Архив доступен 234 видео Порциями по 20

Здесь хранится рабочий архив видео, описаний и субтитров. Материалы подгружаются порциями, чтобы первый экран оставался стабильным.

«Соқыр болып көргем...» Мұратбек Қасымбай ауыр жарақаты мен UFC-ден келген жауап туралы

Аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай Tiek ақпарат порталына эксклюзивті сұхбат берді. Белгілі спортшы қазіргі денсаулық жағдайы, спорттағы үзілісі және ауыр көз жарақаты туралы ашық айтты. Сондай-ақ, файтерімізді UFC-ге қабылдау туралы келіссөздер қалай аяқталғанын және үлкен спортқа қашан оралатынын осы шығарылымнан біле аласыздар.

Қазіргі таңда «еркін агент» статусында жүрген Мұратбек алдағы уақытта қандай промоушнмен жұмыс істемек? Ол неге әрқашан қанды шоу жасауға тырысады? Толығырақ видеода!

Арнаға жазылып, лайк басуды және пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін маңызды.

«За 15 лет не был в отпуске»: Азат Перуашев рассказал о планах после ухода с поста главы партии

Политик Азат Перуашев, долгие годы возглавлявший демократическую партию «Ак жол», поделился своими ближайшими планами после ухода с должности председателя.

«За 15 лет я ни разу не был в отпуске», — откровенно признался экс-глава партии.

АзатПеруашев

Саяси ауыс-түйіс: Дәния Еспаева Азат Перуашевтің орнына отырды

“Ақ жол” партиясының съезінде жаңа төрағаға дауыс берді. Дәния Еспаева көпшілік дауыспен басшылыққа келді. Ол сол жерде төрағаның креслосына жайғасты

“Біз “Ақ жол” партиясы қаламыз деп ойлаймын” - Еспаева өзге партиялармен бірігу туралы

“Ақ жол” партиясының су жаңа төрағасы Дәния Еспаева алдағы құрылтай сайлауы қарсаңында өзгелермен күш біріктіру туралы пікір айтты

“Ескерткіш болып кеттім бе? Құдай сақтасын” - Перуашев партия төрағалығынан кету себебін айтты

“Ақ жол” партиясының съезінде Азат Перуашев не себепті төрағалықтан бас тартқанын және неге Дәния Еспаеваны ұсынғанын түсіндірді

“Ақ жол” партиясында төраға ауысты

Азат Перуашев 15 жыл басқарған партияның төрағалығынан бас тартты. Бүгінгі “Ақ жол” съезінде өз орнына Дәния Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.

"Басымыз сонымен ауырып жатыр" - Қошанов әрі қарай қайда жұмыс істейтіні туралы

Журналистер Мәжіліс пен "Аманат" партиясының төрағасы Ерлан Қошановтан екі партия біріккен соң қандай лауазымда болатыны туралы сұрады. Жауабында сенімділік басым па, күдік пе?

“Аманат” бүгін өлген жоқ” - Айдос Сарым

"Аманат" партиясының "Әділет" партиясымен бірігу туралы қарар қабылдауы - қазіргі билік партиясының ақыры ма? Мәжіліс депутаты Айдос Сарым оған әлі ерте деп отыр. Өзге де делегаттардың пікірі Tiek YouTube арнасында

"АМАНАТ БҮГІН ӨЛГЕН ЖОҚ" - ПАРТИЯНЫҢ СЪЕЗІНЕН КЕЙІНГІ ДЕЛЕГАТТАРДЫҢ ПІКІРІ

Бүгін "Аманат" партиясының съезінде "Әділет" партиясымен бірігу туралы қарар қабылданды. Ерлан Қошановтың өзі бастап, бірігуді "жалғыз жол" деді. Съезге келген 1500 делегат не дейді? Пікірін білген едік

Екі күнде 36 мың адамды кінәлі деп таныған - Мұрат Әбенов нотариустардың былығы жайлы

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Tiek студиясында нотариустардың заңсыз әрекеттерін айтып, азаматтардың құқын қорғау барысы туралы баяндады. Толық сұқбатты Tiek YouTube арнасынан көре аласыздар

«Халық соттан қорқады, ал банктер сотқа бармайды»: Депутат 9,5 млн адамның қарызы жайлы

Халық неге қиналады?

