Архив доступен 2 213 сообщений С 2023 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Норма шығармашылық жұмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алмас Канатов «24kz» телеарнасы тілшілеріне сұхбат беріп, жаңа Конституцияның приориттеттері жөнінде өз пікірімен бөлісті.

Толығырақ: https://youtu.be/APasM5ztQfc?si=74jveCNg0Qu8k0l3

—————————

Алмас Канатов, кандидат юридических наук, ассоциированный профессор, исполнительный директор Института парламентаризма при УДП РК дал интервью журналистам телеканала «24kz», в котором поделился мнением о приоритетах новой Конституции для реализации правовых реформ и дальнейшего совершенствования национального законодательства.

Подробнее: https://youtu.be/APasM5ztQfc?si=74jveCNg0Qu8k0l3

Организации УДП внедрили ИИ-решения на базе суперкомпьютера

В системе Управления делами Президента активно внедряют искусственный интеллект. Специалисты Инженерно-технического центра (ИТЦ) и Инженерного центра (ИЦ) Управления материально-технического обеспечения УДП РК реализовали ряд ИИ-решений, используя вычислительные мощности суперкомпьютера МИИЦР РК.

В текущем году Инженерно-технический центр УДП внедрил в «Ситуационно-аналитический комплекс» 12 специализированных ИИ-агентов. Интеллектуальные помощники позволяют не только анализировать показатели, но и формировать аналитические выводы, выявлять риски и предоставлять рекомендации.

Интеллектуальные помощники охватывают ключевые направления деятельности организаций УДП, такие как кадровые процессы, показатели медицинских организаций, государственные закупки, работу авиационного и автомобильного транспорта, развитие цифровой инфраструктуры, деятельность Телерадиокомплекса Президента, Президентского центра, Щучинско-Боровской курортной зоны, Центра санитарно-эпидемиологической экспертизы и других организаций.

При этом, каждый ИИ-агент имеет свою специализацию. К примеру, агент «Человеческие ресурсы» помогает отслеживать укомплектованность штата, текучесть кадров, эффективность обучения, развитие кадрового резерва и другие показатели, позволяя своевременно выявлять риски и отклонения.

В планах ИТЦ внедрить еще около десяти ИИ-агентов, которые будут работать по направлениям аудита, бухгалтерского учета, юридического сопровождения, безопасности, ремонта и обслуживания, государственных закупок и платных услуг.

Однако аналитика – далеко не единственная сфера, где применяется искусственный интеллект. В июне этого года Инженерный центр УМТО УДП внедрил AI Code Review - интеллектуальную систему автоматизированной проверки программного кода.

Система анализирует программный код на соответствие внутренним стандартам разработки, выявляет потенциальные ошибки и уязвимости, а также проверяет соблюдение требований информационной безопасности. Это позволяет разработчикам быстрее получать обратную связь и уделять больше времени архитектуре решений и сложным инженерным задачам, не тратя время на рутинные проверки.

Ключевой особенностью AI Code Review является то, что система полностью работает в локальной инфраструктуре, что исключает передачу исходного кода во внешние сервисы и обеспечивает более высокий уровень информационной безопасности по сравнению с использованием общедоступных ИИ-сервисов, таких как GPT, Claude или Cursor.

Стоит отметить, что искусственный интеллект не заменяет специалистов, а становится их помощником. Он берет на себя выполнение рутинных операций, позволяя сотрудникам сосредоточиться на задачах, требующих профессионального опыта, экспертной оценки и принятия решений.

Внедрение ИИ-решений в системе Управления делами Президента осуществляется в рамках объявленного Президентом Казахстана Года цифровизации и искусственного интеллекта.

ПIБ ұйымдары суперкомпьютер базасында жасанды интеллект шешімдерін енгізді

Президент Іс басқармасы жүйесінде жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде енгізілуде. ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы (ИТО) мен Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы (ИО) ҚР ЖИЦДМ суперкомпьютерінің есептеу қуатын пайдалана отырып, бірқатар жасанды интеллект шешімдерін іске асырды.

