Архив доступен 3 328 сообщений С 2018 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

В Кызылорде было возбуждено исполнительное производство о выселении женщины и ее несовершеннолетних детей из арендного жилья.

Государственный судебный исполнитель вынес постановление о приостановлении исполнительного производства до окончания отопительного сезона.

Не согласившись с данным решением, истец по гражданскому делу о выселении - АО «Казахстанская Жилищная Компания» обратилось в суд с административным иском о признании постановления судебного исполнителя незаконным и его отмене.

Истец указал, что оснований для приостановления выселения не имелось, поскольку женщина не являлась собственником жилого помещения и проживала в квартире на основании договора аренды.

Суды первой и апелляционной инстанций отказали в иске, признав действия судебного исполнителя законными с учетом

положений Конвенции о правах ребенка

необходимости приоритетной защиты интересов детей

принципов гуманности, справедливости и разумности.

Кассационный суд по административным делам, рассмотрев дело, установил, что исполнительное производство было возбуждено в отношении семьи, в составе которой имеются несовершеннолетние дети.

По закону, в период отопительного сезона не допускается выселение из единственного жилья социально уязвимых слоев населения, семей с несовершеннолетними детьми, а также лиц с инвалидностью первой или второй группы.

Законом «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» на судебного исполнителя возложена обязанность приостанавливать исполнительное производство о выселении таких категорий граждан в период отопительного сезона.

Кассационный суд принял во внимание, что между сторонами ранее был заключен договор аренды жилья с последующим выкупом, что свидетельствовало о длительном и постоянном проживании семьи в спорном жилом помещении.

Суд отметил, что приостановление исполнительного производства носит временный характер, не препятствует исполнению судебного акта и направлено на обеспечение предусмотренных законом гарантий защиты прав несовершеннолетних детей.

С учетом всех обстоятельств дела, кассационная инстанция оставила в силе решения судов первой и апелляционной инстанций.

При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан

Қызылорда қаласында әйел адам мен оның кәмелетке толмаған балаларын жалдамалы тұрғын үйден шығару туралы атқарушылық іс қозғалды.

Мемлекеттік сот орындаушысы жылу беру маусымы аяқталғанға дейін атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығарды.

Тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс бойынша талап қоюшы – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ осы шешіммен келіспей, сот орындаушысының қаулысын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы әйел адамның тұрғын үйдің меншік иесі емес екенін және пәтерде жалдау шартының негізінде тұрғанын, сондықтан, тұрғын үйден шығаруды кейінге қалдыруға негіз болмағанын көрсетті.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар сот орындаушысының әрекеттерін заңды деп таныды және

Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін

балалардың мүдделерін басымдықпен қорғау қажеттілігін

ізгілік, әділдік және парасаттылық қағидаттарын негізге ала отырып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот істі қарап, кәмелетке толмаған балалары бар отбасына қатысты атқарушылық іс жүргізу қозғалғанын анықтады.

Заң бойынша жылу беру маусымы кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарын, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды, сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жалғыз тұрғын үйінен шығаруға жол берілмейді.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңда сот орындаушысына жылу беру маусымы кезеңінде азаматтардың осындай санаттарына қатысты тұрғын үйден шығару туралы атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті жүктелген.

Кассациялық сот тараптар арасында бұрын тұрғын үйді кейіннен сатып алу талабымен жалдау шарты жасалғанын назарға алды, бұл отбасының дауланып отырған тұрғын үй-жайда ұзақ уақыт бойы және тұрақты тұрғанын растайды.

Сот атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру уақытша сипатта екенін, сот актісін орындауға кедергі келтірмейтінін және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғаудың заңда көзделген кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап көрсетті.

Кассациялық сатыдағы сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шешімдерін күшінде қалдырды.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

В суд района им.Ә.Бөкейхана г.Караганды поступили взаимные исковые требования: первоначальный иск о взыскании денежных средств по договору займа и встречный – о признании сделки недействительной.

