Архив доступен 7 469 сообщений С 2019 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

ҚАЗАҚСТАН АДАМ ДАМУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША ТМД МЕН ОА ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА КӨШ БАСТАП, ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдері арасында сенімді түрде көш бастап тұр

2023 жылғы көрсеткіштерге негізделген 2025 жылғы баяндама деректері бойынша Қазақстан 193 ел мен аумақ арасында 60-орында тұр. ҚР Адамның даму индексі (HDI) 0,837-ні құрады, бұл адам дамуының өте жоғары деңгейіне сәйкес келеді.

ТМД мен Орталық Азия елдері арасында бұл — ең үздік нәтиже.

Қазақстанда күтілетін білім алу ұзақтығы 14 жылды, ал білім алудың орташа ұзақтығы 12,5 жылды құрады. Айта кету керек: қазақстандық білім беру саласы түрлі әлемдік рейтингтерде расымен де мықты позицияларды көрсетіп келеді. Мысалы, жақында шыққан QS Best Student Cities 2027 деректеріне сай қос елордамыз — Алматы мен Астана өз позицияларын жақсартып, рейтингте тиісінше 78-орынды (+13) және 119-орынды (+8) иеленді. Бұл ҚР-ның студенттік қалалардың тартымдылығы бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Негізгі артықшылықтар ретінде мықты университеттер мен жоғары білімнің қолжетімділігі атап өтілді.

Толығырақ: https://ranking.kz/kz/sholu/world-kz/kazakstan-adam-damuynyn-dengeyi-boyynsha-tmd-men-oa-elderi-arasynda-kosh-bastap-elemdegi-uzdikter-kataryna-endi.html

ПО УРОВНЮ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАН ЛИДИРУЕТ СРЕДИ СТРАН СНГ И ЦА И ВХОДИТ В ЧИСЛО ЛУЧШИХ В МИРЕ

Казахстан уверенно лидирует среди стран СНГ и Центральной Азии

По данным доклада за 2025 год, основанным на показателях за 2023-й, Казахстан занял 60-е место среди 193 стран и территорий. Индекс человеческого развития РК составил 0,837, что соответствует очень высокому уровню человеческого развития.

Среди стран СНГ и Центральной Азии это лучший результат.

Ожидаемая продолжительность обучения в Казахстане составила 14 лет, а средняя продолжительность обучения — 12,5 года. Заметим: казахстанское образование действительно демонстрирует сильные позиции в самых разных мировых рейтингах.

↪️К примеру, согласно недавним данным QS Best Student Cities 2027, обе столицы — Алматы и Астана — улучшили позиции, заняв в рейтинге 78-е (плюс 13) и 119-е (плюс 8) места соответственно, что подтвердило лидерство РК в Центральной Азии по привлекательности студенческих городов. Среди ключевых преимуществ отмечались сильные университеты и высокая доступность высшего образования.

Подробнее: https://ranking.kz/reviews/world/po-urovnyu-chelovecheskogo-razvitiya-kazahstan-lidiruet-sredi-stran-sng-i-tsa-i-vhodit-v-chislo-luchshih-v-mire.html

Текст материала отсутствует.

Текст материала отсутствует.

Фрагмент выступления профессора Игоря Рогова

Министр Саясат Нұрбектің құттықтау сөзі

Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла Қазақстанмен ынтымақтастық және АӨК, су ресурстары мен тау-кен өнеркәсібі салаларындағы бірлескен жұмыстың басым бағыттары туралы айтты

«Біз бірнеше жылдан бері Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Сол үшін де сіздің елдің алғашқы ірі халықаралық университет-серіктесі болу құрметіне ие болдық. Аризона университеті су ресурстары, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы үшін геномика, сондай-ақ тау-кен және басқа да осыған ұқсас салаларда үлкен тәжірибеге ие. Осы салалардың барлығы Қазақстан үшін де маңызды, сондықтан біз ынтымақтастық орнатып жатқанымызға өте қуаныштымыз.

