Архив доступен 207 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Осторожно: анонимные опросы перед выборами - это не социология, а технология влияния

В преддверии электорального периода в социальных сетях уже фиксируются анонимные опросы, в которых пользователей спрашивают, за кого они собираются голосовать, какой партии доверяют или как оценивают политическую ситуацию.

На первый взгляд это выглядит как обычное изучение общественного мнения. Но на самом деле подобные опросы зачастую направлены не столько на его изучение, сколько на его формирование.

Главная задача таких публикаций - создать у аудитории ощущение, что определенную позицию якобы уже разделяет большинство. Для этого могут использоваться сети ботов, рой-аккаунтов (ссылка на наш пост), фабрики троллей или сервисы «астротурфинга», позволяющие искусственно накручивать голоса в онлайн-опросах. Фактически любой желающий может в буквальном смысле «купить» нужный результат, а пользователи будут видеть его как мнение реальных людей.

Это известный психологический прием, когда человек склоняется к позиции, которую считает массовой. Именно поэтому манипуляторы стремятся не узнать мнение общества, а сначала создать иллюзию большинства, а затем использовать ее как «доказательство» общественных настроений.

При этом авторы подобных опросов не несут ответственности за их достоверность. Они не смогут подтвердить, кто именно участвовал в голосовании, сколько раз голосовали отдельные пользователи, применялась ли накрутка, как формировалась выборка и насколько результаты соответствуют реальному мнению граждан.

Именно поэтому порядок проведения опросов общественного мнения в электоральный период регулируется законодательством РК.

Согласно пункту 9 статьи 28 Конституционного закона «О выборах в Республике Казахстан», проводить опросы общественного мнения вправе только юридические лица, имеющие не менее пяти лет опыта проведения социологических исследований и предварительно уведомившие Центральную избирательную комиссию.

По состоянию на 22 июля 2026 года в ЦИК поступили уведомления о проведении опросов общественного мнения от 6 юридических лиц, с приложением копий соответствующих документов

ТОО «Институт Евразийской интеграции»

ТОО «DATAmetrics»

Частное учреждение «Институт общественной политики»

Частный фонд «Институт комплексных социальных исследований – Астана» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А»

Некоммерческое акционерное общество «Казахстанский институт общественного развития»

Общественное объединение «Научно-исследовательская Ассоциация «Институт демократии».

Эти организации используют научные методы исследования, раскрывают методологию, объем выборки, статистическую погрешность и несут ответственность за достоверность публикуемых данных.

Статья 120 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях предусматривает ответственность за проведение опросов с нарушением требований выборного законодательства, а также за публикацию результатов без обязательных сведений или с нарушением установленных законом ограничений.

Центр по борьбе с дезинформацией рекомендует: если вы видите в социальной сети анонимный «опрос», результаты которого преподносятся как мнение большинства, относитесь к нему критически. Настоящая социология строится на научной методологии и прозрачности, а не на количестве голосов, которое при желании можно искусственно увеличить за считанные минуты.

Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар - әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы

Сайлау науқаны қарсаңында әлеуметтік желілерде қолданушылардан кімге дауыс беруді жоспарлайтынын, қай партияға сенім білдіретінін немесе елдегі саяси ахуалға қатысты пікірін сұрайтын анонимді сауалнамалар тарала бастады.

Алғашқы қарағанда мұндай сауалнамалар қоғамдық пікірді зерттеудің қарапайым құралы сияқты көрінуі мүмкін. Алайда іс жүзінде олардың басым бөлігі қоғамдық пікірді анықтауға емес, оны қалыптастыруға бағытталады.

Мұндай жарияланымдардың негізгі мақсаты - белгілі бір көзқарасты қоғамның басым бөлігі қолдап отырғандай әсер қалыптастыру. Бұл үшін боттар желісі, тролльдер фабрикалары немесе онлайн-сауалнамалардағы дауыстарды жасанды түрде көбейтуге мүмкіндік беретін «астротурфинг» сервистері пайдаланылуы мүмкін. Нәтижесінде кез келген адам қажетті нәтижені іс жүзінде «сатып алып», оны көпшіліктің шынайы пікірі ретінде көрсете алады.

Бұл - адамның көпшілік ұстанған көзқарасқа бейім тұратын белгілі психологиялық тәсіл. Сондықтан манипуляторлар қоғамның шынайы пікірін білуге емес, алдымен «көпшілік қолдап отыр» деген иллюзияны жасап, кейін соны қоғамдық көңіл-күйдің «дәлелі» ретінде ұсынуға тырысады.

Сонымен қатар мұндай сауалнамаларды ұйымдастырушылар олардың нәтижесінің шынайылығына ешқандай жауап бермейді. Олар дауыс беруге нақты кімнің қатысқанын, бір пайдаланушының қанша рет дауыс бергенін, нәтижелердің қолдан бұрмаланғанын, іріктеудің қандай қағидатпен жүргізілгенін немесе алынған деректердің азаматтардың нақты пікірін қаншалықты көрсететінін дәлелдей алмайды.