По версии истца, между сторонами заключен договор займа, по которому ответчику переданы денежные средства для погашения имеющейся задолженности.

Поскольку обязательства по возврату займа исполнены не были, истец просила взыскать сумму долга, неустойку и судебные расходы.

Ответчик, не согласившись с требованиями, обратился со встречным иском о признании расписки недействительной.

Он пояснил, что денежных средств не получал. По его словам, ранее он обратился к ИП с целью трудоустройства и заключил договор аренды автотранспорта.

Расписка была составлена по указанию ИП при подписании договора аренды «на случай непредвиденных обстоятельств», однако фактической передачи денег не было.

Автомобилем ответчик пользовался один день, после чего вернул его.

О наличии задолженности по договору займа и вынесенном судебном акте ему стало известно позднее.

В силу закона, заем является реальной сделкой и считается заключенным только с момента фактической передачи денежных средств заемщику.

Однако истец не смогла документально подтвердить факт передачи денег. Материалами дела подтверждено, что расписка была составлена без фактического получения денег.

Кроме того суд пришел к выводу, что спорная сделка совершена с нарушением требований законодательства, в том числе касающихся субъектного состава и свободы волеизъявления сторон.

Договор оформлен между ИП и физическим лицом, при этом предоставление займа в данном случае противоречило установленным законодательством ограничениям.

Оценив представленные доказательства в их совокупности, суд пришел к выводу об отсутствии подтверждения фактической передачи денежных средств.

В связи с этим сделка, оформленная распиской, является мнимой.

Суд отказал в удовлетворении первоначального иска о взыскании денежных средств.

Удовлетворен встречный иск, сделка по расписке признана недействительной (ничтожной) на основании пункта 1 статьи 157 ГК.

Постановлением судебной коллегии по гражданским делам Карагандинского областного суда решение суда первой инстанции оставлено без изменения, апелляционная жалоба – без удовлетворения.

Решение суда вступило в законную силу.

Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының сотына қарыз шарты бойынша ақша қаражатын өндіріп алу туралы бастапқы талап қою және мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қою келіп түсті.

Талап қоюшының пікірінше, тараптардың арасында қарыз шарты жасалған.

Осы шарт бойынша жауапкерге берешегін өтеу үшін ақша қаражаты берілген.

Қарызды қайтару жөніндегі міндеттеме орындалмағандықтан, талап қоюшы қарыз сомасын, тұрақсыздық айыбын және сот шығыстарын өндіріп беруді сұрады.

Жауапкер талаптармен келіспей, қолхатты жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Ол ақша қаражатын алмағанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұған дейін ол жұмысқа орналасу мақсатында жеке кәсіпкерге жүгініп, автокөлікті жалға алу шартын жасасқан.

Қолхат жеке кәсіпкердің (ЖК) нұсқауымен жалдау шартын жасау кезінде «күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда» деген негізбен жасалған. Алайда іс жүзінде ешқандай ақша берілмеген.

Жауапкер автокөлікті бір күн ғана пайдаланып, кейін оны қайтарып берген. Қарыз шарты бойынша берешектің бар екені және осыған байланысты шығарылған сот актісі туралы оған кейіннен белгілі болған.

Заң бойынша қарыз нақты мәміле болып табылады және қарыз алушыға ақшалай қаражатты іс жүзінде берген сәттен бастап қана жасалған болып есептеледі.

Алайда талап қоюшы ақшаны беру фактісін құжатпен растай алмады.

Іс материалдарымен қолхаттың ақша қаражаты іс жүзінде берілмей жасалғаны расталды.

Сонымен бірге, сот даулы мәміле заңнама талаптарын, оның ішінде субъектілік құрам мен тараптардың еркін білдіруге қатысты талаптарды бұза отырып жасалды деген қорытындыға келді.

Шарт ЖК мен жеке тұлғаның арасында ресімделген, бұл ретте аталған жағдайда қарыз беру заңнамада белгіленген шектеулерге қайшы еді.

