Архив доступен 1 736 сообщений С 2018 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді.

Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Президент Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность бывшему председателю партии AMANAT Ерлану Кошанову за добросовестную, эффективную и полезную работу на этом посту.

Он также выразил признательность всем членам этой партии, которая на своем недавнем съезде приняла историческое решение присоединиться к новой партии «ӘДІЛЕТ».

Президент отметил значительный вклад партии AMANAT в дело модернизации нашего государства, строительство Справедливого Казахстана на основе приоритета законности и общественного порядка.

Глава государства выразил уверенность в продолжении активной и результативной деятельности партийцев-патриотов в составе партии «ӘДІЛЕТ» на благо нашей Родины.

Бүгін «AMANAT»-тың «Әділетке» қосылатыны туралы шешім жарияланған Съезден кейін партия Төрағасы Ерлан Қошанов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Сегодня по итогам съезда, на котором было объявлено о присоединении «AMANAT» к «Әділет» председатель партии Ерлан Кошанов ответил на вопросы журналистов.

НАЧАЛАСЬ АККРЕДИТАЦИЯ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ СМИ НА XXVI СЪЕЗД ПАРТИИ «AMANAT»

12 июня 2026 года в городе Астане состоится очередной XXVI Съезд партии «AMANAT».

В мероприятии примут участие Председатель партии Ерлан Кошанов, члены Политического совета, депутаты, делегаты региональных филиалов, активисты молодежного крыла «Жастар Рухы», а также эксперты и представители неправительственных организаций.

г. Астана, Конгресс-центр (ул. Гейдара Алиева, 12)

Начало в 15:00

Заявки на аккредитацию представителей СМИ принимаются до 13:00 10 июня 2026 года.

Контактное лицо

Нургайша Абдраман

+7 747 026 55 08

Вход представителей СМИ осуществляется по спискам аккредитации и при наличии служебного удостоверения.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXVI СЪЕЗІНЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІН АККРЕДИТТЕУ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 12 маусымда Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезекті XXVI Съезі өтеді.

Іс-шараға партия Төрағасы Ерлан Қошанов, Саяси кеңес мүшелері, депутаттар, өңірлік филиалдардың делегаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, сондай-ақ сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Астана қаласы, Конгресс орталығы (Гейдар Әлиев көшесі, 12)

Басталуы сағат 15:00

БАҚ өкілдерінен аккредиттеу өтінімдері 2026 жылғы 10 маусым сағат 13:00-ге дейін қабылданады.

Байланыс үшін

Нұрғайша Әбдраман

+7 747 026 55 08

БАҚ өкілдері аккредиттеу тізімі және қызметтік куәлік арқылы кіреді.

Мемлекет дамуы бірлікті талап етеді: «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мәлімдемесі

Астанада Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттегі барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында күш біріктіруге шақыратын мәлімдеме қабылданды.

Отырыс барысында Мемлекет басшысы айқындаған ауқымды реформаларды іске асыру, жаңа Конституцияда белгіленген міндеттерді орындау және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қоғамның жауапты күштерін біріктірудің маңыздылығы атап өтілді. Саяси кеңес мүшелері қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, өңірлердің дамуын қолдау және Қазақстанның тәуелсіздігін одан әрі күшейту бағытындағы ортақ жұмыстың қажеттілігіне назар аударды.

В Астане под председательством Спикера Мажилиса, Председателя партии «AMANAT» Ерлана Кошанова состоялось заседание Политического совета партии. По его итогам принято заявление о консолидации всех прогрессивных общественно-политических сил вокруг курса на построение Справедливого и Прогрессивного Казахстана. Участники заседания выразили поддержку инициативе Главы государства и готовность объединить усилия для реализации масштабной повестки реформ и дальнейшего развития страны.

Астанада Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырған мәлімдеме қабылданды. Отырыс қатысушылары Мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, елді дамытуға бағытталған реформаларды жүзеге асыру үшін күш-жігерді біріктіруге дайын екенін білдірді.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Президенттің күн тәртібі төңірегінде топтасуға шақырды

Астанада Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттегі барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында күш біріктіріп, жұмыла жұмыс істеуге шақырған мәлімдеме қабылданды. Отырысқа Саяси кеңес пен партия Бюросының мүшелері, Орталық аппараттың басшылығы, өңірлік филиалдардың төрағалары мен атқарушы хатшылары қатысты.

