Архив доступен 1 639 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Глава государства высказал свою позицию по вопросу урегулирования конфликта между Россией и Украиной

– Вы знаете, я с самого начала говорил, что это межгосударственный конфликт. Речь не идет о какой-либо гражданской войне. Мы всегда с уважением относились к украинскому народу, его культуре, языку. И полагаем, что природа этого конфликта не совсем понятна для многих, в том числе и для нас. Я знаю, что Вы проявили максимум дипломатической гибкости во время встречи в Анкоридже на Аляске.

И просто мое скромное мнение, коль скоро ко мне обращаются: может быть, этот конфликт уже стоит заморозить и вернуться к Стамбульской формуле 2.0, поскольку там были достигнуты значительные результаты. И затем уже, естественно, под гарантии великих держав, включая Россию, дальше двигаться в сторону долгожданного мира. Казахстан – не сторонняя страна, но в то же время, несмотря на все предложения и призывы, я категорически отказываюсь быть посредником, поскольку знаю, что Россия – это великая страна, русский народ – это великий народ.

И, как говорится, без посредников он сам справится со всеми вопросами, которые стоят в повестке дня. Но высказать свое скромное мнение я решил именно сегодня, поскольку люди знают, что я планировал быть в Омске, знают о нашей встрече. Никто не знает, как выйти из ситуации, потому что есть позиции сторон. Но с другой стороны, есть возможность поставить на заморозку все это дело. Это апробированная в международной практике ситуация, прием. Поскольку жалко, конечно, что молодые люди гибнут. Это генофонд братских народов России и Украины.

И все это надо останавливать, поскольку то, что происходит, на мой убежденный взгляд, это на руку и в радость противникам и России, и украинского государства, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

В завершение он подтвердил приверженность стратегическому партнерству и союзничеству с Россией.

– Что касается позиции Казахстана в отношении России, не сомневайтесь, мы всегда считали и считаем Россию великим государством. Об этом я говорю на всех международных форумах. Мы привержены стратегическому сотрудничеству с Россией, союзническим отношениям, как бы трудно это ни было. И вот нынешний Форум является тому подтверждением, – убежден Глава нашего государства.

t.me/aqorda_resmi

Ал кеттік!

Партиямыздың сайлауалды науқаны ресми түрде басталды.

Алғашқы аялдамамыз – қасиетті Түркістан.

Бағдарламамыз бекітілді. Ол –нақты ұсыныстарға, өмірдің өзінен туған мәселелерге негізделген мазмұнды әрі сапалы құжат.

Халықпен жүздесеміз, пікір алмасамыз, сұрақтарға жауап беріп, елмен бірге шешім іздейміз.

Мама особенного ребенка знает все о справках. Здравоохранение -отдельно. Образование- отдельно. Соцзащита - отдельно. И везде заново доказывай, что ребенок нуждается в помощи.

Это одна из самых изматывающих несправедливостей. Отсюда - дублирование, потерянные документы, месяцы ожидания и родитель, который вместо заботы о ребенке бегает по кабинетам.

Мы в июне приняли норму о создании единого интегрированного модуля - цифровой системы, которая связывает данные здравоохранения, образования и социальной защиты в одном месте.

Эта система сама будет обмениваться информацией между ведомствами и формировать индивидуальный план поддержки ребенка.

Мы очень хотим, чтобы была одна система вместо десяти окон и инстанций. Государство должно собирать справки само - а не гонять за ними родителей, которым и без того тяжело. Министерство уже работает над созданием этой системы.

Ерекше баланың ата-анасы анықтама жинаудың не екенін жақсы біледі.

Денсаулық сақтау жүйесі -бөлек анықтама. Білім беру - бөлек. Әлеуметтік қорғау - бөлек. Әр мекемеге барған сайын балаңның көмекке мұқтаж екенін қайта-қайта дәлелдеуге тура келеді. Бұл - ең қажытатын әділетсіздіктердің бірі.

