Теміржолдағы тың серпін – Абай облысында
Толығырақ: https://abaylife.kz/news/83031
t.me/abaylife_1
Сообщений: 728 с 2026 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Теміржолдағы тың серпін – Абай облысында
Толығырақ: https://abaylife.kz/news/83031
t.me/abaylife_1
Антибиотиктерді рецептсіз сатуға бақылау күшейтіледі
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы шектеулерге қарамастан, кейбір дәріханалар мен онлайн платформаларда антибиотиктер дәрігердің рецептісіз сатылып келеді.
Ведомство антибиотиктерді бақылаусыз қолдану микроорганизмдердің дәріге төзімділігін күшейтетінін ескертті. ДДСҰ дерегіне сәйкес, жыл сайын мұндай инфекциялардан әлемде шамамен 700 мың адам қайтыс болады.
Сарапшылардың болжамынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 миллион адамға жетуі мүмкін.
t.me/abaylife_1
Колледж оқытушыларының жалақысы өсуі мүмкін
Мәжіліс депутаты Болат Керімбек Оқу-ағарту министріне білім беру жүйесін одан әрі дамыту бағытында қандай жоспарлар көзделіп отырғаны туралы сұрақ қойды.
«Бүгінде елімізде 763 колледж жұмыс істейді. Колледж студенттерінің 61%-ын 9-сыныптан кейін оқуға түскендер құрайды. Осыған байланысты колледждерде жалпы білім беретін педагогтердің жалақысын көтеру мәселесі қаралып жатыр. Қазір бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі бірлесіп жұмыс жүргізуде», - деді Жұлдыз Сүлейменова.
t.me/abaylife_1
115 мың адам мобильді аударымдар лимитінен асып кеткен
Қазақстанда мобильді аударымдар бойынша белгіленген лимиттен 115 мың азамат асып кеткен. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.
Министрліктің 10 банкпен бірлесіп жүргізген талдауы нәтижесінде аталған азаматтардың ай сайын жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын 100-ден астам аударым жасағаны анықталды. Олардың аударымдарының жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрады.
Сондай-ақ мобильді аударымдар алған 7800 шетелдік азаматқа қатысты бақылау шаралары күшейтілді.
t.me/abaylife_1
Күн ыстықта қандай заттарды көлікте қалдыруға болмайды?
Күн астында тұрған көліктің іші сыртқы ауадан әлдеқайда тез қызады. Мысалы, ауа температурасы 30–35°C болғанның өзінде көлік салоны 30–60 минут ішінде 50–70°C-қа дейін жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда кейбір заттар бұзылып қана қоймай, жарылу немесе өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Сондықтан көлікте қалдыруға болмайтын заттардың тізімін дайындадық.
t.me/abaylife_1
Қазақстанда баспана сатып алу көрсеткіші төмендеді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамырда 30 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатылған. Бұл 2026 жылғы сәуірмен салыстырғанда 13,5%-ға аз.
Ал былтырғы мамырмен салыстырғанда 10,5% азайды. Ол кезде 33 986 болған.
Мәмілелер саны бойынша Астана – 5 122 (16,8%) және Алматы – 4 925 (16,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы – 2 630 (8,6%) көш бастап тұр.
Ұлытау облысында ең аз көрсеткіш тіркелді – 261 мәміле (0,9%).
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы сауда 2025 жылғы қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда 5,8% төмендеді.
t.me/abaylife_1
Былтыр Қазақстанға 11,1 млн шетелдік турист келді.
Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асып, орналастыру орындарының табысы 350,6 млрд теңгені құрады.
Абай облысында да туризмді дамыту жұмыстары жалғасуда. Алакөл жағалауы абаттандырылып, туристерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Visit Abai» туристік ақпараттық орталығы өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды қолға алмақ.
Облыс әкімі Алакөл жағалауы туристер үшін қауіпсіз, таза әрі жайлы демалыс орны болуы тиіс екенін атап өтті.
t.me/abaylife_1
Семейде бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
13 маусым күні «Бейбітшілік» аралында Сабантой мерекесіне арналған мәдени-көпшілік іс-шара өтеді.