Ұсынылған дәлелдемелерді олардың жиынтығында бағалай отырып, сот ақша қаражатының нақты берілгенін растайтын дәлелдердің жоқ деген қорытындыға келді.

Осыған байланысты қолхатпен ресімделген мәміле жалған мәміле болып табылады.

Сот ақша қаражатын өндіріп алу туралы бастапқы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Қарсы талап қою қанағаттандырылып, қолхат негізінде жасалған мәміле АК-нің 157-бабының 1-тармағына сәйкес жарамсыз (маңызсыз) деп танылды.

Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Указом Главы государства Мергалиев Асламбек Амангельдинович назначен Председателем Верховного Суда Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi

В Верховном Суде побывал Генеральный секретарь Министерства юстиции Греции

️В Верховном Суде Казахстана состоялась встреча председателя судебной коллегии по административным делам высшего судебного органа Казахстана Аслана Тукиева с Генеральным секретарем Министерства юстиции Греции Василики Гиави.

️Во встрече приняли участие Первый заместитель Руководителя Судебной администрации Шакир Шаяхметов, судья Апелляционного суда Греции Сотириос Цувалас и советник Министерства юстиции Греции по правовым вопросам Апостолос Брикос.

️ Стороны отметили поступательное развитие казахстанско-греческих отношений, основанных на взаимном уважении, доверии и стремлении к расширению практического сотрудничества.

️Было подчеркнуто, что конструктивный политический диалог между двумя странами способствуют укреплению взаимодействия во всех сферах, в том числе в вопросах совершенствования правовой системы и отправления правосудия.

️А.Тукиев проинформировал гостей о проводимых в Казахстане судебных реформах, направленных на формирование открытой, доступной и справедливой судебной системы,расширение доступа к правосудию, эффективную защиту нарушенных прав, усиление независимости судов и судей, развитие цифровизации и внедрение современных технологий в судебную деятельность.

️В.Гиави, отметив достижения казахстанских коллег в применении информационных технологий в деятельности судов, выразила интерес к действующей системе электронного судопроизводства.

️Особое внимание в ходе встречи было уделено вопросам международного првового сотрудничества.

️Отмечено, что за каждым, даже единичным запросом стоят конкретный человек, его права и законные интересы. В этой связи стороны подчеркнули важность дальнейшего взаимодействия между судебными системами двух стран, эффективность применения Гаагских конвенций при оказании международной правовой помощи, особенно по делам, связанным с защитой прав семьи и детей.

️В рамках визита гости посетили Ситуационный центр Верховного Суда, где ознакомились с его аналитическими возможностями, цифровыми решениями и современными инструментами мониторинга деятельности судов.

️Участники встречи, в завершение, подтвердили заинтересованность в укреплении сотрудничества и развитии профессионального диалога.

Жоғарғы Сотқа Грекия Әділет министрлігінің Бас хатшысы келді

️ Қазақстанның Жоғарғы Сотында еліміздің жоғары сот органының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Грекия Әділет министрлігінің Бас хатшысы Василика Гиавимен кездесті.

️Кездесуге Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов, Грекия Апелляциялық сотының судьясы Сотириос Цувалас және Греция Әділет министрлігінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Апостолос Брикос қатысты.

️Тараптар өзара құрметке, сенімге және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылуға негізделген Қазақстан-Грек қатынастарының үдемелі дамуын атап өтті.

️Екі ел арасындағы сындарлы саяси диалог барлық салаларда, соның ішінде құқықтық жүйені жетілдіру және сот төрелігін іске асыру мәселелерінде өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

️А.Түкиев қонақтарды ашық, қолжетімді жәнеәділ сот жүйесін қалыптастыруға, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, бұзылған құқықтарды тиімді қорғауға, соттар мен судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, цифрландыруды дамытуға және сот қызметіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот реформалары туралы хабардар етті.

️В.Гиави қазақстандық әріптестерінің сот қызметінде ақпараттық технологияларды қолданудағы жетістіктерін атап өтіп, қолданыстағы электрондық сот ісін жүргізу жүйесіне қызығушылық білдірді.