Бала туралы мәліметтер әртүрлі ведомстволар мен ақпараттық жүйелерде шашыраңқы сақталады. Соның салдарынан құжаттар қайталанып сұратылады, кейбірі жоғалады, шешім қабылдау айларға созылады. Ал ата-ана баласына көңіл бөлудің орнына кабинеттен кабинетке жүгіруге мәжбүр.

Маусым айында біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі мәліметтерді өзара байланыстыратын бірыңғай интеграцияланған модуль құру туралы норманы қабылдадық.

Жаңа жүйе ведомстволар арасында қажетті ақпаратты автоматты түрде алмасып, балаға көрсетілетін көмектің жеке жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Біздің мақсатымыз - он түрлі мекеме мен ақпараттық жүйенің орнына біртұтас жүйе құру. Анықтамаларды ата-ана емес, мемлекет өзі жинауға тиіс. Онсыз да ауыр жағдайға тап болған отбасын бюрократиямен әуреге салуға болмайды.

Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және оларды сүйемелдеудің тиімді жүйесін қалыптастыру міндетін қойған болатын. Осы бағыттағы нақты қадамдар Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленді.

Бұл шешімді осындай процестердің қаншалықты күрделі екенін өз тәжірибесінен білетін депутат әріптестерімізбен бірлесіп заңдастырдық.

Бүгін елордада «Әділет» партиясының съезі өтіп, алдағы Құрылтай сайлауына қатысты маңызды шешімдер қабылданды.

Залда барлық өңірден келген түрлі мамандық иелерін: ұстаздар мен дәрігерлерді, кәсіпкерлер мен жастарды, ғалымдар мен өндіріс мамандарын, жалпы барлық саланың білікті өкілдерін көрдім.

Біз сайлауға баратын кандидаттар тізімі мен партия бағдарламасын бекіттік. Бағдарламамыздың басты мақсаты айқын: Жаңа Конституция құндылықтары мен талаптарын іске асыру, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарын қолдау және қарапайым азаматтардың үміті мен мұң-мұқтажын шешу. Біздің бағытымыз - Әділетті Қазақстан.

Маған артылған үлкен сенім үшін алғысым шексіз. Бұл - үлкен жауапкершілік. Алдымызда маңызды сайлау науқаны тұр.

Бірлесіп, ел игілігі үшін аянбай жұмыс істейміз. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін шын жүректен рақмет!

Мемлекет басшысы АҚШ Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, тарих үшін қас-қағым сәт саналатын үш ұрпақтың ғұмырына барабар кезеңде бұл елдің қуатты жаһандық державаға айналғанына назар аударды.

Президент АҚШ әкімшілігінің ақыл-парасатқа арқа сүйеген ішкі саяси бағдары елімізде іске асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті Қазақстан құру стратегиясымен үндесетінін, сондықтан Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Бұдан бөлек, жақында Ақордада сенатор Стив Дейнспен, АҚШ Президентінің арнаулы өкілі Серджио Гормен және Ақ үйдің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, америкалық іскерлік топ өкілдерімен болған кездесулер мен келіссөздерге оң баға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

t.me/aqorda_resmi

Вопрос, ставший предметом разных интерпретаций, получил официальное толкование в конституционно-правовой плоскости.

Однако в этом вопросе самое важное- разделять правовую возможность, политическое решение и фактический сценарий.

Чем больше правовой определенности в конституционно-правовых вопросах, тем меньше пространства для субъективных оценок и произвольных интерпретаций. В таких ситуациях ясность в понимании конституционных принципов имеет значение для предсказуемости политического процесса и работы институтов.

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» авторлық заңымызға қол қойды.

Енді 2 апталық курс оқып, өзін «психолог» немесе «психо-коуч» деп атайтындарға заңмен тыйым салынады. Тек диплом және бірыңғай мемлекеттік реестр! Бұл

Мәжілістегі жұмысымның маңызды нәтижелерінің бірі.

