Архив доступен 244 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Административная юстиция и её роль в обеспечении верховенства права

️ В Астане состоялся традиционный форум «Административная юстиция и её роль в обеспечении верховенства права», ставший площадкой для открытого диалога между представителями судебной власти, государственных органов, бизнеса и инвесторов.

️ В мероприятии приняли участие казахстанские и зарубежные судьи, эксперты, руководители крупных компаний и представители международного делового сообщества.

️ С ключевым докладом выступил Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев. Глава государства подчеркнул значение эффективной институциональной среды как одного из главных факторов инвестиционной привлекательности страны. Особое внимание было уделено необходимости поддержания справедливого баланса между интересами государства и ожиданиями бизнеса и инвесторов.

️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев сделал акцент на роли судебной системы и специализированных институтов в обеспечении прозрачности административных процедур, защите предпринимателей и эффективном разрешении споров, связанных с инвестиционной деятельностью.

️ Практическим опытом и взглядом инвесторов на развитие казахстанской юрисдикции поделились председатель Совета директоров Cove Capital Пини Альтхаус, управляющий директор Alstom в Западной и Центральной Азии Жером Бойе, глава Представительства германской экономики в Центральной Азии Эдуард Кинсбрунер и генеральный директор Freedom Holding Corp Тимур Турлов. Они обозначили актуальные вызовы, с которыми сталкиваются инвесторы, и отметили важность дальнейшего совершенствования правовых механизмов защиты бизнеса.

️ Тему формирования прозрачной и предсказуемой правовой среды продолжили председатель НПП «Атамекен» Канат Шарлапаев, генеральный директор ТОО «Тенгизшевройл» Уильям Лакоби, исполнительный директор UBM Kazakh Investment Золтан Нитрай и председатель Ассоциации инвесторов Казахстана Рустам Журсунов. Была подчеркнута необходимость снижения регуляторной неопределённости и укрепления доверия между государством и бизнесом.

️ Отдельное внимание участники уделили результатам работы административной юстиции, созданной по инициативе Президента Казахстана. О её эффективности и влиянии на инвестиционный климат рассказали региональный старший вице-президент компании Wabtec Канат Алпысбаев и генеральный директор Kazak Protein Коксал Салих Юлдыз.

️ В ходе форума представители высших судебных органов Казахстана, Узбекистана и Кыргызстана — Аслан Тукиев, Шухрат Полванов и Нургуль Бакирова, судья Верховного суда Азербайджана Сайяд Каримов, судья Конституционного Суда РК Роман Подопригора, руководитель отдела комплаенса GIZ Йорк Пуделька, депутат Мажилиса РК Марат Башимов и председатель Кассационного суда РК Берик Нажмиденов обсудили перспективы развития административной юстиции на евразийском континенте. В центре внимания находились вопросы совершенствования правоприменительной практики, судебных процедур и укрепления международного сотрудничества с учётом лучших мировых стандартов.

️ Подводя итоги, участники отметили высокий уровень экспертной дискуссии, атмосферу конструктивного взаимодействия и практическую значимость форума.

️ Было подчеркнуто, что дальнейшее развитие административной юстиции остаётся важным условием укрепления верховенства права, повышения инвестиционной привлекательности и устойчивого экономического развития Казахстана.

Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі

️ Астанада сот билігі, мемлекеттік органдар, бизнес және инвесторлар арасындағы ашық диалог алаңына айналған «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты дәстүрлі форум өтті.

️ Іс-шараға қазақстандық және шетелдік судьялар, сарапшылар, ірі компаниялардың басшылары және халықаралық іскерлік қоғамдастық өкілдері қатысты.

️ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Мемлекет басшысы елдің инвестициялық тартымдылығының басты факторларының бірі ретінде тиімді институционалдық ортаның маңыздылығын атап өтті. Мемлекет мүдделері мен бизнес пен инвесторлардың күтулері арасындағы әділ теңгерімді сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылады.

️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев әкімшілік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етудегі, кәсіпкерлерді қорғаудағы және инвестициялық қызметке байланысты дауларды тиімді шешудегі сот жүйесі мен мамандандырылған институттардың рөліне назар аударды.

