Архив доступен 457 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен БАҚ саласының үздік өкілдері марапатталды.

Сала үздіктерінің қатарында ABAI TV телеарнасының продюсер-редакторы Сәуле Алдамұратқызы да бар. Ол ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сәуле Алдамұратқызы 2020 жылдан бері ABAI TV телеарнасында еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда «Өрнек» бағдарламасының жүргізушісі.

Әріптесімізді жоғары марапатымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!

«Қазақ өлеңінің бұлты Орал жаққа ауған екен»

«Студент кезімде ақын Есенғали Раушановпен жүздесудің сәті түсті. Өлеңдерімізді оқып, әдебиет туралы ой бөлістік. Сонда Есенғали аға: «Қазақ өлеңінің бұлты Орал жаққа ауған екен», - деп баға берген еді. Бұл сөзді мен жас ақындарға көрсетілген құрмет әрі поэзияға жүктелген жауапкершілік ретінде қабылдадым, – дейді ақын Мәрлен Ғилымхан.

«Ақын әлемі» хабарының толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

«Шәкірттің жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі»

«Адамның бағының жануы бағыт беретін ұстазға байланысты. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берген Пернебай Дүйсенбай ағайдың сабақ өткізу тәсілі өзгеше еді. Мәселен, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагерін» оқығанда күй қосып қоятын. Сонда шығармадағы оқиғалар көз алдыңда өтіп жатқандай әсер қалдыратын. Бүгінгі жазу ерекшелігіміз бен сөзге деген құрметіміздің қалыптасуына осы ұстазымыздың ықпалы зор болды», - дейді журналист Қали Сәрсенбай.

«Сарасөз» бағдарламасының толық нұсқасын Abai TV YouTube арнасынан көре аласыз.

Қазақстанда алғашқы Монтессори зертханасы ашылады

Абай университеті мен Италиядағы Халықаралық Мария Монтессори орталығы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Оның аясында Қазақстанда алғашқы Монтессори ғылыми-зерттеу зертханасы және педагогтарды сертификаттаудың ұлттық орталығы құрылады.

Жоба инклюзивті білім беруді дамытуға, мұғалімдерді даярлаудың озық халықаралық тәжірибесін енгізуге бағытталған.

Бүгінде Монтессори педагогикасы еліміздің 11 қаласындағы 40-тан астам білім беру ұйымында қолданылып келеді.

«Ғылым мен ғалам» хабарының жаңа шығарылымы «ҚР ҰҒА-ның ғаламдық мәселелерге арналған ғылыми жобалары» тақырыбына арналады.

Эфир уақыты: 5 маусым, 19:30.

«Қосалқа» – қазақтың дәстүрлі жыр, ән және күй өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған бірегей жоба.

Хабарға қатысқан Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосынов жобаның ұлттық өнерді дәріптеудегі маңызына тоқталып, дәстүрлі жыршылық, әншілік және күйшілік өнерді кейінгі ұрпаққа танытудағы рөлі зор екенін атап өтті.

Алмас Алматов – «Жыр бастау»

«Біздің жәрмеңке» концертінің толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

Новый выпуск программы «Портреты с Зариной Мухамедали» посвящен творчеству главного дирижера Государственного театра оперы и балета «Астана Опера», заслуженного деятеля РК Алана Бурибаева.

О музыке, внутренней дисциплине, работе с мировыми оркестрами и пути человека, который давно стал одним из самых узнаваемых казахстанских музыкантов на международной сцене.

Скоро в эфире телеканала Abai TV.

Рак можно выявить раньше, чем он успеет заявить о себе.

Казахстанские ученые разрабатывают инновационную наноперчатку, способную распознавать опасные изменения в организме на ранней стадии.

Как работает технология, которая может помочь спасти тысячи жизней?

Смотрите в новом выпуске программы «Время науки».

«Ұмытпаймыз» хабарының жаңа шығарылымы Алтын қорда сақталған «Жазушылар ой толғайды» бағдарламасына арналады.

Эфир уақыты: 6 маусым, 18:00-де.

Abai TV арнасы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, фотопублицист Асылхан Әбдірайымұлының сұхбатын ұсынады.

