Архив доступен 349 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Как строится мегаполис будущего — Alatau City: проект Qala от Жаңа адамдар

Новый выпуск проекта Qala от Жаңа адамдар посвящён городу Алатау — одному из самых масштабных и обсуждаемых проектов Казахстана сегодня. Согласно планам развития, к середине столетия Алатау должен превратиться в крупный мегаполис с населением около двух миллионов человек, современной инфраструктурой и особым экономическим режимом.

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев неоднократно подчёркивал, что будущее страны связано с цифровой экономикой и новой индустриализацией. Alatau City реализует этот курс как первый полностью цифровой город, где инфраструктура, городские сервисы и экономика будут функционировать на основе больших данных, новейших технологий и принципов «умного» управления. Именно такими сегодня определены ключевые ориентиры развития города.

«Как известно, недавно я подписал Конституционный закон “О специальном правовом режиме города Алатау”. В этом важном документе закреплена правовая основа для формирования экосистемы “умного города”. Наша главная цель — превращение города Алатау в цифровую агломерацию будущего, полюс притяжения новых технологий», — отметил Глава Государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по развитию города Алатау.

В новом выпуске проекта команда Qala разбирается, каким образом эти планы реализуются уже сегодня. В центре внимания — мнения жителей Алматы и Жетигена, населённого пункта, который уже входит в состав города Алатау. Для одних это перспективный проект будущего, для других — перемены, которые начинают происходить буквально рядом с их домом.

В выпуске зрители узнают о концепции города будущего, разделении Алатау на четыре дистрикта, летающих такси, а также услышат комментарии архитектора и урбаниста Жандоса Жумабаева и специалистов, участвующих в разработке проекта.

Алихан Сарсенов, Жаңа адамдар

«Алатау — это большой шаг к построению Справедливого Казахстана. Это не продолжение существующего мегаполиса, а совершенно новая точка роста. То, каким станет этот город, зависит не только от планов и инвестиций, но и от людей, которые решат назвать его своим городом. Не прощаемся. С вами был проект QALA».

Ссылка на полный выпуск: https://youtu.be/UmUJpe4vMSw

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

Жаңа адамдардың Qala жобасының жаңа шығарылымы бүгінде Қазақстандағы ең ауқымды әрі ең көп талқыланатын жобалардың бірі — Алатау қаласына арналды. Даму жоспарына сәйкес, ғасыр ортасына қарай Алатау шамамен екі миллион халқы бар, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған, ерекше экономикалық режим негізінде жұмыс істейтін ірі мегаполиске айналуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағының цифрлық экономикамен және жаңа индустрияландырумен тікелей байланысты екенін бірнеше рет еске салды. Alatau City осы бағытты іске асыратын алғашқы толық цифрлық қала ретінде қарастырылады. Мұнда инфрақұрылым, қалалық қызметтер мен экономика үлкен деректерге, заманауи технологияларға және «ақылды» басқару қағидаттары бойынша жұмыс істейді. Бүгінде қаланың дамуы осы басымдықтар арқылы айқындалады.

«Жақында мен “Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы” Конституциялық заңға қол қойдым. Бұл маңызды құжатта “ақылды қала” экожүйесін қалыптастырудың құқықтық негіздері бекітілген. Біздің басты мақсатымыз — Алатау қаласын болашақтың цифрлық агломерациясына, жаңа технологиялар орталығына айналдыру», — деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте ерекше атап өтті.

Жобаның жаңа шығарылымында Qala командасы бұл жоспарлардың бүгінде қалай жүзеге асып жатқанын талдайды. Басты назарда — Алматы қаласы мен Алатау қаласының құрамына кіретін Жетіген ауылы тұрғындарының пікірлері. Біреулер үшін бұл — болашақтың іргелі жобасы болса, енді біреулер үшін үйлерінің маңында басталған нақты өзгерістер.

Жаңа шығарылымда көрермендер болашақ қаласының тұжырымдамасы, Алатаудың төрт дистриктке бөлінуі, ұшатын таксилер туралы мәлімет алып, сәулетші әрі урбанист Жандос Жұмабаев пен жобаға қатысып жатқан мамандардың пікірлерін тыңдай алады.