Ағымдағы жылы ПІБ Инженерлік-техникалық орталық «Ахуалдық-талдамалық кешенге» 12 мамандандырылған ЖИ-агентті енгізді. Интеллектуалды көмекшілер көрсеткіштерді талдап қана қоймай, аналитикалық қорытындылар қалыптастыруға, тәуекелдерді анықтауға және тиісті ұсынымдар беруге мүмкіндік береді.

Интеллектуалды көмекшілер ПІБ ұйымдарының негізгі қызмет бағыттарын қамтиды. Олардың қатарында кадрлық процестер, медициналық ұйымдардың көрсеткіштері, мемлекеттік сатып алу, авиациялық және автомобиль көлігінің жұмысы, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, Президент телерадиокешенінің, Президент орталығының, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының және басқа да ұйымдардың қызметі бар.

Сонымен қатар, әрбір ЖИ-агенттің өзіне тән мамандануы бар. Мәселен, «Адами ресурстар» агенті штаттың жасақталу деңгейін, кадрлардың тұрақтамауын, оқыту тиімділігін, кадр резервінің дамуын және басқа да көрсеткіштерді бақылауға көмектесіп, ықтимал тәуекелдер мен ауытқуларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта Инженерлік-техникалық орталық аудит, бухгалтерлік есеп, құқықтық сүйемелдеу, қауіпсіздік, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу және ақылы қызметтер бағыттары бойынша тағы онға жуық ЖИ-агентті енгізуді жоспарлап отыр.

Алайда аналитика жасанды интеллект қолданылатын жалғыз бағыт емес. Биылғы маусым айында ПІБ МТҚБ Инженерлік орталығы AI Code Review – бағдарламалық кодты автоматтандырылған тексеруге арналған интеллектуалды жүйені енгізді.

Бұл жүйе бағдарламалық кодтың ішкі әзірлеу стандарттарына сәйкестігін талдайды, ықтимал қателер мен осал тұстарды анықтайды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексереді. Соның нәтижесінде әзірлеушілер кері байланысты жедел алып, уақытын рутиналық тексерулерге емес, шешімдердің архитектурасын жетілдіруге және күрделі инженерлік міндеттерді орындауға жұмсай алады.

AI Code Review жүйесінің басты ерекшелігі – оның толықтай жергілікті инфрақұрылымда жұмыс істеуі. Бұл бағдарламалық кодтың сыртқы сервистерге жіберілуіне жол бермейді және GPT, Claude немесе Cursor сияқты жалпыға қолжетімді жасанды интеллект сервистерін пайдаланумен салыстырғанда ақпараттық қауіпсіздіктің анағұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, жасанды интеллект мамандарды алмастырмайды, керісінше олардың тиімді көмекшісіне айналады. Ол күнделікті қайталанатын жұмыстарды өз мойнына алып, қызметкерлердің кәсіби тәжірибе, сараптамалық бағалау және басқарушылық шешім қабылдауды талап ететін міндеттерге көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Президент Іс басқармасы жүйесінде жасанды интеллект шешімдерін енгізу Қазақстан Президенті жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылуда.

Представители Института парламентаризма приняли участие в консультативной встрече, организованной Офисом программ ОБСЕ в Астане.

В мероприятии приняли участие партнеры Офиса программ ОБСЕ в Астане, представители государственных органов и квазигосударственного сектора. В ходе встречи Офис программ ОБСЕ в Астане представил итоги реализации текущих проектов и планы по трем основным измерениям своей деятельности — военно-политическому, экономическо-экологическому и человеческому. Институт парламентаризма принял участие в обсуждении вопросов в рамках военно-политического измерения, в частности — поддержки потенциала местных представительных органов (маслихатов) и укрепления местного самоуправления.

В ходе встречи выступила Начальник Центра правового мониторинга и международной практики Института парламентаризма при УДП РК Кабылбаева Меруерт. Она выразила благодарность Офису программ ОБСЕ в Астане за многолетнее плодотворное сотрудничество с Институтом парламентаризма в организации обучения депутатов маслихатов вопросам нормотворческой деятельности, разъяснение законодательства о местном государственном управлении и самоуправлении и эффективного применение инструментов искусственного интеллекта в рамках принятого закона.

