Архив доступен 214 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

В Актау проводится мониторинг соблюдения правил благоустройства

В рамках экологической акции «Таза Қазақстан» по поручению акима города Актау на постоянной основе проводится мониторинг состояния благоустройства на территории микрорайонов.

В настоящее время в ходе мониторинга на территории ряда микрорайонов выявлены четыре строительных объекта, допустивших нарушения требований благоустройства.

По результатам мониторинга представители строительных компаний, допустивших нарушения правил благоустройства, привлечены к административной ответственности по статье 505 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях с наложением штрафа в размере 20 МРП. Также им выданы предписания по приведению территорий строительных объектов в надлежащее санитарное состояние.

— Уважаемые жители города и представители бизнеса! Призываем вас ответственно относиться к чистоте и благоустройству Актау, соблюдать требования санитарного содержания и правила благоустройства, — отметил заместитель руководителя Актауского городского отдела архитектуры и градостроительства Бегалы Хожахметов.

Мониторинг соблюдения правил благоустройства будет проводиться на регулярной основе.

Пресс-служба акимата города Актау

Ақтау қаласында абаттандыру ережелерінің сақталуына мониторинг жүргізілуде

Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағындағы шағын аудандарда тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда мониторинг барысында бірқатар шағын ауданда орналасқан 4 құрылыс нысанының абаттандыру қағидаларын бұзғаны анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты құрылыс компанияларының өкілдеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, оларға құрылыс нысандарының аумағын тазалау, ретке келтіру және тиісті санитарлық талаптарға сай күтіп ұстау міндеттелді.

Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілері! Қала тазалығы мен көркеюіне ортақ жауапкершілікпен қарап, абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарын сақтауға шақырамыз, — деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Бегалы Хожахметов.

Аталған мониторингтік шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

В Актау на детских игровых и спортивных площадках проведена дезинсекция

В целях предотвращения распространения вредителей на детских игровых и спортивных площадках, расположенных на территории города Актау, проведены плановые дезинсекционные работы.

Мероприятия были организованы в городе Актау, жилом массиве «Акжелкен» и селе Умирзак.

— Данные работы выполняет специализированная организация ТОО «Дезинфекция Нур-Ару», имеющая государственную лицензию. Используемые препараты разрешены к применению на территории Республики Казахстан и безопасны для жителей и домашних животных, — сообщил главный специалист Актауского городского отдела жилищно-коммунального хозяйства Асет Баспаев.

Пресс-служба акимата города Актау

Ақтауда балалар ойын және спорт алаңдарында дезинсекция жұмыстары жүргізілді

Ақтау қаласы аумағындағы балалар ойын және спорт алаңдарында зиянкестердің таралуының алдын алу мақсатында жоспарлы дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді.

Аталған шаралар Ақтау қаласында, «Ақжелкен» тұрғын алабында және Өмірзақ ауылында жүзеге асырылды.

— Бұл жұмыстарды мемлекеттік лицензиясы бар мамандандырылған ұйым — «Дезинфекция Нұр-Ару» ЖШС жүргізуде. Қолданылып жатқан препараттар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген әрі тұрғындар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз, — деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

В Актау продолжаются работы по содержанию городских дорог

В соответствии с договором на содержание дорог в Актау на территории города на регулярной основе осуществляется комплекс работ, направленных на улучшение дорожной инфраструктуры и поддержание чистоты.

В частности, на городских дорогах ежедневно выполняются санитарные работы, обеспечивается контроль за чистотой придорожных территорий и общественных пространств. В целях повышения безопасности дорожного движения обновляется дорожная разметка и приводятся в надлежащее состояние дорожные знаки.

Кроме того, регулярно проводится мойка остановок общественного транспорта и осуществляется постоянный контроль за их санитарным состоянием. Для обеспечения комфортных условий движения транспорта выполняется ямочный ремонт.

В летний период для снижения запыленности и поддержания чистоты дорожного покрытия центральные автомобильные дороги регулярно поливаются водой с использованием специализированной техники.

Пресс-служба акимата города Актау

Ақтау қаласының жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласының жолдарын күтіп ұстау шартына сәйкес қала аумағында жол инфрақұрылымын жақсартуға және тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.

Атап айтқанда, қала жолдарында күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, жол жиегі мен қоғамдық аумақтардың тазалығы қадағаланады. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол таңбалары жаңартылып, жол белгілері ретке келтірілуде.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік аялдамалары жуылып, олардың санитарлық жағдайы тұрақты бақылауда ұсталады. Көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін шұңқырлы жол учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жаз мезгілінде шаңды азайту және жолдардың тазалығын сақтау мақсатында орталық автомобиль жолдарына су шашылып, арнайы техникалармен жуу жұмыстары атқарылады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Центру поддержки семьи «Жанұя» — 5 лет

В этом году исполняется 5 лет со дня основания КГУ «Центр поддержки семьи «Жанұя» акимата города Актау. В честь этой знаменательной даты в здании учреждения было организовано праздничное мероприятие.

