Архив доступен 401 сообщений С 2020 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

"тұйық етістік + үшін" дегеннің басқа да күшті барианттары бар)

"Мән-жайды білу үшін бардым" —

Мән-жайды білейін деп бардым

Мән-жайды білмекке бардым

Мән-жайды білгелі бардым.

түріктер итке köpek дейді, бірақ қазақтың диалектілерінде көпек сөзі бар болғанымен, әдеби тілдегі күпек сөзі мүлде басқа нәрсені білдіреді — ол ұл бала сүндеттелгенде алынып тасталатын тері бөлшегінің атауы. орысша — крайняя плоть, ағылшынша — foreskin.

айтпақшы, сүндетке отырғызғанды піштіру деп жүрген достарыңызға айтыңыз: піштіру немесе пішу — басқа ұғым. шатаспайық!

осы орайда, бүгінгі жазбамызды оқи отырңыздар

"Отандық журналист" деген не айтқысы келіп тұрған тіркес екен? "Қазақстан/қазақ журналисі" дегеннен артық мәні я тағы бірдеңесі бар ма?

бұл жігіт Шешенстанда емес, Қазақстанда екен, яғни "ұрлап әкетілген" — ол емес, әке-шешесі.

сосын "похищенные" деген — "ұрлап әкетілген" емес.

қазақша ақпаратты дұрыс түсіндім бе деп орысшасын тексеріп алуға мәжбүр бола берсек, аздап былай біртүрлі емес пе

Бәленбай ғасыр өткеннен кейін біреу мұрағаттан Qazsport комментаторының "Колумбия — Мексикаға дерлік көрші ел" дегенін тауып алып, "міне, көрдіңдер ме, байырғы қазақтар осылай депті, демек, дұрысы — сол" деуі әбден мүмкін ғой, иә?!)

география да, лексика-грамматика да әдірем қалды-ау, номиналдыалаңиелеріңніңаузынассс

киносүйер болсаңыздар, мына жаққа бармай нағып жүрсіздер) киносүймес болсам да, оқып тұрам

Емленің қыргүйегі мен шегарасына шүйлігеміз де, ондағы көгорай, жаздыгүні, қыстыгүні, жарғанат, Ботагөз, Қарагөзге ештеңе демейміз, иә?)

Фильм мифологияға негіз бе, мифология фильмге негіз бе? Сөйлемді "Калькасыз қазақ тілі" бойынша жөндегенде қалай болады?

"массированный" (удар/атака) дегенді "жаппай" дегеннен гөрі бастырмалата, төпей, төпелеп, төпелете, үстіне-үстіне, жаудыра, толассыз деген дәлірек емес пе?

— иә, дәлірек

— дәлдеу

— жоқ, дәл емес

— какаяразница

пілә, "тіпті" дей ма)

кітап-тікап аударғанда арт жағындағы индекс-миндекс, пайдаланылған әдебиет, түсіндірме-ескерту, басқа да көрсеткіш дегендерді түгел шұқшия тексеріп шыққан кезде негізгі мәтіндегі автордың қатесі көзге түсіп қалуы мүҢкін, автордың қатесі кейін аудармашының қатесі, одан кейін редактордың қатесі сияқты болып тұрады, такшо ондайларды "маңызы шамалы ғо", "оны кім оқиды дейсің", "машақаты көп қо" демей, ерінбей аударың я тексеріп шығың)

"барма" деп отырған кісінікі шақырған бола ма? қаяққа шақырад? не деп шақырад? не бетімен шақырад?

ешқашан-ешқашан-ешқашан бұлай жазбаң)

не дейд, көтек)

"Бұл жағдай маған күтпеген ашылу болды" (с)

"Күтпеген ашылудың" куәсі болсаңыз, мұны қалай айтар едіңіз?

пен сөзжасам

"оның да адам екенін жапондар сезеді"

"ол да адам екенін жапондар сезеді"

Орысша нұсқасында "сайран салған" етістіктер мен басқа нәрселер қазақшасында сүмірейіп қалған ғой. Өйткені қазақша сөйлем басқаша құралады

Лайыпқақ

Сөйлемде бір элементті алып тастағанда, ештеңе өзгермесе, ол шынымен артық деген сөз: Олар ескерткішке гүл ~~шоқтарын~~ қойды

Бір сөйлемде бір сөз не түбірлес элемент қайталанбағаны жөн: Осы жерден 150 шақырым жерде Қазақстанның газы Қытайға экспортталып жатыр

Жауыр болған қолданыстарды өзгертіп не орнына басқа элементтерді қатыстырып жазған жақсы: ~~ақиық~~ ақын — ақын, ~~қателікке бой алдырды~~ — қателесіп кетті, жаңылып қалды

Жарма ботқасының жентегін езген дұрыс — ақпаратта мағына жағынан тарқатылатын бөлшектерді тарқатпай қоя салуға болмайды: Жиында келелі мәселелер талқыланды — не мәселе ол: бюджет пе, экология ма, демография ма? Не мәселе екені белгісіз болса, онда келелі-келесізін қалай білдік?

Сабақтас құрмаласта баяндауыш басыңқыға дейін мәлім болғаны дұрыс, әйтпесе кім кімнен таяқ жегенін білмей қаламыз: Аружан Саин өгей әкесінен таяқ жеп, ауыр халде жатқан баланың ісін қолға алды

Күн сайын жаңалық әртүрлі де, сөйлемдер сол баяғы болмасын дегенімде, Дана деген әріптесім "өмірді қиындатып не керек?" дейтін, жауап — күн, ақпарат, өмір өзгеріп жатса, оны таптаурындатып не керек?

сөйлемдерді шылаулар есебінен ықшамдағанда әддемі болады: Елдің батысындағы өзендер тартылып қалған, сонымен қатар оңтүстік өңірлерде су қоры таусылуға таяу — Елдің батысындағы өзендер тартылып қалған, оңтүстік өңірлерде де су қоры таусылуға таяу (контекске қарай мысал әртүрлі болуы мүмкін, жалпы, сонымен қатар мен сондай-ақ да, де, та, те шылауларын ысырып тастай бермегені дұрыс).

Ал сіздерде қандай лайыпқақ бар?

"досуды" деген не болды екен?