Біз тек бірнеше елмен ғана жұмыс барысында терең араласамыз. Серіктестерді мұқият таңдаймыз, Қазақстан соған тамаша үлгі бола алады. Мұндағы таңдау елдің қалай дамып жатқандығына, оның демографиясына, орналасқан жеріне және ел басшылығының білім беруді, кадрлық әлеуетті және экономиканы дамытуға деген қызығушылығына байланысты. "Land-grant" мәртебесі бар (АҚШ-та мемлекеттік қолдау алатын) университет ретінде біздің миссиямыз бүкіл әлемге таралады және Қазақстанмен әріптестік оның маңызды бөлігі деуге болады. Қазақстанның алғашқы ірі халықаралық университет-серіктесі болу біз үшін үлкен мәртебе», — деп атап өтті Суреш Гаримелла.

Президент Университета Аризоны Суреш Гаримелла рассказал о сотрудничестве с Казахстаном и приоритетных направлениях совместной работы в сферах АПК, водных ресурсов и горнодобывающей промышленности

«Мы сотрудничаем с Республикой Казахстан уже несколько лет. Мы удостоились чести стать первым крупным международным университетским партнером для страны. Университет Аризоны обладает огромным опытом в области водных ресурсов, сельского хозяйства, геномики для сельского хозяйства, а также в горнодобывающей и других подобных сферах. Все эти области важны и для Казахстана, поэтому мы очень рады нашему сотрудничеству. Мы глубоко вовлечены в работу лишь в нескольких странах. Мы тщательно выбираем партнеров, и Казахстан — отличный пример.

Это обусловлено тем, как развивается страна, ее демографией, расположением и интересом, который руководство страны проявляет к развитию образования, кадрового потенциала и экономики», — отметил Суреш Гаримелла.

@KZgovernment

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек рассказал о сотрудничестве с американским Университетом Аризоны и запуске совместных производственных проектов

Университет Аризоны, открытый на базе СКГУ им. М. Козыбаева, переходит от образовательного процесса к реализации коммерческих проектов для отечественной экономики. Министр отметил, что зарубежный вуз теперь обеспечивают не только подготовку кадров, но и прямой трансфер передовых технологий.

«Из дешевого актива как сера, мы теперь с помощью наших американских партнеров научились делать линзы, полимеры, удобрения и абсорбенты. И таких проектов будет много. Сейчас уже привлечено порядка 3,5 млрд теңге из частных инвестиций под эти научные программы: для сельского хозяйства, управления водными ресурсами, новыми материалами, нефтехимии, искусственного интеллекта. Таким образом, филиалы зарубежных университетов не только обучают, но и предоставляют трансфер технологий, обеспечение добавленной высокой стоимостью новой продукции для различных сфер экономики», — подчеркнул министр.

Стоит отметить, что в филиале Университета Аризоны на сегодня обучается свыше 1,2 тыс. студентов, образовательный процесс обеспечен 36 педагогами из США. Уже в эти выходные состоится первый выпуск 131 студента. Все они полностью трудоустроены либо получили приглашения в ведущие зарубежные вузы.

@KZgovernment

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Аризона университетімен ынтымақтастық және бірлескен өндірістік жобалардың іске қосылуы туралы айтты

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында ашылған Аризона университеті білім беру қызметімен ғана шектелмей, енді отандық экономикаға арналған коммерциялық жобаларды іске асыру кезеңіне көшуде. Министр шетелдік жоғары оқу орны енді кадрларды даярлауды ғана емес, озық технологиялардың тікелей трансферін де қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Күкірт сияқты арзан активтен біз қазір американдық серіктестеріміздің көмегімен линзалар, полимерлер, тыңайтқыштар мен сіңіргіштер жасауды үйрендік. Мұндай жобалар көп болады. Қазір ауыл шаруашылығы, Су ресурстарын басқару, жаңа материалдар, мұнай химиясы, жасанды интеллект үшін осы ғылыми бағдарламаларға жеке инвестициялардан шамамен 3,5 млрд теңге тартылды. Осылайша, шетелдік университеттердің филиалдары оқытып қана қоймай, сонымен қатар технологиялардың трансферін ұсынады, экономиканың түрлі салалары үшін жаңа өнімнің қосылған жоғары құнымен қамтамасыз етеді», — деп атап өтті министр.

Айта кету керек, бүгінде Аризона университетінің филиалында 1,2 мыңнан астам студент білім алуда. Оқу үдерісін АҚШ-тан келген 36 оқытушы қамтамасыз етіп отыр. Осы демалыс күндері 131 студенттентке диплом табысталады. Олардың барлығы толықтай жұмысқа орналасқан немесе әлемнің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан оқуға шақырту алған.