Сол себепті де сайлау кезеңінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қатаң реттеледі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге әлеуметтік зерттеулер саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі бар және бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана құқылы.

2026 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы, тиісті құжаттардың көшірмелері қоса ұсынылған, 6 заңды тұлғадан хабарлама келіп түскен. Олар

«Еуразиялық интеграция институты» ЖШС

«DATAmetrics» ЖШС

«Қоғамдық саясат институты» жеке мекемесі

«Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ («СОЦИС-А» ИКСИ ҚҚ)

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» ҚБ.

Аталған ұйымдар ғылыми негізделген зерттеу әдістерін қолданады, зерттеу әдіснамасын, іріктеу көлемін, статистикалық қателік шегін жариялайды және ұсынылған деректердің дұрыстығына жауап береді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабына сәйкес, сайлау заңнамасының талаптарын бұза отырып қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгені, сондай-ақ оның нәтижелерін міндетті мәліметтерсіз немесе заңда белгіленген талаптарды бұза отырып жариялағаны үшін жауаптылық көзделген.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: егер әлеуметтік желілерде көпшіліктің пікірі ретінде ұсынылған анонимді сауалнамаларды көрсеңіз, олардың нәтижесіне сыни тұрғыдан қараңыз.

Шынайы әлеуметтанулық зерттеу дауыстар санымен емес, ғылыми әдіснамаға, ашықтыққа және тексерілетін деректерге негізделеді. Ал онлайн-сауалнамалардағы нәтижелерді санаулы минуттың ішінде жасанды түрде өзгертуге болады.

Сводка официальных опровержений за период с 1 по 10 июля 2026 года.

Фейк: Удар США по казахстанскому порту в иранском городе Бендер-Аббас.

Министерство торговли и интеграции РК: портовая инфраструктура Шахид-Раджаи и земельный участок, выделенный под казахстанский транспортно-логистический проект, не подвергались ударам и не получили повреждений. Проект находится на начальной стадии реализации, строительство объектов инфраструктуры не начиналось.

Комментарий ЦБД: распространение данной информации строилось на подмене понятий. В публикациях перспективный инвестиционный проект представлялся как уже действующий «казахстанский порт», что искусственно завышало масштаб события и формировало ложное представление об ущербе интересам Казахстана.

Фейк: Использование территории Казахстана для запуска беспилотников, примененных при атаках на объекты в Российской Федерации.

Министерство иностранных дел РК: подобные заявления являются провокацией. Казахстан не допускает использования своей территории, воздушного пространства и инфраструктуры для действий против других государств.

Комментарий ЦБД: подобные сообщения рассчитаны прежде всего на внешнеполитический резонанс. Их задача – сформировать впечатление о вовлеченности Казахстана в международный конфликт и спровоцировать недоверие как внутри страны, так и за ее пределами. Для подобных информационных операций характерно отсутствие проверяемых доказательств при высокой эмоциональной подаче.

Фейк: Официальный запрос Российской Федерации о поставке бензина из Казахстана.

Министерство энергетики РК: официальных обращений от российской стороны не поступало. Возможность экспорта может рассматриваться только после официального обращения и без ущерба внутреннему рынку.

Комментарий ЦБД: манипуляция построена по принципу подмены вероятности фактом. Теоретически возможный сценарий был представлен как уже состоявшееся решение, что создавало ложное ощущение неизбежности событий.

Фейк: Дефицит горюче-смазочных материалов в Казахстане вследствие поставок топлива за рубеж.

Правительство РК: внутренний рынок полностью обеспечен топливом, нефтеперерабатывающие заводы работают в штатном режиме, принимаются дополнительные меры по пресечению незаконного вывоза ГСМ.

Комментарий ЦБД: подобные сообщения регулярно появляются в периоды повышенного спроса на топливо. Их цель – сформировать ожидание дефицита, которое само по себе способно спровоцировать ажиотажный спрос и усилить общественную тревожность.

Фейк: Повышение таможенных пошлин на автомобили с 1 июля 2026 года.

Комитет государственных доходов Министерства финансов РК: действующие ставки таможенных пошлин не изменялись и продолжают применяться в соответствии с решениями Евразийской экономической комиссии.

Комментарий ЦБД: подобные публикации используют распространенный прием привязки слухов к календарной дате. Указание конкретного числа («с 1 июля») повышает доверие аудитории и стимулирует быстрое распространение информации до ее проверки.

Фейк: Пересыхание 100 гектаров посевных площадей в Алматинской области из-за нехватки поливной воды.

Министерство водных ресурсов и ирригации РК: подача воды осуществляется в штатном режиме, сведения о дефиците водных ресурсов не подтверждаются.

