Архив доступен 48 852 сообщений С 2018 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Президент бірлескен күш-жігердің арқасында сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словения халқына бақ-береке тіледі.

@qazaqparat_kz

Қазақстан мен Қытай 2027–2030 жылдарға арналған жаңа сауда бағдарламасын әзірлеп жатыр

IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді.

— Бүгінгі көрмеде агрохимия мен дрон өндірісіндегі озық үлгілер ұсынылған. Біз осы өндірушілер мен инвесторларды Қазақстанға шақырғымыз келеді. Оларға өндірісті локализациялау үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайынбыз, — деді Серік Жұманғарин.

@qazaqparat_kz

Студенттер тарих пәнін оқытуға арналған «TarikhMap» инновациялық платформасын әзірледі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторы, аға оқытушы Айжан Қоңырованың жетекшілігімен студенттер тобы тарих сабақтарында интерактивті цифрлық карталар мен жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануға бағытталған «TarikhMap» инновациялық платформасын әзірледі.

«TarikhMap» платформасының негізгі мақсаты – тарих пәнін оқытуды цифрландыру, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және педагогтердің уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасау.

@qazaqparat_kz

Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесу

Астана. Ақорда

@qazaqparat_kz

Сихасак Пуангкеткео қонақжайлық танытқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Таиланд Үкіметі Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді

– Еліңіздің экономикалық жетістіктеріне шынайы тәнтіміз. Бүгінде Қазақстанның орта держава ретінде әлемдік аренадағы рөлі артып келеді әрі Таиландтың Орталық Азиядағы басты серіктесі саналады. Біздің еліміз Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ықпалдастықты дамытуда дәнекер болуға дайын. Бұл ретте біз тиімді әрі өзара пайдалы ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынамыз. Таиланд туризм, оның ішінде медицина туризмі, қонақ үйлер құрылысы, аса маңызды минералдарды жеткізу тізбегін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі, – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Бұдан бөлек, Сихасак Пуангкеткео Таиланд Қазақстанның бірқатар бастамасын қолдағанын жеткізді. Олардың қатарында БҰҰ ЭСКАТО тұрақты даму мақсаттары үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын ашу және БҰҰ құрылымы аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамалар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтың АӨСШК қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, халықаралық құрылымдар аясындағы нәтижелі ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырып, ізгі сәлемін жолдады.

@qazaqparat_kz

Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

Үкімет Степногор және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

Маңғыстауда итбалықтардың жаппай қырылуы тыйылар емес: тағы 35 өлексе табылды

АҚШ-тың Словениядағы елшісі лауазымына алғаш рет қазақ қызы тағайындалды

Балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салатын нормалар Құрылтайда қаралады

@qazaqparat_kz

Кения Президенті Уильям Рутоның елімізге мемлекеттік сапары

@qazaqparat_kz

Қазақстан мен Кения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Кения арасында инвестиция тартуға және халықаралық қаржылық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған өңірлік алаң ретінде АХҚО қызметі таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Рутоға АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров орталықтың негізгі бағыттары, соның ішінде капитал нарығын қалыптастыру, орнықты, «жасыл», ислам және авиа қаржыландыруды дамыту, сондай-ақ аталған алаңға халықаралық компаниялардың қатысуын кеңейту шаралары жөнінде әңгімеледі.

Орталықтың экожүйесінде 90 елден келген 5600-ден аса компания тіркелген. Осы жылдарда тартылған инвестиция көлемі 21,8 миллиард доллардан асты.

Орталық жұмыс істей бастағаннан бері АХҚО қатысушылары ел бюджетіне 317,4 миллиард теңге салық төледі.

@qazaqparat_kz

Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, елдің басты технологиялық хабы саналатын кешеннің әлеуетімен танысты.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттер басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.

Президенттерге Astana Smart City жүйесі және оның бейнеталдау, қоғамдық қауіпсіздік, көлік ағыны мен қалалық қызметтерді онлайн режимде үйлестіру салаларындағы мүмкіндіктері баяндалды.

