Архив доступен 13 621 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

В области Абай чествовали сотрудников полиции

Сегодня в театре имени Абая в Семее состоялось торжественное собрание, посвящённое 23 июня – Дню полиции Казахстана. В мероприятии приняли участие аким области Берик Уали, начальник Департамента полиции области Эльдар Данияров, сотрудники органов внутренних дел и ветераны службы.

Глава региона в ходе торжественного мероприятия особо отметил роль сотрудников правоохранительных органов в обществе и высоко оценил их вклад в обеспечение общественной безопасности и спокойствия граждан.

«От всей души поздравляю вас с профессиональным праздником – Днём полиции Республики Казахстан! Этот день является знаком особого уважения к самоотверженному труду сотрудников полиции, которые ежедневно обеспечивают общественный порядок и безопасность граждан. Служба в правоохранительных органах – почётная миссия, требующая высокой ответственности, профессионализма, стойкости и преданности делу.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев особо отметил: «В обществе, где господствует идея справедливости, к сотрудникам полиции предъявляются высокие требования и возлагается большая ответственность. Каждый страж порядка должен безупречно выполнять свои обязанности, быть квалифицированным специалистом и патриотом своей страны». Эти слова являются искренней оценкой и высоким признанием вашего благородного труда. Желаю вам крепкого здоровья, благополучия вашим семьям, профессиональных успехов и новых достижений.

Пусть ваша ответственная служба во имя мира и безопасности страны всегда будет плодотворной!», – сказал Берик Уали.

В ходе мероприятия за многолетний добросовестный труд и значительный вклад в развитие региона группа ветеранов была награждена нагрудным знаком «За заслуги перед областью Абай». Ряд сотрудников полиции, внесших вклад в обеспечение общественного порядка, были отмечены Благодарственными письмами акима области. Также были вручены ведомственные медали и нагрудные знаки Министерства внутренних дел, почётные грамоты и благодарственные письма.

Акимат области на системной основе оказывает поддержку в укреплении материально-технической базы Департамента полиции. В текущем году выделены необходимые средства на создание Центра оперативного управления в здании департамента. Кроме того, в начале года в рамках финансового лизинга было приобретено 137 служебных автомобилей, до конца года планируется закупка ещё 97 единиц автотранспорта.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

Облыс әкімі Бесқарағай ауданына қоныс аударған отбасымен кездесті

Аким области встретился с семьёй, переехавшей в Бескарагайский район

Facebook | Instagram | gov.kz

Аким области встретился с семьёй, переехавшей в Бескарагайский район

Глава региона Берик Уали ознакомился с условиями жизни семей, переехавших в Бескарагайский район в рамках проекта «Қаладан – ауылға».

В настоящее время в Бескарагайский район переселилась 31 семья, всего 161 человек. Для прибывших подготовлены жилые дома и созданы необходимые бытовые условия. Крупные крестьянские хозяйства и жители сёл оказывают помощь в обеспечении углём, дровами, продуктами питания и другими необходимыми вещами.

Аким области встретился с многодетной матерью Жадырой Жуматаевой, переехавшей из города Семей в село Башколь Бескарагайского района. Мать пятерых детей планирует открыть собственное дело – магазин и пекарню. На данный момент акиматом сельского округа ей уже предоставлено помещение.

«Как вы знаете, с начала реализации проекта «Қаладан – ауылға» прошло почти четыре месяца. Сегодня Бескарагайский район занимает лидирующие позиции по показателям реализации проекта. Бескарагай – один из живописных районов, расположенный недалеко от города и на пересечении важных дорог. Возможно, именно поэтому спрос на переезд сюда очень высокий. Мы рады, что вы выбрали это прекрасное место для жизни. Желаю успехов в вашей работе. В рамках закона будет оказана вся необходимая поддержка», – сказал Берик Уали.

Семье компенсировали расходы на переезд, обеспечили углём, дровами и продуктами питания. Также была предоставлена одна голова крупного рогатого скота.

«В апреле этого года я переехала в село Башколь Бескарагайского района в рамках проекта «Қаладан – ауылға». Моя главная цель – внести вклад в развитие села, открыть собственное дело и быть полезной», – отметила Жадыра Жуматаева.

