Биыл қалада көшелерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған.
Маңызды нысандардың бірі — Республика алаңы.
Мұнда автотұрақтардың орнына жаяу жүргіншілерге басымдық берілген заманауи қоғамдық кеңістік пайда болады.
Жұмыс сапары барысында осы учаскедегі жұмыстардың қарқынын тексердім. Бүгінде жарықтандыру және автоматты суару жүйелерін орнату аяқталды, гранит тақталарын төсеу жұмыстары жүргізілуде, көгалдандыру қарқынды жалғасып жатыр. Жұмыстардың сапасын төмендетпей, қарқынын күшейтуді тапсырдым.
Сондай-ақ, сапар барысында Satbayev University жанындағы жаңартылған Геологтар аллеясын аралап көрдім. Мұнда субұрқақ, спорт және ойын алаңдары, сондай-ақ қалалық және студенттік іс-шараларға арналған амфитеатр салынған.
Бұдан бөлек, жаңартылған Баум тоғайы да назардан тыс қалмады. Табиғи ландшафт пен жасыл желекті барынша сақтай отырып, мұнда жаңа демалыс аймақтары, балалар және спорт алаңдары, веложол, жарықтандыру және бейнебақылау жүйесі жабдықталған. Жалпы алғанда, тұрғындар абаттандыру жұмыстарының нәтижесін оң бағалауда.
В текущем году в городе планируются масштабные работы по благоустройству улиц.
Один из знаковых участков — площадь Республики.
Здесь вместо парковок появится современное общественное пространство с приоритетом для пешеходов.
В ходе рабочего объезда проверил темпы работ на данном участке. На сегодня завершен монтаж систем освещения и автополива, ведется укладка гранитной плитки, продолжается активное озеленение. Поручил ускорить работы, без снижения качества.
Также в ходе объезда осмотрел обновлённую Аллею Геологов у Satbayev University. Здесь появились фонтан, спортивные и игровые зоны, а также амфитеатр для городских и студенческих мероприятий.
Кроме того, посетил обновленную Рощу Баума. При максимальном сохранении природного ландшафта и зеленых насаждений здесь обустроены новые зоны отдыха, детские и спортивные площадки, велодорожка
освещение и система видеонаблюдения. В целом, горожане положительно оценили результаты благоустройства.