️Кездесу барысында халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әрбір, тіпті бір сұраудың артында белгілі бір адам, оның құқықтары мен заңды мүдделері тұрғаны атап өтілді.

️Осыған байланысты тараптар екі елдің сот жүйелері арасындағы одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын, халықаралық құқықтық көмек көрсету кезінде, әсіресе отбасы мен балалардың құқықтарын қорғауға байланысты істер бойынша Гаага конвенцияларын қолданудың тиімділігіне тоқталды.

️Сапар аясында қонақтар Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығында болып, оның аналитикалық мүмкіндіктерімен, цифрлық шешімдерімен және соттардың қызметін мониторингтеудің заманауи құралдарымен танысып шықты.

️Іс-шара соңында кездесуге қатысушыларын тымақтастықты нығайтуға және кәсіби диалогты дамытуға мүдделілігін растады.

Уважаемые казахстанцы!

Сегодня важный день – вступила в силу Новая Конституция Республики Казахстан.

В Конституции определены фундаментальные основы государственной модели, в центре которого находится человек, его права и свободы, усиление защиты этих прав и принципов верховенства закона. Эта задает новое стратегическое направление и ориентир развития нашего государства, реализация которого станет главным вызовом ближайших лет.

Конституционные преобразования придали новый импульс развитию правосудия, усилили гарантии защиты прав и свобод человека и гражданина, укрепили независимость суда, принципы справедливости, законности и ответственности государства перед обществом.

Усиление базовых конституционных прав и свобод граждан, в том числе вовлеченных в орбиту правосудия, позволит обеспечить их эффективную защиту.

Закрепление в Конституции правового статуса административных судов положительным образом скажется на обеспечении гарантии защиты прав граждан в публично-правовых спорах и укрепит доверие общества к судебной системе.

Вчера Главой государства подведены итоги работы и закрыта веха двухпалатного Парламента. А сегодня мы стоим на пороге глобальных преобразований. Впереди электоральный период – выборы в Курултай.

Уверены, глубокий потенциал, заложенный в Новой Конституции, станет надежным фундаментом дальнейших прогрессивных реформ во благо и процветания нашей страны.

Верховный Суд Республики Казахстан

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін маңызды күн – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді.

Конституцияда мемлекеттік модельдің іргелі негіздері айқындалған, онда адам, оның құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігінің осы құқықтары мен принциптерін қорғауды күшейту басты назарда болады. Бұл біздің мемлекетіміздің дамуының жаңа стратегиялық бағыты мен бағдарын белгілейді, оны іске асыру таяу жылдардағы басты міндетіне айналады.

Конституциялық қайта құрулар сот төрелігінің дамуына жаңа серпін берді, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтті, соттың тәуелсіздігін, әділдік, заңдылық және мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігі қағидаттарын нығайтты.

Азаматтардың, оның ішінде сот төрелігі орбитасына тартылған азаматтардың базалық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын күшейту оларды тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Конституцияда әкімшілік соттардың құқықтық мәртебесін бекіту жария-құқықтық дауларда азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.

Кеше Мемлекет басшысы жұмысты қорытындылап, екі палаталы Парламенттің маңызды кезеңі жабылды. Ал бүгін біз жаһандық өзгерістердің алдында тұрмыз. Алда сайлау кезеңі – Құрылтайдағы сайлау.

Жаңа Конституцияға енгізілген терең әлеует еліміздің игілігі мен өркендеуі үшін одан әрі прогрессивті реформалардың сенімді іргетасы болатынына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Верховный Суд – БДИПЧ ОБСЕ: векторы взаимодействия

Председатель судебной коллегии по административным делам Верховного Суда Аслан Тукиев провел встречу с представителями миссии БДИПЧ ОБСЕ Улви Ахундулу и Еленой Ковалевой.

Центральной темой переговоров стала подготовка к наблюдению за предстоящими выборами в Курултай, которые состоятся в августе 2026 года.