На сегодняшний день в село Башколь переехали 2 семьи — всего 11 человек, из них 8 детей. С начала реализации проекта в область переселилась 191 семья, или 623 человека.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

Облыс әкімі Бесқарағай ауданына қоныс аударған отбасымен кездесті

Аймақ басшысы Берік Уәли «Қаладан – ауылға» жобасы аясында Бесқарағай ауданына қоныс аударған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданына 31 отбасы, жалпы саны 161 адам қоныс аударған. Көшіп келушілерге тұрғын үйлер дайындалып, қажетті тұрмыстық жағдай жасалған. Ірі шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары тарапынан отын-көмір, азық-түлік және басқа да қажетті тұрмыстық заттармен көмек көрсетілуде.

Облыс әкімі Семей қаласынан Бесқарағай ауданының Башкөл ауылына көшіп келген көпбалалы ана Жадыра Жұматаевамен жүздесті. Бес бала тәрбиелеп отырған ана жеке кәсібін бастауды, яғни, дүкен, наубайхана ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта округ әкімдігі тарапынан ғимарат берілген.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, «Қаладан – ауылға» жобасының жүзеге аса бастағанына 4 айға жуықтап қалды. Қазіргі таңда Бесқарағай ауданы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бесқарағай – тоғыз жолдың торабында орналасқан, қалаға жақын, табиғаты көркем аудандардың бірі. Содан да болар, осы ауданға сұраныс өте жоғары. Осындай тамаша мекенге қоныс аударып, келіп жатқандарыңызға қуаныштымыз. Жұмысыңызға табыс тілеймін. Заң аясында барлық көмекті көрсетеміз», – деді Берік Уәли.

Аталған отбасыға көшіп келу жол шығындары өтеліп, отын-көмір және азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, бір ірі қара мал берілді.

«Биылғы жылдың сәуір айында «Қаладан – ауылға» жобасы бойынша Бесқарағай ауданының Башкөл ауылына көшіп келдім. Негізгі мақсатым – ауылды көркейту, жеке кәсібімді ашып, үлесімді қосқым келеді», – деді Жадыра Жұматаева.

Қазіргі таңда Башкөл ауылына 2 отбасы, 11 адам көшіп келген. Оның 8-і – балалар. Жоба басталғалы бері облысқа 191 отбасы, яғни, 623 адам қоныс аударды.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Бесқарағай ауылында заманауи балалар ойын және спорт алаңы ашылды

В селе Бескарагай открылся современный детский игровой и спортивный комплекс

Facebook | Instagram | gov.kz

В селе Бескарагай открылся современный детский игровой и спортивный комплекс

Сегодня в районном центре Бескарагайского района – селе Бескарагай – состоялось открытие современного детского игрового и спортивного комплекса. В торжественной церемонии принял участие аким области Абай Берик Уали.

Проект реализован при спонсорской поддержке уроженца района, предпринимателя и мецената Ерната Ергали. В состав комплекса вошли детская игровая площадка, мини-футбольное поле, воркаут-зона и площадки для спортивных тренировок. Все объекты оборудованы в соответствии с современными требованиями и нормами безопасности. Новый комплекс позволит детям и молодежи с пользой проводить свободное время, регулярно заниматься физической культурой и спортом.

Выступая на церемонии открытия, глава региона отметил, что проект внесет вклад в укрепление здоровья подрастающего поколения, развитие массового спорта и улучшение социальной инфраструктуры в сельской местности.

«Сегодня мы становимся свидетелями открытия еще одного важного социального объекта, служащего благу народа. Это яркий пример искренней любви к родной земле, гражданской ответственности и социального партнерства. Глава государства всегда поддерживает развитие массового спорта и уделяет особое внимание созданию комфортной среды для детей. Инициативу Президента активно поддерживают и неравнодушные граждане. Одним из таких примеров является открывающаяся сегодня игровая площадка.

От имени жителей области и сельчан выражаю искреннюю благодарность уроженцу этого села Ернату Ергали, который стал инициатором этого доброго дела. Оснащенный по современным стандартам объект позволит детям и молодежи эффективно проводить досуг и систематически заниматься спортом. Пусть новый объект долгие годы служит на благо жителей и приносит радость сельским детям», – сказал Берик Уали.

Открытие нового спортивного объекта стало большим событием для жителей села. Теперь сельские дети смогут тренироваться на современной площадке. Предприниматель, реализовавший проект, также рассказал о значении объекта.

