Қазақстанда ветеринарлардың жалақысы 2,5 есеге өседі
t.me/abaiaqparatkz
Сообщений: 24 183 с 2022 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Қазақстанда ветеринарлардың жалақысы 2,5 есеге өседі
t.me/abaiaqparatkz
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 900 миллион доллардан астам қаражат аударылған
Бағдарлама бойынша әр бала 18 жасқа дейін жыл сайын қор табысының 50%-ын алады, биыл бір балаға 130,71 доллар есептелді. Елімізде 6,9 млн бала осы төлемді алған.
t.me/abaiaqparatkz
Қазақстан мен Ресей 2,5 млн тонна мұнай транзиті бойынша келісімге қол қойды
Бұл туралы Энергетика министрі хабарлады.
Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, аталған келісімді жүзеге асыру 10 жыл ішінде Қазақстанға шамамен 250 млн доллар көлемінде қосымша табыс әкеледі. Сондай-ақ бұл елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
t.me/abaiaqparatkz
Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.
Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
t.me/abaiaqparatkz
Ресейде үш қазақ мектебі салынады
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты.
«Менің білуімше, біз Орынбормен жер телімдерін келісіп қойдық, ал Астрахан мен Омбы бекітілу сатысында. Ал мұның бәрі дайын болған соң, барлығына бір уақытта қол қоямыз», - деді ол Еуразиялық экономикалық форум алаңында.
t.me/abaiaqparatkz
Абай облысында алғаш рет хирургтердің ұлттық пленумы өтуде
Семей медицина университетінде «Хирургияның өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстан Республикасы хирургтерінің ұлттық ғылыми-практикалық «Abai Surgery Plenum» пленумы ұйымдастырылды. Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жетекші хирургтер, ғалымдар мен медицина саласының сарапшылары қатысты.
Пленумның ашылуына Абай облысының әкімі Берік Уәли және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов қатысты.
Аймақ басшысы хирургия саласы жоғары жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін маңызды бағыт екенін атап өтіп, дәрігерлерді «бейбіт күннің батырлары» деп атады.
Пленум барысында медицина ғылымдарының докторлары мен профессорлар заманауи хирургия, трансплантология, жоғары технологиялық медициналық көмек және ғылымды дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар салаға үлес қосқан мамандарға арнайы марапаттар мен құрметті атақтар табысталды.
t.me/abaiaqparatkz
Үкімет Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті
t.me/abaiaqparatkz
Үш қалада пилотсыз такси іске қосылады
Қазақстанның үш қаласында жүргізушісіз такси қызметін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметте өткен жиында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Жоба Yandex және inDrive компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта пилотсыз көліктерді іске қосуға қажетті реттеуші база әзірленіп жатыр. Министрдің сөзінше, бұл болашақта технологияны еліміздің өзге өңірлеріне де енгізуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба Астана, Алматы және Қосшы қалаларында қолға алынбақ. Жүргізушісіз такси жүйесін тестілеу 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.
t.me/abaiaqparatkz
Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады
Енді жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) мектептерде жеке пән ретінде оқытылады.
Министрдің айтуынша, пәнге жол ережелерімен қатар балалар қауіпсіздігі де енгізіледі. Сабақ кестесіне қосылатын пәнде жеке қауіпсіздік пен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары қамтылады.
Пәнді педагогтер мен психологтер жүргізеді. Ол 5-9 сынып оқушыларына енгізіледі.
t.me/abaiaqparatkz
Қазақстан мен Ресей он шақты құжатқа қол қойды
Қазақстанда АЭС салу туралы, жобаны қаржыландыру үшін мемлекеттік экспорттық несие туралы.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін «Қазақстан – Сириус» мектебін құру туралы.
Мұнай саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы.
Ресей азаматтарын Омбы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалында оқыту шығындарын көтеру туралы.
Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі қосымша келісім.
Екі елдің Ұлттық банктері арасында: теңге/рубль валюталық свопы туралы келісім (екі тарап белгілі бір уақытқа валюталармен алмасатын қаржылық мәміле).
Көлік министрліктері арасындағы цифрландыру бойынша ынтымақтастық жоспары.
2026–2030 жылдарға арналған ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жоспар.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын қадағалау жөніндегі ынтымақтастық жоспары.
t.me/abaiaqparatkz
«Елімай» сырт алаңда «Қайсар» командасын жеңді
Қорытынды есеп – 2:3!