В своем выступлении Меруерт Кабылбаева отметила, что с принятием Конституционного Закона РК « О Қазақстан Халық Кеңесі » существенно возрастает роль депутатов маслихатов в законодательном процессе. Согласно закону, в состав Халық кеңесі войдут 42 представителя от маслихатов и общественных советов, а сам Халық кеңесі наделяется правом законодательной инициативы.

В этой связи было подчеркнуто, что сегодня как никогда важно системно обучать депутатов маслихатов вопросам нормотворчества. Именно депутаты, обладая глубоким пониманием потребностей населения и особенностей развития регионов, способны формировать качественные законодательные инициативы, которые посредством механизма законодательной инициативы Халық кеңесі будут способствовать совершенствованию законодательства и эффективному решению актуальных вопросов государственного и регионального развития.

Участие представителей Института парламентаризма в подобных мероприятиях способствует укреплению сотрудничества с международными партнерами, обмену лучшими практиками и дальнейшему повышению качества законодательной деятельности в Республике Казахстан.

Парламентаризм институтының өкілдері ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі ұйымдастырған консультативтік кездесуге қатысты

Іс-шараға ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің серіктестері, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты. Кездесу барысында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі жүзеге асырылып жатқан жобалардың қорытындылары мен қызметінің үш негізгі бағыты – әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдер бойынша алдағы жоспарларын таныстырды.

Парламентаризм институты әскери-саяси өлшем аясындағы талқылауға қатысып, жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) әлеуетін арттыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту мәселелері бойынша өз ұстанымын білдірді.

Кездесу барысында ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Құқықтық мониторинг және халықаралық практика орталығының басшысы Меруерт Қабылбаева сөз сөйледі. Ол ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисіне Парламентаризм институтымен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді. Атап айтқанда, мәслихат депутаттарын норма шығару қызметі мәселелері бойынша оқыту, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманы түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заң аясында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану бағытындағы бірлескен жұмыстардың маңызын атап өтті.

Өз сөзінде Меруерт Қабылбаева Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңының қабылдануына байланысты мәслихат депутаттарының заң шығару үдерісіндегі рөлі айтарлықтай арта түсетінін атап өтті. Заңға сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 42 өкіл енеді. Сонымен қатар, Қазақстан Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы құқығы беріледі.

Осыған байланысты бүгінгі таңда мәслихат депутаттарын норма шығару қызметінің негіздеріне жүйелі түрде оқытудың ерекше маңызға ие екені атап өтілді. Өйткені депутаттар халықтың қажеттіліктері мен өңірлердің даму ерекшеліктерін терең түсіне отырып, сапалы заңнамалық бастамалар әзірлеуге қабілетті. Ал мұндай бастамалар Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығару бастамасы тетігі арқылы заңнаманы жетілдіруге және мемлекеттік әрі өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді.

Парламентаризм институты өкілдерінің осындай халықаралық іс-шараларға қатысуы халықаралық серіктестік байланыстарды нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметінің сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

—————————

Представители Института парламентаризма приняли участие в консультативной встрече, организованной Офисом программ ОБСЕ в Астане.

В мероприятии приняли участие партнеры Офиса программ ОБСЕ в Астане, представители государственных органов и квазигосударственного сектора. В ходе встречи Офис программ ОБСЕ в Астане представил итоги реализации текущих проектов и планы по трем основным измерениям своей деятельности — военно-политическому, экономическо-экологическому и человеческому. Институт парламентаризма принял участие в обсуждении вопросов в рамках военно-политического измерения, в частности — поддержки потенциала местных представительных органов (маслихатов) и укрепления местного самоуправления.

В ходе встречи выступила Начальник Центра правового мониторинга и международной практики Института парламентаризма при УДП РК Кабылбаева Меруерт. Она выразила благодарность Офису программ ОБСЕ в Астане за многолетнее плодотворное сотрудничество с Институтом парламентаризма в организации обучения депутатов маслихатов вопросам нормотворческой деятельности, разъяснение законодательства о местном государственном управлении и самоуправлении и эффективного применение инструментов искусственного интеллекта в рамках принятого закона.