Толығырақ: amanatpartiasy.kz

Политический совет партии «AMANAT» призвал к консолидации вокруг повестки Президента

В Астане состоялось заседание Политического совета партии «AMANAT» под председательством Спикера Мажилиса, Председателя партии Ерлана Кошанова. По его итогам было принято заявление с призывом ко всем прогрессивным общественно-политическим силам страны объединить усилия и вместе работать на построение Справедливого и Прогрессивного Казахстана. В заседании приняли участие члены Политического совета и Бюро партии, руководство Центрального аппарата, председатели и исполнительные секретари региональных филиалов.

Подробнее: amanatpartiasy.kz

ПЛОЩАДКА ДЛЯ ОБМЕНА ОПЫТОМ: СТАРТОВАЛ «ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ХАКАТОН EDUAI» ПАРТИИ «AMANAT»

В Астане партия «AMANAT» при поддержке Министерства просвещения и совместно с центром «Daryn Ustaz» проводит Республиканский «Педагогический хакатон EduAI». В масштабном двухдневном мероприятии педагоги со всех регионов страны представляют авторские проекты по внедрению искусственного интеллекта в образовательный процесс.

Проект «Ustazga AI», реализуемый партией «AMANAT» совместно с Министерством просвещения, уже помог около 400 тысячам педагогов освоить современные цифровые технологии. На второй этап проекта поступило 3500 авторских работ, из которых были отобраны 400 лучших проектов.

По итогам хакатона 20 лучших участников получат возможность пройти международную стажировку в Южной Корее, где ознакомятся с передовым опытом применения технологий искусственного интеллекта в системе образования.

Тәжірибе алмасатын алаң: «AMANAT» партиясының «EduAI: Педагогикалық хакатоны» басталды

Астанада «AMANAT» партиясының бастамасымен республикалық «EduAI: Педагогикалық хакатоны» өз жұмысын бастады. Іс-шара педагогтердің жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізуге бағытталған үздік жобаларын ұсынатын маңызды алаңға айналды.

Бүгінде «Ustazga AI» жобасы аясында еліміз бойынша 400 мыңға жуық педагог арнайы оқудан өтті. Ал жобаның екінші кезеңіне 3500 мұғалім қатысып, олардың арасынан үздік 400 жоба іріктелді. Бұл бастама ұстаздардың цифрлық сауатын арттырып, заманауи технологияларды сабақ барысында қолдануға мүмкіндік беруде.

Хакатон қорытындысы бойынша үздік деп танылған 20 педагог Оңтүстік Кореядағы халықаралық тәжірибе бағдарламасына жолдама алады. Бұл олардың әлемдік тәжірибемен танысып, жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде қолданудың озық үлгілерін меңгеруіне жол ашады.

Достар!

Баршаңызды 5 маусым – Эколог күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экология дегеніміз – Жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарайтын саналы өмір салты.

Осы күні елімізде қоршаған ортаны қорғау ісіне баса назар аударылып, азаматтар арасында экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Оның ең негізгі қозғаушы күші – ел Президентінің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы. Бұл бастама аясында «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізуде. Отандастарымыз ортақ мақсат төңірегінде топтасып, игі іске жұмылуда.

Еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту ісіне өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандардың ерен еңбегі елене берсін!

«ЖАРҚЫН АУЫЛ» ЖОБАСЫ: ҚАМЫСТЫ АУДАНЫН ДАМЫТУҒА 150 МЛН ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Қостанай облысының Қамысты ауданында ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

«Жарқын ауыл» партиялық жобасы шеңберінде жалпы құны 150 млн теңгені құрайтын бастама қолға алынды. Оның 50 млн теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, қалған 100 млн теңгесі демеушілер есебінен қаржыландырылуда.

Жоба аясында ауданда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, «Ардагерлер үйінің» және 30 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар тұрғындардың спортпен шұғылдануына, аға буынның бос уақытын тиімді өткізуіне және баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

«AMANAT» партиясы барлық жобалардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын тұрақты партиялық және депутаттық бақылауда ұстап отыр.

«AMANAT» ҚОЛДАҒАН БАСТАМА: АҚТАУДА ҮЛГІЛІ АУЛА ҚАЛЫПТАСТЫ

Ақтау қаласының тұрғыны Мейрамгүл соңғы үш жылда өзі тұратын «Ханшайым» тұрғын үй кешенінің ауласын көгалдандырып, өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Бастапқыда терезеден көрінетін сұрғылт көрініс оны аулаға ағаш отырғызып, гүл өсіруге ынталандырған.