Кәсіби мамандар, жеңіс құтты болсын!

Тек алға!

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды

Главой государства подписан Указ «О назначении выборов в Курултай Республики Казахстан»

t.me/aqorda_resmi

Көпшілікке көріне бермейтін жандар туралы

Мәжілістің жұмысы аяқтады. Депутаттар кетеді, жаңа шақырылымдар келеді. Бұл - парламент өмірінің табиғи заңдылығы.

Бірақ парламенттің сабақтастығын сақтап тұрған адамдар бар. Олар - Мәжіліс Аппаратының қызметкерлері, техникалық және шаруашылық қызметкерлері. Олар сұхбат бермейді, әлеуметтік желілердің кейіпкері болмайды, подкасттарға шықпайды. Бірақ Парламенттің күнделікті жұмысының үздіксіз жүруіне дәл осы адамдар еңбек етеді.

Бірге жұмыс істеген жылдар ішінде мен тағы бір маңызды нәрсеге көз жеткіздім: мықты мемлекеттік институттар тек саяси шешімдермен ғана емес, кәсіби адамдардың еңбегімен және институционалдық жадпен қалыптасады.

Аппараттың тәжірибелі қызметкерлері заңдардың тарихын, көптеген нормалардың қабылдану логикасын, ондаған жыл бұрынғы пікірталастар мен дәлелдерді жақсы біледі.

Әлеуметтік сала бөліміне ерекше алғыс айтқым келеді. Осы жылдар бойы бірге жұмыс істеген кәсіби, принципшіл әрі өте еңбекқор команда. Көптеген заңдардың сапалы дайындалуына олардың қосқан үлесі зор.

Заңнама бөліміне, Аппараттың барлық құрылымдық бөлімшелеріне және, әрине, Мәжілістің Баспасөз қызметіне де шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мемлекеттік қызметтің ең маңызды еңбегі көбіне көзге көрінбейді. Бірақ дәл осындай күнделікті, жүйелі әрі командалық жұмыс сапалы заңдардың қабылдануына, мемлекеттік институттардың тұрақтылығына негіз болады.

Әрқайсыңызға кәсібиліктеріңіз, сенімділіктеріңіз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Десятилетиями богатство нашей страны измеряли тем, что лежит под землей. С сегодняшнего дня Конституция закрепляет новую формулу национального богатства: главное богатство Казахстана - не недра, а Человек.

Сегодня вступает в силу новая Конституция Казахстана. Начинается новый этап в развитии нашей страны.

Большинство конституций прежде всего закрепляют уже сложившийся порядок вещей. Наша же Конституция делает акцент не только на настоящем, но и на будущем. Это преобразующая Конституция. Она не ограничивается описанием настоящего. Она задает направление развития и отвечает не только на вопрос «кто мы?», но прежде всего - «кем мы намерены стать?».

Это Конституция будущего времени.

Главная перемена - в самой философии документа. В центре новой Конституции находится человек, его достоинство, права, свободы и возможности.

На протяжении десятилетий развитие государства связывали прежде всего с природными ресурсами. Но у любого сырья есть предел: чем больше добываешь, тем меньше остается.

Со знанием же все иначе: чем больше его создаешь, передаешь и применяешь, тем больше его становится. Именно поэтому новая Конституция и делает ставку не на геологию, а на человеческий капитал - образование, науку, культуру, технологии и способность постоянно учиться.

Как человек, посвятивший значительную часть своей жизни образованию, особенно чувствую смысл этого выбора. Будущее страны рождается не на месторождениях.Оно рождается в школьном классе, университетской аудитории и научной лаборатории. Именно там формируется настоящее национальное богатство.

Есть в новой Конституции еще одна мысль, которая кажется мне принципиальной. Память о прошлом - наша незыблемая опора, часть нашей идентичности и нашей силы. Но жить только прошлым нельзя. По-настоящему зрелой нация становится тогда, когда ее объединяет не только общая память, но и общий проект будущего. Не только общее прошлое, но и общее будущее. Общие ценности и общая ответственность за завтрашний день.