«Қайсар» 2:3 «Елімай»
t.me/abaiaqparatkz
Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Баймұрзаев Әсет Асхатұлы тағайындалды
t.me/abaiaqparatkz
Абай облысында әйелдерге арналған екі күндік семинар басталды
Семейде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасы аясында екі күндік оқыту семинары басталды. Іс-шараға өңірдің белсенді қыз-келіншектері, қоғам өкілдері мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысуда.
Семинардың ашылуында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов жобаның маңызын атап өтті.
Бағдарлама аясында қатысушылар көшбасшылық, ораторлық шеберлік және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерден өтеді. Сондай-ақ әйел көшбасшылығы, аудиториямен байланыс орнату және тиімді спикер болу жолдары талқыланады.
t.me/abaiaqparatkz
5-7 маусым күндері Ақсуат ауданында «Асыл бесік - Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтеді
t.me/abaiaqparatkz
Қазақстанда алғашқы АЭС-ті іске қосу 2035 жылға жоспарланған
Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі хабарлады.
Оны салатын консорциумды «Росатом» басқарады. Бүгін елдер оның құрылысы мен қаржылық аспектілері бойынша құжаттарға қол қойды.
t.me/abaiaqparatkz
Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті таспаланған.
Жолбарыстарды бақылап отыру үшін табиғи ортаға жібергенге дейін оларға жерсеріктік қарғыбау орнатылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Осы уағдаластықтарға сай Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын берді.
Бұл бастама Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге және әлемдегі биоалуантүрлілікті сақтауға зор үлес қосады.
t.me/abaiaqparatkz
Білімнің қайнар көзі – кітап
Кітап оқу мәдениеті – адамның рухани және интеллектуалдық дамуының негізгі жолдарының бірі. Кітап адамды ойлануға, талдауға және жаңа білім алуға жетелейді.
Қазіргі ақпараттық заманда түрлі құралдар көп болғанымен, кітаптың орны ерекше. Ол адамның сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін дамытады. Кітап оқыған адам өз ойын анық әрі жүйелі жеткізе алады.
Кітап оқу мәдениеті – тек оқу емес, сонымен бірге дұрыс кітап таңдау және оны түсіне білу. Бұл әдет адамды тәртіпке, ізденіске және білімге құштарлыққа тәрбиелейді.
t.me/abaiaqparatkz
Енді пара нақты берілмесе де, оны ұсыну қылмыс ретінде қарастырылмақ
Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мен оған ілеспе түзетуді мақұлдады. Құжатқа сәйкес, пара ұсыну, пара беруге уәде ету және пара талап ету әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
t.me/abaiaqparatkz
Семейдегі азық-түлік өндірісі экспорттық әлеуетін арттырып келеді
Облыс әкімі «Ай-Ар» ЖШС-інде болып, кәсіпорынның өндіріс барысымен танысты.
1999 жылы құрылған кәсіпорын ұн және макарон өнімдерін өндіреді. Қазіргі таңда мұнда 220-дан астам адам еңбек етеді. Жылдық өндірістік қуаттылығы 67 мың тоннаны құрайды.
Кәсіпорында макарон өнімдерінің 15-тен астам түрі шығарылады. Өнімдер ішкі нарықпен қатар Ауғанстан, Қытай, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне экспортталады.
Аймақ басшысы өндіріс үдерісімен танысып, кәсіпорынның өңір экономикасы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.
t.me/abaiaqparatkz
Семейдегі вагон жөндеу кәсіпорнының қуаты артып келеді
Аймақ басшысы Берік Уәли қаланы аралау барысында бірқатар өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Облыс әкімі «Нұр-Альфинур» ЖШС-інде болып, вагон жөндеу саласындағы өндіріс барысын көрді. 2022 жылы құрылған кәсіпорында 75 адам еңбек етеді. Мұнда ай сайын 70-тен астам вагон жөндеуден өтеді.
Кәсіпорында пайдалану мерзімі аяқталған вагондарға күрделі жөндеу жасалып, техникалық қауіпсіздігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Аймақ басшысы өндіріс орнының өңір экономикасын дамытудағы рөлі маңызды екенін атап өтті.
t.me/abaiaqparatkz