В своем выступлении Меруерт Кабылбаева отметила, что с принятием Конституционного Закона РК « О Қазақстан Халық Кеңесі » существенно возрастает роль депутатов маслихатов в законодательном процессе. Согласно закону, в состав Халық кеңесі войдут 42 представителя от маслихатов и общественных советов, а сам Халық кеңесі наделяется правом законодательной инициативы.

В этой связи было подчеркнуто, что сегодня как никогда важно системно обучать депутатов маслихатов вопросам нормотворчества. Именно депутаты, обладая глубоким пониманием потребностей населения и особенностей развития регионов, способны формировать качественные законодательные инициативы, которые посредством механизма законодательной инициативы Халық кеңесі будут способствовать совершенствованию законодательства и эффективному решению актуальных вопросов государственного и регионального развития.

Участие представителей Института парламентаризма в подобных мероприятиях способствует укреплению сотрудничества с международными партнерами, обмену лучшими практиками и дальнейшему повышению качества законодательной деятельности в Республике Казахстан.

Парламентаризм институтының маманы мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектіні қолдануды қоғамдық қабылдаудың негізгі шарты ретінде институционалдық сенім мәселесіне арналған мақаласын Scopus Q1 деңгейіндегі журналда жариялады

Парламентаризм институтының Құқықтық мониторинг және халықаралық тәжірибе орталығының маманы Ақниет Нұғманова ғылыми мақаласын Transforming Government: People, Process and Policy халықаралық журналында (Emerald баспасы) жариялады. Аталған журнал мемлекеттік басқару (Public Administration) бағыты бойынша Scopus халықаралық дерекқорына енгізілген және Q1 санатына жатады.

«Institutional Trust and Public Support for AI-Driven Governance: Implications for Democratic Resilience» атты мақала Pew Research Center жүргізген сауалнама деректеріне негізделген. Зерттеу нәтижелері азаматтардың мемлекеттің жасанды интеллектіні тиімді реттеу қабілетіне деген сенімі маңызды шешімдерді қабылдауды жасанды интеллект жүйелеріне тапсыруға дайындыққа ықпал ететін дербес әрі маңызды фактор екенін көрсетеді.

Зерттеу тақырыбы мемлекеттік басқаруды цифрландыру үдерісі әлем бойынша қарқынды дамып жатқан кезеңде ерекше өзектілікке ие. Мақалада алгоритмдік басқаруды қоғамның қолдауы тек жасанды интеллект жүйелерінің тиімділігіне ғана емес, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттің реттеушілік әлеуетіне деген сеніміне де тікелей байланысты екені негізделеді. Осы тұрғыдан алғанда, институционалдық ашықтықты нығайту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мемлекеттік секторға жасанды интеллектіні орнықты енгізудің маңызды алғышарттарының бірі ретінде қарастырылады.

Ғылыми мақаланың Scopus халықаралық дерекқорындағы Q1 деңгейіндегі журналда жариялануы – жас зерттеуші үшін маңызды ғылыми жетістік әрі қазақстандық саяси ғылымның халықаралық ғылыми кеңістіктегі әлеуетін нығайтуға қосылған елеулі үлес.

—————————

Специалист Института парламентаризма опубликовала статью о доверии к государству как условии принятия ИИ-управления (журнал Q1, Scopus)

Специалист Центра правового мониторинга и международной практики Института парламентаризма Акниет Нугманова опубликовала научную статью в международном журнале Transforming Government: People, Process and Policy (издательство Emerald), входящем в престижную базу Scopus с рейтингом Q1 по направлению Public Administration.

Статья “Institutional Trust and Public Support for AI-Driven Governance: Implications for Democratic Resilience” на основе данных опроса Pew Research Center показывает, что уверенность граждан в способности государства эффективно регулировать искусственный интеллект является значимым и самостоятельным фактором готовности делегировать ИИ-системам принятие важных решений.

Тема особенно актуальна на фоне ускоренной цифровизации государственного управления во всём мире. Исследование демонстрирует, что общественная поддержка алгоритмического управления зависит не только от эффективности самих ИИ-систем, но и от доверия граждан к регуляторному потенциалу государства - а значит, укрепление институциональной прозрачности и цифровой грамотности населения может быть ключевым условием устойчивого внедрения ИИ в госсекторе.