И лучший ответ на любые исторические вызовы - сильные школы, современные университеты, развитая наука, инновации и поколение молодых людей, способных быть конкурентоспособными в любой точке мира.

Именно в этом, на мой взгляд, отражается стратегический курс реформ, который последовательно проводит Глава государства.

Сегодня Казахстан получил уникальную возможность - модернизационный шанс, закрепленный в Основном законе.

Воспользуемся ли мы этим шансом, зависит уже не от текста Конституции, а от каждого из нас.

Ондаған жылдар бойы еліміздің байлығы жер қойнауындағы қазбалармен өлшенді. Бүгіннен бастап жаңа Конституция ұлттық байлықтың жаңа өлшемін айқындайды: Қазақстанның басты байлығы – Адам.

Баршаңызды Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін еліміздің дамуындағы жаңа кезең басталады.

Көптеген Конституциялар қоғамның қалыптасқан болмысын, қалыптасқан жағдайды құқықтық тұрғыдан бекітеді. Олар негізінен «біз кімбіз?» деген сұраққа жауап береді.

Ал біздің жаңа Конституциямыздың табиғаты өзгеше. Бұл – жаңғыртушы Конституция. Ол бүгінгі жағдайды ғана сипаттамайды, ең алдымен еліміздің даму бағытын айқындап, «біз кімбіз?» деген сұрақпен қатар «біз кім боламыз?» деген сұраққа жауап береді.

Сондықтан бұл – болашақтың Конституциясы.

Жаңа Конституциядағы ең үлкен өзгеріс – оның философиясында. Оның өзегінде адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары, бостандықтары мен мүмкіндіктері тұр.

Кез келген табиғи ресурстың шегі бар: неғұрлым көп өндірсең, соғұрлым азая береді.

Ал білімнің табиғаты мүлде бөлек.

Білімді қаншалықты көп өндіріп, таратып және қолдансақ, ол соншалықты көбейе түседі.

Сондықтан жаңа Конституция алғаш рет табиғи байлыққа емес, адами капиталға – білімге, ғылымға, мәдениетке, технологияға және үздіксіз білім алуға басымдық береді.

Өмірімнің едәуір бөлігін білім беру саласына арнаған адам ретінде бұл таңдаудың мәнін ерекше сезінемін.

Елдің болашағы кен орындарында қалыптаспайды. Ол мектеп сыныбында, университет аудиториясында және ғылыми зертханаларда қалыптасады. Нағыз ұлттық байлық дәл сол жерде дүниеге келеді.

Бұл - Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтің стратегиялық бағдары, жүйелі түрде енгізіп келе жатқан саясаты.

Жаңа Конституциядағы тағы бір маңызды ой – өткенге деген көзқарас. Өткеніміз – біздің тірегіміз, тарихи жадымыз және ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі.

Бірақ өткенмен ғана өмір сүруге болмайды.

Ұлт өткенін құрметтеп қана қоймай, болашағын бірге құра бастағанда ғана кемелденеді. Ортақ болашаққа деген сенім, ортақ құндылықтар және ортақ жауапкершілік – нағыз бірліктің негізі.

Кез келген тарихи сын-қатерге берілетін ең дұрыс жауап – мықты мектептер, заманауи университеттер, дамыған ғылым, инновациялар және әлемнің кез келген елінде бәсекеге қабілетті болатын жастар.

Бүгін Қазақстан Ата Заңда бекітілген тарихи мүмкіндікті иеленді. Мұндай мүмкіндіктер тарихта жиі беріле бермейді.

Енді осы мүмкіндікті пайдалану немесе жіберіп алу – әрқайсымызға байланысты. Ең бастысы – жасампаз еңбек, сапалы білім және нақты іс. Сонда ғана Конституцияда жазылған идеялар күнделікті өмірдің шынайы құндылығына айналады.

Каждый вкладчик ЕНПФ теперь вправе передавать 100% пенсионных накоплений в доверительное управление управляющим компаниям.

Сенат вчера одобрил наши авторские поправки, которые дают каждому гражданину выбор: оставить управление накоплениями у Нацбанка или передать их в доверительное управление специальным организациям.

Что это значит для вас?

Сейчас пенсионные средства в основном находятся под управлением Нацбанка. И хотя он управляет ими неплохо, значительная часть денег инвестируется в государственные ценные бумаги (ГЦБ) и финансирование госпроектов. Это надежно, но не всегда дает ту доходность, которую мог бы принести активный рынок.

Почему эта норма необходима?

Полная свобода выбора. Раньше мы могли передать частным управляющим (УИП) только 50% накоплений. Теперь этот барьер снимается вы сможете доверить профессионалам 100% своего капитала или оставить все как есть. Выбор за каждым гражданином.

Инвестиции на ваш вкус. Появится возможность выбирать стратегии под свой риск-профиль. Вы сами решаете, как распределить портфель. Например: 20% в высокорисковые инструменты, 30% - - в умеренные, 50% -в консервативные (для максимальной защиты). Кстати, абсолютно новый механизм.

Здоровая конкуренция. Частные компании, конкурируя за ваши накопления, будут стремиться показать более высокую доходность. Это прямой стимул для роста эффективности ваших денег.

Кому это выгодно?

В первую очередь- самим гражданам. Если рынок растет, частные стратегии могут принести вам гораздо больше, чем консервативные государственные инструменты. Вы берете ответственность за свое будущее в свои руки, а не просто ждете «среднего показателя по больнице».

При этом за управляющими закрепляются обязательства по обеспечению сохранности номинала вклада. Также сохраняется жесткий контроль со стороны Нацбанка и АРРФР за деятельностью этих финансовых организаций.

Следим за подписанием Закона!

Теперь до 44 лет. Возрастной ценз для статуса «молодой ученый» официально увеличен. Наша поправка принята.

Многие исследователи получают степень PhD к 30-32 годам. А в таких направлениях, как медицина, где требуется длительная подготовка, этот момент наступает еще позже. Получается несправедливая ситуация: к тому времени, когда человек становится доктором PhD, набирается реального опыта и готов запускать серьезные исследования, ему уже исполняется 35 лет.

В итоге в самый продуктивный период своей работы наши ученые остаются за бортом государственных грантов, стипендий и программ поддержки молодежи. Теперь мы исправили эту ситуацию.

Новое понятие в законе: Молодой ученый - это исследователь в возрасте до 44 лет включительно, со стажем научной работы не более 10 лет.

Что конкретно дает это изменение?

Открыт доступ к грантам. В специальных государственных грантовых конкурсах для молодых ученых, где распределяются миллиарды тенге, теперь на равных правах смогут участвовать и 44-летние исследователи (главное условие - стаж научной работы не более 10 лет).

Специальные стипендии. Ученые получают полное право претендовать на государственные стипендии для молодых талантов. Ну и, конечно, открываются другие сопутствующие преимущества.

Наш принцип неизменен: если мы видим проблему, мы решаем ее через конкретные нормы в законе.

Енді 44 жасқа дейін. «Жас ғалым» мәртебесінің жас шектеуі ресми түрде ұзартылды. Біздің түзетуіміз қабылданды.

Бұған дейін қалай еді және неге бұл үлкен проблема болды?

Көптеген зерттеушілер PhD дәрежесін 30-32 жас шамасында алады, ал медицина сияқты ұзақ даярлықты қажет ететін бағыттарда бұл кезең одан да кеш келеді. PhD докторы атанып, нағыз тәжірибе жинап, үлкен зерттеулерді бастаған шағында ғалымдар 35-ке толып үлгеретін. Салдарынан ең өнімді жұмыс істейтін шағында олар жас ғалымдарға арналған мемлекеттік гранттардан, стипендиялардан, тіпті баспана бағдарламаларынан қағылып қалатын.

