

[Описание]

Болашағынан зор үміт күттірген спортшы Бауыржан Ермек қалай Дайвинчик телеграмм тобы арқылы қамауға алынды? «Әділдік іздеймін» жаңа шығарылымында біздің түсірілім тобымыз жастар арасында кең таралған танысу тобындағы шытырман кездесулер жайлы зерттеу жүргіздік. Оралдық спортшының басынан өткерген бұл оқиға көпшілікке ой салып, жалған жаланың құрбаны болудан сақтайды деген ойдамыз. Тілеген Оразовтың шаңырағын шайқалтқан бұл жайттың көлеңкелі тұстары мен тергеу амалдары туралы кеңінен алдағы шығарылымнан көресіздер.

Бұл әділдік жолында сүрінсе де, мойымаған отбасының шынайы хикаясы. Бөлісіңіздер, ақиқаттың таралуына атсалысып, әділдіктің орнауына үлес қосыңыздар!

Бізбен бірге әділдік іздеңіз — АЙГҮЛ ОРЫНБЕК LIVE арнасына

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ИНВЕСТОР БОЛУҒА ҮГІТТЕП, АҚШАСЫН ҚАЙТАРМАЙ ЖҮРГЕН НҰРЖІГІТТІҢ «КРЫШАСЫ» БЕРДЕНОВ ПЕ?!

«Әділдік іздеймін» детективті бағдарламасының кезекті шығарылымында Сапаралы Қарсыбаевтың оқиғасын назарларыңызға ұсынбақпыз. «Бизнес серіктес боламын деп барымыздан айрылдық» деп жанайқайын тарқатқан кәсіпкер Нұржігіт Қалбаев есімді жігіттен оңбай алданған. Айна базардағы тауар толы қойманы көрсетіп кәсіпкердің сеніміне кірген Нұржігіт Сапаралы ағаны қанша суммаға алдады? Бұл жігітті Арман Берденов қамқорлығына алғаны рас па? Инвестор салған жүздеген миллион қаражаттарды Нұржігіт Қалбаев қалай шешіп отырған?

Шымкент прокуратурасы миллиард теңгесінен айрылған кәсіпкердің арызын неге қабылдап, қылмыстық іс ашуға асығар емес? Бас прокуратура Ғабит Мұқановқа сілтейді, ал Шымкенттің прокуроры бұл азаматтардың ісіне қашан құқықтық баға бермек? Жаңа шығарылымды тамашалап, оның кеңінен таралуына сіз де атсалысыңыз. Мүмкін сіздің де таныстарыңыз осылай Нұржігіт секілді жігіттерге алданған шығар?! Әділдік іздеген жандардың үнін бірге жеткізейік!