Комментарий ЦБД: подобные публикации эксплуатируют реальные опасения населения, связанные с засушливым периодом. Использование конкретных цифр и локальных географических привязок делает сообщение более убедительным, несмотря на отсутствие подтвержденных данных.

Опровержение Министерства здравоохранения ложной информации о тендерах на закупку вакцин

Комментарий ЦБД: В данном случае используется манипулятивный прием подмены причинно-следственных связей. Объем закупок вакцин ошибочно связывается исключительно с уровнем рождаемости, тогда как система плановой иммунизации охватывает несколько возрастных групп и рассчитывается по комплексу медицинских показателей. Подобные публикации формируют недоверие к системе здравоохранения за счет упрощенного толкования специализированной информации.

Дополнительно

К административной ответственности за распространение ложной информации привлечен гражданин, необоснованно выдававший себя в социальных сетях за военнослужащего ВС РК.

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық көлік-логистикалық жобаға бөлінген жер учаскесі соққыға ұшыраған жоқ және ешқандай зақым келмеген. Жоба іске асырудың бастапқы кезеңінде, инфрақұрылым нысандарының құрылысы әлі басталған жоқ.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл ақпарат ұғымдарды алмастыру әдісі арқылы таратылған. Жарияланымдарда болашақта іске асырылатын инвестициялық жоба қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған «қазақстандық порт» ретінде көрсетілген. Соның салдарынан оқиғаның ауқымы жасанды түрде ұлғайтылып, Қазақстан мүдделеріне нұқсан келді деген жалған түсінік қалыптастыру мақсатын көздеген.

Фейк: Ресей Федерациясындағы нысандарға шабуыл жасау үшін Қазақстан аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі: Мұндай мәлімдемелер арандатушылық сипатқа ие. Қазақстан өз аумағын, әуе кеңістігін және инфрақұрылымын басқа мемлекеттерге қарсы іс-қимылдар үшін пайдалануға жол бермейді.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл сияқты хабарламалар ең алдымен сыртқы саяси резонанс тудыруға бағытталған. Олардың мақсаты - Қазақстанды халықаралық жанжалға тартылған ел ретінде көрсету және ел ішінде, одан тыс жерлерде де сенімсіздік тудыру. Мұндай ақпараттық операцияларға эмоциялық реңктің жоғары болуы және тексеруге келетін нақты айғақтардың болмауы тән.

Фейк: Ресей Федерациясы Қазақстаннан бензин жеткізу туралы ресми сұраныс жолдады.

ҚР Энергетика министрлігі: Ресей тарапынан ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Экспорттау мүмкіндігі тек ресми өтініш болған жағдайда және ішкі нарықтың мүддесіне нұқсан келтірілмеген жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл манипуляция ықтималдықты нақты факт ретінде көрсету принципіне негізделген. Теориялық тұрғыда мүмкін болатын сценарий қабылданып қойған шешім ретінде ұсынылып, оқиғаның алдын алу мүмкін емес деген жалған пікір тудырған.

Фейк: Жанармайды шетелге экспорттау салдарынан Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының тапшылығы туындады.

ҚР Үкіметі: Ішкі нарық жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген, мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ЖЖМ-ны заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдануда.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай хабарламалар жанармайға сұраныс артқан кезеңдерде жиі пайда болады. Олардың мақсаты - жасанды тапшылық күту сезімін қалыптастыру, бұл өз кезегінде дүрлігуді тудырып, қоғамдық мазасыздықты күшейтуге қауқарлы.

Фейк: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап автокөліктерге салынатын кедендік баж салығы өсті.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті: Қолданыстағы кедендік баж салықтарының мөлшерлемелері өзгерген жоқ және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне сәйкес бұрынғы тәртіппен қолданылуын жалғастыруда.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай жарияланымдарда қауесетті нақты бір күнтізбелік күнге таңу әдісі қолданылған. Нақты күнді («1 шілдеден бастап») көрсету аудиторияның сенімін арттырып, ақпаратты тексергенге дейін оның жылдам таралуына түрткі болады.

Фейк: Алматы облысында суармалы судың тапшылығынан 100 гектар егістік алқабы қурап қалды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі: Су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, су ресурстарының тапшылығы туралы мәліметтер расталған жоқ.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай жарияланымдар халықтың құрғақшылық кезеңіне байланысты шынайы қауіп-қатерлерін өз мүддесіне пайдаланады. Нақты цифрлар мен жергілікті географиялық атауларды қолдану, расталған деректердің жоқтығына қарамастан, хабарламаны анағұрлым сенімді етіп көрсетеді.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцина сатып алуға қатысты тендерлер туралы жалған ақпаратты теріске шығарды.

