Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов Райымбек ауданына жұмыс сапары барысында Қызылшекара ауылындағы К.Байшығанұлы атындағы орта мектепке барып, білім ордасының қазіргі жай-күйімен танысты.
Сапар барысында басқарма басшысы педагогикалық ұжыммен және ата-аналармен кездесіп, мектептің материалдық-техникалық жағдайы, алдағы жөндеу жұмыстары мен оқушылардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.
Аталған мектепті күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама 2024 жылы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шыққан. Бүгінде нысан 2026 жылы күрделі жөндеуден өтетін білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілген. Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыру мәселесі пысықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін Қызыл шекара ауылындағы К.Байшығанұлы атындағы мектептің жағдайына қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланып, тұрғындар ғимараттың техникалық жай-күйіне алаңдаушылық білдірген болатын.
almatyoblbilim