Алихан Сарсенов, Жаңа адамдар

«Алатау — Әділетті Қазақстанды құру жолындағы үлкен қадам. Бұл қолданыстағы мегаполистің жалғасы емес, мүлде жаңа даму нүктесі. Қаланың қандай болатыны тек жоспарлар мен инвестицияларға ғана емес, оны өз қаласы деп атайтын адамдарға да байланысты. Біз қоштаспаймыз. Сіздермен болған — QALA жобасы».

Толық шығарылым сілтемесі: https://youtu.be/UmUJpe4vMSw

Жаңа адамдар выявили незаконную свалку в Алматы

Гражданская кампания AntiTrash от Жаңа адамдар в Алматы провела рейды в районах села Иргели Карасайского района. На берегу реки активисты обнаружили крупную несанкционированную свалку из строительных и бытовых отходов. По данным СМИ, территория давно используется как место складирования мусора. Как рассказывают местные жители, всё началось после заморозки строительства моста, а со временем свалка только разрасталась. Жителей Иргели годами беспокоят зловонный запах и растущее количество отходов.

Чтобы разобраться в ситуации, активисты связались с сотрудником предприятия по производству газоблоков. На вопрос об уборке территории представители сообщили, что на место уже завезли 25 КамАЗов песка и вскоре мусор планируют просто засыпать землёй. Позже предприниматель Алия Муратаева, являющаяся собственником участка и бизнеса рядом со свалкой, подтвердила: компания уже получала штраф, однако отходы так и не были вывезены. Вместо этого их решили засыпать и спрятать под слоем песка.

Однако после таких манипуляций мусор продолжает оставаться в почве, загрязнять окружающую среду и влиять на состояние грунтовых вод рядом с рекой и жилыми домами. Кроме того, по закону, если нарушение не устранено после штрафа, предусмотрена усиленная ответственность и повторные штрафные санкции.

Тогда Жаңа адамдар решили показать корень проблемы через визуальный образ. Прямо в центре свалки Гражданская кампания AntiTrash создали инсталляцию «Мусорная королева». Этот образ стал напоминанием о том, что ответственность за окружающую среду нельзя взять и засыпать землёй.

Нурсултан Бодауов, Жаңа адамдар

«Образ «Мусорной королевы» связан не с конкретным человеком, а с ролью того, кто управляет территорией и выбирает скрыть проблему из виду. Подобные простые решения не устраняют свалку, а лишь временно прячут её под слоем земли. Отходы продолжают оставаться под землёй и загрязнять окружающую среду. Гражданская кампания AntiTrash не оставят это без внимания и вернутся с повторной проверкой».

Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады

Жаңа адамдардың AntiTrash Азаматтық науқаны Алматы қаласының Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында рейд жүргізді. Белсенділер өзен жағасынан құрылыс және тұрмыстық қалдықтарынан құралған ауқымды заңсыз қоқыс үйіндісін тапты.

БАҚ мәліметінше, бұл аумақ көптен бері қоқыс төгетін орын ретінде пайдаланылып келеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәселе көпір құрылысы тоқтағаннан кейін басталған, ал уақыт өте келе қоқыс үйіндісі ұлғая берген. Іргелі тұрғындарын жылдар бойы қолайсыз иіс пен қалдықтардың көбеюі алаңдатады.

Жағдайды анықтау үшін белсенділер газоблок өндіретін кәсіпорын қызметкерімен байланысқа шықты. Аумақты тазалау туралы сұраққа компания өкілдері бұл жерге 25 жүк көлігі құм тасығанын және жақын арада қоқысты жай ғана топырақпен көміп тастауды жоспарлап отырғандарын айтты.

Кейінірек жер телімі мен қоқыс алаңының жанындағы бизнес иесі Алия Муратаева компанияның осыған дейін айыппұл алғанын растады. Алайда қалдықтар әлі күнге дейін шығарылмаған. Оның орнына қоқысты құммен жауып, жасыру туралы шешім қабылданған.

Бірақ мұндай әрекеттерден кейін қоқыс топырақпен араласып, қоршаған ортаны ластауды жалғастырады және өзен мен тұрғын үйлерге жақын орналасқан жер асты суларының жағдайына кері әсер етеді. Заң бойынша, егер құқық бұзушылық айыппұл салынғаннан кейін де жойылмаса, қатаңырақ жауапкершілік пен қайта айыппұл салу қарастырылған.