Публикация в журнале уровня Q1 - значимое достижение для молодого исследователя и вклад в укрепление позиций казахстанской политической науки на международной арене.

«Казахстанская правда» газеті «Время правовых решений» атты ауқымды мақаласын жариялады. Онда «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: қоғамдық диалог және дамудың құқықтық бағдарлары» тақырыбында өткен халықаралық дөңгелек үстелде көтерілген өзекті мәселелер жан-жақты сараланып, сарапшылардың құқықтық реформаларға қатысты маңызды пікірлері кеңінен қамтылған.

Толығырақ: https://kazpravda.kz/n/vremya-pravovyh-resheniy/

—————————

Газета «Казахстанская правда» опубликовала развернутый материал «Время правовых решений», посвященный актуальным вопросам, обсужденным в ходе международного круглого стола «Новая Конституция Республики Казахстан: общественный диалог и правовые ориентиры развития». В статье подробно освещены ключевые темы дискуссии, а также представлены мнения экспертов о современных правовых реформах.

Подробнее: https://kazpravda.kz/n/vremya-pravovyh-resheniy/

«KazInform» ақпарат агенттігінде «Жаңа Конституция әділеттілікке деген қоғамдық сұраныстың нәтижесі» атты мақала жарияланды. Материалда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының ұйымдастыруымен өткен халықаралық дөңгелек үстелде көтерілген жаңа Конституцияның маңызы, құқықтық реформалардың негізгі бағыттары және сарапшылардың пікірлері кеңінен қамтылған.

Толығырақ: https://kaz.inform.kz/news/zhana-konstitutsiya-adlettlkke-degen-kogamdik-suranistin-natizhes-sherzod-pulato-86d01977

—————————

Информационное агентство «Kazinform» опубликовало статью «Жаңа Конституция әділеттілікке деген қоғамдық сұраныстың нәтижесі». В материале подробно освещены ключевые вопросы, обсуждавшиеся в ходе международного круглого стола, организованного Институтом парламентаризма при УДП РК. Особое внимание уделено значению новой Конституции, основным направлениям правовых реформ, а также экспертным оценкам участников мероприятия.

Подробнее: https://kaz.inform.kz/news/zhana-konstitutsiya-adlettlkke-degen-kogamdik-suranistin-natizhes-sherzod-pulato-86d01977

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Құқық қорғау және сот жүйесі орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұртай Қонысбайұлы Иманғалиев «Qazaqstan» телеарнасы «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып, «Конституция және құқықтық реформалар» тақырыбында ойын ортаға салды.

Толығырақ: https://youtu.be/uyh9clDnbKs?si=ggqn6WsgWBbMiPGF

—————————

Нуртай Конысбаевич Имангалиев, кандидат юридических наук, ассоциированный профессор, Начальник Центра судебной системы и правоохранительных органов Института парламентаризма при УДП РК принял участие в программе «Ашық алаң» на телеканале «Qazaqstan», где поделился своим мнением на тему «Конституция и правовые реформы».

Подробнее: https://youtu.be/uyh9clDnbKs?si=ggqn6WsgWBbMiPGF

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Ғылыми зерттеу орталығының басшысы Н. Сәулен «Qazaqstan» телеарнасы «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып, «Жаңа Конституция күшіне енді» ақырыбында сараптамалық пікірін білдірді.

Толығырақ: https://youtu.be/Pfar6T6R2vc?si=deTjThbvu_ThiEiO

—————————

Н. Сәулен, начальник Центра научных исследований Института парламентаризма при УДП РК приняла участие в программе «Ашық алаң» на телеканале «Qazaqstan», где выразила экспертное мнение на тему «Вступила в силу новая Конституция Республики Казахстан».

Подробнее: https://youtu.be/Pfar6T6R2vc?si=deTjThbvu_ThiEiO

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты Парламентаризм институты Жеке заңнама орталығының басшысы Юлия Сергеевна Костяная «24.KZ» телеарнасының жаңалықтар желісіне Zoom платформасы арқылы қатысып, «Парламент Казахстана подводит итоги работы» тақырыбында сұхбат берді.