@KZgovernment

Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті, доктор Суреш Гаримелламен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан үшін басым салалар бойынша бірлескен академиялық бағдарламаларды, ғылыми зерттеулер мен технологиялар трансферін кеңейту перспективалары қаралды.

Аризона университеті еліміздің ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс аясында білім беру саласындағы ынтымақтастық орнатылған алғашқы шетелдік жоғары оқу орындарының бірі болды. Бүгінгі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеті арасында стратегиялық әріптестік орнаған. Бірлескен бағдарламалар бойынша 1,2 мыңнан астам студент оқиды. Биыл алғашқы түлектер оқуын аяқтайды.

«Қазақстанның жаңа Конституциясы білім, ғылым және инновацияны мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары ретінде айқындайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адами капиталды дамытуды еліміздің басты басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Біз үздік халықаралық тәжірибелерді енгізіп, ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын кеңейте отырып, өңірлік академиялық және зерттеу хабын қалыптастыратын боламыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла Қозыбаев университетімен ынтымақтастықта қолға алынған пилоттық жобаның сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті. Бірлескен бағдарламадағы басымдықтардың бірі – ғылыми зерттеулерді дамыту екенін айтты.

«Біз білім берудегі ынтымақтастық моделін Қозыбаев университетінде қолдандық, сол арқылы студенттердің көп санын қамти отырып, сіздің елдегі басқа да жоғары оқу орындарында кеңінен таратуға болатынын дәлелдедік. Өзіміз үшін үш негізгі басымдықты таңдадық, олар – студенттердің жетістігі, ғылыми зерттеулер және қоғамға қызмет ету мен жергілікті қауымдастықтардың дамуы. Осы басымдықтардың әрқайсысы Қозыбаев университетінде шетелде оқу, қатысу, білім беру және басқа да бағыттар арқылы жүзеге асырылады», — деп атап өтті Суреш Гаримелла.

Кездесу барысында ғылыми-зерттеу кооперациясына назар аударылды. Қозыбаев университеті мен Аризона университеті су ресурстары, агрогеномика, биоинформатика, күкірт өңдеу, жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және инклюзивті білім беру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Жобалардың бірі Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарына мониторинг жүргізуге, тазартуға және ұтымды пайдалануға бағытталған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық селекциясы және Қазақстанның бірегей жануарлары мен өсімдіктерінің, оның ішінде Каспий итбалығы мен Грейг қызғалдағының генофондын сақтау бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Күкіртті қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және қосылған құны жоғары өнімдерді – жоғары технологиялық материалдар, тыңайтқыштар мен сорбенттерді шығару бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және кадрлар даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

@KZgovernment

Олжас Бектенов провел встречу с Президентом Университета Аризоны Сурешем Гаримеллой

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов обсудил с Президентом Университета Аризоны доктором Сурешем Гаримеллой вопросы сотрудничества в образовательной сфере. В частности, рассмотрены перспективы расширения совместных академических программ, научных исследований и трансфера технологий в приоритетных для Казахстана отраслях.

Университет Аризоны стал одним из первых иностранных вузов, с которым заключено образовательное сотрудничество в контексте системной работы по усилению научно-образовательного потенциала страны. На сегодня осуществляется стратегическое партнерство между Северо-Казахстанским университетом имени М. Козыбаева и Университетом Аризоны. По совместным программам обучаются свыше 1,2 тыс. студентов. В текущем году состоится первый выпуск.

«Новая Конституция Казахстана определяет образование, науку и инновации в качестве стратегических направлений государственной политики. Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев обозначил развитие человеческого капитала одним из наших ключевых приоритетов. Мы формируем региональный академический и исследовательский хаб, внедряя лучшие международные практики и расширяя научно-исследовательское сотрудничество», — подчеркнул Олжас Бектенов.

Президент Университета Аризоны Суреш Гаримелла отметил успешную реализацию пилотного сотрудничества с Козыбаев Университетом. Подчеркнуто, что одним из приоритетов в совместной программе является развитие научных исследований.