В ходе встречи стороны обсудили ключевые направления взаимодействия и обменялись мнениями по вопросам развития правовых и демократических институтов.

Особое внимание было уделено сотрудничеству Верховного Суда и БДИПЧ ОБСЕ, которое на протяжении последних лет носит последовательный и практико-ориентированный характер.

Представителям миссии была представлена информация о модернизации судебной системы Казахстана и совершенствовании выборного законодательства. Речь также шла о мерах по расширению доступа к правосудию, усилению гарантий судебной защиты, укреплению независимости судейского корпуса и внедрению цифровых технологий в деятельность судов.

Встреча прошла в атмосфере открытого и заинтересованного диалога.

По ее итогам стороны подтвердили готовность к дальнейшему развитию сотрудничества и реализации совместных инициатив в сфере верховенства права и совершенствования судебной практики.

Верховный Суд – БДИПЧ ОБСЕ: векторы взаимодействия

Председатель судебной коллегии по административным делам Верховного Суда Аслан Тукиев провел встречу с представителями миссии БДИПЧ ОБСЕ Улви Ахундулу и Еленой Ковалевой.

Центральной темой переговоров стала подготовка к наблюдению за предстоящими выборами в Курултай, которые состоятся в августе 2026 года.

В ходе встречи стороны обсудили ключевые направления взаимодействия и обменялись мнениями по вопросам развития правовых и демократических институтов.

Особое внимание было уделено сотрудничеству Верховного Суда и БДИПЧ ОБСЕ, которое на протяжении последних лет носит последовательный и практико-ориентированный характер.

Представителям миссии была представлена информация о модернизации судебной системы Казахстана и совершенствовании выборного законодательства. Речь также шла о мерах по расширению доступа к правосудию, усилению гарантий судебной защиты, укреплению независимости судейского корпуса и внедрению цифровых технологий в деятельность судов.

Встреча прошла в атмосфере открытого и заинтересованного диалога.

По ее итогам стороны подтвердили готовность к дальнейшему развитию сотрудничества и реализации совместных инициатив в сфере верховенства права и совершенствования судебной практики.

Жоғарғы Сот – ЕҚЫҰ ДИАҚБ: өзара іс-қимыл векторлары

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының өкілдері Улви Ахундулу және Елена Ковалевамен кездесу өткізді.

Келіссөздердің басты тақырыбы 2026 жылдың тамызында өтетін Құрылтайдағы алдағы сайлауды бақылауға дайындық болды.

Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, құқықтық және демократиялық институттарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Соңғы жылдары дәйекті және практикаға бағдарланған сипаттағы Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Миссия өкілдеріне Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту және сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, сот қорғауының кепілдіктерін күшейту, судьялар корпусының тәуелсіздігін нығайту және соттардың қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шаралар туралы айтылды.

Кездесу ашық және мүдделі диалог атмосферасында өтті.

Оның қорытындысы бойынша тараптар құқық үстемдігі және сот практикасын жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.

Жоғарғы Сот Төрағасы Павлодар облысының судьялар корпусымен кездесті

Председатель Верховного Суда встретился с судейским корпусом Павлодарской области

Председатель Верховного Суда встретился с судейским корпусом Павлодарской области

️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев в ходе рабочей поездки в Павлодарскую область встретился с судейским корпусом региона.

️В мероприятии приняли участие Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров, судьи региона и работники судов.

️Вначале с докладами выступили председатели судебных коллегий Мурат Солтыбаев, Марат Дайкенов и Мади Рысбеков, а также председатель областного суда Серик Толегенов.

️А.Мергалиев, выступая перед участниками встречи, рассказал о ключевых направлениях развития судебной системы, уделив особое внимание вопросам укрепления доверия общества, противодействия коррупции, соблюдения профессиональной этики и повышения качества судебного администрирования.

️Говоря о высоком уровне общественного доверия к судам, который, по данным Бюро национальной статистики, составляет 63,2%, он подчеркнул, что оценка граждан является одним из ключевых индикаторов эффективности государственных институтов.

