Архив доступен 209 видео Порциями по 20

Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.

ҚАЗАҚ КӨШІНЕ ҚАРСЫ ТОСҚАУЫЛ ҚАШАН ТОҚТАЙДЫ?!. - Қазыбек Иса

Текст материала отсутствует.

ФЕРМАДАН ДАСТАРҚАНҒА ДЕЙІН: ЕТ БАҒАСЫНА НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Қазақ үшін мал шаруашылығы – ата кәсіп қана емес, күнкөрістің де көзі. Бірақ бүгінде ет бағасы қымбаттағанымен, фермерлердің бәрі бірдей байып кеткен жоқ. Неге бұлай? Еттің бағасы өссе де. мал өсірушінің табысы неге аз болып қалады?

Осы сұхбатта еліміздегі мал шаруашылығының қазіргі жағдайы, фермерлер күнделікті кездесетін қиындықтар, ет бағасының қалай қалыптасатыны және нарықтағы делдалдардың бұл кәсіпке әсері туралы әңгімелесеміз. Сондай-ақ осы саланың болашағы мен ауылда кәсіп бастауға қызығатын жандарға берер мүмкіндіктері жайлы сөз қозғаймыз. Толығырақ бүгінгі бағдарлама қонағы - фермер, кәсіпкер Жәнібек Кенжебаев баяндап береді.

Қазыбек Иса: Балабақшалардың барлығы тек мемлекеттік тілде болуы керек

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Қуанышқызына сұрақ қойып, Қазақстанда мемлекеттік болсын, жеке меншік болсын, барлық балабақшалар тек мемлекеттік тілде болуы керектігін айтты.

қазыбекиса

Қазыбек Иса: Қазақ тілінен емтиханды қандастар түгілі, министрлердің өздері тапсыра алмайды!

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса Мәжілістің отырысында қандастардан қазақ тілінен емтихан тапсыруды талап ету - заңсыздық екенін айтып, Үкіметтің үш министрлігінің пилоттық жобасының қателігін әшкерелеп берді.

Бүгін 2026 жылы 28 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса көші-қон туралы мәселеге орай Еңбек министрлігін қатаң сынады.

Кенжеәлі Қоңыратбайұлы: Дәстүрлі дінді кім бұзды?!

Қазақ салтында дін мен дәстүр ешқашан бір-бірінен бөлек болмаған. Халқымызда иман мен әдеп, салт пен сана ежелден-ақ Ислам дінімен етене байланысып жатты. Ал сол байланыс қай тұста үзіліп қалды?

Бұл шығарылымда дін қайраткері Кенжеәлі Қоңыратбайұлы еліміздегі дәстүрлі дінді кімдер және қашан бұза бастағанын, жат ағымдардың қоғамға қалай еніп кеткенін, діни сауатты мамандардың олармен қалай күресіп келе жатқанын кеңінен баяндап берді.

дін

ӘДІЛЕТ вице-министрінің МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУІ - ӘДІЛЕТСІЗДІК!-Қазыбек Иса

Бүгін 2026 жылы 21 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса депутаттардың мемлекеттік сұрақтарына орыс тілінде жауап берген ҚР Әділет вице-министрі Ботагоз Жакселековаға қатаң ескерту жасады.

Мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Шаймарданқызы қарындасыма ағалық ескерту айтпақшымын.

Сіз Әділет вице-министрі ретінде Қазақстанда Мемлекеттік тіл Қазақ тілі екенін білмейсіз бе?!. Мемлекеттік тілде сұрақ қойған депутаттардың барлығына мемлекеттік тілде емес - орыс тілінде жауап бердіңіз! Тіпті, Мәжіліс депутаты Екатерина Смоляковның мемлекеттік тілдегі сұрағына да мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз?!!.

Келесіде парламентке келгенде Мемлекеттік тілді үйреніп келіңіз, немесе Әділет минис рлігінде қазақша білетін адам бар шығар, мемлекеттік тілді білетін өкілді жіберсін!

ӘДІЛЕТ вице-министрінің МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУІ - ӘДІЛЕТСІЗДІК!

