Астраханда ЕАЭО күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті
Астрахан қаласындағы генерал-адмирал Ф.М. Апраксин атындағы Каспий теңіз және өзен көлігі институтының базасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) күніне арналған халықаралық дөңгелек стол өтті. Сарапшылық кездесудің басты тақырыбы - су көлігі, логистика және порт инфрақұрылымын жаңғырту саласындағы одаққа мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдердің өзара іс-қимылын нығайту болды.
Шараға бетпе-бет қатысушылармен қатар онлайн-форматта пікірталасқа қосылған Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанның шетелдік сарапшылары жиналды.
Қатысушыларға арнап Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қ. Хасенов, Ресей СІМ-нің Астрахан қаласындағы Өкілі О. Коломин, Астрахан облысы Сыртқы байланыстар министрінің орынбасары И. Торопицын және Каспий теңіз және өзен көлігі институты директорының орынбасары И. Лесничий сөз сөйледі.
Отырыс барысында сарапшылар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасындағы тұрақты сауда ағындарын қамтамасыз ету үшін тиімді логистикалық ортаны құруға арналған бірқатар баяндамаларды ұсынды. Тараптар ішкі су жолдарын дамыту перспективаларына, порт инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуға, сондай-ақ жүк тасымалын жедел басқару үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы еуразиялық кеңістіктегі елдердің транзиттік әлеуетін нығайту мен алдағы бейінді ынтымақтастықтың негізі болмақ.
В Астрахани состоялся Круглый стол, приуроченный ко Дню ЕАЭС
На базе Каспийского института морского и речного транспорта имени генерал-адмирала Ф.М. Апраксина состоялся международный круглый стол, приуроченный ко Дню Евразийского экономического союза (ЕАЭС).
Главной темой экспертной встречи стало укрепление взаимодействия государств-членов и стран-наблюдателей союза в сфере водного транспорта, логистики и модернизации портовой инфраструктуры.
Мероприятие объединило очных участников и зарубежных экспертов из Беларуси, Казахстана и Кыргызстана, которые подключились к дискуссии в онлайн-формате.
С приветственными словами к участникам обратились Генеральный консул Республики Казахстан в Астрахани К. Хасенов, Представитель МИД России в Астрахани О. Коломин, заместитель министра внешних связей Астраханской области И. Торопицын, заместитель директора Каспийского института морского и речного транспорта И. Лесничий.
В ходе заседания эксперты представили серию докладов, посвященных созданию эффективной логистической среды для обеспечения стабильных торговых потоков между Европой, Азией и Ближним Востоком.
Особое внимание стороны уделили перспективам развития внутренних водных путей, масштабной модернизации портовой инфраструктуры, а также внедрению современных цифровых решений для оперативного управления грузоперевозками.
Итоги круглого стола лягут в основу дальнейшего профильного сотрудничества и укрепления транзитного потенциала стран евразийского пространства.