️ Қазақстандық юрисдикцияны дамытуға инвесторлардың практикалық тәжірибесі мен көзқарасымен Cove Capital директорлар кеңесінің төрағасы Пини Альтхаус, Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойе, Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Эдуард Кинсбрунер және Freedom Holding Corp Бас директоры Тимур Турлов бөлісті. Олар инвесторлар алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді белгілеп, бизнесті қорғаудың құқықтық тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

️ Ашық және болжамды құқықтық ортаны қалыптастыру тақырыбын «Атамекен» ҰКП Төрағасы Қанат Шарлапаев, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Бас директоры Уильям Лакоби, «UBM Kazakh Investment» ЖШС-нің Бас атқарушы директоры Золтан Нитрай және «Қазақстан Инвесторлар қауымдастығының» Басқарма төрағасы Рустам Жүрсінов жалғастырды. Мемлекет пен бизнес арасындағы тұрақты белгісіздікті төмендету және сенімді нығайту қажеттігі атап өтілді.

️ Қатысушылар Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған әкімшілік әділет жұмысының нәтижелеріне ерекше назар аударды. Оның тиімділігі мен инвестициялық климатқа әсері туралы «Wabtec» компаниясының аймақтық аға вице-президенті Қанат Алпысбаев пен «Kazak Protein» ЖШС-нің Бас директоры Коксал Салих Юлдыз айтып берді.

️ Форум барысында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның жоғары сот органдарының өкілдері - Аслан Түкиев, Шухрат Полванов және Нұргүл Бакирова, Әзербайжан Жоғарғы Сотының судьясы Сайяд Кәрімов, ҚР Конституциялық сотының судьясы Роман Подопригора, GIZ қоғамының комплаенс бөлімінің басшысы Йорк Пуделька, ҚР Мәжілісінің депутаты Марат Башимов және ҚР әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының төрағасы Берік Нәжімиденов Еуразия құрлығындағы әкімшілік әділетті дамыту перспективаларын талқылады. Құқық қолдану практикасын, сот рәсімдерін жетілдіру және озық әлемдік стандарттарды ескере отырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері басты назарда болды.

️ Қорытындылай келе, қатысушылар сараптамалық пікірталастың жоғары деңгейін, сындарлы өзара іс-қимыл атмосферасын және форумның практикалық маңыздылығын атап өтті. Әкімшілік әділетті одан әрі дамыту құқық үстемдігін нығайтудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың және Қазақстанның орнықты экономикалық дамуының маңызды шарты болып қала беретіні атап өтілді.

️ Ынтымақтастықтың жаңа форматы судьяларды, ғалымдар мен сарапшыларды тәжірибе алмасу, кәсіби диалогты дамыту және еуразиялық кеңістікте әкімшілік сот ісін жүргізудің үздік практикасын ілгерілету үшін біріктіруге арналған.

Ознакомились с работой суда и порядком поступления на государственную службу в судебные органы

В Акмолинском областном суде провели «День открытых дверей» для студентов Кокшетауского университет» имени Ш.Уалиханова.

Участников мероприятия встретили представители Департамента Судебной администрации Республики Казахстан по Акмолинской области.

Руководители структурных подразделений и специалисты департамента ознакомили студентов с залом ожидания суда, с «Судебным кабинетом», а также с информационно-справочными материалами. Студентам показали залы судебных заседаний, рассказали об обязанностях секретарей судебных заседаний и использовании электронных технологий в работе суда.

Кроме того, была организована экскурсия в судебный архив и музей.

В завершение встречи студентам разъяснили порядок поступления на государственную службу.

Сот органдарына мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен

сот жұмысымен танысты.

Ақмола облыстық сотында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері үшін Ашық есік күні өтті.

Іс-шараға қатысушыларды ҚР СӘ Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері қарсы алды.

Департаменттің құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары студенттерге облыстық сотының «Күту залы», «Сот кабинеті» бұрышы, ақпараттық-анықтамалық материалдармен таныстырды. Сот отырысы залдары көрсетіліп, сот отырысы хатшыларының міндеттері мен электрондық технологиялардың пайдалануы туралы айтылды.

Сонымен қатар, сот мұрағаты мен мұражайға экскурсия ұйымдастырылды.

Соңында студентермен мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді.

За неуважение к суду привлечена к общественным работам.

Сандыктауский районный суд рассмотрел дело об административном правонарушении в отношении гражданки Н. за проявление неуважения к суду (ст.653 ч.1 КоАП).

Судом установлено следующее.

