Астанада 60-тан астам адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты.
Ол таныстары арқылы ипотека рәсімдеп, пәтер алып беруге және декреттік төлем көлемін арттыруға көмектесетінін айтып, азаматтардың сеніміне кірген. Осылайша адамдардан ақша алып, несие рәсімдетіп, тіпті кепілдегі мүліктері арқылы да қаражат иеленген.
Прокуратураның мәліметінше, келтірілген жалпы материалдық шығын 500 миллион теңгеден асты. Сот әйелді 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырып, жәбірленушілердің материалдық шығынын өндіру туралы талаптарын толық қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енді.