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда 1,5 миллион қазақстандықтың банк шоттары бұғатталған. Соның салдарынан олар толыққанды жұмысқа тұра алмайды және тапқан табысынан қағылып отыр.

Басты қулық неде?

Көпшілік заңды толық білмегендіктен, шотты бұғаттаған «жеке сот орындаушысы» деген сөзді естігенде «сот шешімі шықты, мен заң бұздым» деп қорқады. Алайда, шын мәнінде бұл мүлдем олай емес.

«90% жағдайда банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар сотқа бармайды. Олар оңай жолын тауып, тек нотариус арқылы ғана шеше салады», — деп түсіндірді Мұрат Әбенов.

Халықтың құқықтық сауатсыздығын пайдаланатын жүйе туралы толық сұхбатты Tiek YouTube-арнасынан міндетті түрде көріңіздер!

МұратӘбенов

«Коллектордың қарызын мойындамауға болады»: Мұрат Әбенов несиеге батқандарға араша түсті

Коллекторлар мазаңызды алып, қоқан-лоқы көрсетіп жүр ме? Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Tiek студиясына берген сұхбатында коллекторлардың құпиясын ашып, халыққа маңызды кеңес берді.

Коллекторлар сізден не талап ете алмайды?

Депутаттың айтуынша, қарызгер мен коллектордың арасында тікелей келісімшарт жоқ. Сондықтан олардың қарызын мүлдем мойындамауға болады. Заң бойынша коллектор сізді қинауға құқылы емес, керісінше, олар мына қадамдарды жасауға міндетті

Банктен қарызыңызды сатып алғаны туралы жазбаша хабарлама беру

Нотариусқа өткізбес бұрын сізге төлем графигін ұсыну

Сізбен медиациялық келісімге келуге тырысу және қарсы еместігіңіз туралы қағазға қол қойдыру.

Қарызды қалай азайтуға болады?

Коллекторлар сіздің 1 миллион теңге қарызыңызды банктен небәрі 500 мың теңгеге сатып алады. Сондықтан олармен келісіп, қарызды 600 мың теңге көлемінде жауып тастауға толық мүмкіндік бар.

Банктердің заңсыздығы

Сонымен қатар, депутат банктердің цифрлық кодексті бұзып, азаматтардың орнына өздері электронды қол қоя салатын заңсыздықтарын әшкереледі. Мұндай жағдайда нотариустың шешімін қайтарту немесе сот арқылы күшін жою әлдеқайда оңай.

Өз құқығыңызды қорғай біліңіз! Толық сұхбатты Tiek YouTube-арнасынан көріңіздер.

МұратӘбенов

«Платить 200 тенге за 1 остановку — несправедливо»: Эксперт об LRT

Каким должен быть справедливый тариф в запущенном LRT Астаны? Экономический эксперт Олжас Байдильдинов в интервью YouTube-каналу Qaimaq заявил, что нынешнюю систему единой оплаты («уравниловку») в общественном транспорте столицы нужно срочно менять.

Что предлагает эксперт?

Опыт Дубая и Стамбула: По мнению Олжаса Байдильдинова, система оплаты в LRT должна работать автономно, как в мировых мегаполисах. Пассажир должен прикладывать карту и на входе, и на выходе, оплачивая исключительно пройденное расстояние.

Нынешняя система — несправедлива: Эксперт называет абсурдом ситуацию, когда человек, проезжающий через весь город (от вокзала до аэропорта), и пассажир, проехавший всего 1-2 остановки, платят одинаково — по 200 тенге.

Новый тарифный механизм: «Если я проехал 1-2 остановки, условно, я должен заплатить 100 тенге, это справедливо. А для тех, кто едет с левого берега на правый, должен быть совершенно другой, более высокий тариф», — считает эксперт.

Как вы считаете, эффективна ли система оплаты в зависимости от пройденного расстояния? Делитесь мнением в комментариях!

LRTАстана

МАСҚАРА! ЕКІ КҮНДЕ 36 МЫҢ АДАМДЫ КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫҒАН - ДЕПУТАТ НОТАРИУСТАРДЫҢ БЫЛЫҒЫН АЙТТЫ

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Tiek студиясына келіп, нотариус, коллектор, банк, микроқаржы ұйымдарының былығын ашты. Ол - борышкерлердің құқын аяққа таптап, ойына келгенін істеп жатқанын айтып, жаға ұстатарлық деректерді алға тартты. Сондай-ақ, азаматтарға өз құқығын қалай қорғау керектігі туралы ақпарат берді.