«Мы показали, что модель образовательного сотрудничества можно реализовать и масштабировать на большее число студентов в Козыбаев Университет, а также на другие вузы в стране. Мы выбрали для себя три ключевых приоритета: успех студентов, научные исследования и служение обществу и развитие местных сообществ. Каждый из этих приоритетов реализуется в Козыбаев Университете через обучение за рубежом, вовлеченность, образование и другие направления», — подчеркнул Суреш Гаримелла.

В ходе встречи внимание уделено научно-исследовательской кооперации. Козыбаев Университет и Университет Аризоны реализуют совместные проекты в области водных ресурсов, агрогеномики, биоинформатики, переработки серы, искусственного интеллекта, цифрового здравоохранения и инклюзивного образования.

Один из проектов направлен на мониторинг, очистку и рациональное использование водных ресурсов Северо-Казахстанской области. Ведутся совместные исследования по геномной селекции сельскохозяйственных культур и сохранению генофонда уникальных животных и растений Казахстана, включая каспийского тюленя и тюльпан Грейга.

Реализуется проект по разработке технологий переработки серы и выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью – высокотехнологичных материалов, удобрений и сорбентов.

По итогам встречи отмечена важность дальнейшего развития сотрудничества и повышения качества подготовки кадров.

@KZgovernment

Друзья!

Особенный день для всей системы спортивного образования Казахстана. Состоялся первый выпуск Казахского национального университета спорта - университета, созданного по поручению Главы государства как современный центр образования, науки и спортивных инноваций.

Еще несколько лет назад это была амбициозная идея. Сегодня - это реальность. Первый выпуск — это начало новой школы подготовки специалистов, которые будут определять будущее отечественного спорта.

За короткое время университет стал одним из самых современных спортивных вузов Центральной Азии. Здесь открыт Центр академического и исследовательского превосходства, налажено сотрудничество с более чем 30 зарубежными университетами, создан первый в мире университетский WADA Anti-Doping Education Hub, а также первый в Центральной Азии Польско-Казахстанский центр спасательных инноваций и первой помощи, где уже обучено свыше 3500 педагогов и подготовлено более 100 международных тренеров-экспертов.

Особенно впечатляет, что уже сегодня наши студенты работают с технологиями, которые еще недавно казались будущим: искусственный интеллект анализирует движения спортсменов, помогает предотвращать травмы, создаются цифровые профили спортсменов, развиваются лаборатории спортивной биомеханики, спортивной медицины, реабилитации и аналитики.

Во время знакомства с выставкой меня особенно впечатлил студент Кубайдолла Әл-Фараби Бауыржанұлы, который демонстрировал работу AI-лаборатории цифровой биомеханики. В такие моменты особенно ясно понимаешь, что будущее казахстанского спорта создается уже сегодня - руками наших студентов.

Сегодня университет готовит специалистов нового поколения по направлениям киберспорт, спортивная медицина и реабилитация, спортивная журналистика, спортивный менеджмент, искусственный интеллект и аналитика в спорте.

Поздравляю первых выпускников! Вы навсегда останетесь первым выпуском в истории Казахского национального университета спорта. Уверен, ваши достижения станут лучшим подтверждением того, что инвестиции в образование, науку и человеческий капитал - это самые важные инвестиции в будущее Казахстана.

В добрый путь!

Достар!

Бүгін Қазақстанның спорттық білім беру жүйесі үшін ерекше күн. Мемлекет басшысының тапсырмасымен заманауи білім, ғылым және спорттық инновациялар орталығы ретінде құрылған Қазақ ұлттық спорт университетінің алғашқы түлектері қанат қақты.

Бірнеше жыл бұрын бұл батыл әрі ауқымды идея болатын. Ал бүгін ол нақты нәтижеге айналды. Алғашқы түлектер - отандық спорттың болашағын айқындайтын жаңа буын мамандарын даярлау мектебінің бастауы.

Қысқа уақыт ішінде университет Орталық Азиядағы ең заманауи спорттық жоғары оқу орындарының біріне айналды. Мұнда Академиялық және зерттеу артықшылығы орталығы ашылды, 30-дан астам шетелдік университетпен ынтымақтастық орнатылды. Сондай-ақ әлемдегі алғашқы университеттік WADA Anti-Doping Education Hub, әрі Орталық Азиядағы алғашқы Польша-Қазақстан құтқару инновациялары және алғашқы көмек орталығы құрылды. Бұл орталықта бүгінде 3500-ден астам педагог оқытылып, 100-ден астам халықаралық деңгейдегі тренер-сарапшы дайындалды.