Осыған байланысты Жаңа адамдар мәселенің түп-тамырын көрнекі түрде көрсетуге шешім қабылдады. AntiTrash Азаматтық науқаны белсенділері қоқыс үйіндісінің ортасында «Қоқыс ханшайымы» атты инсталляция орнатты. Бұл бейне қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті жай ғана топырақпен көміп, жасырып қою мүмкін еместігін еске салады.

Нурсултан Бодауов, Жаңа адамдар

«Қоқыс ханшайымы» бейнесі нақты бір адамға қатысты емес. Ол аумаққа жауапты болып, мәселені шешудің орнына көзден таса ету жолын таңдаған адамның рөлін бейнелейді. Мұндай қарапайым шешімдер қоқыс үйіндісін жоймайды, тек оны уақытша жердің астына жасырады. Қалдықтар жер астында қалып, қоршаған ортаны ластауды жалғастыра береді. AntiTrash Азаматтық науқаны бұл жағдайды назардан тыс қалдырмайды және қайта тексеру жүргізу үшін бұл жерге тағы да оралады».

Текст материала отсутствует.

Патриот болу — жасампаз болу.

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

Быть патриотом — значит созидать

Созидательный патриотизм: Жаңа адамдар ко Дню государственных символов представили новую линейку мерча

День государственных символов имеет особое значение для каждого гражданина страны. Государственный Флаг, Герб и Гимн олицетворяют суверенитет Казахстана, его независимость и ответственность каждого из нас за будущее страны.

Выступая на церемонии поднятия Государственного флага, Президент Касым-Жомарт Токаев отметил

«Только истинные патриоты ведут страну к прогрессу и стоят на страже её рубежей… Истинный патриот не создаёт видимость работы, а упорно трудится во благо интересов страны. В этом и заключается суть созидательного патриотизма.

Именно этот посыл стал основой новой линейки мерча. На футболках размещены цитаты Главы государства, раскрывающие понимание патриотизма через конкретные ценности. Созидание, добровольчество, ответственность, труд на благо общества и забота о стране становятся не просто общественными ценностями, а практическим выражением любви к Родине.

Новая линейка выступает визуальным манифестом созидательного патриотизма и наглядно показывает, что значит быть патриотом Казахстана сегодня

Быть патриотом — значит созидать

Добровольчество — пример истинного патриотизма.

Быть патриотом — заботиться о своей стране

Патриотизм — ориентир и сила нашей страны

Дизайнер Жаңа адамдар, Адильжан Багдатов

«Жаңа адамдар через Гражданские кампании и добровольческие инициативы ежедневно поднимают широкий спектр общественных вопросов: от экологии и сохранения Каспия до безопасности детей и укоренения нулевой толерантности к правовому нигилизму. Всё многообразие направлений и десятки тысяч активистов по всей стране объединяет одна простая мысль: патриотизм проявляется через созидание и личную ответственность перед страной. Именно этот смысл мы закладывали при создании новой линейки. Цитаты Главы Государства Касым-Жомарт Токаева очень точно отражают этот посыл».

Линейка будет использоваться активистами Жаңа адамдар во время проведения Гражданских кампаний, добровольческих акций и общественных мероприятий по всей стране.

Жасампаз патриотизм: Жаңа адамдар Мемлекеттік рәміздер күніне орай жаңа мерч топтамасын таныстырды

Мемлекеттік рәміздер күні — еліміздің әрбір азаматы үшін ерекше маңызға ие мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және әрқайсымыздың ел болашағына деген жауапкершілігімізді білдіреді.

Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

«Тек нағыз отаншыл азаматтар ғана елді өркендеуге бастап, оның шекарасының беріктігін қамтамасыз етеді… Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы», – деп атап өтті.

Осы ой жаңа мерч топтамасының негізіне айналды. Футболкаларда Мемлекет басшысының патриотизмді нақты құндылықтар арқылы түсіндіретін қанатты сөздері жазылған. Жасампаздық, еріктілік, жауапкершілік, қоғам игілігі үшін еңбек ету және елге жанашырлық енді тек қоғамдық құндылықтар ғана емес, Отанға деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі ретінде ұсынылады.