@qazaqparat_kz

Президенттер «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысушылармен суретке түсті

@qazaqparat_kz

Уильям Руто Кения мен Қазақстан ықпалдаса отырып, Африка және Орталық Азия арасында жаңа экономикалық көпір орната алатынына сенімді екенін айтты

– Осында жиналған бизнес көшбасшыларын диалогтан – келісімге, байланыс орнатудан инвестицияға көшуге, қос халықтың игілігі үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп орындарын дамытуға шақырамын. Іскерлік ықпалдастықты ілгерілету үшін Астана мен Найроби арасында тікелей әуе қатынасын ашудың перспективасы мол. Шығыс Африка нарығына қызығушылық танытқан қазақстандық компанияларға Момбаса мен Ламу порттары қызмет етуге әрдайым әзір. Бүгін Астанада біздің елімізден келетін тауарларға арналған логистикалық хаб салу жөнінде уағдаластық. Мен бұған қуаныштымын, – деді Кения Президенті.

@qazaqparat_kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты тағы бір басым бағыт ретінде атады

– Қазақстан негізгі азық-түлік дақылдарын өндіретін әлемдегі көшбасшы елдердің бірі саналады. Африкадағы жоғары сұранысты ескере отырып, Сіздің еліңізге бидай экспорттауға мүдделіміз. Ал Кенияның шәйі, кофесі мен гүлі әлемге әйгілі. Сондықтан біз Қазақстанда Кения сауда хабын ашуға ниеттіміз. Сол арқылы Сіздің елдің бизнесі Еуразия нарығына дендеп ене алады. Сонымен қатар аграрлық саладағы бірлескен білім беру бастамасын құптаймыз. Кениялық студенттер мен мамандарды оқу орындарымызда қуана қарсы аламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, тау-кен өнеркәсібі және геологиялық барлау екіжақты ықпалдастықтың маңызды бағыты саналады.

– Қазақстан мен Кенияда сирек кездесетін элементтердің және аса маңызды минералдардың мол қоры бар. Таза энергияға көшу, цифрлық технология және озық өндіріс салаларында жаһандық сұраныстың ұлғаюына байланысты аталған қазба байлықтардың маңызы арта түсті. Осы орайда геология, барлау, өндіру және өңдеу бағытында өзара тиімді ынтымақтастық құруға айтарлықтай мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Қазақстан осы саладағы білімі мен тәжірибесін бөлісуге дайын.

«Самұрық Қазына» мен NAMICO компаниясы арасында жасалған Кениядағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы келісімді құптаймыз. Оның аясында тараптар жер қойнауын пайдалану, геологиялық барлау, бағалау және ілгерілету жұмыстарымен айналысады. Бұл құжат тау-кен өндірісі секторындағы бірлескен жобаларды іске қосуға берік негіз қалайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

@qazaqparat_kz

Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі елдердің бірі

Өсім динамикасы – 6,5 пайыз.

– Шағын және орта бизнес – экономикамыздың 40 пайызына жуығын құрайды. Ел жетістіктерінің мәні осында. Мемлекеттегі тұрақты саяси ахуал экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция инвесторлар құқығын қорғаудың кепіліне айналды. Қазақстан инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын тартымды институционалдық база қалыптастырды. Институционалдық қауіпсіздік арқылы ұзақмерзімді ынталандыру шараларын ұсынамыз.

Енді шетелдік кәсіпкерлер инвесторларға салықтық және миграциялық жеңілдіктер беретін «Altyn Visa» бірегей бағдарламасын толық пайдалана алады. Осы орайда кениялық бизнестің көшбасшыларын аталған мүмкіндіктерді қолданып, Қазақстанды инвестиция, өсім және ұзақмерзімді серіктестік үшін стратегиялық бағыт ретінде қарастыруға шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің бірқатар перспективті салаларына тоқталды.

– Қазақстан Еуразияның негізгі көлік хабы ретінде қалыптасты. Бүгінде Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің шамамен 85 пайызы еліміздің аумағынан өтеді. Орта дәліз атауымен белгілі Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде ілгерілетіп келеміз. Ал Кения – 300 миллион халқы бар Шығыс Африка нарығына кедергісіз кіруге мүмкіндік беретін басты логистикалық қақпа. Орта дәлізді Африканың маңызды теңіз жолдарымен жалғау қажет. Осы мақсатта «Бір белдеу, бір жол» бастамасының әлеуетін толық пайдаланған жөн.