Ерекше әсер қалдырғаны - студенттеріміз қазірдің өзінде таяу уақытқа дейін болашақтың технологиясы саналатын шешімдермен жұмыс істеп жүр. Жасанды интеллект спортшылардың қимыл-қозғалысын талдайды, жарақаттың алдын алуға көмектеседі, спортшылардың цифрлық бейіндері қалыптасып жатыр. Спорттық биомеханика, спорттық медицина, оңалту және аналитика зертханалары дамып келеді.

Көрмемен танысу барысында AI негізіндегі цифрлық биомеханика зертханасының жұмысын көрсеткен студент Құбайдолла Әл-Фараби Бауыржанұлы ерекше әсер қалдырды. Осындай сәттерде қазақстандық спорттың болашағы бүгіннен бастап, өз студенттеріміздің қолымен жасалып жатқанын анық сезінесің.

Бүгінде университет киберспорт, спорттық медицина және оңалту, спорттық журналистика, спорттық менеджмент, спорттағы жасанды интеллект және аналитика бағыттары бойынша жаңа буын мамандарын даярлап жатыр.

Алғашқы түлектерді шын жүректен құттықтаймын! Сіздер Қазақ ұлттық спорт университеті тарихындағы тұңғыш түлектер ретінде мәңгі есте қаласыздар. Сіздердің жетістіктеріңіз білімге, ғылымға және адами капиталға салынған инвестицияның Қазақстан болашағына салынған ең маңызды инвестиция екенін дәлелдей түсетініне сенімдімін.

Ақ жол!

Достар!

Бүгін Қазақстанның спорттық білім беру жүйесі үшін ерекше күн. Мемлекет басшысының тапсырмасымен заманауи білім, ғылым және спорттық инновациялар орталығы ретінде құрылған Қазақ ұлттық спорт университетінің алғашқы түлектері қанат қақты.

Бірнеше жыл бұрын бұл батыл әрі ауқымды идея болатын. Ал бүгін ол нақты нәтижеге айналды. Алғашқы түлектер - отандық спорттың болашағын айқындайтын жаңа буын мамандарын даярлау мектебінің бастауы.

Қысқа уақыт ішінде университет Орталық Азиядағы ең заманауи спорттық жоғары оқу орындарының біріне айналды. Мұнда Академиялық және зерттеу артықшылығы орталығы ашылды, 30-дан астам шетелдік университетпен ынтымақтастық орнатылды. Сондай-ақ әлемдегі алғашқы университеттік WADA Anti-Doping Education Hub, әрі Орталық Азиядағы алғашқы Польша-Қазақстан құтқару инновациялары және алғашқы көмек орталығы құрылды. Бұл орталықта бүгінде 3500-ден астам педагог оқытылып, 100-ден астам халықаралық деңгейдегі тренер-сарапшы дайындалды.

Ерекше әсер қалдырғаны - студенттеріміз қазірдің өзінде таяу уақытқа дейін болашақтың технологиясы саналатын шешімдермен жұмыс істеп жүр. Жасанды интеллект спортшылардың қимыл-қозғалысын талдайды, жарақаттың алдын алуға көмектеседі, спортшылардың цифрлық бейіндері қалыптасып жатыр. Спорттық биомеханика, спорттық медицина, оңалту және аналитика зертханалары дамып келеді.

Көрмемен танысу барысында AI негізіндегі цифрлық биомеханика зертханасының жұмысын көрсеткен студент Құбайдолла Әл-Фараби Бауыржанұлы ерекше әсер қалдырды. Осындай сәттерде қазақстандық спорттың болашағы бүгіннен бастап, өз студенттеріміздің қолымен жасалып жатқанын анық сезінесің.

Бүгінде университет киберспорт, спорттық медицина және оңалту, спорттық журналистика, спорттық менеджмент, спорттағы жасанды интеллект және аналитика бағыттары бойынша жаңа буын мамандарын даярлап жатыр.