Жаңа топтама жасампаз патриотизмнің көрнекі манифесті ретінде Қазақстанның бүгінгі патриоты қандай болуы керек екенін айқын көрсетеді

Патриот болу — жасампаз болу

Еріктілік — нағыз патриотизм

Патриот болу — өз еліңе қамқор болу

Патриотизм — еліміздің бағдары мен күші

Жаңа адамдар дизайнері Адильжан Багдатов

«Жаңа адамдар Азаматтық науқандар мен еріктілік бастамалары арқылы күн сайын қоғамдағы маңызды мәселелерді көтереді. Экология мен Каспийді сақтаудан бастап, балалар қауіпсіздігі мен құқықтық нигилизмге нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға дейінгі бағыттар бар. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ондаған мың белсендіні патриотизм — жасампаздық пен ел алдындағы жеке жауапкершілік арқылы көрінетіні біріктіреді. Жаңа топтаманы әзірлеу барысында біз осы мағынаны жеткізуге тырыстық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің сөздері бұл ұстанымды тура бейнелейді», – деді.

Жаңа мерч топтамасын Жаңа адамдар белсенділері еліміздің барлық өңірлерінде өтетін Азаматтық науқандарда, еріктілік акцияларында және қоғамдық іс-шараларда қолданады.

Текст материала отсутствует.

На связи еженедельный обзор Жаңа адамдар!

От вопросов городской среды до культуры добровольчества и безопасности детей — каждое направление этой недели стало частью движения Справедливого Казахстана. За эти дни продолжилась работа гражданских кампаний, участие в интервью и подготовка очередных кейсов. Обо всем по порядку

В Талдыкоргане вышел новый кейс гражданской кампании Время истекло. Активисты выявили просроченную продукцию на полках магазина, показав, что безопасность потребителей и качество товаров остаются важной частью общественного контроля. Кейс получил широкую поддержку телеканалов и СМИ.

Гражданская кампания Халық Қаһары анонсировала новый кейс в Темиртау. Активисты подняли вопрос состояния одной из городских больниц и уже подготовили специальное решение, подробности которого будут представлены совсем скоро.

Жаңа адамдар приняли участие в эфире программы «Ақпарат» на телеканале Qazaqstan. Пресс-секретарь Движения Алем Алипбаев рассказал о развитии добровольчества, вовлечённости молодёжи в общественные процессы и формировании культуры участия как части нового общественного ритма страны.

Команда Жаңа адамдар дебютировала на чемпионате Казахстана по баскетболу 3х3, впервые представив Движение на спортивной площадке. Команда одержала две победы на первом турнире и получила третье место.

В Усть-Каменогорске прошла встреча активистов, посвящённая гражданской ответственности, самостоятельности и роли молодёжи в обществе. Также обсудили почему изменения начинаются с мышления человека.

Гражданская кампания 124 в Кокшетау готовит новый кейс. Расширение географии кампании показывает важность внимания общества к вопросам защиты детей и формированию среды нулевой терпимости к подобным угрозам.

Также на этой неделе прошёл Кэмп лидеров Жаңа адамдар. Лидеры из разных городов объединились для обсуждения новых идей и актуальной повестки.

Это была ещё одна насыщенная неделя в истории Жаңа адамдар - новые инициативы, важные встречи и крутые проекты!

Мы делимся с вами, как живёт наше движение - в городах, регионах, командах и людях.

Каждую неделю - новые шаги. Каждую неделю - работа над собой. Мы строим Новый Справедливый Казахстан - вместе! Присоединяйся к нам и начинай с себя!

Байланыста Жаңа адамдар апталық шолуы!

Қалалық орта мәселелерінен бастап еріктілік мәдениеті мен балалар қауіпсіздігіне дейін — осы аптаның әр бағыты Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы қозғалыстың бөлігіне айналды. Осы күндер ішінде азаматтық науқандар өз жұмысын жалғастырып, сұхбаттарға қатысып, жаңа кейстерді дайындады. Бәріне рет-ретімен тоқталайық

Талдықорғанда Время истекло Азаматтық науқанының жаңа кейсі жарық көрді. Белсенділер дүкен сөрелерінен мерзімі өткен өнімдерді анықтап, тұтынушылардың қауіпсіздігі мен тауар сапасы қоғамдық бақылаудың маңызды бөлігі екенін көрсетті. Кейс телеарналар мен БАҚ тарапынан кең қолдауға ие болды.

