Архив доступен 244 видео Порциями по 20

Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.

Тоқаев бір топ медицина қызметкеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Астанадағы Триатлон паркте балалар алаңы өртеніп кетті

ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар «112» нөміріне түскеннен кейін құтқарушылар 6 минут ішінде жетіп, 25 шаршы метр аумақтағы жалынды сөндірді.

Куәгерлер өрттің шамамен таңғы 5:30 шамасында басталғанын айтып, алғашқы сәтте отты өздері сөндіруге тырысқанын жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

GGG – Даңқ залында: Ұлттық ұлан Головкинді құттықтады

лттық ұлан әскери қызметшілері қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енуіне орай патриоттық акция өткізді.

Әскери қызметшілер саптық алаңда «GGG» жазуын бейнелеп, спортшының тарихи жетістігіне құрмет көрсетті.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Астанада танымал демалыс орнында егеуқұйрықтар жүр

Астана маңындағы «Балқарағай» демалыс орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып, жұрттың алаңдаушылығын тудырды. Кадрларда аумақтың бір бөлігінде егеуқұйрықтар жүргені байқалады.

Демалыс орны әкімшілігінің мәліметінше, жағдай кешеннің шеткі бөлігіндегі ашық күркеде тіркелген. Олар аумақта дезинфекция және дератизация жұмыстары тұрақты жүргізілетінін, қосымша бақылау күшейтілгенін хабарлады.

Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоғамдық тамақтану және демалыс орындарында кеміргіштердің болуы санитарлық талаптарға сай келмейтінін атап өтті. Мұндай жағдайларда нысан иелері тұрақты дератизация жүргізуге және санитарлық талаптарды сақтауға міндетті.

Ведомствоға әзірге ресми шағым түспеген. Дегенмен мамандар азаматтарды бұзушылық анықталса, оны фото-видеоға түсіріп, уәкілетті органдарға жүгінуге шақырды.

baqkz

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Түнде SMS жазады, кафеге шақырады, ашық қырындайды: заңгер харассмент құрбандарына кеңес берді

Халықаралық еңбек ұйымының дерегіне сәйкес, әлемде жұмыс істейтін әрбір бесінші адам еңбек жолында кем дегенде бір рет харассментке тап болған. Ал Қазақстанда бұл мәселеге қатысты арнайы заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр.

Харассмент дегеніміз не? Ол буллингтен несімен ерекшеленеді? Мұндай жағдайға тап болған адам өз құқығын қалай қорғай алады? Ең бастысы – харассментті дәлелдеу мүмкін бе?

Осы және өзге де сұрақтарға заңгер Дәулетхан Ахметов жауап береді.

00:32–01:07 – Кіріспе

01:09–02:01 – Қазақстанда зерттеу жүргізілсе, нәтиже қандай болуы мүмкін?

02:02–02:35 – Қазақстан заңнамасында харассментке қатысты арнайы бап жоқ

02:36–04:30 – Көшеде қызға ысқыру, кабинетке шақыру – харассмент пе?

04:30–06:19 – Қазақстан бұл мәселеде кеш қалып қойған жоқ па?

06:20–07:27 – Харассментті қалай дәлелдеуге болады?

07:28–08:04 – Қандай жаза қарастырылған дұрыс?

08:05–09:05 – Бұрын мұндай сипаттағы іс-әрекеттер қалай жазаланатын?

09:06–10:36 – Мұндай жағдайлар жоғары оқу орындарында да кездеседі

10:37–11:58 – Жаңа заң мәселені толықтай шешпейді

11:59–12:13 – Харассментті дәлелдеу қиын

12:14–13:24 – Жала жабу жағдайлары да көбеюі мүмкін

13:25–14:19 – Харассмент құрбаны ер адам болуы мүмкін бе?

14:20–15:13 – Әлеуметтік желілерде харассмент белгілері қалай көрінеді?

15:13–15:56 – Америка тәжірибесіне сүйенуге бола ма?

15:57–17:59 – Жаңа заң қабылданса, мәселе толық шешіле ме?

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz # #

AMANAT, «Әділет» және жаңа саяси кезең: алдағы сайлаудан не күтеміз?

Осы апта елімізде билік партиясы AMANAT пен жаңадан тіркелген «Әділет» партияларының съезі өтпек. Бұл жиындар алдағы саяси науқанның бағытын айқындауы мүмкін.

Съездерде қандай мәселелер қаралады? Барлық күн тәртібі сайлауға арналуы мүмкін бе? AMANAT пен «Әділет» партияларының бірігуі рас па? Егер қос партия біріксе, бұл алдағы сайлауға қалай әсер етеді?

Сондай-ақ қазіргі депутаттық құрам қаншалықты жаңаруы мүмкін? «Ақ жол», «Ауыл», Respublica, ҚХП, ЖСДП және «Байтақ» партияларының саяси мүмкіндігі қандай? Жаңа Құрылтай қазіргі Мәжілістен несімен ерекшеленеді?