Толығырақ: https://24.kz/ru/tv-projects/gost-dnya/777382-parlament-kazakhstana-podvodit-itogi-raboty-yuliya-kostyanaya

—————————

Руководитель Центра частного законодательства Института парламентаризма при УДП РК Юлия Сергеевна Костяная приняла участие в новостном эфире телеканала «24.KZ» в формате Zoom и дала интервью на тему «Парламент Казахстана подводит итоги работы».

Подробнее: https://24.kz/ru/tv-projects/gost-dnya/777382-parlament-kazakhstana-podvodit-itogi-raboty-yuliya-kostyanaya

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты, Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының басшысы, PhD Саймова Шолпан Алтынбекқызы «Qazaqstan» телеарнасы «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып, «Парламенттің соңғы отырысы» тақырыбында ойын ортаға салды.

Толығырақ: https://youtu.be/4CZBJbM-IUQ?si=eaufzaobrwg84-tV

—————————

Саймова Шолпан, Ph.D., руководитель Центра публичного законодательства и государственного управления Института парламентаризма при УДП РК приняла участие в программе «Ашық алаң» на телеканале «Qazaqstan», где поделилась своим мнением на тему «Последнее заседание Парламента».

Подробнее: https://youtu.be/4CZBJbM-IUQ?si=eaufzaobrwg84-tV

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты, Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының басшысы, PhD Саймова Шолпан Алтынбекқызы «24.kz» телеарнасы «Күн тәртібі» бағдарламасына қатысып, «Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы» тақырыбында ойын ортаға салды.

Толығырақ: https://youtu.be/pl5ySw0Q3CA?si=AcWeCt93ErnVV70W

—————————

Саймова Шолпан, Ph.D., руководитель Центра публичного законодательства и государственного управления Института парламентаризма при УДП РК приняла участие в программе «Повестка дня» на телеканале «24.kz», где поделилась своим мнением на тему «Новая Конституция — начало новой эпохи».

Подробнее: https://youtu.be/pl5ySw0Q3CA?si=AcWeCt93ErnVV70W

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның жаңа Конституциясы: қоғамдық диалог және дамудың құқықтық бағдарлары» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел туралы «Астана» телеарнасының арнайы сюжетінде кеңінен талқыланды.

Парламентаризм институты Жеке заңнама орталығының басшысы Юлия Сергеевна Костяная тілшілерге сұхбат беріп, жаңа Конституцияның құқықтық реформаларды іске асырудағы маңызы, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру бағыттары жөнінде өз пікірімен бөлісті.

Толығырақ: https://youtu.be/aS0QY_CCIwk?si=QvwaQfmjUkkA1ygV

—————————

Международный круглый стол на тему «Новая Конституция Казахстана: общественный диалог и правовые ориентиры развития», организованный Институтом парламентаризма при УДП РК, получил широкое освещение в специальном сюжете телеканала «Астана».

Руководитель Центра частного законодательства Института парламентаризма Юлия Сергеевна Костяная дала интервью журналистам, в котором поделилась мнением о значении новой Конституции для реализации правовых реформ, укрепления защиты прав граждан и дальнейшего совершенствования национального законодательства.

Подробнее: https://youtu.be/aS0QY_CCIwk?si=QvwaQfmjUkkA1ygV

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның жаңа Конституциясы: қоғамдық диалог және дамудың құқықтық бағдарлары» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел туралы «Atameken Business» телеарнасының арнайы сюжетінде кеңінен талқыланды.

Парламентаризм институты Қаржы-салық және кеден заңнамасы орталығының бастығы Сабиров Имин Абдувалиевич тілшілерге сұхбат беріп, жаңа Конституцияның құқықтық реформаларды іске асырудағы рөлі, қоғамдық диалогты дамыту және заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары жөнінде өз пікірімен бөлісті.

Толығырақ: https://youtu.be/0RaXe6HOpUA?si=Gs1Ax5v_gmGBZ5fY

—————————

Международный круглый стол на тему «Новая Конституция Казахстана: общественный диалог и правовые ориентиры развития», организованный Институтом парламентаризма при УДП РК, получил широкое освещение в специальном сюжете телеканала «Atameken Business».