Арнамызға жазылып, видеоны бөлісе отырыңыз.

00:00 — Кіріспе: Қазақстандағы несие қарызы бар 1,5 миллион адамның тағдыры.

01:33 — Сұхбат қонағы: Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновпен таныстыру.

02:37 — Несие проблемасы: 90 күннен асқан мерзімі өткен қарыздар және олардың салдары.

04:00 — Нотариустардың былығы: Неліктен банктер мен коллекторлар сотқа бармай, нотариус арқылы шоттарды бұғаттайды?

05:40 — Халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы жеке нотариустардың жұмысы.

07:05 — Онлайн несие және хабарсыз жасалатын нотариаттық жазбалар.

09:15 — МАСҚАРА факт: Бір нотариус бір күнде қалай 36 мың адамды "кінәлі" деп таниды?

10:30 — Конституциялық құқық: Адамның өз-өзін сотта қорғау құқығының бұзылуы.

12:45 — Нотариустар неге қарыз алушыға алдын ала хабар бермейді?

14:50 — Нотариус шешімін қалай бұзуға болады және лицензиядан айыру мәселесі.

18:10 — Жаңа Конституция және азаматтардың сотқа жүгіну құқығы.

21:35 — Заңдағы өзгерістер: Қарызды дәлелдеудің жаңа талаптары.

24:20 — Коллекторлар туралы: Олар сіздің қарызыңызды қалай сатып алады?

26:10 — Биометрия және онлайн қол қоюдың заңсыздығын қалай дәлелдеу керек?

30:35 — Зейнетақы мен жәрдемақыны бұғаттау заңды ма? Қалай қайтаруға болады?

32:10 — Банктен несиелік досье мен құжаттарды талап ету жолдары.

35:30 — Қорытынды: Халыққа құқықтық кеңес және алдағы жоспарлар.

«Меня никто не слышал 3 года». Как спасли историческое здание больницы в центре Алматы

В новом выпуске на канале «Тиек» — эксклюзивное и откровенное интервью с директором Учебно-клинического центра Алматы Балтабаем Мырзабаевым.

Это история о тяжелой трехлетней борьбе за историческое здание бывшей ЖД больницы на пересечении улиц Абая и Масанчи. 2,1 гектара земли в самом центре города, 40 тысяч квадратных метров недвижимости, миллионные долги, разруха и чьи-то скрытые интересы — всё это привело к долгим судебным разбирательствам.

Ради того, чтобы вернуть государству этот участок и не дать продать его с торгов, Балтабаю пришлось пройти через запреты на выезд из страны и потерять 80% зрения на фоне сильнейшего стресса.

Главные темы интервью

В каком состоянии находился Учебно-клинический центр до судов (секты, бомжи, пожары).

Почему правоохранительные органы и чиновники годами игнорировали проблему.

Как удалось выиграть апелляционный суд и кто из госаппарата поддержал возврат земли.

Планы на будущее: появится ли в центре Алматы новый международный медицинский хаб?

Личная трагедия спикера и рассуждения о том, почему казахстанцы теряют доверие к отечественной медицине.

Подписывайтесь на канал «Тиек», чтобы не пропустить новые честные интервью! Обязательно ставьте лайк, делитесь этим видео и пишите в комментариях: что, по вашему мнению, должно появиться на месте бывшей ЖД больницы в Алматы?

Торғайдан Бостонға дейін: қазақ қызының білім жолы

Қазақстандық жас маман Қарлығаш Асхатқызымен сұхбатта оның Торғайдан басталған білім жолы, Астанадағы студенттік кезеңі, Польшадағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы және АҚШ-тағы Бостон университетінде алған білімі туралы әңгімелестік.

Сұхбат барысында кейіпкер ағылшын тілін қалай меңгергенін, «Болашақ» бағдарламасына қалай түскенін, Америкадағы оқу жүйесінің ерекшеліктерін, отбасымен шетелде білім алудың қиындықтары мен мүмкіндіктерін бөлісті.

Сонымен қатар жастарға арналған маңызды кеңестер, халықаралық білім беру бағдарламалары және өз арманыңа жетудің жолдары туралы ойларын ортаға салды.

Сұхбатта

Ағылшын тілін курссыз қалай үйренуге болады?

«Болашақ» бағдарламасына түсу жолдары

АҚШ-тағы оқу жүйесінің ерекшеліктері

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері

Жастарға арналған мотивациялық кеңестер.

Каналға жазылып, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!

Бейне мазмұны

00:00 — Кіріспе: Қонақпен танысу және білім жолы туралы бастапқы сұрақтар.

01:15 — «Болашақ» бағдарламасы: Америкада оқуға қалай жол ашылды?

01:38 — Торғайдан Бостонға дейін: Ауыл мектебінен басталған ағылшын тілі.

02:41 — Нақты мақсат пен мотивацияның маңызы.

03:14 — Академиялық ұтқырлық: Польшадағы алғашқы тәжірибе және тілдік кедергіні жеңу.

04:24 — Америкадағы оқудың қиындықтары мен Қазақстан білім жүйесінен айырмашылығы.

05:45 — Студенттік өмір: Бостондағы бос уақыт, кітап клубтары мен спорт.

06:07 — Америкада жұмыс істеу мүмкіндіктері мен виза мәселесі.

06:35 — Бостон орталықтарындағы практика: Тәжірибе жинақтау кезеңі.

07:08 — Болашақ жоспарлар: Қазақстанға оралу және білім беру саласына үлес қосу.

08:26 — Жастарға кеңес: Қорқынышты жеңу және білімге инвестиция салу.

10:13 — Қорытынды және алғыс.

Кассационный суд поставил точку: почему санитарам в Астане отказали в льготах?

В Кассационном суде Астаны завершилось рассмотрение резонансного дела: санитарам окончательно отказали в праве на законные выплаты и льготы.

Представители больницы опираются на букву закона, заявляя, что надбавки положены исключительно «медицинским работникам». В результате младший медперсонал, ежедневно выполняющий тяжелейшую работу в тех же условиях, что и врачи, остался ни с чем. Игнорирование их прав суд оставил в силе.

В этом коротком видео

Оглашение постановления кассационной инстанции.

Эксклюзивный комментарий и крик души самих санитаров.

Справедливо ли делить тех, кто работает в палатах, на «своих» и «чужих»? Пишите ваше мнение в комментариях!

Подписывайтесь на канал, чтобы следить за развитием этого дела и не пропустить важные новости и честные расследования!

Астана

Ресей туына ұқсаған аспан: Қазақстанға Путин келеді

Астанада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің 27-29 мамырға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық қызу жүріп жатыр. Қала тұрғындары елорда аспанында әскери ұшақтардың ақ, көк және қызыл түсті түтінмен Ресей туын бейнелегенін байқады.

Бұл — дипломатиялық хаттама аясындағы жоғары деңгейлі құрмет көрсету рәсімі. Еске сала кетейік, осыдан екі апта бұрын, 14 мамырда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған келгенде де Астана аспаны түрік туының түстеріне боялған еді.

Владимир Путиннің сапары барысында екі ел басшылары сауда-экономикалық, саяси және гуманитарлық саладағы маңызды мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.

Астана

Германиядағы өмір, итке салынатын салық және айыппұлдар: Мюнхенде қызмет ететін қазақ қызымен сұқбат

Tiek ақпараттық порталының жаңа шығарылымында – Германияның Мюнхен қаласының әкімдігінде (мэриясында) ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан отандасымыз Мәншүк Назарбаймен арнайы сұқбат.

2001 жылы Германияға оқуға кетіп, кейін сол жақта үлкен мансап құрған Мәншүк ханым еуропалық мемлекеттік қызметтің ішкі асханасымен бөлісті. Бағдарлама барысында біз Германиядағы салық жүйесі, қоғамдық тәртіп, шенеуніктердің жалақысы мен жемқорлықпен күрес мәселелерін кеңінен талқыладық.

Сонымен қатар, Еуропада қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешілгені, айыппұлдар неліктен қазынаны толтыру құралы емес екені және атақты «Бавария» футбол клубының жеңісі Мюнхен әкімдігінде қалай тойланатыны туралы қызықты ақпараттар айтылды.

Арқалық әуежайы қашан қолданысқа беріледі?

Арқалық қаласында салынып жатқан әуежайдан алғашқы ұшақ қашан ұшады? Қай қалаларға рейстер ашылады? Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Қырмызы Жаңбыршина Торғай өңірін алаңдатқан сұраққа жауап берді

Толық нұсқасы осы арнада