JAQ.OrtCom түсініктемесі: Бұл жағдайда себеп-салдарлық байланыстарды алмастыруға негізделген манипуляциялық тәсіл қолданылған. Вакцина сатып алу көлемі тек бала туу көрсеткішімен қате байланыстырылған. Алайда жоспарлы иммундау жүйесі бірнеше жас санатын қамтиды және вакциналарға қажеттілік медициналық көрсеткіштердің жиынтығы негізінде есептеледі. Мұндай жарияланымдар мамандандырылған ақпаратты біржақты әрі үстірт түсіндіру арқылы денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді.

Қосымша

Әлеуметтік желілерде өзін ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі ретінде негізсіз таныстырып, жалған ақпарат таратқан азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Несмотря на официальное опровержение Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан, в информационном пространстве продолжают распространяться недостоверные сообщения о якобы нанесении удара по «казахстанскому порту» в иранском городе Бендер-Аббас.

Как разъяснило Министерство, по информации иранской стороны портовая инфраструктура Шахид-Раджаи, а также земельный участок, выделенный под казахстанский проект, не подвергались ударам и не получили каких-либо повреждений.

Кроме того, проект находится на начальном этапе реализации. Строительные работы на выделенном участке еще не начинались, объекты транспортно-логистической инфраструктуры отсутствуют, а казахстанская сторона не осуществляла капитальных вложений в строительство терминала.

Анализ распространения данной информации показывает, что в ее основе лежит подмена понятий. В публикациях создается впечатление, будто речь идет о действующем казахстанском портовом объекте, тогда как фактически речь идет о перспективном инвестиционном проекте, реализация которого еще не началась. Использование формулировок «казахстанский порт» без указания этих обстоятельств формирует у аудитории ложное представление о масштабах произошедшего.

Подобные сообщения также демонстрируют характерную особенность современного информационного пространства: многие публикации воспроизводят сведения друг друга без обращения к первоисточникам и официальным комментариям компетентных государственных органов. В результате даже после появления официального разъяснения недостоверная информация продолжает тиражироваться и восприниматься как достоверная.

Центр по борьбе с дезинформацией рекомендует при распространении сообщений о международных событиях, затрагивающих интересы Республики Казахстан, прежде всего обращаться к официальной информации уполномоченных государственных органов и учитывать полный контекст описываемых событий.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми терістеуіне қарамастан, ақпараттық кеңістікте Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа» соққы жасалғаны туралы жалған хабарламалар әлі де таралуда.

Министрліктің түсіндіруінше, ирандық тараптың мәліметі бойынша, Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы, сондай-ақ қазақстандық жоба үшін бөлінген жер учаскесі соққыға ұшырамаған және ешқандай зақым келмеген.

Бұдан бөлек, аталған жоба қазіргі уақытта бастапқы кезеңінде тұр. Бөлінген жер учаскесінде құрылыс жұмыстары әлі басталмаған, көлік-логистикалық инфрақұрылым нысандары жоқ. Сондай-ақ, қазақстандық тарап терминал құрылысына ешқандай қаржылық салымдар жасамаған.

Бұл ақпараттың таралу серпініне жасалған талдау оның негізінде ұғымдарды бұрмалау әрекеті жатқанын көрсетеді. Жарияланымдарда әңгіме қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қазақстандық порттық нысан туралы болып жатқандай әсер қалдырады. Алайда іс жүзінде бұл - іске асырылуы әлі басталмаған перспективалы инвестициялық жоба. Осы жағдайларды ескермей, «қазақстандық порт» деген тіркесті қолдану аудиторияда оқиғаның ауқымы туралы жалған түсінік қалыптастырады.

Мұндай хабарламалар қазіргі ақпараттық кеңістікке тән келеңсіз үрдісті көрсетеді: көптеген ақпарат көздері алғашқы дереккөздер мен құзыретті мемлекеттік органдардың ресми түсініктемелеріне жүгінбей, бір-бірінің мәліметтерін қайталап таратады. Салдарынан, ресми мәлімдеме шыққаннан кейін де жалған ақпарат тираждалып, шынайы ақпарат ретінде қабылдана береді.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты халықаралық оқиғалар туралы хабарламаларды тарату кезінде, ең алдымен, уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуді және сипатталған оқиғалардың толық мән-жайын ескеруді ұсынады.

Как нами манипулируют через фейки, которые давно опровергнуты?

Казалось бы, официальный разбор вышел - тема закрыта. Но вбросы продолжают циркулировать в чатах годами. В чём секрет их «живучести»?

Эксперты Центра по борьбе с дезинформацией копнули глубже и нашли истинную причину, которая вас удивит. Узнайте, как защитить свой мозг от профессионального обмана.

Выбирайте удобную платформу для просмотра

Смотреть на YouTube

Смотреть в TikTok

Смотреть в Instagram

Неліктен әлдеқашан теріске шығарылған фейктер әлі де «жұмыс істеп» тұр?