Осыған байланысты сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін «Бейбітшілік» аралына кіреберіс жолда автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Семей тұрғындары мен қала қонақтарын Сабантой мерекесіне қатысуға шақырамыз.
t.me/abaylife_1
“Ең төменгі жалақы” тақырыбы естеріңізде ме?
Біз бұған дейін ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін жазған едік. Бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин халық табысын арттыру жоспарына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі 1 тамыздан кейін қаралады. Алайда шешім бюджет мүмкіндіктеріне байланысты қабылданбақ.
Бұл мәселе Абай облысының тұрғындары үшін де өзекті. Өйткені өңір жалақы өсімінің қарқыны бойынша алдыңғы қатарда болғанымен, орташа жалақы көлемі бойынша әлі де жоғары көрсеткішке қол жеткізе қойған жоқ.
Сондықтан ең төменгі жалақыны арттыру туралы шешім мыңдаған тұрғынның табысына тікелей әсер етуі мүмкін.
t.me/abaylife_1
Қазақстан ТМД елдері ішінде қоныс аударуға ең қолайлы мемлекет атанды
Бұл туралы америкалық Remitly компаниясы дайындаған Immigration Index 2026 халықаралық рейтингінде айтылды. Зерттеу қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру сапасы, жұмыс мүмкіндігі, тұрғын үйдің қолжетімділігі және өмір сүру деңгейі сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізілген.
Рейтинг нәтижесіне сәйкес, Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр.
t.me/abaylife_1
Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығы ашылады
Сенат БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялады.
Жаңа құрылым өңір елдерінің орнықты даму бағытындағы ынтымақтастығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстан 2025–2029 жылдары орталық бағдарламаларын іске асыру үшін жыл сайын 3 млн АҚШ долларын бөлуді жоспарлап отыр.
Орталықтың қызметін Консультативтік кеңес пен Халықаралық консультативтік комитет үйлестіреді.
Орталықтың негізгі мақсаты – өңірдегі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша өзара іс-қимылды нығайту.
t.me/abaylife_1
Түнгі қаланың көрінбейтін мәселесі
Толығырақ: https://abaylife.kz/news/83023
t.me/abaylife_1
Өңір экономикасының өсіміне не әсер етті?
Толығырақ: https://abaylife.kz/news/83016
t.me/abaylife_1
Банкроттықты рәсімдеу процесі жеңілдетілді
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл бағытта жаңа цифрлық шешімдер белсенді қолданылып келеді. Былтыр рәсім әкімшілері оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы 3 мыңнан астам өзекті мәлімет жариялаған.
Сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Qoldau жүйесі арқылы кредиторлар мемлекеттік кірістер органдарының шешімдерімен келіспеген жағдайда шағымдарын электронды форматта жолдай алады.
t.me/abaylife_1
Абай елінде тарихи рекорд
Толығырақ: https://abaylife.kz/news/83003
t.me/abaylife_1
Қазақстанда халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй салынады
Қазақстанның 11 өңірінде халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй салу жоспарланып отыр. Жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелеу және инвестициялық преференциялар арқылы қолдау көрсетіледі.
Жоспарланған нысандар қатарында Қонаевтағы Hilton және Marriott, Павлодардағы Novotel, Қостанайдағы Courtyard by Marriott, Қызылордадағы Rixos, сондай-ақ Алматыдағы Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty және Radisson Blu қонақ үйлері бар. Шымкентте де жаңа Hilton қонақ үйін ашу көзделген.
Сарапшылардың пікірінше, халықаралық брендтердің келуі қызмет көрсету сапасын арттырып, бәсекелестікті күшейтеді және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
t.me/abaylife_1
Абай облысының әкімі Берік Уәли Президентке өңірдің даму көрсеткіштері туралы есеп берді.
t.me/abaylife_1
Семейде жаңа ЖЭО, тау-кен байыту комбинаты және «Аягөз – Бақты» теміржол желісі секілді ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
t.me/abaylife_1
Семейде арнайы экономикалық аймақ құру жоспарлануда. Мұнда 400 млрд теңгенің өндірістік жобалары іске асып, 2500 жаңа жұмыс орны ашылады.
t.me/abaylife_1
Алакөл жағалауының инфрақұрылымын жаңғыртуға биыл 15,4 млрд теңге бөлінді.
t.me/abaylife_1