В отношении гражданки Н. был составлен протокол об административном правонарушении за нецензурную брань в адрес своего сожителя, т.е. неуважение к лицу, состоящим с ней в семейно-бытовых отношениях (ст.73 ч.1 КоАП).

В суде, в ходе рассмотрения дела, Н. признала вину, примирилась с потерпевшим, конфликт урегулировали, потерпевший сожитель подтвердил факт примирения, просили дело прекратить.

Постановлением суда производство по делу об административном правонарушении в отношении Н. по ст.73 ч.1 КоАП прекращено, в связи с примирением сторон.

Но, гражданка Н. после завершения судебного заседания, находясь в здании суда, стала выражаться нецензурной бранью в адрес присутствующих лиц и игнорировала замечания.

По данному факту составлен протокол об административном правонарушении за проявление неуважения к суду и постановлением суда ей назначено наказание в виде привлечения к общественным работам на 20 часов.

Сотты құрметтемегені үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сандықтау аудандық сотында азаматша Н.-ға қатысты сотты құрметтемеу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі).

Сотпен келесі мән-жайлар анықталды.

Азаматша Н.-ға өзінің бірге тұратын серіктесінің атына балағат сөздер айтып, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамға құрметсіздік танытқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған (ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі).

Сот отырысында Н. өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен татуласқанын, жанжалдың реттелгенін мәлімдеді. Жәбірленуші бірге тұратын серіктесі де татуласу фактісін растады және істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Алайда, азаматша Н. сот отырысы аяқталғаннан кейін сот ғимаратында бола тұрып, балағат сөздер айтып, жасалған ескертулерді елемеген.

Осы факт бойынша сотты құрметтемеу дерегімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот қаулысымен оған 20 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Обсудили вопросы применения УДО и ЗМН.

Судья Кокшетауского городского суда Динара Нуржанова провела «круглый стол» на тему «Применение условно-досрочного освобождения и замена меры наказания с соблюдением требований законодательства».

В мероприятии приняли участие судьи, представители органов прокуратуры, отдела по руководству службы пробации ДУИС, службы пробации, учреждений УИС и Управления полиции г.Кокшетау.

Участники «круглого стола» обсудили вопросы применения норм уголовного и уголовно-исполнительного законодательства, регулирующих порядок условно-досрочного освобождения осужденных и замены наказания. Особое внимание уделено вопросам формирования единообразной судебной практики, соблюдения требований законодательства при рассмотрении материалов, обеспечения баланса между целями наказания и социальной адаптацией осужденных.

Судьи разъяснили основания для отказа в удовлетворении ходатайств, проанализированы причины и обращено внимание на необходимость соблюдения законодательства при подготовке материалов, направляемых в суд.

В ходе обмена мнениями выработаны рекомендации и предложения.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру сұрақтары талқыланды.

Көкшетау қалалық сотының судьясы Динара Нұржанова «Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды және жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруды заңнама талаптарына сәйкес қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға судьялар, прокуратура органдарының өкілдері, ҚАЖД пробация қызметіне басшылық жасау бөлімінің, пробация қызметінің, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және Көкшетау қаласы полиция басқармасының өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру тәртібін реттейтін қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамаларының нормаларын қолдану мәселелерін талқылады.

Сот тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыруға, материалдарды қарау кезінде заң талаптарын сақтауға, жазаның мақсаттары мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Судьялар өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартудың негіздерін түсіндіріп, себептеріне талдау жасады және сотқа жолданатын материалдарды дайындау кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттігіне назар аударды.

Пікір алмасу барысында ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.

Верховный Суд принял Разъяснение по вопросам подсудности исков новых кредиторов при уступке права требования

️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев провел очередное пленарное заседание высшего судебного органа.

️ Участники заседания обсудили проект Разъяснения «О некоторых вопросах применения судами правил о подсудности гражданских дел по искам новых кредиторов при уступке права требования (цессии)».

️ Председатель судебной коллегии по гражданским делам Верховного Суда Нурсерик Шарипов отметил, что необходимость принятия Разъяснения обусловлена задачей защиты конституционных гарантий и прав ответчиков на полноценный доступ к правосудию.

️ Речь идет о спорах по банковским займам. Ранее иски, как правило, предъявлялись по месту нахождения банка-кредитора. После уступки права требования коллекторским агентствам последние стали обращаться в суды по месту своего нахождения.