Руководитель Центра финансового, налогового и таможенного законодательства Института парламентаризма Имин Абдувалиевич Сабиров дал интервью журналистам, в котором поделился мнением о роли новой Конституции в реализации правовых реформ, развитии общественного диалога и совершенствовании законодательства.

Подробнее: https://youtu.be/0RaXe6HOpUA?si=Gs1Ax5v_gmGBZ5fY

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Норма шығармашылық жұмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алмас Канатов «Stan.kz» сайтында «"Халықтың мүддесін қорғайтын норма пайда болды": Сарапшылар жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістерге тоқталды» атты мақаласын жариялады.

Толығырақ: https://stan.kz/-436505/

—————————

Алмас Канатов, кандидат юридических наук, ассоциированный профессор, исполнительный директор Института парламентаризма при УДП РК опубликовал на сайте «Stan.kz» статью под названием «"Халықтың мүддесін қорғайтын норма пайда болды": Сарапшылар жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістерге тоқталды».

Подробнее: https://stan.kz/-436505/

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты Норма шығармашылық жұмыс жөніндегі басқарманың атқарушы директоры Алмас Қанатов «24.KZ» телеарнасының жаңалықтар желісіне шығып «Вступила в силу новая Конституция Казахстана» тақырыбында сұхбат берді.

Толығырақ: https://youtu.be/NRQ-fbOCT_U?si=WU-IYjxt_2nunetI

—————————

Исполнительный директор Управления по нормотворческой работе Института парламентаризма при УДП РК Алмас Канатов выступил в эфире новостной программы телеканала «24.KZ», где дал интервью на тему «Вступила в силу новая Конституция Казахстана».

Подробнее: https://youtu.be/NRQ-fbOCT_U?si=WU-IYjxt_2nunetI

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 6 шілде – АСТАНА КҮНІМЕН шын жүректен құттықтаймын!

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі мен жарқын болашағын айқындайтын, елдің бірлігі мен жасампаз рухын танытатын қала. Бүгінде бас шаһар білім мен ғылымның, мәдениет пен инновацияның, жаңа мүмкіндіктер мен игі бастамалардың орталығына айналды.

Елордамыздың әрбір жетістігі – еліміздің өсіп-өркендеуінің айқын көрінісі. Астана әрдайым дамудың, татулықтың және тұрақтылықтың символы болып, биік белестерді бағындыра берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. Еліміз тыныш, еңсеміз биік, Астанамыздың абыройы асқақ болсын!

Құрметпен

Парламентаризм институтының директоры

Пан Н.В.

—-—-—-—-—-—-—-—-—

Уважаемые коллеги!

От всей души поздравляю вас С ДНЁМ СТОЛИЦЫ!

Астана – символ достижений независимого Казахстана, воплощение единства народа и устремлённости в будущее. Сегодня столица является центром образования и науки, культуры и инноваций, новых возможностей и созидательных инициатив.

Каждое достижение нашей столицы является ярким свидетельством развития и процветания страны. Пусть Астана и впредь остаётся символом стабильности, согласия и уверенного движения вперёд, покоряя новые вершины.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия, мира и согласия в семьях, успехов в работе и новых достижений. Пусть наша страна процветает, а авторитет Астаны неизменно растёт!

С уважением

директор Института парламентаризма

Пан Н.В.

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Норма шығармашылық жұмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алмас Канатов «Тoppress.kz» сайтында «Конституализация ценностей закрепленных в новой Конституции произошла с сохранением традиционности» атты мақаласын жариялады.

Толығырақ: https://toppress.kz/article/almas-kanatov-konstitualizacziya-czennostej-zakreplennyh-v-novoj-konstituczii-proizoshla-s-sohraneniem-tradiczionnosti

—————————

Алмас Канатов, кандидат юридических наук, ассоциированный профессор, исполнительный директор Института парламентаризма при УДП РК опубликовал на сайте «Тoppress.kz» статью под названием «Конституализация ценностей закрепленных в новой Конституции произошла с сохранением традиционности».

Подробнее: https://toppress.kz/article/almas-kanatov-konstitualizacziya-czennostej-zakreplennyh-v-novoj-konstituczii-proizoshla-s-sohraneniem-tradiczionnosti