Эфир уақыты: 1 маусым, 20:00-де. Бағдарлама жүргізушісі – Сәкен Сыбанбай.

«Ақботаның мен шықпаған биікке шыққанын қаладым»

«Өнерде жалтақтық болмауы керек, Ақботаға сол үшін еркіндік бердім. Менің жетпеген жетістігіме жетуі, менің шықпаған биігіме шығуы үшін барымды салдым. Ойлағанымдай қызым сенімімді ақтады», - дейді ҚР Мәдениет қайраткері Бибіажар Маханбетқызы.

«Әнге толы ғұмыр» арнайы жобасының толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

Қайырлы таң, қымбатты көрермен! Күндеріңіз берекелі болсын!

Бүгін эфирден көретіндеріңіз

7:05 Түркі әлемі

7:40 Шаһар шежіресі

8:10 Ұлт қазынасы

8:35 Мұра

9:05 Ғылым тілімен

9:30 Үркер

10:35 Музыка Великой степи

11:10 Менің кітапханам

11:40 Ұмай

12:10 «TEDx Astana»

12:30 Шебер

13:00 Сарасөз

14:40 Жәдігер

15:10 Пайым

16:10 Театр

16:40 Қосалқа

20:00 САРАСӨЗ

21:00 ВРЕМЯ НАУКИ

21:30 Дәуір даналары

22:20 Бір туынды

Елордалық жас домбырашылар мерекелік көңіл күй сыйлады

Балаларды қорғау күніне орай Астанадағы Тәуелсіздік алаңында «Алтын домбыра» мектебінің жас домбырашылары өнер көрсетті.

Өнерпаздар «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Асқар Мұқият – «Ақтамберді»

«Біздің жәрмеңке» концертінің толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

Асқар Мұқият – «Ақтамберді»

«Біздің жәрмеңке» концертінің толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

«Әбдіжәміл Нұрпейісов мақтауды ұнатпайтын»

«Үркер» бағдарламасының кезекті шығарылымында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әзілдері талданды.

«Әбдіжәміл Нұрпейісов артық мадақты жақтыра қоймайтын. Бірде басылымнан өзі туралы мақаланы көріп, көңіл күйінің өзгеріп кеткенін байқадым. Не болғанын сұрағанымда, мақалада өзін шамадан тыс мақтап жазғанын айтты. Даңғаза мақтаудан гөрі, шынайы құрмет пен әділ пікірді бағалайтын еді», - дейді ақын Мырзан Кенжебай.

Хабардың толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

«Менің атым Қожаның» алғашқы атауы – «Өзім туралы повесть»

«Бірегей» бағдарламасында алаштанушы Тұрсын Жұртбай балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев туралы естелігін бөлісті. Оның айтуынша, бұл туынды жазушының шығармашылығына әсер еткен.

Хабардың толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

Cәуле Жанпейісова – «Махамбеттің термесі»

«Біздің жәрмеңке» концертінің толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

«Abai TV» телеарнасына – 6 жыл

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамындағы «Abai TV» телеарнасының эфирге шыққанына бүгін 6 жыл толды.

Телеарна ақпарат кеңістігіне 2020 жылдың 1 маусымында «Ақыл-ойдың айнасы» ұранымен жол тартты. Бүгінде арна еліміз аумағында тәулігіне 17 сағат эфир таратады.

Алты жыл ішінде телеарна 6580 эпизодтан тұратын 261 хабар эфирден өтті. Сонымен қатар руханият, қоғам, мәдениет, өнер және тарих салаларындағы тұлғалар туралы 190 деректі фильм түсірілді. Бұдан бөлек 135 концерт, 61 спектакль, опера және балет қойылымы эфирге ұсынылды.

Телеарнада жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, Сәкен Сыбанбай, ақын Қалқаман Сарин, Олжас Қасым, театртанушы Аманкелді Мұқан, сондай-ақ тележүргізушілер Жаңылхан Асылбекова, Гауһар Төлекбай, Сәуле Алдамұратқызы, Светлана Коковинец, Зарина Мухамедали, Наргиза Сатаева еңбек етіп келеді.