️ Такая практика фактически ограничивала возможность ответчиков защищать свои права по месту жительства, а также привела к существенной и искусственной перегрузке отдельных судов, прежде всего в Алматы, где сосредоточено большинство банков второго уровня и коллекторских агентств.

️ Так, из 609 тыс. исков, поступивших в суды страны в 2023 году, 150 тыс., или 25%, пришлось на суды г. Алматы. В 2024 году этот показатель составил 29%, в 2025 году — 26%.

️ Как отметил Н. Шарипов, судебная коллегия выработала правовую позицию, согласно которой условие договора займа об изменении территориальной подсудности при перемене лиц в обязательстве прекращает свое действие. Данные выводы основаны на нормах Конституции, ГПК и ГК.

️ Участники пленарного заседания поддержали данную позицию и закрепили ее в Разъяснении.

️ Согласно документу, при определении подсудности исков коллекторских агентств судам следует исходить из того, что соглашение о договорной подсудности, заключенное между первоначальным кредитором и должником, прекращает действие после уступки права требования. В таких случаях применяется общее правило: иск предъявляется по месту жительства ответчика.

️ Также на пленарном заседании был рассмотрен вопрос об обновлении состава Международного совета при Верховном Суде. Этот консультативно-совещательный орган играет важную роль в экспертном сопровождении судебной реформы, обмене мнениями и изучении международного опыта.

️ Говоря о работе Международного совета, Асламбек Мергалиев отметил качество экспертных заключений, прозвучавших на его заседаниях, а также конструктивный характер профессионального обсуждения с учетом международной практики.

️ Председатель Верховного Суда представил обновленный состав Совета, подчеркнув опыт и авторитет его членов как в сфере юриспруденции, так и в экспертной деятельности в целом.

️ Участники пленарного заседания единогласно проголосовали за обновленный состав Международного совета.

️ Список размещен здесь: https://sud.kz/rus/content/polozhenie-i-sostav

Жоғарғы Сот талап ету құқығын беру кезінде жаңа кредиторлардың талап қоюларының соттылығы мәселелері бойынша Түсіндірме қабылдады

️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

️ Отырысқа қатысушылар «Талап ету құқығын (цессияны) басқаға беру кезінде жаңа кредиторлардың талап қоюлары бойынша азаматтық істердің соттылығы туралы ережелерді соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Түсіндірме жобасын талқылады.

️ Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Түсіндірмені қабылдау қажеттілігі сот төрелігіне толыққанды қол жеткізу үшін жауапкерлердің конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қорғау міндетіне негізделгенін атап өтті.

️ Сөз банктік қарыздар бойынша даулар туралы болып отыр. Бұрын талап қоюлар, әдетте, несие беруші банктің орналасқан жері бойынша берілетін болған. Коллекторлық агенттіктерге талап ету құқығын бергеннен кейін, соңғысы орналасқан жері бойынша соттарға жүгіне бастады.

️ Мұндай практика жауапкерлердің тұрғылықты жері бойынша өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін іс жүзінде шектеді, сондай-ақ жекелеген соттардың, ең алдымен екінші деңгейдегі банктер мен коллекторлық агенттіктердің көпшілігі шоғырланған Алматыда елеулі және жасанды шамадан тыс жүктемесіне әкелді.

️ Мәселен, 2023 жылы ел соттарына келіп түскен 609 мың талап қоюдың 150 мыңы немесе 25%-ы Алматы қаласының соттарына келіп түсті. 2024 жылы бұл көрсеткіш 29%, 2025 жылы – 26% болды.

️ Н.Шәріпов атап өткендей, сот алқасы тұлғаларды міндеттемеде ауыстырған кезде аумақтық соттылығын өзгерту туралы қарыз шартының талабы өзінің қолданысын тоқтатады деген құқықтық ұстанымды әзірледі.

️ Бұл тұжырымдар Конституция, АПК және АК нормаларына негізделген.

️ Жалпы отырысқа қатысушылар бұл ұстанымды қолдап, оны Түсіндірмеде бекітті.

️ Құжатқа сәйкес, коллекторлық агенттіктердің талап қоюларының соттылығын анықтау кезінде соттар бастапқы кредитор мен борышкер арасында жасалған шарттық соттылық туралы келісім талап ету құқығын басқаға бергеннен кейін қолданылуын тоқтататындығына негізделуі керек.