Осы және өзге де маңызды сұрақтарды сарапшы Риззат Тасыммен талқылаймыз.

00:34 — AMANAT пен «Әділет» съезі: басты интрига қандай?

02:38 — AMANAT пен «Әділет» қандай форматта бірігуі мүмкін?

05:50 — Сайлаудан соң депутаттар қаншалықты жаңарады?

07:55 — Парламент сайлауы: әлемдік тәжірибе қандай?

09:02 — Басқа партиялардың шансы қандай?

10:52 — Жаңа Құрылтайдың артықшылығы неде?

12:00 — Алғашқы заңдар қандай болуы керек?

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Қазақстан–Венгрия матчында аспалы камера құлап түсті

Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Қазақстан мен Венгрия құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде аспалы камера апатқа ұшырап, алаң жанына құлады.

Оқиға барысында камера өртеніп, кабелі жанып кеткеннен кейін шамамен 20 метр биіктіктен құлап түскен. Венгриялық 24.hu порталының мәліметінше, құрылғы оператордан небәрі бір метр жерге түскен.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Матч 3:1 есебімен Венгрия құрамасының жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан Сергей Малый бірінші таймда гол соқты.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Иран мен Израильдің текетіресі ауқымды соғысқа апарауы мүмкін бе? Ирантанушымен сұхбат

Иран мен Израиль шабуылды тоқтатты. Бірақ бұл соғыстың нақты аяқталғаны ма, әлде уақытша тыныштық па?

Бұл қақтығыста АҚШ-тың рөлі қандай? Трамп пен Нетаньяху арасында келіспеушілік бар ма? Ормуз бұғазы арқылы Иран әлемдік мұнай нарығына қысым жасай ала ма? Ал бұл жағдай Қазақстан мен Орталық Азияға қалай әсер етуі мүмкін?

Осы сұрақтарды ирантанушы Жәнібек Көпжасармен бірге талқылаймыз.

00:00 — Иран мен Израиль шабуылды неге тоқтатты?

01:07 — Бұл соғыстың соңы ма, әлде уақытша үзіліс пе?

02:37 — Трамп Нетаньяхуға не деп ескертті?

04:50 — Иран Ормуз бұғазын толық бақылауына ала ма?

08:04 — Иранның шетелде бұғатталған қанша ақшасы бар?

08:28 — Трамп Иранмен келісімге келсе, бұл Израиль үшін жеңіс пе?

09:43 — Трамп Иранға соғыс ашып, тығырыққа тірелді ме?

13:30 — Иран халқының әлеуметтік жағдайы қандай?

17:10 — Қақтығыс ары қарай қалай өрбиді? 3 сценарий

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Баламен күніне кем дегенде 20 минут сөйлесу керек. Куәгерлер неге көмектеспейді? - Психолог кеңесі

Әлімжеттік пен буллинг неге әлі күнге дейін қоғамның өзекті мәселесі болып отыр? Неге кей адамдар әлсізді қорлауға құмар, ал көпшілік мұндай жағдайға куә болса да үнсіз қалады?

Бұл сұхбатта психолог маман Гүлнұр Сапаровамен әлімжеттіктің себептері мен оның адам психикасына тигізетін әсері туралы талқыладық.

00:25 - 03:08 Әлімжеттік, буллинг, харассмент ұғымдарының айырмашылығы туралы

03:09 - 04:17 Көрген сайын, көп болып жатқан секілді көрінеді…

04-18 - 05:13 Әлімжеттік барлық ортада бар…

05:14 - 06:23 Неге күшті адам әлсізге күшін көрсетуге құмар?

06:24 - 07:01 Әлімжеттіктің құрбанында қандай өзгерістер болады?

07:02 - 08:08 Қайта қалыпқа келу үшін қанша уақыт қажет?

08:09 - 09:32 Бала кезде зорлық көрген адам, ересек шақта соны қайталайды…

09:33 - 11:49 Харассментке тыйым салу туралы…

11:50 - 12:55 Харассменттің құрбандары - әйелдер…

12:55 - 14:19 Әлімжеттікке көбінесе кім ұшырайды: Ерлер ме, әйелдер ме?

14:20 - 15:10 Мектеп жасындағылар эмоциясын игере алмай жатады…

15:10 - 15:57 Ата-ана оны қалай байқай алады?

15:58 - 18:14 Кей балалардың психологиясын “Маша мен аю” құртып жатыр…

18:21 - 20:03 Әлімжеттіктің куәгері неге тасада қалып жатады?

20:04 - 21:47 Қай кезде психологқа жүгіну керек?

21:48 - 23:27 Кибербуллинг неге өршіп тұр?