Заслужить доверие людей непросто, а сохранить его ещё сложнее. Любая судебная ошибка остро воспринимается обществом и оказывает влияние на репутацию всей судебной системы», - отметил Председатель ВС.

️ Особое внимание было уделено конституционным реформам, которые стали важным этапом развития правового государства.

️ Они усилили механизмы защиты прав и свобод граждан, повысили ответственность судов за обеспечение верховенства права и соблюдение конституционных гарантий. Также подчеркнута важность электорального периода и необходимость оперативного, объективного и беспристрастного рассмотрения обращений и споров, связанных с избирательным законодательством.

️Председатель ВС выразил уверенность в том, что профессионализм судей, приверженность принципам независимости и законности позволят достойно выполнить стоящие перед судебной системой задачи, способствуя дальнейшему укреплению общественного доверия и обеспечению стабильности в обществе.

️В завершение состоялась торжественная церемония награждения.

️Медалью «Мінсіз қызметі үшін» I степени награжден председатель судебной коллегии по административным делам областного суда Мади Рысбеков; медалью «Сот жүйесінің ардагері» - судьи в отставке Кулжан Кунадилова, Роза Имантаева и Каламкас Темирова; медалью «Сот жүйесінің үздігі» - председатель Щербактинского районного суда Сакен Садуакас.

️Почетной грамотой Председателя Верховного Суда отмечена судья специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних Махаббат Ахметбекова. Благодарностью Председателя Верховного Суда - председатель Актогайского районного суда Асель Аскарова.

Жоғарғы Сот Төрағасы Павлодар облысының судьялар корпусымен кездесті

️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңірдің судьялар корпусымен кездесті.

️ Іс-шараға Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, өңірдің судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

️Іс-шара барысында сот алқаларының төрағалары Мұрат Солтыбаев, Марат Дайкенов және Мәди Рысбеков, сондай-ақ облыстық соттың төрағасы Серік Төлегенов баяндама жасады.

️А.Мерғалиев кездесуге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде қоғамның сенімін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кәсіби этиканы сақтау және сот әкімшілігінің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, сот жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты.

️Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 63,2% құрайтын соттарға деген қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі туралы айта отырып, ол азаматтарды бағалау мемлекеттік институттардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Адамдардың сеніміне ие болу оңай емес, оны сақтау одан да қиын. Кез келген сот қатесін қоғам ауыр қабылдайды және бүкіл сот жүйесінің беделіне әсер етеді», – деп атап өтті ЖС Төрағасы.

️Құқықтық мемлекет дамуының маңызды кезеңіне айналған конституциялық реформаларға ерекше назар аударылды. Олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтті, соттардың құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық кепілдіктерді сақтау жауапкершілігін арттырды.

️Сондай-ақ сайлау кезеңінің маңыздылығы және сайлау заңнамасына байланысты өтініштер мен дауларды жедел, объективті және бейтарап қарау қажеттілігіатап өтілді.

️ЖС Төрағасы судьялардың кәсібилігі, тәуелсіздік пен заңдылық қағидаттарына адалдығы сот жүйесінің алдында тұрған міндеттерді лайықты орындауға мүмкіндік беретініне, қоғамдық сенімді одан әрі нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді.

️Кездесу соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

️І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәди Рысбеков; «Сот жүйесінің ардагері» медалімен – отставкадағы судьялар Күлжан Құнәділова, Роза Имантаева және Қаламқас Темірова; «Сот жүйесінің үздігі» медалімен – Шарбақты аудандық сотының төрағасы Сәкен Сәдуақас марапатталды.

️Жоғарғы Сот Төрағасының Құрмет грамотасымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Махаббат Ахметбекова, ЖоғарғыСот Төрағасының Алғысымен – Ақтоғай аудандық сотының төрағасы Әсел Асқарова марапатталды.

В Верховном Суде состоялось очередное пленарное заседание

️ Председатель Верховного Суда АсламбекМергалиев провел очередное пленарное заседание высшего судебного органа.