В рамках праздничного мероприятия прошла ярмарка, организованная женщинами, получившими поддержку центра. Также были награждены пять активных семей, принимавших участие в деятельности учреждения. Для юных гостей подготовили концертную программу с детскими песнями, а аниматоры подарили участникам яркие эмоции и праздничное настроение своими выступлениями.

Стоит отметить, что КГУ «Центр поддержки семьи «Жанұя» акимата города Актау» оказывает всестороннюю помощь людям и семьям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации. Деятельность центра направлена на профилактику бытового насилия, укрепление института семьи, повышение благополучия семей, а также предоставление социальной, юридической и психологической поддержки.

По состоянию на 1 июня 2026 года специалистами центра было оказано 494 услуги, в том числе

146 психологических консультаций

15 юридических консультаций

333 услуги социальной направленности.

Пресс-служба акимата города Актау

«Жанұя» отбасын қолдау орталығына – 5 жыл

Биыл Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының құрылғанына 5 жыл толды. Осы атаулы күнге орай мекеме ғимаратында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында орталықтың қолдауына ие болған әйелдердің қатысуымен жәрмеңке өтіп, орталықтың белсенді 5 отбасы арнайы марапатталды. Сонымен қатар балаларға арналған әндер шырқалып, аниматорлар мерекелік көңіл-күй сыйлап, өз өнерлерін паш етті.

Айта кетейік, Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы КММ-сі өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жүзеге асыру және отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік, заңдық және психологиялық кеңес беріп, қолдау көрсетеді.

Орталық мамандары 2026 жылдың 1 маусымына дейін 494 қызмет көрсетті. Оның ішінде 146 психологиялық, 15 құқықтық сондай-ақ 333 әлеуметтік бағыттағы көмек.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қаланың әр көшесі әсемдікке оранып, көз сүйсіндіреді

Қала көшелерінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Субъектам предпринимательства, работающим в парке «Акбота», повторно направлены уведомления

В связи с проведением комплексного благоустройства парка «Акбота» предпринимателям, осуществляющим деятельность на его территории, предстоит освободить занимаемые участки и прекратить работу на текущих местах размещения.

Всем субъектам предпринимательства, осуществляющим деятельность на территории парка, повторно вручены уведомления о необходимости освобождения занимаемых участков. Специалисты Актауского городского отдела предпринимательства и сельского хозяйства провели с предпринимателями разъяснительную работу, в ходе которой проинформировали о необходимости освободить территорию парка до 10 июня.

Напоминаем, что в случае невыполнения установленных требований будут приняты меры по принудительному освобождению территории в соответствии с действующим законодательством.

Пресс-служба акимата города Актау

Ақтаудағы «Ақбота» саябағындағы кәсіпкерлерге кезекті рет ескерту жасалды

Ақтау қаласындағы «Ақбота» саябағын кешенді абаттандыру жобасын іске асыруға байланысты саябақ аумағында кәсіпкерлік қызмет жүргізіп келген азаматтар алдағы уақытта қазіргі орналасқан орындарында өз жұмыстарын жалғастыра алмайды.

Осыған орай саябақ аумағындағы барлық кәсіпкерлерге арнайы ескерту жадынамалары таратылды. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері нысан аумағындағы кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аумақты 10 маусымға дейін босату қажеттігін хабарлады.

Айта кетейік, белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда заңнама талаптарына сәйкес мәжбүрлі түрде босату шаралары қолға алынатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Состоялась внеочередная тридцать третья сессия Актауского городского маслихата

Сегодня, 5 июня, состоялась внеочередная тридцать третья сессия Актауского городского маслихата. В заседании приняли участие аким города Актау Абилкаир Байпаков, председатель городского маслихата Сембигали Закенов, депутаты маслихата и представители городского акимата.

В ходе сессии были рассмотрены вопросы внесения изменений в решение «Об избрании членов Актауской городской и участковых избирательных комиссий», а также утверждения состава земельной комиссии города Актау.

В ходе заседания аким города Абилкаир Байпаков отметил важную роль депутатского корпуса в реализации инициатив и проектов, направленных на социально-экономическое развитие города.

— Выражаю благодарность депутатскому корпусу за поддержку каждой инициативы, направленной на развитие города. Призываю активно содействовать реализации проектов, осуществляемых местными исполнительными органами, а также проводить широкую разъяснительную работу среди населения об их значимости и эффективности, — отметил аким города.

Пресс-служба акимата города Актау

Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті

Бүгін, 5 маусым күні Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Жиынға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов, мәслихат депутаттары және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

Сессия барысында «Ақтау қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесі, сондай-ақ Ақтау қаласы жер комиссиясының құрамы қаралды.

Отырыста қала әкімі Әбілқайыр Байпақов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруда депутаттық корпустың рөлі ерекше екенін атап өтті.

– Қаланың дамуына бағытталған әрбір бастаманы қолдап келе жатқан депутаттық корпусқа алғысымды білдіремін. Жергілікті атқарушы орган тарапынан қолға алынған жобаларды тұрғындарға кеңінен түсіндіріп, олардың тиімді жүзеге асуына қолдау көрсетуге шақырамын, – деді қала әкімі.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

В Актау продолжается строительство спортивных и детских игровых площадок

В Актау продолжается активное строительство 50 спортивных и 80 детских игровых площадок. На данный момент ведутся работы по ограждению территорий объектов, а также укладке мягкого покрытия с соблюдением требований безопасности.

Реализацию проекта осуществляет ТОО «Болашақ Өзен». Согласно графику, завершение строительных работ запланировано до конца августа.

— Кроме того, подрядная организация, ответственная за работы по благоустройству, осуществляет ежедневное обслуживание детских и спортивных площадок. В случае возникновения каких-либо вопросов, связанных с состоянием площадок, жители могут обратиться в отдел жилищно-коммунального хозяйства города Актау, — сообщил главный специалист отдела ЖКХ города Актау Асет Басбаев.

Пресс-служба акимата города Актау

Ақтауда спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы жалғасуда

Ақтау қаласында 50 спорт алаңы мен 80 балалар ойын алаңының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысандардың аумағы қоршалып, қауіпсіздік талаптарына сай жұмсақ төсеніштерді төсеу жұмыстары атқарылуда.

Аталған жобаны жүзеге асыруға «Болашақ Өзен» ЖШС жауапты. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін толық аяқталады.

– Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекеме ойын және спорт алаңдарын күнделікті күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізеді. Алаңдардың жай-күйіне қатысты қандай да бір мәселе туындаған жағдайда тұрғындар Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне жүгіне алады, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әсет Басбаев.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

В акимате Актау обсудили вопросы благоустройства

Сегодня, 5 июня, под председательством акима города Актау Абилкаира Байпакова состоялось аппаратное совещание, посвящённое вопросам благоустройства территорий после проведения ремонтных работ на инженерных сетях. В заседании приняли участие ответственные представители акимата города и руководители коммунальных предприятий.

Согласно представленной информации, в течение отопительного сезона 2025–2026 годов на внутримикрорайонных инженерных сетях было зафиксировано 493 аварийных случая, все из которых были оперативно устранены. Об этом на совещании сообщил заместитель акима города Актау Ергали Скендиров. Вместе с тем актуальным остаётся вопрос качества и своевременности проведения работ по благоустройству после завершения ремонтных мероприятий.

— Данная ситуация не только создаёт неудобства для жителей, но и негативно влияет на архитектурный облик города. В акимат поступает большое количество обращений и жалоб от населения по данному вопросу. В этой связи просим отраслевые управления и ответственные предприятия принять конкретные и эффективные меры, — отметил Ергали Скендиров.

В ходе совещания также был рассмотрен ход исполнения ранее данных протокольных поручений акима города. По итогам заседания Абилкаир Байпаков дал ответственным лицам конкретные поручения по устранению выявленных недостатков и обеспечению качественного и своевременного выполнения поставленных задач.

Пресс-служба акима города Актау

Ақтау әкімдігінде абаттандыру мәселесі талқыланды

Бүгін, 5 маусым күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен қала аумағындағы инженерлік желілердегі жөндеу жұмыстарынан кейінгі абаттандыру мәселелеріне арналған аппараттық жиын өтті. Басқосуға қала әкімдігінің жауапты өкілдері мен коммуналдық мекемелердің басшылары қатысты.

Мәліметке сәйкес, 2025–2026 жылғы жылыту маусымында шағын ауданішілік инженерлік желілерде 493 ақау тіркеліп, олардың барлығы дер кезінде жойылған. Бұл туралы жиында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Скендиров баяндады. Алайда жөндеу жұмыстарынан кейін жүргізілуі тиіс абаттандыру шараларының сапасы мен мерзімінде орындалуы өзекті мәселе болып отыр.

– Бұл жағдай тұрғындарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, қаланың сәулеттік келбетіне де кері әсерін тигізуде. Қала әкімдігіне тұрғындар тарапынан осы мәселеге қатысты көптеген арыз-шағым түсуде. Сондықтан салалық басқармалар мен жауапты кәсіпорындардан нақты әрі тиімді шаралар қабылдауды сұраймыз, – деді Ерғали Скендиров.

Жиын барысында қала әкімінің бұған дейін берген хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы да қаралды. Өз кезегінде Әбілқайыр Байпақов жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою және жүктелген міндеттерді қысқа мерзімде сапалы орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

В Актау временно будет закрыта автомобильная дорога между 27 и 16 микрорайонами

Отдел строительства города Актау сообщает, что в связи с проведением строительных работ по прокладке центрального канализационного коллектора временно будет закрыт участок автомобильной дороги между 27 и 16 микрорайонами (в районе объездной дороги).

Строительно-монтажные работы будут проводиться 5–6 июня.

Отдел строительства города Актау просит жителей и гостей города с пониманием отнестись к временным неудобствам.

Пресс-служба акимата города Актау

Ақтауда 27 және 16-шағынаудандар аралығындағы автомобиль жолы уақытша жабылады

Ақтау қалалық құрылыс бөлімі орталық кәріз құбырының құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27 және 16-шағынаудандар аралығындағы (айналма жол аумағында) автомобиль жолы уақытша жабылатынын хабарлайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 5-6 маусым күндері жүргізіледі.

Ақтау қалалық құрылыс бөлімі тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі