«Ордабасы» аукционда сатылмай қалды
28 мамырда өтуі тиіс болған аукционда ешқандай компания өтініш тастаған жоқ. Демек, сауда басқа күнге шегеріледі.
Сообщений: 4 603 с 2025 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
«Ордабасы» аукционда сатылмай қалды
28 мамырда өтуі тиіс болған аукционда ешқандай компания өтініш тастаған жоқ. Демек, сауда басқа күнге шегеріледі.
Барса, сен не істеп жатырсың?
Каталондықтар матрасшыларға ресми түрде ұсыныс жолдады. Хулианның өзі де «Барселонаға» ауысуға қарсы емес.
Жақын күндері біз Ханси Флик шәкірттерінің кезекті трансферін көріп қалуымыз мүмкін.
Тағы бір жас талант шығып келеді
17 жастағы Виталий Латурнус Қазақстан премьер-лигасында аз ойын уақыт ішінде нәтижелі әрекетімен көзге түсіп жүр.
︎ 226 минут
︎ 3 гол
︎ 1 нәтижелі пас
QJ LEAGUE тәлімгері ішкі біріншілікте осымен екінші рет қайшылай гол соқты.
Кеше ол «Оқжетпес» (2:2) қақпасына дубль рәсімдеген еді.
BAS production басшысы Ордабасы - Қайрат матчындағы трансляция ақауларына жауап берді
Кешегі матчта матч трансляциясы 10 минутқа тоқтап, қатып қалған еді.
«Қайрат» Конференция лигасының чемпионы «Кристал Пэластан» көп табыс тапты.
︎ Қайрат — 21,2 миллион еуро
︎ Кристал Пэлас — 20,4 миллион еуро
Алматылық команда Чемпиондар лигасын жалпы кезеңнен аяқтаған еді.
«Қайраттың» киім ауыстыру бөлмесінде не болып жатыр?
Рафаэль Уразбахтинның айтуынша, оның ойыншылары оларға қойылған мақсаттарды орындай алмаған.
Қазақстан премьер-лигасының 12-тур матчтарынан кейінгі турнирлік кесте осындай
Сүйікті командаңыз нешінші орында?
«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Темірлан Анарбеков туралы
Келесі жолы біз оның қолғабына бал жағамыз, сонда олар жабысып қалады. Білмеймін, мүмкін ол инстаграмға тым көп көңіл бөліп жатқан шығар, біз мұны анықтаймыз — деп бапкер.
Айта кетейік, алматылықтар кеше «Ордабасыдан» (2:1) есе жіберген еді.
Ал, бұл жақта жағдай мәз емес
«Ақтөбе» төрт матч қатарынан жеңіске жете алмай келеді.
Кеше олар сырт алаңда «Оқжетпеске» (2:2) қарсы жеңісті уысынан шығарып алған еді.
Ақ-қызылдар соңғы 10 матчтың тек төртеуінде жеңіске қол жеткізе алды.
Қарқындары мықты
«Ордабасы» жаңа маусым басталғаннан бері мүлдем жеңілмеді.
︎ 15 матч
︎ 11 жеңіс
︎ 4 тең ойын
Шымкенттіктер кеше «Қайратты» (2:1) ұтып, ҚПЛ-да көш басына шықты (28 ұпай)
Уразбахтин өз ойыншыларын қатты сынға алды
Тым артық айтып қоймадыма?
Бүгін Шымкентте 12-тур аясында «Ордабасы» мен «Қайрат» арасында тартысты матч өтті.
«Ордабасының» ойын ұйымдастыру деңгейі жоғары болды. Стадиондағы жағдай, жанкүйерлерге жасалған мүмкіндік — бәрі жақсы өтті.
Алайда тікелей эфирге жауапты BAS Productions Inc жұмысына қатысты сұрақ көп.
Көрермендер матчтағы екі гол сәтін де көре алмады.
Эфир барысында маңызды эпизодтар дер кезінде көрсетілмеді.
Ең түсініксізі — барлық мүмкіндік жасалған
12 камера жұмыс істеп тұр
1000 МБ интернет берілген.
Осындай жағдайда неге көрерменге сапалы эфир ұсынылмады?
Қазақстан футболы дамысын десек, эфир сапасы да соған сай болуы керек.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорт дамыту дирекциясы» Михаил Шайдоровтың мәселесіне пікір білдірді
«Ордабасы» өз алаңында жеңіске жетіп, көш басына шықты.
1️⃣ Ордабасы — 28 ұпай (+1 ойын)
2️⃣ Қайрат — 26
Негізгі құрам
ҚПЛ. 12-тур
20:00. Ордабасы — Қайрат
Болжамдарыңыз қандай?
Шымкенттіктер «Қайрат» клубына сақтандыру жасамаған.
Осыған байланысты олар стадионға кешігіп келе жатыр.
Тіпті олар матч алдындағы жаттығуды жасамауы да мүмкін.
«Ақтөбе» төрт матч қатарынан жеңіске жете алмай келеді
Мына «Барса» не істеп жатыр?
Каталондықтар жақында Хулиан Альварестің трансфері бойынша ресми ұсыныс жасайды.
Аргентиналық футболшы «Атлетико Мадридпен» келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартты және осы жазда кеткісі келеді.
Қос тарап арасындағы жекешарттар шешілу үстінде, Хулиан «Барселона» ойыншысы атануға дайын.
«Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы матчтар тарихы
︎ 85 матч
︎ 25 жеңіс, 71 гол— Ордабасы
︎ 37 жеңіс, 112 гол — Қайрат
Алматылық команда осы маусым ҚПЛ-да мүлдем жеңілмеді.
Бүгін қандай нәтиже күтесіз?
АҚШ 2026 жылғы Әлем чемпионаты кезінде Иран құрамасын өз аумағында орналастырудан бас тартты.
Осыған байланысты Иран құрамасының жаттығу базасы АҚШ-тың Аризона штатындағы Тусон қаласынан Мексиканың Тихуана қаласына көшірілді. Енді ирандықтар топтық кезеңдегі әр матч үшін Мексикадан АҚШ-қа ұшып барып, ойыннан кейін бірден қайта Тихуанаға оралуға мәжбүр болады.
Бұл — әлем чемпионаттары тарихында ұйымдастырушы елдің қатысушы құрамалардың бірін қабылдаудан алғаш рет бас тартуы.