Алғашқы түлектерді шын жүректен құттықтаймын! Сіздер Қазақ ұлттық спорт университеті тарихындағы тұңғыш түлектер ретінде мәңгі есте қаласыздар. Сіздердің жетістіктеріңіз білімге, ғылымға және адами капиталға салынған инвестицияның Қазақстан болашағына салынған ең маңызды инвестиция екенін дәлелдей түсетініне сенімдімін.

Ақ жол!

Что нужно, чтобы научная разработка превратилась в лекарство, доступное каждому казахстанцу?

В воскресенье в Научно-производственном центре микробиологии и вирусологии и на производственной площадке ТОО «Промышленная микробиология» мы говорили именно об этом - о том, как масштабировать отечественные разработки и довести их до промышленного производства.

Особенно впечатлил новый фармацевтический завод полного цикла, где по международным стандартам GMP уже налажен выпуск оригинальных отечественных активных фармацевтических субстанций и лекарственных препаратов. За этим стоят годы исследований, работа наших ученых и инженеров, а также стремление создать собственную современную биофармацевтическую индустрию.

Сегодня важно не только создавать новые технологии, но и обеспечить условия для их масштабирования. Мы подробно обсудили дальнейшее расширение производства, запуск новых научно-технических программ, регистрацию препаратов, проведение клинических исследований и развитие биофармацевтического кластера Казахстана.

Также внимание было уделено проектам, направленным на биологическую безопасность страны, разработку отечественных противовирусных препаратов и завершение клинических исследований новых лекарственных средств.

Развитие собственной фармацевтики - это вопрос не только экономики, но и национальной безопасности. Чем сильнее наша наука и современнее производство, тем увереннее Казахстан сможет отвечать на вызовы будущего. Поэтому мы продолжим поддерживать проекты, которые превращают результаты научных исследований в реальные технологии, производства и отечественные лекарства для наших граждан.

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Елордамыз - Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана - тәуелсіз еліміздің айбары, бірлік пен берекенің, жаңару мен жасампаздықтың символы. Еуразия төрінде бой көтерген бас қаламыз бүгінде халықаралық кездесулер өтетін, ғылым, білім, мәдениет пен спорт тоғысқан заманауи шаһарға айналды.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, баянды ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен құт-береке тілеймін. Ойлаған мақсаттарыңыз орындалып, еңбектеріңіз жемісті, әр күніңіз қуанышқа толы болсын.

На днях был на приеме в честь Дня Канады, и мое внимание сразу привлек констебль Королевской канадской конной полиции. Красный мундир, широкополая шляпа, лошадь - тот самый образ, который знаком многим по фильмам и сериалам.

Для казахов лошадь не просто животное, а верный спутник, символ свободы, мужества и достоинства. Казахи говорят: «Ер қанаты - ат». Поэтому образ канадского констебля на коне оказался мне особенно близок.

В этот момент невольно вспомнил один из самых популярных канадских сериалов 90-х - «Строго на юг» (Due South). В молодости я с большим интересом смотрел историю канадского констебля Бентона Фрейзера, который всегда оставался верен своим принципам, чувству справедливости и долгу. Для многих моего поколения этот сериал стал одним из первых знакомств с Канадой, страной сильных институтов, уважения к закону и человеческому достоинству.

Сегодня связь Казахстана и Канады гораздо глубже, чем воспоминания из молодости. Благодаря международной стипендии «Болашак» уже 16 казахстанцев проходят обучение или академическую подготовку в Канаде. Среди них студенты таких ведущих университетов, как University of British Columbia, University of Waterloo, University of Toronto, McGill University и University of Calgary.

Особенно важно, что сегодня мы не только направляем наших студентов в лучшие мировые университеты, но и ведем активные переговоры с рядом ведущих канадских вузов, включая University of British Columbia, University of Waterloo и University of Toronto, по расширению академического сотрудничества и возможному открытию образовательных программ и представительств в Казахстане. Наша задача - сделать образование мирового уровня доступным для казахстанской молодежи здесь, на Родине.

Выпускники канадских университетов возвращаются в Казахстан и успешно работают в науке, образовании, медицине, бизнесе и государственном управлении. Знания, полученные за тысячи километров от дома, со временем превращаются в реальные проекты, исследования и решения, которые помогают развитию нашей страны.

С Днем Канады!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра.

Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді.

Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі.

Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.

Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын.

1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз.

Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді!

Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi