«Орал — ашық аспан астындағы музей» | Көне шаһарға тарихи саяхат
Музей жанынан жұмыстанатын ғылыми кеңес "Орал — ашық аспан астындағы музей" туристік-танымдық жобасының экскурсиялық маршрутын ғылыми негіздеу үшін көшпелі кеңес құрды.
Көне шаһардың тарихын зерделеп, сырлы көшелерімен серуендеген топ ғасырлар құпиясына үңілді. Кие қонған Хан тоғайынан бастау алған маршруттың әр қалтарысынан терең сыр іздеген сапарда музей директоры Жантас Сафуллин, еңбек ардагері Сара Танабаева, жазушы Дариға Мұштанова, журналист Қазбек Қабжан, өлкетанушы Нұрлан Сәдір, тарихшы Жасқайрат Ерназаров және жас ғалым Орынбасар Ахметқали әр кезеңде орын алған тарихи оқиғаларды нақтылай түсіп, ғылыми дәйектермен сабақтады. Енді кеңес тарапынан
экскурсия мәтініне жасалған ұсыныстар энциклопедиялық тұжырымдарға негізделіп, ұғынықты мазмұнда баяндалатын болады.
Экскурсия барысында сіз
Хандардың ізі қалған тарихи орындармен танысасыз
XIX–XX ғасырлардағы ғимараттар тарихына қанығасыз
Қазақ және еуропалық сәулет үлгілеріне шолу жасайсыз
Қаланың мәдени мұрасы мен тарихи оқиғалар орын алған жерлер, танымал тұлғалары туралы қызықты деректерге шолу жасайсыз
түсіп, ерекше атмосфераны сезінесіз.
Бұл — тарих пен руханиятты тоғыстырған, өткен мен бүгінді жалғаған танымдық бағыт.