Ресми теріске шығару материалы жарияланып, тақырып жабылған сияқты көрінгенімен, мұндай жалған ақпараттар жылдар бойы чаттарда таралуын тоқтатпайды. Олардың бұл «өміршеңдігінің» сыры неде?

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының сарапшылары бұл мәселені жан-жақты зерттеп, күтпеген нәтижелерді анықтады.

Сананы кәсіби жалған ақпараттан қорғаудың жолдарын өзіңізге ыңғайлы платформадан қараңыз

YouTube

TikTok

Instagram

Анатомия современного Казнета: почему одни фейки становятся вирусными?

Сегодня дезинформация распространяется не потому, что люди не умеют читать новости. Она распространяется потому, что использует психологию доверия, эмоции и особенности общения в цифровой среде.

Голосовые сообщения: «Я предупреждаю своих…»

Текст можно перечитать и усомниться в нем. Голосовое сообщение воспринимается иначе: живой голос, эмоциональная интонация, ссылки на «знакомых в акимате», «врача» или «сотрудника полиции» создают иллюзию достоверности.

Так распространялись ложные сообщения о химических выбросах, массовых отключениях воды и других чрезвычайных ситуациях. Во многих случаях авторы призывали «срочно переслать всем», играя на чувстве ответственности за близких.

Манипуляция на государственном языке

Все чаще недостоверная информация распространяется на казахском языке. Это позволяет быстрее охватывать локальные сообщества и региональные чаты, где публикации активно пересылаются между знакомыми.

Один из недавних примеров - сообщения о том, что с 1 июля якобы запрещается парковать автомобили возле частных жилых домов. На самом деле изменения касались лишь длительного хранения брошенных и разукомплектованных автомобилей на территориях общего пользования, однако юридическая норма была сознательно представлена как новый запрет для всех автовладельцев.

Самая опасная ложь - та, в которой есть доля правды

Манипуляторы редко выдумывают события полностью. Гораздо эффективнее взять реальный факт и дополнить его ложными выводами.

Так, информация о плановых работах на месторождении стала основой для слухов о якобы неизбежном дефиците автогаза в Мангистауской и Атырауской областях. В действительности поставки осуществлялись в штатном режиме, а объемы топлива превышали заявленную потребность.

По такому же принципу отдельные преступления в Кызылординской области были искусственно объединены в историю о «серийном убийце», хотя правоохранительные органы подтвердили, что эти случаи между собой не связаны.

Главный вывод

Дезинформация чаще всего воздействует не на знания человека, а на его эмоции. Поэтому лучшая защита — не мгновенная реакция, а критическая пауза.

Прежде чем переслать тревожное сообщение, задайте себе три вопроса

Кто является источником информации?

Есть ли подтверждение со стороны официальных органов или нескольких независимых источников?

Не пытаются ли вызвать у меня страх, возмущение или ощущение срочности?

Именно эти несколько секунд проверки нередко становятся лучшей защитой от манипуляций.

Қазіргі Қазақстандық интернет кеңістіктің анатомиясы: неліктен кейбір фейктер тез таралады?

Бүгінде жалған ақпарат адамдардың жаңалықты оқи алмайтындығынан емес, сенім психологиясын, эмоциясын және цифрлық ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін тиімді пайдаланатындықтан кеңінен таралуда.

Дауыс хабарламалары: «Жеке арналардан жеткен ескерту...»

Мәтінді қайта оқып, оған күмән келтіру мүмкіндігі жоғары. Ал дауыс хабарламасы мүлдем басқаша қабылданады: тірі дауыс, эмоциялық интонация, «әкімдіктегі таныс», «білікті дәрігер» немесе «құқық қорғау органының қызметкеріне» сілтеме жасау ақпараттың шынайылығы туралы жалған әсер қалыптастырады.

Дәл осындай тәсілмен химиялық шығарындалар, судың жаппай өшірілуі және басқа да төтенше жағдайлар туралы жалған хабарламалар тараған болатын. Көп жағдайда авторлар «бәріне шұғыл жіберіңіз» деп үндеу тастап, жақындары үшін жауапкершілік сезіміне манипуляция жасайды.

Мемлекеттік тілдегі манипуляция

Соңғы уақытта жалған ақпарат қазақ тілінде жиі тарай бастады. Бұл жергілікті қауымдастықтар мен өңірлік чаттарды жылдам қамтуға мүмкіндік береді, өйткені мұндай хабарламалар таныстар мен туыстар арасында белсенді түрде бөлісіледі.

Жақында таралған мысалдардың бірі – «1 шілдеден бастап жеке тұрғын үйлердің маңына автокөлік қоюға тыйым салынады» деген ақпарат. Шын мәнінде өзгерістер тек ортақ пайдаланылатын аумақтарда қараусыз қалған және бөлшектелген көліктерді ұзақ уақыт сақтауға қатысты болды. Алайда құқықтық норма әдейі бұрмаланып, барлық жүргізушілерге қатысты жаңа тыйым ретінде ұсынылған.

