ИНСУЛЬТТАН, ИНФАРКТТАН НЕМЕСЕ ЖАРАҚАТТАН КЕЙІН: ЕМХАНАДА ОҢАЛТУ ЕМІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Инсульттен, инфаркттан, жарақаттан немесе операциядан кейін оңалту емі негізгі емдеуден кем түспейтін маңызды кезең болып саналады. Көптеген пациент медициналық оңалтудың тек мамандандырылған орталықтарда ғана емес, тіркелген емханасында да қолжетімді екенін біле бермейді.
Алматы қаласындағы №16 қалалық емхананың Оңалту және қалпына келтіру емі орталығының меңгерушісі Назерке Мирзамбекқызы Ұлдақанованың айтуынша, медициналық оңалту ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетіледі.
Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша пациенттер емдік дене шынықтыруды, физиотерапияны және басқа да оңалту әдістерін қамтитын қалпына келтіру емінен өте алады. Оңалту бағдарламасы әр пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына және жеке қажеттілігіне қарай әзірленеді.
Оңалтудың басты мақсаты – адамның жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге, қозғалу қабілетін жақсартуға, өзіне-өзі қызмет көрсету деңгейін арттыруға және өмір сапасын жақсартуға көмектесу.
Қазақстанда медициналық оңалту үш кезең бойынша жүзеге асырылады
1-кезең – аурудың жедел кезеңінде (алғашқы 72 сағат ішінде), хирургиялық араласулар мен жарақаттар кезінде стационар деңгейінде жүргізіледі
2-кезең – аурудан немесе жарақаттан кейінгі жедел және ерте қалпына келу кезеңінде (алғашқы 6 ай ішінде), сондай-ақ аурудың қалдық көріністері кезінде жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып стационарлық ұйымдарда жүзеге асырылады
3-кезең – амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы қаласында 11 555 пациент медициналық оңалту курсынан өтті. Оның ішінде 5 412 адам оңалтудың екінші кезеңінде, ал 6 143 адам үшінші кезеңінде медициналық көмек алды.
Егер сізге немесе жақындарыңызға қалпына келтіру емі қажет болса, медициналық оңалтудың көрсетілімі бар-жоғын және оны қалай алуға болатынын білу үшін учаскелік дәрігеріңізге жүгініңіз.
ПОСЛЕ ИНСУЛЬТА, ИНФАРКТА ИЛИ ТРАВМЫ: КАК ПРОЙТИ РЕАБИЛИТАЦИЮ В ПОЛИКЛИНИКЕ
После инсульта, инфаркта, травмы или операции восстановление играет не менее важную роль, чем основное лечение. Многие пациенты не знают, что медицинская реабилитация доступна не только в специализированных центрах, но и в поликлинике по месту прикрепления.
По словам заведующей Центром реабилитации и восстановительного лечения Городской поликлиники № 16 Алматы Улдакановой Назерке Мирзамбековны, медицинская реабилитация предоставляется в рамках ГОБМП и ОСМС. По направлению участкового врача пациенты могут пройти курс восстановительного лечения, который включает лечебную физкультуру, физиотерапию и другие методы реабилитации. Программа подбирается индивидуально с учетом диагноза, состояния здоровья и потребностей каждого пациента.
Главная цель реабилитации – помочь человеку восстановить утраченные функции, вернуть подвижность, повысить самостоятельность и улучшить качество жизни.
В Казахстане медицинская реабилитация реализуется поэтапно
1 этап – проводится в период острого течения (до 72 часов) заболевания, при оперативных вмешательствах и травмах (осуществляется на уровне стационара)
2 этап – проводится в периоды острого и раннего восстановления после болезни или травмы (в течение первых 6 месяцев), а также в период остаточных проявлений болезни; реабилитация осуществляется с применением высокотехнологичной медицинской помощи, в стационарных организациях
3 этап – проводится в амбулаторно-поликлинических организациях, дневных и круглосуточных стационарах, реабилитационных центрах, санаторно-курортных организациях.
За первое полугодие 2026 года в Алматы курс медицинской реабилитации прошли 11 555 пациентов. Из них 5 412 человек получили помощь на втором этапе реабилитации, 6 143 человека — на третьем этапе.
Если вы или ваши близкие нуждаетесь в восстановительном лечении, обратитесь к своему участковому врачу, чтобы узнать, показана ли вам медицинская реабилитация и как ее можно пройти.