23-28 - 25:56 Әлімжеттікті қалай азайтуға болады?

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Пашинян Путиннің алдын орап кетті. Ереван Еуроодаққа бет бұра ма? Армениядағы сайлаудың интригасы

Арменияда өткен парламент сайлауы Оңтүстік Кавказдағы саяси жағдайды қайтадан күн тәртібіне шығарды. Қарабақтағы ауыр жеңіліс, қауіпсіздік дағдарысы және Ресеймен арадағы салқын қатынасқа қарамастан, Никол Пашинянның партиясы қайтадан алға шықты.

Бұл нәтиже нені білдіреді? Армян қоғамы соғыстан кейін тұрақтылық пен бейбітшілікті таңдады ма? Әлде бұл Ресейден алыстап, Еуропаға жақындаудың нақты белгісі ме?

Сұхбат барысында саясаттанушы Руслан Мақсатпен Пашинянның жеңісінің себебін, Мәскеудің ықпалын, Еуроодақтың Арменияға қызығушылығын және Әзербайжанмен бейбіт келісімнің мүмкіндігін талқыладық.

Сондай-ақ Арменияның Украина жолымен жүруі мүмкін бе, Ресей Ереванға қысымды күшейте ме және бұл жағдай Оңтүстік Кавказдағы күштер тепе-теңдігіне қалай әсер етеді деген сұрақтарға жауап іздедік.

Көріңіз, пікір қалдырыңыз және арнаға жазылуды ұмытпаңыз.

01:02 – Пашинян үкіметі Қарабақта жеңілсе де, неге қайта таңдалды?

03:24 – Ресейдің Арменияға қысымы қашан және не себепті басталды?

04:39 – Ресей Армениядағы сайлауға қалай ықпал етуге тырысты?

06:25 – Армения Еуропаға не үшін қажет?

08:33 – Армениядағы сайлау Орталық Азияға қалай әсер етуі мүмкін?

09:34 – Армения Украинаның тағдырын қайталауы мүмкін бе?

10:35 – Арменияға әсер етіп отырған сыртқы күштер кімдер?

12:08 – Армениядағы сайлаудан қандай сабақ алуымыз керек?

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Бала мамандықты өзі таңдай ма, әлде өмір оны бір бағытқа итермелей ме?

Бұл сұхбатта профориентолог Омарбек Көшкімбайұлымен мамандық таңдаудың көп айтыла бермейтін тұстарын талқыладық.

“Өзіңе ұнайтын істі таңда” деген кеңес расымен дұрыс па? 16-17 жаста қызығушылығы күнде өзгеретін оқушы болашағын қалай таңдауы керек? Мектептегі баға баланың нақты қабілетін көрсете ме? Ал ата-ана баласына көмектесіп жүр ме, әлде өз қорқынышын таңып жүр ме?

Қазір бәрі IT, AI, медицина, инженерия, логистика дейді. Бірақ сұраныстағы мамандықтың бәрі әр балаға келе бермейді. Біреу мықты ортаға түскенде ашылады. Біреу кеш оянады. Біреу “ештеңеге қызықпаймын” деп ойлайды, бірақ шын мәнінде өзіне лайық ортаны әлі кездестірмеген болуы мүмкін.

Сұхбатта осы сұрақтарға жауап іздедік.

00:00 – Мамандықтар өзгеріп жатыр

01:09 – 2026 жылы балалар қай салаға қызығады?

02:38 – Қызығушылық па, қабілет пе?

05:38 – Неге адамдар мамандығын жиі ауыстырады?

09:00 – Ата-ананың бала болашағына әсері

10:57 – “Оянған ата-ана” деген кім?

13:17 – Мамандық таңдаудағы негізгі факторлар

16:43 – Бала ештеңеге қызықпаса не істеу керек?

Мамандық таңдау алдында тұрған оқушыға да, ата-анаға да пайдалы әңгіме.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Тоқаев мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

Президент принял участие в церемонии поднятия государственного флага

Каым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия государственного флага, состоявшейся в этно-мемориальном комплексе «Атамекен» в столице.

BAQ.kz — главный медиа-ресурс

Ссылка на официальный сайт: https://baq.kz/

Подписывайтесь на наши социальные сети

baqkz

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің екі балконында өрт шықты

Оқиға Сарыарқа ауданындағы Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан алты қабатты тұрғын үйде болған. Өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттың төртінші қабатындағы екі балкон жанып жатқан.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында 10 шаршы метр аумақты қамтыған өрт 11 минут ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Тоқаев «Атлетико де Мадрид Қазақстанның» жас футболшыларымен кездесіп, допқа қолтаңба қалдырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико де Мадрид Қазақстан» халықаралық футбол академиясының жұмысымен танысты.