Ең қауіпті өтірік – құрамында шындықтың үлесі бары

Манипуляторлар оқиғаны толықтай ойдан шығармайды. Оның орнына нақты фактіні алып, оған жалған қорытынды қосады.

Мысалы, кен орнындағы жоспарлы жұмыстар туралы ақпарат Маңғыстау және Атырау облыстарында автогаз тапшылығы болады деген үрейге ұласты. Іс жүзінде жеткізілімдер штаттық режимде жүргізіліп, отын көлемі жарияланған қажеттіліктен де жоғары болды.

Осыған ұқсас, Қызылорда облысында болған бірнеше жеке қылмыс өзара байланысы жоқ болса да, «сериялық кісі өлтіруші» туралы жалған оқиғаға біріктірілді. Құқық қорғау органдары бұл фактілердің бір-бірімен байланысы жоқ екенін ресми түрде растады.

Қорытынды

Жалған ақпарат адамның біліміне емес, ең алдымен эмоциясына әсер етеді. Сондықтан ең тиімді қорғаныс – асығыс әрекет емес, ақпаратты сын тұрғысынан бағалайтын қысқа үзіліс.

Кез келген үрей тудыратын хабарламаны өзгелерге жібермес бұрын өзіңізге мына үш сұрақты қойыңыз

Ақпараттың бастапқы көзі кім және ол сенімді ме?

Ресми органдар немесе бірнеше тәуелсіз дереккөз бұл ақпаратты растады ма?

Бұл хабарлама менде қорқыныш, ашу немесе асығыстық сезімін әдейі тудырып тұрған жоқ па?

Кейде дәл осы бірнеше секундтық тексеріс манипуляциядан қорғанудың ең тиімді жолына айналады.

Какие темы чаще всего становились объектами дезинформации во II квартале 2026 года? Какие приемы использовали распространители недостоверной информации? Какие государственные органы и общественные темы оказались в зоне повышенного внимания манипуляторов?

Ответы на эти и другие вопросы - в Бюллетене Центра по борьбе с дезинформацией за II квартал 2026 года.

2026 жылдың ІІ тоқсанында қандай тақырыптар жалған ақпарат нысанына айналды? Жалған ақпарат таратушылар қандай тәсілдерді қолданды? Манипуляторлардың ерекше назарына қандай мемлекеттік органдар мен қоғамдық мәселелер ілікті?

Осы және өзге де өзекті сұрақтардың жауабы - Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының 2026 жылдың ІІ тоқсанына арналған ақпараттық бюллетенінде.

Центром по борьбе с дезинформацией Службы центральных коммуникаций подготовлен Обзор опровержений за июнь 2026 года.

Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2026 жылы маусым айында теріске шығарылған жалған ақпараттарға шолу дайындады.

В канун профессионального праздника работников средств массовой информации Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев поздравил представителей медиасферы и отметил особую роль профессиональной журналистики в современном мире.

Глава государства остановился на роли журналистов в борьбе с распространением дезинформации

«Современные технологии породили «ботофермы», которые целенаправленно засевают цифровое поле семенами раздора. Распространение откровенной лжи и клеветы, которые теперь буднично называют дипфейками, сформировало опасный феномен «постправды», где объективные факты подменяются управляемыми эмоциями и злонамеренными провокациями. Для подрыва общественной солидарности и согласия, компрометации государственных институтов используются инструментарии искусственного интеллекта.

Поддельные цифровые копии публичных лиц практически неотличимы от оригиналов, и данные технологии уже активно осваиваются разного рода мошенниками и деструктивными силами. Поэтому ответственные работники медиасферы должны стать частью «иммунного ответа» государства на эти гибридные, опаснейшие по своей сути вызовы, угрозы. Вашу роль здесь трудно переоценить», – сказал Касым-Жомарт Токаев.

В этих условиях качественная журналистика остается одним из важнейших инструментов защиты общества от дезинформации. Профессиональная работа журналистов помогает людям ориентироваться в информационном потоке, отличать факты от домыслов, а проверенную информацию – от манипуляций.

Центр по борьбе с дезинформацией выражает признательность всем представителям медиасферы, которые сохраняют приверженность фактам, придерживаются высоких профессиональных стандартов и осознают ответственность перед обществом за достоверность распространяемой информации.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медиа саласының өкілдерін құттықтап, қазіргі заманда кәсіби журналистиканың айрықша рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысы жалған ақпараттың таралуына қарсы күрестегі журналистердің маңызына арнайы тоқталды

«Заманауи технологиялар цифрлық алаңда алауыздықты әдейі ушықтыратын «ботофермалардың» пайда болуына түрткі болды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату, адамды қаралау, өтірікті шындай соғатын қауіпті құбылыс қалыптасты. Оны қазір дипфейк деп атайды. Яғни объективті фактілер эмоцияның көлеңкесінде қалып, қасақана арандатушылық туғызады. Қоғамның ынтымақ-бірлігіне сына қағып, мемлекеттік институттардың атына кір келтіру үшін жасанды интеллект құралдары қолданылады. Танымал тұлғалардың жасанды цифрлық бейнелерін түпнұсқадан ажырату мүмкін емес.