️ В его работе приняли участие председатели судебных коллегий и судьи Верховного Суда, представители Генеральной прокуратуры, министерств юстиции и внутренних дел.

️ Председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Назгуль Рахметуллина в своем выступлении отметила, что разработка проекта Нормативногопостановления «О судебной практике применения законодательства об административном надзоре» обусловлена обновлением законодательной базы и направлена на приведение судебной практики в соответствие с действующим законодательством.

️ В проекте Нормативного постановления разъясняются вопросы установления, продления, изменения и прекращения административного надзора, применения административных ограничений, а также процессуальные аспекты рассмотрения судами соответствующих материалов.

️ Урегулированы ранее не охваченные вопросы и отражены переходные положения, связанные с введением нового закона.

️По словам Н.Рахметуллиной, документориентирован на обеспечение и стимулирование правопослушного поведения лиц, отбывавших наказание в виде лишения свободы.

️Его принятие позволит обеспечить единообразное применение законодательства судами, совершенствовать правовое регулирование в данной сфере и соблюсти баланс между задачами профилактики правонарушений и защитой прав и свобод граждан.

️По итогам обсуждения участники заседания утвердили внесенные поправки.

️Обновленный документ будет опубликован на официальном сайте Верховного Суда в разделе «Законодательство».

Жоғарғы Сотта кезекті жалпы отырыс өтті

️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

️ Отырысқа Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Бас прокуратура, Әділет және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты.

️ Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина өз сөзінде «Әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы қолданудағы сот практикасы туралы» нормативтік қаулының жобасын әзірлеу жаңартылған заңнамалық базаға байланысты және сот практикасын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталғанын атап өтті.

️ Нормативтік қаулының жобасында әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту, өзгерту және тоқтату, әкімшілік шектеулерді қолдану, сондай-ақ тиісті материалдарды сотта қараудың процедуралық аспектілері нақтыланған.

️ Бұрын шешілмеген мәселелер айқындалған, жаңа заңның енгізілуіне байланысты өтпелі ережелер көрсетілген.

️ Н.Рахметуллинаның айтуынша, құжат бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамдар арасында заңға бағынушылық мінез-құлықты қамтамасыз етуге және ынталандыруға бағытталған. Оның қабылдануы соттардың заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз етеді, осы саладағы құқықтық реттеуді жақсартады және қылмыстың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтайды.

️ Талқылаудан кейін отырысқа қатысушылар түзетулерді мақұлдады.

️ Жаңартылған құжат Жоғарғы Соттың ресми сайтының «Заңнама» бөлімінде жарияланады.

Қазақстанның Жоғарғы Сотына Түркияның кассациялық сотының делегациясы келді

Верховный Суд Казахстана посетила делегация Кассационного суда Турции

Верховный Суд Казахстана посетила делегация Кассационного суда Турции

️ Председатель Верховного Суда Казахстана Асламбек Мергалиев провел встречу с председателем Кассационного суда Турции Омером Керкезом, прибывшим в Казахстан для участия во Второй конференции высших судов Организации тюркских государств, прошедшей в Туркестане.

️ Во встрече приняли участие председатели гражданской и уголовной коллегий Верховного Суда РК Нурсерик Шарипов и Назгуль Рахметуллина, руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров и его первый заместитель Шакир Шаяхметов.

️В состав турецкой делегации вошли председатель палаты по гражданским делам Шерафеттин Озюрур, судьи Кассационного суда, а также представители посольства.

️Приветствуя гостей, А.Мергалиев подчеркнул высокий уровень двустороннего сотрудничества и конструктивного профессионального диалога между судебными органами Казахстана и Турции.

️ Он отметил, что состоявшаяся встреча стала еще одной возможностью для укрепления партнерских связей и обмена передовым опытом по вопросам, представляющим взаимный интерес.

️ Председатель Верховного Суда ознакомил гостей с особенностями судебной системы Казахстана, преобразованиями в судебной системе, в том числе с созданием кассационных судов и изменением роли Верховного Суда в современных условиях.