қазыбекиса

Бекінов Нұрсұлтан. Мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктер

«Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет» деген сөз бар. Ал қазіргі таңда сол міндеттің жауапкершілігіне қарай, беретін мүмкіндіктері де зор. Бүгінгі қонағымыз - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаментінің директоры Бекінов Нұрсұлтан Берікұлы - мемлекеттік қызметкерлер, әсіресе жас мамандар үшін бұл тұрғыда қандай жағдай жасалғанын, жоғары лауазымда отырмай-ақ жақсы табыс табуға болатынын, қызметкердің кәсіби дамуы әртүрлі бағытта қарастырылатынын айтты. Бұл шығарылым мемлекеттік қызмет саласына қызығатын немесе осы сала туралы сан түрлі сауалы бар көрермен үшін ең пайдалы сұхбат болды деп сенеміз.

Арман Сүлейменов: Қамшы - тек малға зәбір көрсететін құрал ғана емес

Қамшы – тек ат әбзелі емес, тұтас бір мәдениет, таным мен тылсымға толы мұра. Өткен шығарылымда спикер Арман Сүлеймен қамшы ұстау философиясына терең бойлап, оның астарын ашқан еді. Бұл жолы ол қамшының түр-түрі, оның қалай өрілетіні, әр өрімнің өзіне тән сыры мен белгісі, тіпті ел арасында сақталған естеліктер мен өз басынан өткен тылсым хикаяны баяндайды.

Көріп отырып, қамшыға деген көзқарасыңыз мүлде өзгереді.

Қамшы философиясы: біз нені білмей жүрміз?

Қазақ үшін қамшы нені білдірді? Ол жәй ғана қолөнер ме әлде даналықтың белгісі ме?

Бұл шығарылымда «тасбалуан» атымен танылған, қазақтың күш өнерін дәріптеп жүрген Арман Сүлейменов қамшының көпшілік біле бермейтін қырларын ашады. Сондай-ақ, Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы тың естеліктер айтылып, оның рухани мектебі жайлы ой қозғайды. Балуан тек қара күш иесі ме? Біз нені білмей жүрміз? Бірге тыңдайық!

Мұхаңның басты аманаты - тіл туралы заң қабылдауды біз орындаймыз деп серт етеміз! - Қазыбек Иса

Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның ұлт ақыны Мұхтар Шахановтың жаназасында сөйлеген сөзі.

шаханов

Айнұр Бұлақбай: Кітап оқу - қиын емес!

«Бірде-бір рет шетелде болмадым»

Бүгінгі сұхбат басқа сұхбаттардан ерекше. 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне арналған сұхбатымызда кітап туралы жаттанды сөздерді қайталамай, шынайы әңгіме айттық. Өйткені кейде мәселе оқымауда емес, оған қалай қарайтынымызда.

Бұл шығарылымда еліміздегі кітап насихаттаушы блогер Айнұр Бұлақбаймен бірге

Қалай кітап оқуды бастауға болады?

Балаларды кітап оқуға қалай үйретеміз

Жастар қазір кітап оқып жүр ме?

Кітап оқуды қалай жақсы көріп кетуге болады?

Еліміздегі баспалар оқырманға не ұсынып жатыр сынды сұрақтарға жауап табуға тырыстық.

Уәдебиет деген – не?

Өткен бөлімде біз Балуан тастың тек спорт қана емес, руханиятқа да қатысы барын білдік. Бүгін «уәдебиет» деген не екеніне тоқталамыз? Бұл қандай сөз және қалай туындағанын спикер Абылайхан Қалназаров түсіндіреді.

Спорт министрлігі істемегенді біз істедік - Абылайхан Қалназаров

Бұл сұхбатта «Балуан тас» ұғымын тек күш сынасу емес, одан да терең мағынада қарастырамыз. Яғни бұл — жай ғана ауыр тас көтеру емес, адамның рухы, төзімі мен мінезін көрсететін дәстүр.

Бағдарлама қонағы — «Балуан тас» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті Абылайхан Қалназаров осы тақырыпты қарапайым тілмен түсіндіріп берді.