«Полтора года назад в социальных сетях я услышал призыв акима области: «Туған жерге туыңды тік». Тогда я подумал, что человек должен вкладывать труд и силы в место, где родился. В детстве мы играли здесь в футбол, ставя вместо ворот два кирпича. Тогда я мечтал о современной площадке. Сегодня эта мечта осуществилась – спустя год работы мы открываем этот объект. Уже почти 20 лет, как я уехал из родного села. Если каждый предприниматель окажет поддержку своей малой родине, села будут развиваться и процветать. Безгранично благодарен всем, кто помогал в реализации проекта», – отметил предприниматель Ернат Ергали.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

Бесқарағай ауылында заманауи балалар ойын және спорт алаңы ашылды

Бүгін Бесқарағай ауданының орталығы Бесқарағай ауылында заманауи балалар ойын және спорт алаңы пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

Жоба ауданның тумасы, кәсіпкер әрі меценат Ернат Ерғалидың демеушілігімен жүзеге асырылды. Кешен құрамында балалар ойын алаңы, шағын футбол алаңы, воркаут және спорттық жаттығу алаңдары қарастырылған. Барлық нысандар заманауи талаптарға сәйкес жабдықталып, қауіпсіздік талаптары ескерілген. Бұл нысан балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді.

Салтанатты шара барысында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі жоба өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға үлес қосатынын атап өтті.

«Бүгін біз ел игілігі жолындағы тағы бір маңызды әлеуметтік нысанның ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – туған жерге деген шынайы жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің және әлеуметтік серіктестіктің жарқын үлгісі. Мемлекет басшысы әрдайым бұқаралық спортты дамытуға қолдау білдіріп, балаларға қолайлы орта қалыптастыру мәселесіне үнемі ерекше назар аударып келеді. Президенттің бастамасына халық арасынан шыққан, белсенді азаматтар да үн қосып жатыр. Соның бір жарқын көрінісі ауылда ашылғалы отырған ойын алаңы деп айтсақ болады.

Осы игі іске ұйытқы болған, осы ауылдың тумасы Ернат Ерғалиға облыс жұртшылығы атынан, ауыл тұрғындары атынан шынайы ризашылығымды білдіремін. Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл нысан балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді. Жаңа нысан ауыл балаларының қуанышына, тұрғындардың игілігіне ұзақ жылдар қызмет етсін!», – деді Берік Уәли.

Жаңа спорт нысанының ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Енді ауыл балалары заманауи талаптарға сай алаңда жаттыға алады. Жобаны жүзеге асырған кәсіпкер аталмыш нысанның маңызына тоқталды.

«Осыдан 1 жарым жыл бұрын әлеуметтік желіден облыс әкімінің «Туған жерге туыңды тік» деген үндеуін естіген болатынмын. Содан кейін «Адамның кіндік қаны тамған жерге маңдайының терін де тамуы керек» деп өз ауылыма пайдамды тигізгім келді. Бала кезімде осы жерге екі кірпіш қойып, футбол ойнайтынбыз. Заманауи алаң болса деп армандайтынмын. Сол ойым жүзеге асып, бір жылдан кейін ашып жатырмыз. Осы ауылдан көшіп кеткеніме 20 жылға жуық уақыт болды. Әр кәсіпкер туған жері үшін бір демеу жасаса, ауыл өседі, көркейеді. Көмектескен жандарға алғысым шексіз», – деді кәсіпкер Ернат Ерғали.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Бесқарағай ауданында 5 ауылға ауыз су берілді

В Бескарагайском районе обеспечены питьевой водой пять сел

Facebook | Instagram | gov.kz

В Бескарагайском районе обеспечены питьевой водой пять сел

Жители сел Морозовское лесничество, Башколь, Жыланды, Мостик и Малая-Владимировка Бескарагайского района получили доступ к качественной питьевой воде. Сегодня аким области Берик Уали посетил ряд объектов, направленных на обеспечение населения района качественной питьевой водой.

Глава региона в первую очередь побывал на станции водоснабжения в Морозовском лесничестве. В небольшом населенном пункте проживают 254 человека. Ранее в селе отсутствовала система питьевого водоснабжения. В рамках проекта было проложено более 8 километров водопроводных сетей, к централизованной системе подключено 106 дворов. Кроме того, установлены два резервуара объемом по 100 кубометров.

Аким области также ознакомился с реконструированным водопроводом в селе Башколь. Система водоснабжения, построенная в 1974 году в селе с населением 420 человек, была полностью обновлена. В рамках проекта реконструировано 9,781 километра водопроводных сетей, централизованным водоснабжением обеспечен 111 двор.