️ Мұндай жағдайларда жалпы ереже қолданылады: жауапкердің тұрғылықты жері бойынша талап қою беріледі. Сондай-ақ, жалпы отырыста Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің құрамын жаңарту туралы мәселе қаралды.

️ Бұл консультативтік-кеңесші орган сот реформасын сараптамалық ілгерілетуде, пікір алмасуда және халықаралық тәжірибені зерттеуде маңызды рөл атқарады.

️ Халықаралық кеңестің жұмысы туралы айтакеле, Асламбек Мерғалиев аталған кеңестің отырыстарында айтылған сараптамалық қорытындылардың сапасын, сондай-ақ халықаралық практиканы ескере отырып, кәсіби талқылаудың сындарлы сипатын атап өтті.

️ Жоғарғы Сот Төрағасы Кеңестің жаңартылған құрамын ұсынды, оның мүшелерінің құқықтану саласында да, жалпы сараптамалық қызметте де тәжірибесімен беделі бар екенін атап өтті.

️ Жалпы отырысқа қатысушылар Халықаралық кеңестің жаңартылған құрамына бірауыздан дауыс берді.

️ Тізім осында орналастырылған: https://sud.kz/kaz/content/erezhe-men-kuram

Балаларды қорғау күніне орай балаларды құттықтап, сыйлықтар табысталды.

Мерекелік іс-шара«Болашақ сарайында» Қазақстан Республикасы Судьялар одағының филиалы мен кәмелеткетолмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қатысуыменөткізілді.

В День защиты детей поздравили и вручили детям подарки.

Праздничноемероприятие проведено в «Болашак Сарайы» с участием филиала Союза судей РК и Специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних.

Ознакомительная экскурсия для будущих юристов.

В Кокшетауском городском суде организовали ознакомительную экскурсию для студентов кафедры «Право» университета имени Ш.Уалиханова.

В ходе экскурсии студентам рассказали о задачах и основных направлениях деятельности суда. Студенты посетили залы судебных заседаний и музей суда, ознакомились с работой канцелярии суда и современными цифровыми технологиями, используемыми в судопроизводстве.

Главный специалист суда А.Сансызбаева рассказала студентам о роли суда в обеспечении законности и защите прав граждан, ответила на вопросы.

Мероприятие организовано в целях ознакомления будущих юристов с деятельностью судебной системы.

Болашақ заңгерлер үшін таныстыру экскурсиясы.

Көкшетау қалалық сотында Ш.Уәлиханов атындағы университеттің «Құқық» кафедрасының студенттері үшін таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында студенттерге соттың міндеттері мен қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Студенттер сот отырысы залдарын және сот мұражайын аралап, сот кеңсесінің жұмысымен, сондай-ақ сот ісін жүргізуде қолданылатын заманауи цифрлық технологиялармен танысты.

Соттың бас маманы А.Сансызбаева студенттерге заңдылықты қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы соттың рөлі туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара болашақ заңгерлерді сот жүйесінің қызметімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

️"Әділдік" деген сөзді балалар қалай түсінеді?

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 жыл бұрын шығарылған бейнематериал.

️Как дети понимают слово "справедливость"?

создан год назад, в честь международного дня защиты детей.

В целях повышения уровня правовых знаний подростков.

Судья специализированного межрайонного суда по уголовным делам Дархан Бейсов встретился с учащимися школы-гимназии города Кокшетау и провел лекцию на тему «Ответственность за незаконное распространение наркотических средств, психотропных и токсичных веществ».

На встречу пришли старшеклассники, всего 110 учащихся, с которыми судья провел открытую беседу.

Судья разъяснил слушателям о важности знаний своих прав и что такое правовая грамотность и правовая культура. В беседе судья рассказал о способах предотвращения правонарушений, связанных с наркотическими веществами, разъяснил правила безопасности.

Старшеклассники обменялись мнениями.

Жасөспірімдердің құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дархан Бейсов Көкшетау қаласындағы мектеп-гимназия оқушыларымен кездесіп, «Есірткі құралдарын, психотроптық және улы заттарды заңсыз таратқаны үшін жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді.

Кездесуге 110 жоғары сынып оқушысы қатысып, судья олармен ашық әңгіме жүргізді.