Бүгінде көпқабатты үйдің ауласы көз тартарлық гүлзарға айналды. Мұнда шие, алма, өрік секілді жеміс ағаштары өсіп, раушан, гортензия, астра сияқты гүлдер жайқалып тұр. Тұрғындардың ортақ еңбегінің арқасында тұрғын үй кешені тазалығымен және көркемдігімен ерекшеленеді.

Мейрамгүл «AMANAT» партиясының «Тұрғындар аманаты» жобасы азаматтардың белсенділігін арттырып, ортақ іске деген жауапкершілікті күшейтетінін атап өтті. Ал «Ханшайым» ТҮК кеңесінің төрағасы Марат Құдайбергеновтің айтуынша, мұндай игі бастамалар көршілер арасындағы бірлік пен сыйластықты нығайтуға ықпал етеді.

Алдағы уақытта тұрғындар «Тұрғындар аманаты» жобасы аясында ауланы абаттандыру жұмыстарын жалғастырып, өзгелерге үлгі болуды көздеп отыр.

«AMANAT» БАСТАМАСЫМЕН ХАН ОРДАСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы Хан Ордасы ауылы – еліміздің тарихында ерекше орны бар киелі мекен. Бүгінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауылда бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеу көрмеген Жәңгір хан атындағы орта мектеп толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі заманауи мәдени орта қалыптасты. Бұдан бөлек, ауылға кіреберіс жол мен ауылішілік көшелер салынып, инфрақұрылым сапасы жақсарды. Бұл жұмыстар тарихи елді мекеннің туристік әлеуетін арттырып, жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беруде.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ: ЕЛІМІЗДЕ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ

Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясына қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиындары өтуде. Бүгінде партияның 3807 бастауыш партия ұйымы 856 мыңнан астам азаматты біріктіріп отыр.

Жиындар барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен жобаларының жүзеге асырылуы, қоғамдық қабылдаулардың нәтижелері, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары, сондай-ақ тұрғындармен кері байланыс бағытындағы жұмыстар талқылануда.

Бастауыш партия ұйымдары партия мен халық арасындағы алтын көпір ретінде тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуде. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізіп, партиялық бастамалардың жүзеге асуына үлес қосып келеді.

«AMANAT» партиясы үшін бастауыш партия ұйымдары – тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін және халық сенімін нығайтатын негізгі құрылымдардың бірі. Сондықтан олардың тиімді жұмысы партияның басты басымдықтарының қатарында қала береді.

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ІСКЕРЛІК КОНГРЕСІ: «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Түркістан қаласында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Түркістан облысы әйелдерінің іскерлік конгресі өтті.

Іс-шара әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа бизнес бастамаларды қолдауға, тәжірибе алмасуға және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға арналды. Конгресс барысында қатысушылар кәсіпкерлік, цифрлық даму, экспорт мүмкіндіктері, әйелдер көшбасшылығы және өңірлік экономиканы дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ форумда Әйелдер қанатының әлеуметтік және экономикалық бағыттағы жобалары таныстырылып, әйелдердің әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалардың нәтижелері ұсынылды.

Конгресс қорытындысында әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлік экожүйесін дамыту және жаңа жобаларды қолдау бағытындағы ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады», деген еді. Расымен де, Көк байрақ, Әнұран, Елтаңба – еңселі егемендігіміздің ең қастерлі үштағаны. Олар барда мемлекетіміздің беделі – биік, мерейі – үстем.

Елдігімізді айшықтаған, халқымызды ұйыстырған айбарлы азаттығымыздың асқақ нышандары төрден төмендемесін!

«AMANAT»: ЖЕТІСУДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» АҒА БУЫННЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУДА

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында жұмыс істейтін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға үлес қосуда.

Бүгінде орталық қызметін тұрақты түрде 300-ге жуық зейнеткер пайдаланады. Мұнда спортпен шұғылдануға, тіл үйренуге, компьютерлік және қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерді дамытуға барлық жағдай жасалған.

Орталықта дәрігерлік және массаж кабинеттері, тренажер залы, би, йога, музыка және тігін үйірмелері жұмыс істейді. Бұл аға буын өкілдерінің денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы – «AMANAT» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыруға және әрбір азамат үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған бастамаларының нақты нәтижелерінің бірі.