Мұндай технологияларды түрлі алаяқтар мен деструктивті күштер белсенді пайдаланады. Сондықтан медиа саласының қызметкерлері жауапкершілік танытып, мемлекеттің аталған гибридті, аса қауіпті қатерлерге төтеп беруіне атсалысуға тиіс. Осы орайда сіздердің еңбектеріңіз орасан», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұндай жағдайда сапалы журналистика қоғамды жалған ақпараттан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Журналистердің кәсіби қызметі азаматтарға ақпарат ағынында бағдар табуға, фактілерді жорамалдан ажыратуға, сондай-ақ тексерілген мәліметтерді манипуляциядан айыра білуге көмектеседі.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы фактілерге адалдық танытып, жоғары кәсіби стандарттарды ұстанатын және таратылатын ақпараттың шынайылығы үшін қоғам алдында жауапкершілікті терең сезінетін медиа өкілдеріне алғыс білдіреді.

За распространение ложной информации в сети наступает реальная ответственность

В Казахстане сформировалась правоприменительная практика по фактам распространения дезинформации.

По данным Министерства внутренних дел, за первые пять месяцев 2026 года к административной ответственности по статье 456-2 КоАП РК (Размещение, распространение ложной информации, противоправного контента) привлечены 59 человек. Кроме того, по статье 274 Уголовного кодекса (Распространение заведомо ложной информации) зарегистрировано 20 уголовных дел, часть из которых уже направлена в суд.

Анализ показывает, что поводом для привлечения к ответственности могут стать не только публикации в средствах массовой информации, но и сообщения в социальных сетях, комментарии, видеоролики и иной пользовательский контент.

Среди последних примеров - случаи привлечения к ответственности за распространение недостоверных сведений о чрезвычайных происшествиях, публикацию постановочных видеороликов, выдаваемых за реальные события, а также распространение не соответствующих действительности сообщений о деятельности государственных органов и правоохранительных структур.

Отдельного внимания заслуживают случаи использования технологий искусственного интеллекта. Генерация изображений, аудиозаписей и видеороликов не освобождает автора от ответственности за последствия их распространения. Если созданный с помощью нейросетей контент вводит граждан в заблуждение, провоцирует панику либо выдается за реальные события, его публикация также может стать предметом правовой оценки.

Каждая публикация имеет автора, а каждая резонансная ложная информация оставляет цифровой след.

Судебная и административная практика демонстрируют, что случаи распространения недостоверной информации получают правовую оценку независимо от количества подписчиков, популярности аккаунта или используемых технологий.

Центр по борьбе с дезинформацией рекомендует критически относиться к непроверенным сообщениям, не распространять сведения из сомнительных источников. Помните, что стремление привлечь внимание аудитории не освобождает от обязанности отвечать за достоверность публикуемой информации.

Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік туындайды

Қазақстанда жалған ақпарат тарату фактілері бойынша құқық қолдану тәжірибесі қалыптасып келеді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 5 айында ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы (Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату) бойынша 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша 20 қылмыстық іс тіркеліп, олардың бір бөлігі сотқа жолданды.

Талдау көрсеткендей, жауапкершілікке тартуға тек бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердегі хабарламалар, пікірлер, бейнероликтер және өзге де пайдаланушы контенті негіз болуы мүмкін.

Соңғы мысалдардың қатарында, төтенше жағдайлар туралы жалған мәліметтер тарату, шынайы оқиға ретінде көрсетілген қойылымдық бейнероликтер жариялау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының қызметі туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату жағдайлары бар.

Жасанды интеллект технологияларын қолдану жағдайларына ерекше назар аударылады. Нейрожелілер арқылы суреттерді, аудиожазбаларды және бейнероликтерді генерациялау авторды оларды таратудың салдары үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер мұндай контент азаматтарды адастырса, үрей туғызса немесе шынайы оқиға ретінде ұсынылса, оның жариялануына міндетті түрде құқықтық баға беріледі.

Әрбір жарияланымның нақты авторы бар, ал кез келген резонансты жалған ақпарат соңында цифрлық із қалдырады.