Судья тыңдаушыларға өз құқықтарын білудің маңыздылығын, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениет ұғымдарын түсіндірді. Әңгіме барысында судья есірткі заттарына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Жоғары сынып оқушылары өзара пікір алмасты.

Верховный Суд масштабировал систему ИИ-аналитики на все суды страны

️ Верховный Суд завершает внедрение во всех судах Казахстана значимого цифрового проекта судебной системы – сервиса «Цифровой помощник судьи» по гражданским делам.

️ Проект реализован по поручению Председателя Верховного Суда Асламбека Мергалиева и стал продолжением курса на цифровую трансформацию правосудия.

️ Новый сервис был представлен в ходе совещания с участием руководства Верховного Суда, Судебной администрации и судов регионов.

️ Открывая совещание, Председатель Верховного Суда отметил, что развитие цифровых решений в судебной системе соответствует задачам, поставленным Главой государства в Послании «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта». За последние годы в судах уже внедрены электронные дела, экстерриториальная подсудность, автоматизированное распределение материалов и роботизация отдельных процессов.

️ Новый этап цифровизации связан с внедрением интеллектуальных инструментов анализа судебной практики.

️ В течение полутора лет система тестировалась в судах Астаны, Жамбылской, Карагандинской и Мангистауской областей. Пилот показал высокую практическую эффективность сервиса и востребованность среди судей.

️ Как отметил Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров, новая система позволяет формировать для судьи релевантную судебную практику по каждому рассматриваемому спору с использованием технологий искусственного интеллекта, а также прогнозировать возможный исход дела на основе анализа схожих судебных решений.

️ Интеллектуальный поиск работает с учетом содержания иска, доводов сторон и иных параметров дела.

️ Одновременно была существенно модернизирована технологическая инфраструктура. Сегодня сервис способен обрабатывать около 15 млн единиц машиночитаемой информации вместо прежних 4 млн и одновременно выполнять до 1000 запросов.

️ Расширены и функциональные возможности системы: ИИ автоматически структурирует иск, формирует фабулу спора, выделяет аргументы сторон и обрабатывает документы на казахском и русском языках.

️ По словам Наиля Ахметзакирова, параллельно выстроена система мониторинга судебной практики и обновлена статистическая отчетность. Это позволит выявлять решения, выбивающиеся из сложившейся практики, и формировать аналитические материалы для дальнейшего совершенствования судебной деятельности.

️ В ходе совещания отмечено, что технологии уже оказывают практическое влияние на судебную нагрузку и качество разрешения споров. Так, в судах столицы в период пилотного внедрения уровень примирения сторон оказался выше среднереспубликанского показателя. Этому способствовало предоставление участникам процесса информации по аналогичным делам и возможным правовым последствиям спора еще до начала судебного разбирательства.

️ Такой подход позволяет сторонам объективнее оценивать перспективы дела и чаще приходить к компромиссу без дополнительных временных и финансовых затрат.

️ Председатель суда города Астаны Айдар Смагулов отметил, что цифровые инструменты помогают не заменять судебное усмотрение, а усиливать аналитические возможности суда и обеспечивать более единообразное применение судебной практики.

️ В Верховном Суде подчеркнули, что использование искусственного интеллекта соответствует международным подходам: все решения по делу принимает исключительно судья, тогда как цифровые сервисы выполняют вспомогательную и аналитическую функцию.

️В настоящее время уже завершается внедрение аналогичных ИИ-технологий в административное судопроизводство.

Жоғарғы Сот еліміздің барлық соттарына ЖИ-аналитикалық жүйесін кеңейтті

️ Жоғарғы Сот Қазақстанның барлық соттарында азаматтық істер бойынша «Судьяның цифрлық көмекшісі» сервисін – сот жүйесінің маңызды цифрлық жобасын енгізуді аяқтайды.

️ Жоба Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің тапсырмасы бойынша іске асырылды және сот төрелігін цифрлық трансформациялау бағытының жалғасы болды.

️ Жаңа сервис Жоғарғы Сот басшылығының, Сот әкімшілігінің және өңірлер соттарының қатысуымен өткен кеңес барысында ұсынылды.

️ Кеңесті аша отырып, Жоғарғы Сот Төрағасы сот жүйесіндегі цифрлық шешімдерді дамыту Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында қойған міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

️ Соңғы жылдары соттарда электрондық істер, аумақтан тыс соттылық, материалдарды автоматтандырылған бөлу және жекелеген процестерді роботтандыру енгізілді.