Халық Қаһары Азаматтық науқаны Теміртаудағы жаңа кейс туралы жариялады. Белсенділер қалалық аурухана мәселесін көтеріп, оған қатысты арнайы шешім дайындады. Толығырақ жақын арада ұсынылады.

Жаңа адамдар Qazaqstan телеарнасындағы «Ақпарат» бағдарламасының эфиріне қатысты. Қозғалыстың баспасөз хатшысы Алем Алипбаев еріктіліктің дамуы, жастардың қоғамдық үдерістерге қатысуы және қатысу мәдениетінің елдің жаңа қоғамдық ритмнің бөлігі ретінде қалыптасуы туралы айтты.

Жаңа адамдар командасы Қазақстанның 3х3 баскетбол чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп, Қозғалысты спорт алаңында таныстырды. Команда алғашқы турнирде екі жеңіске қол жеткізіп, үшінші орынды иеленді.

Өскеменде азаматтық жауапкершілікке, дербестікке және жастардың қоғамдағы рөліне арналған белсенділер кездесуі өтті. Сондай-ақ өзгерістердің адам санасынан басталатыны талқыланды.

Көкшетауда 124 Азаматтық науқаны жаңа кейс дайындауда. Науқан географиясының кеңеюі балаларды қорғау мәселелеріне қоғам назарын аударудың және қауіптерге нөлдік төзімділік ортасын қалыптастырудың маңызын көрсетеді.

Осы аптада Жаңа адамдар Көшбасшыларының Кэмпі өтті. Түрлі қалалардан келген көшбасшылар жаңа идеялар мен өзекті мәселелерді талқылау үшін бас қосты.

Бұл Жаңа адамдар тарихындағы тағы бір қарқынды апта болды — жаңа бастамалар, маңызды кездесулер және тамаша жобалар!

Біз сендермен қозғалыстың қалаларда, өңірлерде, командаларда және адамдар арасында қалай өмір сүріп жатқанымен бөлісеміз.

Әр аптада — жаңа қадамдар. Әр аптада — өзіңмен жұмыс. Біз Жаңа Әділетті Қазақстанды бірге құрудамыз! Бізге қосыл және өзіңнен баста!

Жаңа адамдар дебютировали на Чемпионате Казахстана по баскетболу

В Алматы, 30 мая прошел Чемпионат Казахстана по баскетболу 3х3 среди 16 команд, включая профессиональные баскетбольные клубы страны. Команда Жаңа адамдар впервые участвовала в турнире открывая для себя новые направления гражданского участия.

По итогам соревнований команда завоевала почётное 3 место, уступив профессиональному клубу «Барсы Атырау» и Президентскому баскетбольному клубу «Астана».

Баскетбол 3х3 — один из динамичных форматов современного спорта, где каждая секунда влияет на результат, а успех зависит от командного взаимодействия. Участие команды в чемпионате укрепляет принципы Жаңа адам — Сау адам, где стремление к развитию раскрывается через самые разные сферы жизни. Спорт, как и гражданское участие, формирует дисциплину. Из таких практик складывается культура активного поколения, наряду с Добровольчеством, гражданским участием и ценностями Адал азамат, объединяя людей вокруг стремления к созиданию.

Жаңа адамдар Қазақстан Чемпионатында баскетболдан дебют жасады

30 мамыр күні Алматыда еліміздің кәсіби баскетбол клубтары арасында, 16 команданың қатысуымен 3х3 баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Жаңа адамдар командасы турнирге алғаш рет қатысып, азаматтық белсенділіктің жаңа бағыттарына қадам жасады.

Жарыс қорытындысы бойынша команда кәсіби «Барсы Атырау» клубы мен Президенттік «Астана» баскетбол клубына ғана есе жіберіп, құрметті 3-орынға ие болды.

3х3 баскетболы — заманауи спорттың қарқынды форматтарының бірі. Бұл жерде әр секунд нәтижеге әсер етеді, ал жетістік командалық өзара әрекетке байланысты. Чемпионатқа қатысу Жаңа адам — Сау адам қағидатын нығайтады. Дамуға ұмтылыс өмірдің түрлі салаларында көрініс табады. Спорт, азаматтық қатысу, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырады. Осындай тәжірибелерден белсенді ұрпақтың мәдениеті құралады. Ол еріктілікпен, азаматтық белсенділікпен және Адал азамат құндылықтарымен бірге дамып, адамдарды жасампаздыққа ұмтылу мақсатында біріктіреді.