Сот және әкімшілік тәжірибе көрсеткендей, құқықтық шаралар парақшаның жазылушылар санына, аккаунттың танымалдығына немесе қолданылған технологияларға қарамастан қабылданады.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы кез келген тексерілмеген хабарламаларға сын көзқараспен қарап, күмәнді дереккөздерден алынған мәліметтерді таратпауды ұсынады. Есіңізде болсын, аудиторияның назарын аударуға ұмтылу жарияланатын ақпараттың шынайылығы мен дұрыстығы үшін заң алдында жауап беру міндетінен босатпайды.

В информационном пространстве продолжают фиксироваться случаи, когда сложные отраслевые вопросы подаются через упрощенные и эмоционально окрашенные формулировки, способные формировать у аудитории искаженное представление о реальной ситуации.

Одним из распространенных приемов таких манипуляций является смешение различных процессов и категорий данных в рамках одной публикации. В результате сведения, относящиеся к отдельным сегментам рынка, могут восприниматься как характеристика ситуации в отрасли в целом.

Подобный подход особенно часто встречается при освещении вопросов энергетики, транспорта, продовольственной безопасности и иных социально чувствительных тем, где отдельные показатели или локальные проблемы интерпретируются как свидетельство системного кризиса либо угрозы для населения.

В этой связи Центр по борьбе с дезинформацией рекомендует внимательно относиться к публикациям, содержащим заявления о возможном дефиците, перебоях, ограничениях или иных масштабных последствиях. Как правило, они априори не соответствуют действительности. Это становится ясно после сопоставления с официальными разъяснениями профильных государственных органов.

Как пояснили в Министерстве энергетики Республики Казахстан отечественные потребители полностью обеспечиваются топливом собственного производства. При внутренней потребности порядка 680 тыс. тонн объем производства в текущем году составит от 750 до 825 тыс. тонн. Вопросы поставок импортного керосина касаются преимущественно заправки иностранных авиакомпаний, выполняющих транзитные рейсы через Казахстан, и не влияют на обеспечение внутренних авиаперевозок.

При этом для обеспечения транзитных перевозчиков предпринимаются меры по диверсификации поставок. Импортный ресурс закупается из России, Китая, Туркменистана и других альтернативных источников. Параллельно прорабатываются решения по упрощению импорта авиатоплива и снижения пошлин на его ввоз. По информации ведомства, аэропорты страны функционируют в штатном режиме, а рисков дефицита топлива для казахстанских авиакомпаний и пассажиров не имеется.

Ақпараттық кеңістікте күрделі салалық мәселелерді жеңілдетілген әрі эмоционалды түрде жеткізу арқылы аудиторияда шынайы жағдай туралы теріс түсінік қалыптастыру жағдайлары әлі де тіркелуде.

Мұндай манипуляциялардың жиі кездесетін әдістерінің бірі - бір жарияланым аясында әртүрлі процестер мен деректер санаттарын араластырып ұсыну. Нәтижесінде нарықтың жекелеген сегменттеріне ғана қатысты мәліметтер жалпы саланың көрсеткіші ретінде бұрмаланып қабылдануы мүмкін.

Бұл тәсіл әсіресе энергетика, көлік, азық-түлік қауіпсіздігі және өзге де әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жариялау кезінде жиі қолданылады. Мұндайда жекелеген көрсеткіштер немесе жергілікті сипаттағы мәселелер жүйелі дағдарыстың немесе халыққа төнетін қауіптің дәлелі ретінде негізсіз түсіндіріледі.

Осыған байланысты, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ықтимал тапшылық, үзілістер, шектеулер немесе басқа да ауқымды салдарлар туралы мәлімдемелерді қамтитын жарияланымдарға мұқият қарауды ұсынады. Әдетте, олар шындыққа сәйкес келмейді. Бұған құзырлы мемлекеттік органдардың ресми түсініктемелерімен салыстыру арқылы көз жеткізуге болады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі түсіндіргендей, отандық тұтынушылар өзімізде өндірген отынмен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Еліміздің ішкі қажеттілігі шамамен 680 мың тоннаны құраса, биылғы өндіріс көлемі 750-ден 825 мың тоннаға дейін жетеді деп жоспарлануда. Импорттық керосинді жеткізу мәселелері негізінен Қазақстан арқылы транзиттік рейстерді орындайтын шетелдік авиакомпанияларға жанармай құюға қатысты. Бұл көрсеткіш ішкі әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге ешқандай әсер етпейді.

Бұл ретте транзиттік тасымалдаушыларды үздіксіз қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта импорттық ресурс Ресей, Қытай, Түрікменстан және басқа да баламалы көздерден сатып алынуда. Сонымен қатар, авиаотын импортын жеңілдету және оны әкелуге салынатын баж салығын төмендету бойынша шешімдер пысықталып жатыр. Ведомствоның мәліметінше, еліміздің әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазақстандық авиакомпаниялар мен жолаушылар үшін жанармай тапшылығының ешқандай қаупі жоқ.