️ Цифрландырудың жаңа кезеңі сот практикасын талдаудың зияткерлік құралдарын енгізумен байланысты.

️ Бір жарым жыл ішінде жүйе Астана, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының соттарында сынақтан өткізілді. Пилоттық жоба қызмет көрсетудің жоғары практикалық тиімділігін және судьялар арасында сұранысты көрсетті.

️ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров атап өткендей, жаңа жүйе судьяға жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, қаралатын әрбір дау бойынша тиісті сот практикасын қалыптастыруға, сондай-ақ ұқсас сот шешімдерін талдау негізінде істің ықтимал нәтижесін болжауға мүмкіндік береді. Зияткерлік іздеу талап қоюдың мазмұнын, тараптардың дәлелдерін және істің өзге де өлшемдерін ескере отырып, жұмыс істейді.

️ Сонымен қатар технологиялық инфрақұрылым айтарлықтай жаңғыртылды. Бүгінгі таңда сервис алдыңғы 4 миллионның орнына шамамен 15 миллион бірлік машинада оқылатын ақпаратты өңдей алады және бір уақытта 1000 сұранысты орындай алады.

️ Жүйенің функционалдық мүмкіндіктері де кеңейтілді: ЖИ талап қоюды автоматты түрде құрылымдайды, дау-дамайды қалыптастырады, тараптардың дәлелдерін бөліп көрсетеді және құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде өңдейді.

️ Наиль Ахметзакировтың айтуынша, сондай-ақ сот практикасының мониторингі жүйесі құрылып, статистикалық есептілік жаңартылды. Бұл қалыптасқан практикадан шығатын шешімдерді анықтауға және сот қызметін одан әрі жетілдіру үшін аналитикалық материалдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

️ Кеңес барысында технология сот жүктемесіне және дауларды шешу сапасына практикалық әсер ететіні атап өтілді. Мәселен, елорда соттарында пилоттық енгізу кезеңінде тараптардың татуласу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Бұған процеске қатысушыларға ұқсас істер бойынша ақпарат беру және сотталқылауы басталғанға дейін даудың ықтимал құқықтық салдары ықпал етті. Бұл тәсіл тараптарғаістің болашағын объективті бағалауға және қосымша уақыт пен қаржылық шығындарсыз жиі ымыраға келуге мүмкіндік береді.

️ Астана қалалық сотының төрағасы Айдар Смағұлов цифрлық құралдар сот қалауын алмастырмауға, соттың аналитикалық мүмкіндіктерін күшейтуге және сот практикасын неғұрлым біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті.

️ Жоғарғы Сот жасанды интеллектті қолдану халықаралық тәсілдерге сәйкес келетіндігін атап өтті: іс бойынша барлық шешімдерді тек судья қабылдайды, ал цифрлық қызметтер көмекші және аналитикалық функцияны орындайды.

️ Қазіргі уақытта әкімшілік сот ісін жүргізуге ұқсас ЖИ-технологияларды енгізу аяқталуда.

Коллектив СМУС посетил историко-краеведческий музей.

Коллектив специализированного межрайонного суда по уголовным делам посетил областной историко-краеведческий музей.

Для судей и специалистов суда экскурсовод провела содержательную и познавательную беседу, представила экспозиционные залы: палеонтологии, археологии, истории средневековья, этнографии, истории XIX–XX веков, зал природы.

В ходе экскурсии узнали о богатом историческом и культурном наследии региона, интересные факты.

Музей образован в 1920 году.

Такой отдых способствует расширению кругозора, укреплению духовных ценностей и формированию уважительного отношения к истории и культуре края.

Сот ұжымы тарихи-өлкетану музейінде болды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.

Судьялар мен сот мамандары үшін экскурсия жетекшісі мазмұнды әрі танымдық әңгіме жүргізіп, палеонтология, археология, орта ғасырлар тарихы, этнография, XIX–XX ғасырлар тарихы және табиғат залдарының экспозицияларымен таныстырды.

Экскурсия барысында қатысушылар өңірдің бай тарихи және мәдени мұрасы туралы, сондай-ақ көптеген қызықты деректермен танысты.

Музей 1920 жылы құрылған.

Мұндай мәдени демалыс білімді кеңейтуге, рухани құндылықтарды нығайтуға және туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.