Глава региона также посетил станцию водоснабжения в селе Жыланды, где проживают 355 человек. Ранее в селе также не было системы питьевого водоснабжения. В рамках проекта было проложено 11 километров водопроводных сетей, к централизованной системе подключено 132 двора.

Аким области отметил важность проектов по обеспечению населения водой для района.

«Глава государства Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание вопросам обеспечения населения качественной питьевой водой. В Бескарагайском районе питьевая вода подведена в села Морозовское лесничество, Башколь, Жыланды, Мостик и Киши-Владимировка. Сегодня я посетил станции водоснабжения в трех селах и ознакомился с ходом работ. В Морозовском лесничестве к централизованной системе подключено 106 дворов, в селе Башколь – 111 абонентов, в селе Жыланды – 132 двора. Эти проекты не только улучшают качество жизни жителей, но и придают новый импульс развитию сел», – сказал Берик Уали.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

Бесқарағай ауданында 5 ауылға ауыз су берілді

Бесқарағай ауданының Морозов орман шаруашылығы, Башкөл, Жыланды, Мостик және Кіші-Владимировка ауылдарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли аудандағы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нысандарды аралап көрді.

Аймақ басшысы алдымен Морозов орман шаруашылығындағы су беру станциясында болды. Шағын елді мекенде 254 адам тұрады. Бұл ауылда бұрын ауыз су желісі болмаған. Жоба аясында ұзындығы 8 шақырымнан астам су құбыры желісі тартылып, 106 аула орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Сонымен қатар көлемі 100 текше метр болатын екі резервуар орнатылды.

Облыс әкімі Башкөл ауылындағы қайта жаңғыртылған су құбыры желісін де көрді. 420 тұрғыны бар ауылдағы 1974 жылы салынған су жүйесі толық жаңартылды. Жоба аясында ұзындығы 9,781 шақырым су құбыры желісі қайта жаңғыртылып, 111 аула орталықтандырылған сумен қамтылды.

Аймақ басшысы Жыланды ауылындағы су беру станциясының жұмысымен де танысты. Ауылда 355 адам тұрады. Бұл ауылда бұрын ауыз су желісі болмаған. Жоба аясында ұзындығы 11 шақырым су құбыры желісі тартылып, 132 аула орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды.

Облыс әкімі сумен қамтамасыз ету жобаларының аудан үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Бесқарағай ауданының Морозов орман шаруашылығы, Башкөл, Жыланды, Мостик және Кіші-Владимировка ауылдарына ауыз су берілді. Бүгін үш ауылдағы су беру станцияларында болып, жұмыс барысын қадағаладым. Морозов орман шаруашылығында 106 аула, Башкөл ауылында 111 абонент, Жыланды ауылында 132 аула орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл жобалар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, ауылдардың одан әрі дамуына тың серпін береді», – деді Берік Уәли.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Облыс әкімі Бесқарағай ауданының Бөдене ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Аким области ознакомился с жизнью села Бодене Бескарагайского района

Facebook | Instagram | gov.kz

Аким области ознакомился с жизнью села Бодене Бескарагайского района

Сегодня аким области Берик Уали посетил Бескарагайский район. В первую очередь он ознакомился с работой социальных объектов в селе Бодене.

Глава региона посетил среднюю школу села. В учебном заведении, построенном в 1988 году, сегодня обучаются 65 ученика. В школе работают 22 педагога.

В период с 2022 по 2025 годы в школе были проведены ремонт системы отопления, котельной, крыши, фасада, инженерных сетей и спортивного зала, а кабинет физики полностью оснащён современным оборудованием. Для детей с особыми образовательными потребностями создана доступная среда, построена детская игровая площадка, обновлены системы безопасности. Директор школы сообщил главе региона о необходимости ремонта актового зала и попросил содействия в решении данного вопроса.

Аким области осмотрел школу, ознакомился с её материально-технической базой и побеседовал с педагогами. Здесь же он встретился с жителями села и выслушал их обращения. Сельчане подняли вопросы обеспечения питьевой водой, асфальтирования дорог и строительства футбольного поля.

«Я специально приехал в ваше село. Ознакомился с состоянием школы, осмотрел её изнутри. Учебное заведение оснащено в соответствии с современными требованиями. Здание просторное и светлое, обновлены окна, открыты новые кабинеты. Здесь же расположен детский сад. О всех поднятых вопросах мне известно. В дальнейшем будем рассматривать пути их решения. Со стороны акимата области будет оказана необходимая поддержка», – сказал Берик Уали.