️В свою очередь О.Керкез высоко оценил проводимые в судах Казахстана реформы и достигнутый уровень цифровизации.

Гости проявили большой интерес к казахстанскому опыту, задав ряд вопросов, на которые получили подробные ответы.

️ Особое внимание стороны уделили вопросам развития цифровых технологий в судопроизводстве, образовательным программам для судейского корпуса, внедрению современных IT-решений.

️ Турецкие коллеги ознакомились с ключевыми цифровыми продуктами судебной системы Казахстана и практикой их применения в судебной деятельности.

️ В ходе экскурсии по зданию Верховного Суда РК Н.Ахметзакиров рассказал об оснащении залов судебных заседаний, ознакомил с работой Интернет-суда и Ситуационного центра по анализу и мониторингу деятельности всех судов.

️ Гостям продемонстрированы возможности отечественных IT-разработок, механизмы использования элементов искусственного интеллекта и инструментов анализа больших данных. Они смогли увидеть работу судьи в электронном зале судебного заседания и на практике ознакомиться с тем, как цифровизация способствует повышению эффективности и качества правосудия, а также судебного администрирования.

️ Стороны подтвердили заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества и укреплении профессиональных контактов между судебными органами Казахстана и Турции.

Қазақстанның Жоғарғы Сотына Түркияның кассациялық сотының делегациясы келді

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері Ұйымының жоғары соттарының екінші конференциясына қатысу үшін Қазақстанға келген Түркия кассациялық сотының төрағасы Омер Керкезмен кездесті.

️ Кездесуге ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және қылмыстық сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов пен Назгүл Рахметуллина, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және оның бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов қатысты.

️ Түрік делегациясының құрамында азаматтық істер жөніндегі палатаның төрағасы Шерафеттин Озюрур, кассациялық соттың судьялары, сондай-ақ Елшілік өкілдері болды.

️ Қонақтарға ілтипат білдіре отырып, А.Мерғалиев Қазақстан мен Түркияның сот органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен сындарлы кәсіби диалогтың жоғары деңгейін атап өтті.

️ Ол аталған кездесу серіктестік байланыстарды нығайту және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша озық тәжірибелермен алмасу үшін тағы бір мүмкіндік болғанын атап өтті.

️ Жоғарғы Сот Төрағасы қонақтардыҚазақстанның сот жүйесінің ерекшеліктерімен, сот жүйесіндегі өзгерістермен, оның ішінде кассациялық соттардың құрылуымен және қазіргі жағдайда Жоғарғы Соттың рөлінің өзгеруімен таныстырды.

️ Өз кезегінде О.Керкез Қазақстан соттарында жүргізіліп жатқан реформалар мен цифрландырудың қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалады.

️ Қонақтар қазақстандық тәжірибеге үлкен қызығушылық танытып, бірқатар сұрақ қойып, оларға толық жауаптар алды.

️Тараптар сот ісін жүргізуде цифрлық технологияларды дамыту, судьялар корпусы үшін білім беру бағдарламалары, заманауи IT-шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

️ Түрік әріптестер Қазақстанның сот жүйесінің негізгі цифрлық өнімдерімен және оларды сот қызметінде қолдану практикасымен таныс болды.

️ ҚР Жоғарғы Сотының ғимаратына экскурсия барысында Н.Ахметзакиров сот отырысы залдарын жарақтандыру туралы айтып, Интернет-соттың және барлық соттардың қызметін талдау және мониторингілеу жөніндегі Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстырды.

️ Қонақтарға отандық IT-әзірлемелердің мүмкіндіктері, жасанды интеллект элементтерін пайдалану тетіктері және ауқымды деректерді талдау құралдары көрсетілді. Олар судьяның сот отырысының электронды залындағы жұмысын көре алды және іс жүзінде цифрландыру сот төрелігінің, сондай-ақ сот әкімшілендіруінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қалай ықпал ететіндігімен танысып шықты.

️ Тараптар Қазақстан мен Түркияның сот органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүдделілігін растады.