Осы жасанды шектеудің кесірінен қаншама дарынды маман ғылымнан кетіп қалды. Енді біз бұл әділетсіздікті өзгерттік.

Заңдағы жаңа ұғым: Жас ғалым - жасы 44-ті қоса алғандағы, ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын (бала күтіміне байланысты 3 жылға дейінгі демалыс уақытын есептемегенде) зерттеуші.

Бұл өзгеріс нақты не береді?

Гранттарға жол ашылады. Жас ғалымдарға арналған миллиардтаған теңгенің арнайы мемлекеттік гранттық байқауларына енді 44 жастағы зерттеушілер де тең құқылы қатыса алады (ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын).

Арнайы стипендиялар. Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияларды иеленуге толық құқық беріледі.

Басқа да артықшылықтар.

Жаңа заң ғалымдарымызға жаңа серпін береді. Біз мәселе көтерсек, оны заңдағы нақты нормалар арқылы шешеміз.

Мемлекет басшысы: «Бүгінгі журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек»

Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеу дұрыс емес деп санайды.

– Өйткені бұл өскелең ұрпақты адастырып, олардың дүниетаным құндылықтары мен өмірлік мұратына теріс ықпал етеді. Жастар медиакеңістіктен ысырапшылдық пен мәнсіз ырду-дырдуға толы алдамшы өмірді емес, керісінше, жасампаз еңбектің, адал табыстың, ішкі мәдениеттің нағыз үлгісін көруі керек. Бүгінгі журналистер екі маңызды рөлді қоса атқаруға тиіс: яғни олар шындықты боямасыз көрсететін айна, сонымен қатар ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек.

Қазір біз біртұтас ұлт болып, өркендеген, заманауи, яғни озық мемлекет құрып жатырмыз. Бірақ бұл – төл құндылықтарымызды ұмыту деген ұғым емес. Біз жұртымызға тән игі қасиеттерді жаңғырта түсуіміз керек. Мұны азаматтарымыз, әсіресе, жастарымыз терең түсінуі қажет. Мәдениеті жоғары елдің әлемдегі мәртебесі де, беделі де биік болары айқын. Ал нағыз мәдениет үйде де, түзде де әдеп сақтау, көпшілік ортада өзін дұрыс ұстау, басқа адамдарды құрметтеу, сыйлау сияқты қарапайым қағидалардан басталады.

Қазақ халқы әдептен аттамаған, әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Жақынына жанашыр көзбен қарап, жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу болған. Біздің шынайы болмысымыз – осы. Сондықтан адамның ар-намысына нұқсан келтіретін, қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекетке жол бермеу қажет. Біз озық ел ретінде қоғамда салт-дәстүрімізге негізделген өркениетті этикалық нормаларды орнықтыра түсуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Осы бағыттағы жұмысты күшейту – айрықша маңызы бар міндет.

«Қалам елді түзейді» деген сөз бекер айтылмаған. Осы орайда, біз сіздерге – журналистер қауымына зор үміт артамыз. Ақпарат саласының қызметкерлері қашанда ұлт сапасын жақсартатын құндылықтарды дәріптеу ісіне белсене атсалысуы қажет деп санаймын, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

Сегодня важный день. Сенат одобрил наш авторский закон «О психологической деятельности», закон направлен на подпись Президенту.

Как было до этого?

Человек в глубоком стрессе или кризисе искал помощь. Находил в Инстаграме очередного «специалиста» с красивой картинкой и сомнительным сертификатом. Отдавал последние деньги, а в итоге становилось только хуже. Такие псевдоэксперты ломали судьбы тысяч людей и целых семей. И самое страшное - им за это ничего не было, потому что сфера никак не регулировалась.

Теперь этому пришел конец.

Главные новшества нашего закона

Никаких психологов без диплома. Теперь нельзя просто так назвать себя «психологом», если у тебя нет профильного высшего образования и тебя нет в едином государственном реестре. Любой человек сможет за пару кликов проверить своего специалиста в базе. Нет в реестре - нет права работать.

Конец играм с приставкой «психо». Различным «специалистам» и «тренерам» без диплома официально запрещено использовать в рекламе слова «психолог», «психо-коуч», «психо-консультант» и так далее. Время тех, кто закончил двухнедельные курсы и возомнил себя экспертом, прошло.

Жесткий контроль онлайн-рекламы. Психологи будут обязаны открыто указывать свой номер из реестра и образование прямо в соцсетях. За сказочные обещания вроде «решу любую проблему за 1 день» или «100-процентная гарантия» теперь придется отвечать по закону.

Сложными темами займутся только профи. Депрессия, психологические травмы, тревожные расстройства - это не поле для экспериментов. Оказывать реальную психологическую помощь теперь будут исключительно дипломированные специалисты. «Специалистам» без профессиональной подготовки вход в эти темы закрыт.

Психолог - это не врач. Мы четко разграничили их обязанности. Психологу строго запрещено ставить диагнозы, выписывать таблетки по психическим заболеваниям. Если человеку нужна медицинская помощь, психолог обязан направить его к психиатру.

Тайны под защитой закона. Все, что вы расскажете на сеансе, останется строго между вами. Без вашего письменного согласия никто не имеет права публиковать ваши истории, снимать вас на видео или записывать на диктофон.

Государство четко обозначило: ментальное здоровье людей - это не просто бытовая услуга, а крайне ответственный вопрос.

Главой государства были даны поручения по регулированию этой важной сферы, работа будет продолжена.

Наш принцип неизменен: если мы видим проблему, мы решаем ее через конкретные нормы в законе. Наша главная цель - чтобы каждый казахстанец, оказавшийся в трудной ситуации, получал безопасную, грамотную и профессиональную помощь.

Жалған психологтардың дәурені бітті.

Бүгін біздің «Психологиялық қызмет туралы» авторлық заңымыз Сенаттан сәтті өтіп, Президенттің қол қоюына жіберілді.

Бұған дейін қалай еді? Күйзеліске түскен адам Инстаграмнан әдемі парақшасы мен күмәнді сертификаты бар «маманды» тауып, соңғы ақшасын санап берсе де, жағдайы тек нашарлай түсетін. Мыңдаған адамның, отбасының тағдырын күл-талқан етті. Сала заңмен реттелмегендіктен, олар ешқандай жауапқа тартылмайтын. Енді бұл өзгереді.

Заңның басты бағыттары

Дипломсыз және реестрсіз психолог болмайды. Енді арнайы жоғары білімі (дипломы) жоқ және бірыңғай мемлекеттік реестрге тіркелмеген адамдарға өзін «психолог» деп атауға заңмен тыйым салынады. Кез келген азамат маманның реестрде бар-жоғын оңай тексере алады. Реестрде жоқтардың қызмет көрсетуге құқығы болмайды.

«Психо» атауын жамылып алдауға жол берілмейді. Дипломы жоқ коучтар мен тренерлерге өз жарнамасында «психолог» сөзін, сондай-ақ одан туындайтын кез келген атауларды (мысалы, «психо-коуч», «психо-кеңесші») қолдануға ресми түрде тыйым салынады. 2 апталық курсты бітіргендердің дәурені бітті.

Онлайн-жарнама бақыланады. Психологтар әлеуметтік желіде өздерінің реестрдегі нөмірі мен білімін ашық көрсетуге міндеттеледі. «Проблеманы 1 күнде шешемін» немесе «нәтижеге 100 пайыз кепілдік беремін» деп жалған уәде беріп, халықты алдағандар жауапқа тартылады.