Сұхбат барысында мынадай сұрақтар қозғалды

— Балуан тас дегеннің тарихы қандай?

— Оны көтеру рәсімінің мәні неде?

— Қажымұқан туралы драма не үшін керек?

— Балуан тас қалай ұлттық идеяға айнала алады?

БІЗГЕ АДАМ ӨМІРІ ҚЫМБАТ ПА, ИТ ҚЫМБАТ ПА?!. - Қазыбек Иса

Кеше 2026 жылдың 8 сәуірінде ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында “Жануарларға жауапкершілікпен қарау” туралы заң жобасы қабылданды.

Талқылауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса тауып айтқандай, “Ит тақырыбы хит мәселе” болды.

Иә, шынында да жылына 60 мыңдай адамға шабуыл жасап, жыл сайын 2-3 адам өліміне дейін жеткізетін иесіз бұралқы иттерді медициналық жолмен жою мәселесі ең өткір талқыланған тақырыпқа айналды.

Біз бүгін осы талқылауда ең алдымен адам өмірінің қымбаттығын алға тартып сөйлеген Қазыбек Исаның сөзін жариялап отырмыз.

ит

Бұдан кейін кеш болады! Теріс ағымдарға тосқауыл қояр соңғы мүмкіндігіміз бар - Қазыбек Иса

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ҚР Бас Прокуроры мен ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасына сауал жолдап, теріс діни ағымдарға тосқауыл қою керектігін айтты.

дін

Мектеп оқушысының стартап жобасы науқастарға көмектеседі!

[Заголовок]

Мектеп оқушысының стартап жобасы науқастарға көмектеседі!

[Описание]

Біз бүгінгі күні ел, қоғам, жастар кімге қарап бой түзеуі керек деген сұрақты жиі қоямыз. Осы сұхбатта соның бір жауабы табылғандай.

Бізде қонақта – 15 жасынан бастап IT саласында бірнеше стартап жобаны жүзеге асырған, бүгінгі күні тілінің мүкісі бар адамдарға көмектесетін «Soile AI» деп аталатын әлеуметтік платформаның авторы – 11-сынып оқушысы Үкілі Омарова.

Озат оқушыларды тәрбиелеу формуласы

[Заголовок]

Озат оқушыларды тәрбиелеу формуласы

[Описание]

Бүгінгі сұхбатымыздың қонағы – «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте.

Сұхбатымызда төмендегідей сауалдарды талқылаған болатынбыз

Білім-инновация лицейлеріндегі білім мен тәрбие сапасының жоғары болуының сыры неде?

Лицейлердің тәжірибесін еліміздегі мемлекеттік мектептерге енгізу мүмкін бе?

Қазіргі ұрпақ несімен ерекшеленеді? Оларға білім мен тәрбиені бергенде не нәрселерге аса көңіл аудару керек?

Жақсы ұстаз бен жақсы мектеп қандай болуы керек?

оқушы

[Теги]

оқушы, мектеп, тәрбие

[Комментарии]

Мықты подкаст болды, рахмеет осындай сұхбат ұйымдастырғандарыңызға

Керемет тағылымды сұхбат.

Жанат Сәрсенова: Қытай нарығында қалай ақша табуға болады?

[Заголовок]

Жанат Сәрсенова: Қытай нарығында қалай ақша табуға болады?

[Описание]

Қытаймен сауда қызып жатқаны рас. Қосымша теңге табамын деп сауда-саттық жүргізіп жүргендер де көбейді. Сауданы бастағанда нені ескерген жөн? Қытай тауарын алған кезінде оның сапасына кепілдік бар ма? Қытай көліктерінің сапасы қандай? Шетелдіктердің қытай тауарларын жақсы көретіні рас па?

Көршілес елмен жүріп жатқан ірі сауда кәсібінің мән-жайы жөнінде кең сұхбатты тамашалаңыздар. Сұхбатымыздың қонағы – халықаралық сауда мен қытай тілінен білім алып, Қытайда тұрып жатқан кәсіпкер Жанат Сәрсенова.

қытай

[Теги]

қытаймен сауда жасау, ақша табу, бизнес идея

[Комментарии]

Жаке,Млдц! Сначала ее знал,как жену моего друга! Очень крутой парень!Пригласив Жанат на переговоры в роли переводчика,я уже знаю Жанат как крутого переговорщика. Рекомендую! Даже если с китайским бизнесом сам работаю.

Кез келген жерге сиіуді үйренбеңдер

Қазақ ғалымдарының ауадан су жасауға мүмкіндік беретін жаңалығы қолдау таппай отыр

[Заголовок]

Қазақ ғалымдарының ауадан су жасауға мүмкіндік беретін жаңалығы қолдау таппай отыр

[Описание]

Сарапшылардың пайымдауынша, елімізде 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Мемлекет басшысы «Бұл – ауылдағы ағайын ғана емес, қала халқы үшін де өте өзекті мәселе» екенін де алға тартқан.

Дегенмен отандық ғалымдар бұл түйткіл мәселенің оңтайлы шешудің 5 жолы бар екенін түсіндіреді. Бұл қандай жобалар? Оларды іске асыруға не кедергі? –

Өмірзақ Қасымов, Махмұт Қасабеков сынды ғалымдар мен арнайы конструкторлық-технологиялық бюро директоры Санжар Өтеғалидың сұхбатында.

[Комментарии]

Аллаға шүкір осындай ағалар барына істеріне Берке бергей

Анас Баққожаев: Кооперативтер құру – азық-түлік бағасын төмендетудің жолы

[Заголовок]

Анас Баққожаев: Кооперативтер құру – азық-түлік бағасын төмендетудің жолы

[Описание]

Қаламен салыстырғанда ауыл тұрғындарының жағдайы әлі де төмен. Ауыл әлі күнге дейін еңсесін тіктей алмай келе жатыр. Сол ауыл жағдайының дұрысталуына сеп болуы мүмкін экономикалық тәсілдің бірі – кооператив құру. Бұл мәселе әлі өз жөнін таба алмай отыр.

Студиямызға кооперативтерді құру бойынша ерекше моделі мен кейсі бар сарапшы маман, Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев келді.

[Теги]

азық түлік, жаңа конституция, реформа, инфляция, қымбатшылық

[Комментарии]

Кооператив тек негізгі процесстермен айналасу керек. Ауыр, механикаландырған жұмыстар, мысалы жем-шөп дайындау, жүн қырқу, жерді дайындап шөп өсіру, мелиорация жұмыстарын жүргізу, т.б. - сфера оказания услуг орындап отыру керек

Анас, айналайын, болашақ сендердікі. Өте ауқымды мәселе көтеруліде. Қазақтың болашағы ауыл шаруашылық, кооперация. Мәселе, қай жол таңдап даму.

Анас ауыл кооперативінің, жер үлесінің меншік түрі формасы өзгермей ештеңе алға баса қоймас. Оған бірнеше ұрпақ өтіп бір мүддеге келу мүмкін. Дүние жүзілік тәжірибенің жақсы жағын алып бір өзгеріс болуы керек.

Өте үлкен ауқымды мәселені көтеріп отырсыз

Алға қойған мақсаттар орындала берсін

Сфера оказания услуг, келісім-шарт арқылы, бірнеше кооперативтермен жұмыс істеу керек.

Азық түлік қатты қымбаттап кетті. Өте дұрыс тұжырым

Иә идея жақсы мәселе көп. Осы шешем деп талаптанып жүргеніңіз құптарлық

Бос әңгіме

Биздин казакстанымызда Бари бар Кен байлыкта малшаруашылыкта бидайды экспорта жиберемиз осимдикте неше турли оседи кроме экзотичных фруктов типти енди уят улкен уят тамактын ааа зык туликтин кымбаттаганы .барине евразес Кинали шыгу керек .озбектер и то акылды олар дамып келеди .ал биз казеке Бир биримизбен алысканша осек айтып тузесендерши мына жагыдайды .айтуга уят .

Кооператив боп бірігу жолдары көп.

Бізде жетіспей жатқан - сфера оказания услуг