Алматы халықаралық әуежайы мен Cathay Pacific әуе компаниясы Алматыға рейстерді 2027 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жөніндегі өзара түсіністік және жоспар туралы меморандумға қол қойды
2 маусым күні Астана қаласында Гонконг мемлекетінің арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Ли Ка-чю жетекшілік еткен жоғары деңгейлі делегацияның қатысуымен меморандум өтті. Іс-шараға Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Көсе, Cathay Pacific әуе компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету және коммерциялық бағыт жөніндегі директоры Лавиния Лау, сондай-ақ Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Ешанова қатысты.
Іс-шара барысында Алматы – Гонконг бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосу мәселесі қарастырылып, кездесу қорытындысы бойынша тараптар меморандумға қол қойды. Cathay Pacific әуе компаниясының мәліметіне сәйкес, тікелей рейстерді іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланып отыр. Рейстер аптасына үш рет Airbus A330-300 кеңфюзеляжды әуе кемелерімен орындалады. Жобаны жүзеге асыру әуежайдың халықаралық бағыттар желісін дамытудағы және Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасындағы көлік байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан, Орталық Азия және Азияның жетекші қаржы әрі көлік орталықтарының бірі – Гонконг арасындағы авиациялық, сауда және туристік байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бағыт іскерлік белсенділікті, туризмді, жүк тасымалын және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер сыйлайды.
Алматы халықаралық әуежайы жаңа әуе тасымалдаушыларды тарту және ұшу бағыттарының географиясын кеңейту жұмыстарын жалғастырып, Алматының Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуда.
Международный аэропорт Алматы и авиакомпания Cathay Pacific подписали Меморандум о взаимопонимании и намерении запуска рейсов в Алматы в первом квартале 2027 года
2 июня в городе Астана состоялась встреча с участием высокопоставленной делегации во главе с руководителем Специального административного района Гонконг Джоном Ли Ка-чю. В мероприятии приняли участие президент Международного аэропорта Алматы Гокер Косе, директор по клиентскому обслуживанию и коммерческой деятельности авиакомпании Cathay Pacific Лавиния Лау, а также заместитель руководителя Управления туризма города Алматы Акмарал Ешанова.
В ходе мероприятия был рассмотрен вопрос запуска авиасообщения по маршруту Алматы – Гонконг, по итогам встречи стороны подписали меморандум. По данным авиакомпании Cathay Pacific, запуск прямых рейсов рассматривается на первый квартал 2027 года. Полёты планируется выполнять три раза в неделю на широкофюзеляжных воздушных судах Airbus A330-300. Реализация проекта станет важным шагом в развитии международной маршрутной сети аэропорта и укреплении транспортной сети между Центральной Азией и Азиатско-Тихоокеанским регионом.
Открытие нового направления будет способствовать расширению авиационных, торговых и туристических связей между Казахстаном, Центральной Азией и одним из ведущих финансовых и транспортных центров Азии - Гонконгом. Кроме того, маршрут создаст дополнительные возможности для развития деловой активности, туризма, грузовых перевозок и инвестиционного сотрудничества.
Международный аэропорт Алматы продолжает работу по привлечению новых авиаперевозчиков и расширению географии полетов, укрепляя статус Алматы как крупнейшего авиационного хаба Центральной Азии.