После этого глава региона ознакомился с деятельностью сельского клуба Бодене. Дом культуры был введён в эксплуатацию в 2023 году. В здании расположены два рабочих кабинета и зрительный зал на 50 мест. Здесь регулярно проводятся различные культурно-массовые мероприятия, направленные на организацию досуга сельчан.

При клубе действуют несколько творческих коллективов. В частности, работают группы певиц и танцовщиц из числа бабушек. Также свой вклад в развитие сельской культуры вносит творческий коллектив «Асыл-ай». Коллектив художественной самодеятельности регулярно выступает и участвует в различных культурных мероприятиях. В целях популяризации здорового образа жизни в здании клуба три раза в неделю проводятся занятия по фитнесу.

Глава региона осмотрел клуб и пожелал деятелям искусства успехов в дальнейшей работе.

В рамках развития сельской культуры в прошлом году в сёлах Бокебай, Ондирис, Малая-Владимировка, Коянбай, Бозтал, Долон и Бодене были введены в эксплуатацию новые сельские клубы на 50 мест. В этом году активно ведётся строительство новых клубов на 100 мест в сёлах Беген, Ерназар и Глуховка. Сегодня жителям района оказывают услуги 1 дом культуры, 10 сельских клубов, 1 центральная и 19 сельских библиотек.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

Облыс әкімі Бесқарағай ауданының Бөдене ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Бесқарағай ауданына барды. Әуелі Бөдене ауылындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Облыс әкімі ауылдағы орта мектепте болды. 1988 жылы салынған білім ордасында бүгінде 65 оқушы білім алады. Мектепте 22 мұғалім еңбек етеді.

2022-2025 жылдар аралығында мектептің жылу жүйесі, қазандығы, шатыры, қасбеті, инженерлік желілері мен спорт залы жөндеуден өткізіліп, физика кабинеті заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қолжетімді орта қалыптастырылып, балалар ойын алаңы салынып, қауіпсіздік жүйелері жаңартылды. Мектеп директоры аймақ басшысына білім ордасының акт залына жөндеу қажеттігін айтып, осы мәселенің шешім табуына көмек көрсетуді сұрады.

Облыс әкімі мектепті аралап, материалдық-техникалық базасымен танысып, мұғалімдермен пікір алмасты. Осы жерде ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Елді мекен тұрғындары ауыз су, жолға асфальт төсеу, футбол алаңын салу секілді мәселелерді көтерді.

«Ауылдарыңызға арнайы келіп отырмын. Мектептің жағдайымен танысып, ішін аралап көрдім. Білім ошағы заманауи талаптарға сай жабдықталған екен. Ғимарат кең әрі жарық, терезелері жаңартылған, жаңа кабинеттер ашылған. Балабақша да осы жерде орналасқан. Көтеріліп отырған мәселелердің барлығын жақсы білемін. Алдағы уақытта шешу жолдарын қарастырамыз. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін болады», – деді Берік Уәли.

Бұдан кейін аймақ басшысы Бөдене ауылдық клубының жұмысымен танысты. Мәдениет ошағы 2023 жылы пайдалануға берілген. Ғимаратта екі жұмыс бөлмесі мен 50 орындық көрермен залы орналасқан. Мұнда ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған түрлі мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп келеді.

Клуб жанында бірнеше шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Атап айтқанда, әжелерден құралған әншілер және бишілер тобы бар. Сондай-ақ, «Асыл-ай» өнер ұжымы ауыл мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып келеді. Көркемөнерпаздар тобы тұрақты түрде өнер көрсетіп, түрлі мәдени іс-шараларға қатысып отырады. Ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында клуб ғимаратында аптасына үш рет фитнес сабақтары өткізіледі.

Аймақ басшысы клуб ішін аралап көріп, өнер иелерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ауыл мәдениетін жаңғырту бағытында былтыр ауданның Бөкебай, Өндіріс, Малая-Владимировка, Қоянбай, Бозтал, Долон және Бөдене ауылдарында жаңа 50 орындық ауылдық клубтар ел игілігіне берілді. Биыл Беген, Ерназар және Глуховка ауылдарында 100 орындық жаңа клубтардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан тұрғындарына 1 мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 орталық және 19 ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

Facebook | Instagram | gov.kz