Алматы облысында қаза тапқан полицей: күдікті жасөспірімдер үйқамаққа алынды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Сообщений: 14 718 с 2018 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Алматы облысында қаза тапқан полицей: күдікті жасөспірімдер үйқамаққа алынды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
ӘЧ–2026: Канада 1/8 финалға шықты
Канада құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан алғашқы команда атанды.
Турнир қожайындарының бірі 1/16 финалда Оңтүстік Африка Республикасын 1:0 есебімен жеңді.
ОАР 0:1 Канада
90+2' Стефен Эуштакиу
Канада ойын бойы басымдық танытып, жеңіс голын қосымша уақытта соқты.
Енді Канада 1/8 финалда Нидерланд – Марокко жұбының жеңімпазымен кездеседі.
@aikyngazeti
Маңғыстауда ер адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқарушылар 33 адамды аман алып шықты. Олардың арасында балалар да бар.
Reuters мәліметінше, апаттан қаза тапқандар саны 1400-ден асқан. Ең көп зардап шеккен аймақ — Ла-Гуайра штаты.
Ел билігі жүздеген адам жоғалғанын немесе үйінді астында қалғанын хабарлаған. Ал оппозиция қолдаған сайтта 50 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде көрсетілген.
Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астында қалған адамдарды тірі табу мүмкіндігі алғашқы 72 сағаттан кейін күрт төмендейді. Қазір шетелдік құтқару топтары жергілікті мамандармен бірге іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Сондай-ақ 3 мыңнан астам адамның жараланғаны, тағы шамамен сонша адамның уақытша паналау орындарында тұрып жатқаны хабарланды.
АҚШ әскері Иран аумағындағы бірқатар әскери нысанға қайтадан соққы жасады. Бұл әрекет Ормуз бұғазында коммерциялық танкерге жасалған шабуылдан кейін жүзеге асты.
АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, соққылар Иранның әскери бақылау инфрақұрылымы, байланыс жүйелері және басқа да әскери нысандарына бағытталған. Вашингтон бұл операцияны халықаралық теңіз қатынасына төнген қауіпке жауап деп атады.
Өз кезегінде Иран АҚШ-тың әрекетін айыптап, оған жауап ретінде Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ-пен байланысты нысандарға зымырандар мен дрондар жібергенін мәлімдеді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, соңғы оқиғалар АҚШ пен Иран арасындағы уақытша келісімнің бұзылу қаупін күшейтіп, Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.
Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков туған клубы – Қостанайдың «Тобылына» ресми түрде қайта оралды.
Клуб ойыншының ауысқанын Қазақстан Премьер-лигасындағы «Алтайға» қарсы өз алаңындағы матч алдында жариялады. Бұл кездесуде «Тобыл» қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.
Чесноков жаңа маусымдағы алғашқы ойынын да өткізіп үлгерді. Ол 67-минутта, есеп 1:1 болып тұрған сәтте алаңға шықты.
Соңғы жарты жылда футболшы шотландиялық «Хартс» сапында ойнаған. Ол барлық турнирлерде 11 матчқа қатысып, бір гол соқты. Оның голы командаға жеңіс сыйлаған еді. Сондай-ақ Чесноков «Хартстың» күміс жүлдегер атануына үлес қосты.
«Тобыл» Чесноковпен 2028 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты. Ислам бұған дейін қостанайлық клубта 2023–2026 жылдары ойнап, екі рет Қазақстан кубогын және бір рет ел Суперкубогын жеңіп алған.
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Президент жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
@aikyngazeti
Несие алар алдында өзіңізге қоятын 5 сұрақ
Бұл несие маған шынымен қажет пе?
Ай сайынғы төлемді тұрақты төлей аламын ба?
Бұл төлем табысымның қанша бөлігін алады?
Жалпы қанша артық төлеймін?
Егер төлей алмай қалсам, не болады?
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Арқалық қаласында су айдынынан бойжеткеннің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, марқұмның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті тұрғындарды расталмаған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Сонымен қатар жергілікті пабликтер мен әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты түрлі болжамдар талқылануда. Кейбір қолданушылар қыздың өліміне зорлық-зомбылық немесе өзге де жағдайлар себеп болуы мүмкін деген пікір білдіріп жатыр.
@aikyngazeti
Украина мен Ресей қазіргі уақытта АҚШ-тың араағайындығымен бейбіт келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
Ол келіссөздердің тоқтап қалуына және АҚШ-тың бұл процеске араласуына қатысты пікір білдірді.
«Біз бұл процеске араластық, өйткені ресейліктермен де, украиндармен де сөйлесе алатын жалғыз тарап болдық. Өкінішке қарай, бұл келіссөздер нәтиже берген жоқ», — деді Рубио.
Мемлекеттік хатшы АҚШ Украинаны белгілі бір ұстанымға мәжбүрлеп жатыр деген әңгімелерді жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұндай мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтін «жалған ақпарат тарату» болған.
«Егер біз нәтижелі болатын, керісінше жағдайды қиындатпайтын және табысқа жету мүмкіндігі бар келіссөз өткізуге жағдай көретін болсақ, бұл рөлді өз мойнымызға алуға дайынбыз», — деді ол.
Рубио қазіргі уақытта мұндай келіссөздер жүріп жатпағанын айтты. Дегенмен ол келіссөздер қайта жандануы мүмкін деген үмітін жеткізді.
Жұмысты кейінге қалдырмаудың 5 тәсілі
Жұмысты ұсақ бөліктерге бөліңіз. Кейде адам жұмысты қиын болғандықтан емес, тым үлкен көрінгендіктен кейінге қалдырады. Сондықтан бір үлкен істі бірнеше шағын қадамға бөлген дұрыс
Бес минуттан бастаңыз. Жұмысқа бірден ұзақ уақыт бөлу қиын болса, өзіңізге «тек 5 минут істеймін» деп айтыңыз. Көп жағдайда адам бастағаннан кейін жұмысты жалғастырып кетеді.
Телефонды алысырақ қойыңыз. Жұмысты кейінге қалдырудың басты себептерінің бірі — телефон. Хабарлама, әлеуметтік желі, қысқа видеолар адамның назарын бөледі
Ең маңызды істі бірінші орындаңыз. Күнді ұсақ-түйекпен бастап жіберсеңіз, негізгі жұмыс тағы кейінге қалады. Сондықтан алдымен ең маңызды істі орындауға тырысыңыз. Кем дегенде оның бір бөлігін жасап қойсаңыз, күннің қалған бөлігі жеңілірек өтеді
Нәтижені емес, әрекетті ойлаңыз. Кейде адам жұмысты мінсіз орындағым келеді деп бастай алмай жүреді. Бірақ алғашқы нұсқа әрдайым мінсіз болмауы мүмкін. Ең бастысы — бастау, жазу, жасау, кейін түзету
Украина қорғаныс күштері қазіргі уақытта майдан шебін тұрақтандырып қана қоймай, кейбір аумақтарды қайта бақылауына алып жатыр. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Марк Рютте баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Рюттенің айтуынша, Украина мықты қорғаныс жүйесін қалыптастырып отыр.
«Қазіргі майдан шебіне қараңыздар — ол тұрақталып келеді. Тіпті Украинаның нақты есеппен кейбір аумақтарын қайтарып жатқаны туралы хабарлар бар. Бұл жаппай емес, бірақ кем дегенде тұрақтану жүріп жатыр. Майдандағы қозғалыс қазір дұрыс бағытта болуы мүмкін, яғни шығыстан батысқа емес, батыстан шығысқа қарай», — деді ол.
НАТО бас хатшысы мұндай жағдайды таңғаларлық деп бағалады. Оның пікірінше, украиндар әскери инновация енгізу қабілеті жағынан өте тапқырлық танытып отыр.
Рютте НАТО Украина тәжірибесін мұқият зерттеп жатқанын айтты. Атап айтқанда, ұрыс жағдайында дрондарды қолдану және дрондарға қарсы технологияларды пайдалану тәжірибесі назарға алынған.
«Егер мен бүгін Путиннің орнында болсам, қатты қуанбас едім. Жалпы, Путиннің орнында болсам, ешқашан қуанбас едім. Әсіресе соңғы бірнеше аптада. Өйткені жағдай ол үшін қолайлы бағытта дамып жатқан жоқ», — деді Марк Рютте.
Жұмыста өнімді болуға көмектесетін маңызды 3 кеңес
Ең маңызды істі бірінші орындаңыз
Жұмыс күнін ұсақ тапсырмалардан емес, ең маңызды істен бастаған дұрыс. Себебі адамның ойы таңертең сергек болады. Егер негізгі жұмысты кейінге қалдырсаңыз, күн соңында оған күш те, уақыт та жетпей қалуы мүмкін.
Бір уақытта бір ғана жұмысқа көңіл бөліңіз
Бірнеше істі қатар атқару өнімділікті арттырмайды, керісінше назарды бөледі. Хатқа жауап беру, құжат дайындау, қоңырау шалу сияқты жұмыстарды бөлек-бөлек орындаған тиімді. Бір іске толық көңіл бөлген адам жұмысты тезірек әрі сапалы аяқтайды.
Қысқа үзіліс жасап отырыңыз
Үздіксіз жұмыс істеу әрдайым жақсы нәтиже бермейді. Ұзақ уақыт демалмай отырған адам тез шаршайды, қателік жіберуі мүмкін. Сондықтан әр 60-90 минут сайын қысқа үзіліс жасап, орныңыздан тұрып, көзді демалдырған пайдалы. Бұл ойды жинақтап, келесі жұмысқа күш береді.
@aikyngazeti
"AIQYN аптаның" жаңа саны жарық көрді
«Қорғасқа» 20 жыл: миллион турист, мың түйткіл
Тұрғын үй нарығында жаңа тәртіп
Білім алу демалысы: қызметкерге мүмкіндік, жұмыс берушіге салмақ
Нотариаттық қызметке жаңа талаптар енгізіледі
Сағидың сөз сиқыры
Балалар қауіпсіздігі басты назарда
Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан%2025.04.2026.pdf) оқи отырыңыз
Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!
Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілді
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Енді Қазақстанда бизнесті жабу жеңілдейді
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы достық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Юрико Коикэні І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Президент Токио губернаторының сапары Қазақстан мен Жапония арасында орнаған кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын, мұның символдық мәні бар екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Юрико Коикэнің жетекшілігімен Токио әлемдегі ең қауіпсіз, таза әрі тиімді басқарылатын мегаполистердің біріне айналғанын айтты.
– Сізді жаһандық деңгейдегі көрнекті саясаткер ретінде танимыз. Көреген басшылығыңыз бен еліңіз үшін ұзақ жылдар бойы атқарған қызметіңіз құрметке лайық. Қазақстан жұртшылығы Сізді мемлекет қайраткері және еліміздің досы, серіктесі деп біледі. Қазақстанның тарихы мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қос халықтың ынтымағын арттыра түседі, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Жапонияға былтыр жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде екіжақты қарым-қатынас жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгеніне назар аударды.
@aikyngazeti
ҰБТ сертификаты Малайзия университеттеріне оқуға түсу үшін ресми түрде танылды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді.
9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым аралығында өтеді.
Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.
@aikyngazeti