Текст материала отсутствует.

Текст материала отсутствует.

Жаңа адамдардың негізін қалаушы Асель Баденованың, Қозғалыстың баспасөз хатшысы Алпамыс Әбіловтың және Қозғалыстың тең құрылтайшысы Мейіржан Ғарифоллаевтың Әділет партиясының Саяси кеңесінің құрамына енуі – Жаңа адамдар бірнеше жыл бұрын бастаған Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бағыттың заңды жалғасы әрі жаңа маңызды кезеңі.

Үлкен өзгерістер ортақ әрі жүйелі өсусіз мүмкін емес. Өсу тек жаңа мүмкіндіктермен ғана емес, жауапкершілікті табыстай білумен де өлшенеді. Осы жылдар ішінде Жаңа адамдар жаңа форматтағы көшбасшылар мектебіне айналды. Әрбір белсенді бастама көтеруді, өз сөзіне жауап беруді және елді өзгертуді өзінен бастауды үйренеді.

Бүгін тұтас Қозғалыс үшін маңызды сәт — көшбасшылық эстафетасын табыстайтын уақыт келді. Жаңа адамдар Қозғалысының Жаңа Көшбасшысы — Владимир Изюмников.

Оның жолы 2022 жылы Қозғалыстың негізін қалауда алғашқы белсенділердің бірі ретінде қатысудан басталды. Ал 2023 жылы ол Алматыдағы алғашқы өңірлік Кампусты ашу жауапкершілігін өзіне алды. Сол уақыттан бері ол өңірлік желіні дамытуға, белсенділердің жұмысын үйлестіруге және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған Азаматтық науқандарды жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып келеді.

Жаңа адамдар Көшбасшысы, Владимир Изюмников: «Көшбасшылық — менің ісім. Оны қабылдап, мен Қозғалыс бастаған ауқымды өзгерістерді жалғастыру жауапкершілігін өзіме алдым. Әділетті Қазақстанды құру жолында жауапты әрі жасампаз жастарды біріктіремін».~~

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

~~

Вступление в Политический совет партии Әділет основателя Жаңа адамдар Асель Баденовой, пресс-секретаря Движения Алпамыса Әбілова и сооснователя Движения Мейіржана Ғарифоллаева является новым важным этапом и логическим продолжением маршрута по построению Справедливого Казахстана, который Жаңа адамдар начали ещё несколько лет назад.

Большие изменения невозможны без общего и последовательного роста, который заключается не только в новых возможностях, но и в умении передавать ответственность дальше. За эти годы Жаңа адамдар стало настоящей школой лидеров нового формата, где каждый активист учится брать инициативу, отвечать за свои слова и менять страну, начиная с себя.

Именно поэтому сегодня для всего Движения наступает важный момент передачи эстафеты лидерства. Новым Лидером молодежного Движения Жаңа адамдар становится Владимир Изюмников.

Его путь начался в 2022 году с основания Движения в числе первых активистов, далее в 2023 году он взял на себя ответственность за открытие первого регионального Кампуса в Алматы. С этого времени он активно участвовал в развитии региональной сети, координации работы активистов и реализации Гражданских кампаний, направленных на повышение гражданской ответственности.

Лидер Жаңа адамдар, Изюмников Владимир: “Лидерство — моё дело. Приняв его, я принял на себя ответственность продолжать начатые Движением глобальные перемены. Объединяя вокруг себя ответственную и созидательную молодежь на пути построения Справедливого Казахстана”

Безопасность детей начинается с участия каждого: обращение Жаңа адамдар ко Дню защиты детей

1 июня — День защиты детей. В этот день города наполняются прогулками, семейными кадрами и детским смехом. Однако, совсем рядом существует другая реальность, где внимательность взрослых становится решающим фактором безопасности ребёнка.

Гражданская кампания 124 от Жаңа адамдар на протяжении года работает с темой защиты детей в социальных сетях. За время работы в правоохранительные органы было направлено несколько десятков материалов связанных с потенциальными педофилами.

Часто можно услышать вопрос: приводят ли такие инициативы к реальным результатам? Практика показывает, что да.