Қазақстан Шығыс Африканың ірі көлік-логистика желісі саналатын Кениядағы Момбаса және Ламу порттарымен байланыс орнатуға әзір. Бұл айлақтар қазақстандық металл өнімдері, құрылыс материалдары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдерінің экспортын айтарлықтай арттыруға жол ашады. Теңіз жолына қоса әуе қатынасын дамыту жүк жеткізуді барынша жеделдетеді. Қазақстандағы «ашық аспан» режимі әлемдік авиатасымалдаушылар үшін жақсы ынталандыру болмақ. Ең әуелі, екі ел арасында әуе жүк тасымалын іске қосу мүмкіндіктерін зерделеуді ұсынамын.

Әрине, біздің ұзақмерзімді міндеттеріміздің бірі – Астана мен Найроби арасында тікелей әуе рейстерін ұйымдастыру, – деді Президент.

@qazaqparat_kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысты

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Кения арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл саяси шешімдерді бекітуге және екіжақты байланыстарды нығайтуға қос тараптың да ниетті екенін көрсетеді.

– Президент Уильям Рутомен жүргізген нәтижелі әрі мазмұнды келіссөз барысында көптеген бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенімізді растадық. Сондай-ақ серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындадық. Экономикалық байланыстарымыз таяу арада нақты іске ұласады деп ойлаймын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық серіктестікті жандандыру бойынша бірқатар бастама көтерді.

– Сауда мен инвестиция саласындағы диалогтың арнаулы платформасына айналатын «Қазақстан – Кения» іскерлік кеңесін бекіту қажет. Бизнес-миссиялардың барыс-келісін тұрақты түрде ұйымдастыру компаниялардың өркендеуіне ықпал етеді. Қазақстанның Кениядағы бизнес мәселелерін үйлестіру бойынша Құрметті консулын тағайындау елдеріміздің кәсіпкерлері арасындағы байланысты арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар көлік-логистика инфрақұрылымын жақсарту перспективасы мен тың мүмкіндіктерді пайдалану жөніндегі сарапшылар тобын құру ұсынылады.

Осы шараларды іске асыру министрлер деңгейіндегі Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияны тездетіп құруға берік негіз болады деп сенемін. Сондай-ақ бизнес тәжірибелерін зерделеу үшін Кенияға іскерлік орта өкілдерінен құралған топ жіберуге уағдаластық, – деді Мемлекет басшысы.

@qazaqparat_kz

Қыз Жібек киген қамзолдың бұдан кейінгі тағдыры белгілі болды

Қазір аталған музейдегі барлық жәдігер цифрландырылып жатыр. Бұл жөніндет ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Үкімет кулуарында мәлімдеді.

«Қыз Жібек» фильмінде киілген қамзол — Қазақстан кинеметографиясы және жалпы қазақ киносының тарихы үшін қасиетті дүние. Қазір бұл мәселеге қатысты тексеріс жүргізіп жатырмыз. Әріптесерім құрметті Меруерт Өтекешовамен сөйлесті, біз келістік. Қыз Жібектің барлық костюмі жинақталған соң, «Қазақфильм» музейіне табысталады. Мұны Меруерт Өтекешованың өзі де ұсынып, қолдап отыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталанбау үшін «Қазақфильмдегі» барлық киім мен жәдігерді цифрландырып жатырмыз. Олар — қазақстандық киноларда қолданылған құнды мұралар. Енді жәдігерлерді қарап, бақылап отыруға болады, — деді вице-министр.

@qazaqparat_kz

Алматылық LRT астаналық жобадан несімен ерекшеленеді

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысына байланысты жаңа мәліметтер жарияланды.

Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, жақында елордада іске қосылған LRT-дан алматылық жобаның басты айырмашылығы - рельстер тікелей жер үстіне салынады.

@qazaqparat_kz

Астанада құрбандық шалу тәртібіне қатысты маңызды ескерту жасалды

Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбандыққа шалуға мал сою, ет өнімдерін сақтау және тұтыну кезінде санитариялық және ветеринариялық талаптарды сақтау қажеттігін ескертті.

Бұл шаралардың негізгі мақсаты — инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу, сондай-ақ тағамнан улану жағдайларын болдырмау. Ең алдымен, құрбандыққа мал сою тек арнайы белгіленген орындарда — ресми мал сою пункттері мен жергілікті атқарушы органдар айқындаған алаңдарда жүргізілуі тиіс екенін еске саламыз, — деп хабарлады департаменттен.

@qazaqparat_kz

Мемлекет басшысы Кения Президентімен нәтижелі келіссөздер жүргізді

Астана, Тәуелсіздік сарайы

@qazaqparat_kz