Күрделі тақырыптарға тек кәсіби мамандар жіберіледі. Депрессия, психологиялық жарақаттар (травма), мазасыздық сияқты терең мәселелермен және жалпы психологиялық көмек көрсетумен енді тек кәсіби, дипломы бар мамандар ғана айналысады. Кәсіби дайындығы жоқ коучтар бұл салаға жолай алмайды.

Психолог пен психиатрдың аражігі ажыратылады. Психолог - дәрігер емес. Оған медициналық диагноз қоюға, дәрі-дәрмек жазуға немесе адам санасына әсер ететін психоактивті әдістерді қолдануға қатаң тыйым салынады. Егер пациентте ауыр психикалық ауытқу белгілері болса, психолог оны бірден дәрігер-психиатрға бағыттауға міндетті.

Кәсіби құпия заңмен қорғалады. Сіздің психологқа айтқан құпияңыз, жеке өміріңіз сіздің жазбаша келісіміңізсіз еш жерде жарияланбайды. Сізді рұқсатсыз видеоға немесе аудиоға түсіруге де қатаң тыйым салынады.

Мемлекет адамның psychicалық саулығы - тұрмыстық қызмет емес, өте жауапты іс екенін заңмен бекітті.

Біз мәселе көтерсек, оны заңдағы нақты нормалар арқылы шешеміз. Міндетіміз - көмек іздеген әр отандасымызға қауіпсіз, сауатты әрі кәсіби жүйені ұсыну.

В новом законе приняты наши авторские поправки по созданию медицинских референц-центров- это решительный шаг к сокращению диагностических ошибок и контролю качества.

Ошибочный диагноз- одна из самых больших проблем в медицине. Особенно критично это в онкологии, при редких заболеваниях и в молекулярно-генетических исследованиях, где единственная ошибка может стоить человеческой жизни. Сейчас уровень клиник, подготовка специалистов и качество лабораторий по стране неравномерны, наблюдается разобщенность.

Теперь мы на законодательном уровне ввели институт «Республиканских референц-центров» на базе ведущих организаций, оказывающих высокотехнологичную медицинскую помощь.

Что это даст?

Например, Национальный онкологический центр или другие ведущие институты смогут перепроверять сложные анализы (ИГХ, молекулярно-генетические тесты, патологоанатомические стекла), поступающие из любого региона страны, и подтверждать окончательный, точный диагноз.

Эти центры будут не просто проверять, а контролировать единообразие протоколов лечения и качество лабораторий по всей стране. Это позволит свести к минимуму медицинские ошибки и расширит возможности для точного выявления самых тяжелых заболеваний.

Медицинадағы ең үлкен қасірет - қате қойылған диагноз. Әсіресе онкология, сирек кездесетін аурулар мен молекулярлық-генетикалық зерттеулердегі бір ғана қателік адам өмірін қиюы мүмкін. Қазір еліміздегі клиникалардың деңгейі, мамандардың дайындығы мен зертхана сапасы әртүрлі.

Сондықтан жаңа заңға медицина саласында референц-орталықтар құру, яғни диагноз қателігін азайту мен сапаны бақылау үшін біз арнайы түзетулер ұсынып, олар қабылданды.

Осылайша, біз заң жүзінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін жетекші ұйымдар базасында «Республикалық референц-орталықтар» институтын енгіздік.

Бұл не өзгертеді?

Мысалы, Ұлттық онкология орталығы немесе басқа да жетекші институттар еліміздің кез келген өңірінен келген күрделі талдауларды (ИГХ, молекулярлық-генетикалық тестілерді, патологоанатомиялық шыныларды) қайта тексеріп, соңғы нақты диагнозды бекіте алады.

Олар тек тексеріп қана қоймайды, бүкіл ел бойынша емдеу хаттамаларының бірізді болуын, зертханалардың сапасын қадағалайды.

Бұл медициналық қателіктерді барынша азайтып, ең ауыр аурулардың өзін дәл әрі уақытында анықтауға мүмкіндік береді.