По одному из последних случаев нам сообщили, что в отношении фигуранта готовятся материалы по статье 123 Уголовного кодекса. По другим эпизодам проводятся проверки, профилактические мероприятия и дополнительные следственные действия.

Это подтверждает, что на подобные сигналы принимаются необходимые меры. Однако было бы ошибкой считать, что проблему можно решить исключительно силами полиции или общественных организаций.

Главная защита ребёнка начинается с нашей собственной внимательности и бдительности. Безопасность детей начинается не только с работы правоохранительных органов. Она начинается с родителей, учителей, соседей и каждого взрослого человека, который готов вовремя заметить угрозу и не остаться в стороне.

Когда каждый включается в эту задачу, формируется среда, в которой ребёнок находится под вниманием не одного человека, а всего общества. Важно понимать, что безопасность несовершеннолетних — ответственность каждого из нас. Из участия складывается культура заботы о будущем страны, где защита ребёнка становится общим делом и проявлением гражданской активности.

Балалардың қауіпсіздігі — әрқайсымыздың қатысуымыздан басталады: Балаларды қорғау күніне орай Жаңа адамдар үндеу жасайды

1 маусым — Балаларды қорғау күні. Бұл күні қалалар серуендегі отбасыларға, естелік суреттерге және балалар күлкісіне толады. Алайда, жанымызда ересектердің қырағылығы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын шынайылықты естен шығармау керек.

Жаңа адамдардың 124 азаматтық науқаны бір жылдан бері әлеуметтік желілердегі балаларды қорғау мәселесімен айналысады. Осы уақыт ішінде құқық қорғау органдарына әлеуеттік педофилдерге қатысты бірнеше ондаған материал жолданды.

Осындай бастамалар нақты нәтиже бере ме деген сұрақ жиі қойылады. Тәжірибе көрсеткендей, иә, береді.

Соңғы жағдайлардың бірі бойынша бізге күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 123-бабы бойынша материалдар дайындалып жатқаны хабарланды. Басқа эпизодтар бойынша тексерулер жүргізіліп, профилактикалық шаралар ұйымдастырылып, қосымша тергеу әрекеттері атқарылуда.

Бұл осындай дабылдарға қатысты қажетті шаралардың қабылданатынын көрсетеді. Алайда бұл мәселені тек полицияның немесе қоғамдық ұйымдардың күшімен ғана шешуге болады деп ойлау қате.

Баланы қорғау — әрқайсымыздың қырағылығымыз бен жауапкершілігімізден басталады. Балалардың қауіпсіздігі тек құқық қорғау органдарының жұмысынан ғана емес, ата-аналардан, мұғалімдерден, көршілерден және қауіпті уақытылы байқап, шетте қалмайтын әрбір ересек адамнан басталады.

Әрбір адам осы іске атсалысқанда, бала бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның назарында болатын орта қалыптасады. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін түсіну маңызды. Осындай қатысудың нәтижесінде ел болашағына жанашырлық мәдениеті қалыптасады. Баланы қорғау ортақ іске және азаматтық белсенділіктің маңызды көрінісіне айналады.

Жаңа адамдар: Основатель Движения Асель Баденова о вступлении в партию Әділет

1 июня 2026 года партия Әділет получила государственную регистрацию. Это важный этап в политическом развитии страны и новая возможность для консолидации активных, ответственных и неравнодушных граждан вокруг реализации курса на построение Справедливого Казахстана.

Когда Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил курс на построение Справедливого Казахстана, стало очевидно: главная сила нашей страны заключается в людях, готовых брать ответственность за себя, свои сообщества и будущее государства.

Именно эта идея более трёх с половиной лет назад легла в основу создания Жаңа адамдар. Команда единомышленников со временем выросла в Республиканское молодежное Движение, объединившее десятки тысяч активистов и сторонников по всему Казахстану.

За годы работы активисты Движения реализовали десятки Гражданских кампаний и добровольческих инициатив, поднимая вопросы экологии, безопасности детей, городской среды, развития культуры Закона и Порядка. Этот опыт показал: там, где есть доверие, открытый диалог и возможность действовать, люди объединяются и меняют ситуацию вокруг себя.