Президент 180 балаға арналған жатақхананы аралап, қазіргі уақытта еліміздің әр өңірінен келген 116 жас футболшының жаттығуын көрді. Академияда балаларды іріктеуге Қазақстанның барлық аймағынан 4 мыңнан астам бала қатысқан.

Тоқаевқа академияны дамыту жоспары таныстырылып, қосымша спорт инфрақұрылымын салу көзделіп отырғаны айтылды. Жоба аясында жаңа футбол алаңдары, 500 орындық манеж және әкімшілік кешен салу жоспарланған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас футболшылардың жаттығуын тамашалап, академия тәрбиеленушілерімен әңгімелесті. Кездесу соңында ол естелік ретінде футбол добына қолтаңба қалдырды.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Тарихтың ең ауыр сұрағы: Ашаршылыққа кім жауапты?

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең азалы күндердің бірі. Бұл күні біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын ғана емес, ашаршылық жылдарында қаза тапқан, елден босып кеткен, тағдыры белгісіз қалған қандастарымызды да еске аламыз.

1931-1933 жылдардағы ашаршылық – қазақ халқының жадындағы ең ауыр қасіреттің бірі. Бұл нәубет әр отбасының тағдырына әсер етті, тұтас әулеттер мен рулардың жойылуына әкелді.

BAQ.KZ тілшісі Олжас Адай тарих ғылымдарының кандидаты, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған Болат Жоламанұлымен сұхбаттасты.

Сұхбатта ашаршылықтың зерттелу деңгейі, құрбандар саны, елден босқан халық тағдыры, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы, 31 мамырды еске алу мәдениеті және бұл қасіреттің кейінгі ұрпаққа әсері туралы сөз болды.

Сұхбатты толық көріп, пікір қалдырыңыз.

00:00 – Ашаршылықтың әлі ашылмаған құпиясы көп

00:56 – Қазақ қасіреті толық зерттеліп бітті ме?

05:30 – Қанша адам қырылды? Тарихшылар айтатын нақты сан

09:33 – Әлем неге қазақ ашаршылығын мойындамай отыр?

13:00 – Ашаршылық ұрпақтың мінезіне әсер ете ме?

_

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Астанада бес қабатты жатақханада өрт шықты

Астанадағы Байқоныр ауданында, Тайбурыл көшесінде орналасқан бес қабатты жатақхананың бір бөлмесінде өрт шықты. Үй заттары тұтанған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы бөлмеден қалың түтін шыққанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін жатақхана тұрғындары өздігінен эвакуацияланған. Өрт 10 шаршы метр аумақта тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Қазақстанның әр өңірінен келген 100 оқушы Ақорданы аралады

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.

Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды..

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

ЕАЭО мен АЭС: Қазақстанға жиналған президенттер не шешті? Тоқаев пен Путин қандай келісімге келді?

Бұл жолғы сұхбат қонағы – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Дінмұхаммед Ғали.

BAQ.KZ тілшісі Олжас Адай сұхбатта ЕАЭО саммиті, Владимир Путиннің Қазақстанға сапары және Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси-экономикалық байланыстың мәнін талқылады.

Сұхбатта “достық пен тату көршіліктің жеті негізі” туралы мәлімдеме, Қазақстанның ЕАЭО аясындағы ұсыныстары, экспорт пен импорт, отандық өндірушілерге түсетін бәсеке, жасанды интеллект және АЭС құрылысына қатысты Ресей кредиті сөз болды.

1:20 – Путин неге қысқа уақыт ішінде Қазақстанға екі рет сапарлады?

4:13 – Қазақстан ЕАЭО-ға төраға: қандай маңызды бастама көтерілді?

8:10 – Қазақстан ЕАЭО нарығын сәтті пайдаланып отыр ма?

9:58 – Импортқа тәуелділік отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді?

11:18 – ЕАЭО-ға 12 жыл: Қазақстан неден ұтты, неден ұтылды?

14:57 – ЕАЭО-да кедендік баж салығы өсуі мүмкін бе?

15:56 – АЭС құрылысына 85 пайыз кредит: бұл Қазақстан үшін тәуекел емес пе?

18:44 – ЕАЭО кеңейе ме, әлде болашағы бұлыңғыр ма?

Қостанайда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды

Қалалық жедел қызметке Тобыл өзенінде ер адамның суға батып бара жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция батальонының взвод командирі Медет Қойшегұлов жеткен. Ол дереу суға секіріп, ер адамды құтқарып қалған.

34 жастағы азамат аман-есен жағаға шығарылып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйге мурал салынды

Алматыда КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мурал салынды.

Мурал тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылды. Осыдан кейін көркем нысанды жасау жұмыстары ұйымдастырылған. Жобаның ерекше маңыздылығы – Роза Бағланованың кезінде дәл осы үйде тұрғанында.

BAQ.kz Басты ақпарат құралы

Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл

baqkz