Сегодня всё больше граждан стремятся переносить опыт гражданской активности в пространство принятия решений, участвовать в формировании актуальной повестки и продвигать инициативы, рождающиеся из запросов самих граждан. Результатом этих больших изменений стало то, что представители Жаңа адамдар вошли в состав новой партии Әділет.

В состав Политического совета партии вошли основатель Жаңа адамдар Асель Баденова, пресс-секретарь Движения Алпамыс Әбілов и сооснователь Движения Мейіржан Ғарифолаев.

Сегодня партия Әділет объединяет людей, для которых новые конституционные ценности, реформы Президента и идея Справедливого Казахстана являются основой дальнейшего развития государства.

Асель Баденова, основатель Жаңа адамдар

«Сегодня всё больше граждан хотят не просто наблюдать за происходящим, а влиять на него, участвовать в принятии решений и видеть конкретный результат. В этом и заключается принцип Адал азамат, который продвигает Глава государства: быть честным, ответственным и созидательным не на словах, а на деле.

Войдя в Политический совет партии, я продолжу эту работу вместе с единомышленниками уже на новом уровне ответственности. Впереди большая работа. И успех преобразований в стране будет зависеть от того, насколько все граждане будут вовлечены в их реализацию».

Жаңа адамдар: Қозғалыс негізін қалаушы Асель Баденова Әділет партиясына қосылу туралы

2026 жылдың 1 маусымда Әділет партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл – еліміздің саяси дамуындағы маңызды кезең. Белсенді, жауапты және жанашыр азаматтарды Әділетті Қазақстан құру бағдарын жүзеге асыру жолында біріктіруге берілген жаңа мүмкіндік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан құру бағытын айқындаған кезде, еліміздің басты күші өзіне, өз қауымдастығына және мемлекеттің болашағына жауапкершілік ала алатын азаматтар екені белгілі болды.

Осы идея үш жарым жылдан астам уақыт бұрын Жаңа адамдардың құрылуына негіз болды. Уақыт өте келе мүдделестер командасы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ондаған мың белсенді мен жақтасты біріктірген республикалық жастар Қозғалысына айналды.

Қозғалыс белсенділері жылдар бойы жасалған жұмыс барысында экология, балалар қауіпсіздігі, қалалық орта, Заң мен Тәртіп мәдениетін дамыту мәселелерін көтеріп, ондаған Азаматтық науқан мен еріктілік бастамаларды жүзеге асырды. Бұл тәжірибе бір нәрсені көрсетті: сенім, ашық диалог және әрекет ету мүмкіндігі адамдарды біріктіріп, айналадағы жағдайды өзгерте алады.

Бүгінде азаматтық белсенділік тәжірибесін шешім қабылдау кеңістігінде көтеріп, өзекті күн тәртібін қалыптастыруға және азаматтардың нақты сұраныстарынан туындайтын бастамаларды ілгерілетуге ұмтылатын азаматтар саны артып келеді. Осы үлкен өзгерістердің нәтижесінде Жаңа адамдар өкілдері жаңа құрылған Әділет партиясының құрамына кірді.

Партияның Саяси кеңесінің құрамына Жаңа адамдардың негізін қалаушы Асель Баденова, Қозғалыстың баспасөз хатшысы Алпамыс Әбілов және Қозғалыстың тең құрылтайшысы Мейіржан Ғарифолаев кірді.

Бүгінде Әділет партиясы жаңа конституциялық құндылықтарды, Президент реформаларын және Әділетті Қазақстан идеясын мемлекетті дамытудың негізі деп санайтын азаматтарды біріктіреді.

Асель Баденова, Жаңа адамдар негізін қалаушы

«Бүгінде азаматтар болып жатқан үдерістерді сырттай бақылап қана қоймай, оларға ықпал етуді, шешім қабылдау үдерісіне қатысуды және нақты нәтижені көруді қалайды. Мемлекет басшысы ілгерілететін Адал азамат қағидатының мәні де осы: адал, жауапты әрі жасампаз болу сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрінуі тиіс.

Партияның Саяси кеңесіне кіре отырып, мен бұл жұмысты мүдделес азаматтармен бірге жауапкершіліктің жаңа деңгейінде жалғастырамын. Алдымызда үлкен жұмыс күтеді. Елдегі өзгерістердің табысты болуы барлық азаматтардың сол өзгерістерді жүзеге асыруға белсене қатысуына байланысты болады».