Архив доступен 235 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Сегодня в режиме видеоконференцсвязи состоялось заседание Республиканского совета по вопросам аграрного сектора при партии AMANAT. В ходе заседания были рассмотрены вопросы цифровизации агропромышленного комплекса, а также внедрения цифровых решений в сфере земельных отношений.

Участники обсудили актуальные задачи отрасли, перспективы развития цифровых сервисов и механизмы повышения эффективности государственного управления в аграрном секторе.

Астана қаласында «AMANAT» партиясы мен «Daryn Ustaz» орталығының ұйымдастыруымен республикалық «EduAI: Педагогикалық хакатон» өтті. Іс-шараға Қарағанды облысынан 21 педагог қатысты.

Хакатон барысында педагогтердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамыту, цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өз жобаларын таныстырды.

Сондай-ақ «Ustazga AI» жобасы аясында 400 мыңға жуық мұғалімнің цифрлық дағдыларды меңгергені атап өтілді.

Хакатон қорытындысында үздік 20 қатысушы Оңтүстік Кореядағы халықаралық тәжірибе бағдарламасына жолдама алады.

Ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, жетістіктері арта берсін!

Достар!

Баршаңызды 5 маусым – Эколог күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экология дегеніміз – Жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарайтын саналы өмір салты.

Осы күні елімізде қоршаған ортаны қорғау ісіне баса назар аударылып, азаматтар арасында экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Оның ең негізгі қозғаушы күші – ел Президентінің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы. Бұл бастама аясында «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізуде. Отандастарымыз ортақ мақсат төңірегінде топтасып, игі іске жұмылуда.

Еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту ісіне өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандардың ерен еңбегі елене берсін!

Қарағанды облыстық партия филиалында облыстық филиал төрағасы Б.К. Алтынбековтың азаматтарды қабылдауы өтті. Қабылдауға халықты әлеуметтік қорғау саласының өкілі де қатысты.

Тұрғындар мүгедектікті рәсімдеу, жұмысқа орналасу, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған гранттар, жұмыссыз ретінде тіркелу және оқыту, зейнетақыны қайта есептеу, пандус орнату, жеке көмекші және инватакси қызметін алу, тұрғын үй субсидияларын рәсімдеу мәселелері бойынша жүгінді.

Барлық көтерілген мәселелер бойынша оң шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті жолдамалар берілді.

Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады», деген еді. Расымен де, Көк байрақ, Әнұран, Елтаңба – еңселі егемендігіміздің ең қастерлі үштағаны. Олар барда мемлекетіміздің беделі – биік, мерейі – үстем.

Елдігімізді айшықтаған, халқымызды ұйыстырған айбарлы азаттығымыздың асқақ нышандары төрден төмендемесін!

В поселке Актас Карагандинской области открылся новый физкультурно-оздоровительный комплекс

Ақтас кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңес пен «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында бірлескен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, аудан әкімдіктерінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және жоба қатысушылары қатысты.

Карагандинская область демонстрирует уверенный рост по всем ключевым направлениям благодаря реализации Дорожной карты предвыборной программы партии AMANAT «Вместе с народом!».

За последние три года

ВРП региона вырос на 27% и превысил 6,4 трлн тенге

реализовано 13 крупных инвестиционных проектов, создано более 4 тысяч рабочих мест

открыто 13 новых школ и 92 объекта здравоохранения

поддержку получили более 5,7 тысячи предпринимателей

в рамках программы «Ауыл аманаты» создано свыше 3 тысяч сельских бизнес-проектов

построены спортивные и культурные объекты, расширены меры социальной поддержки населения.

Последовательная реализация инициатив партии AMANAT способствует развитию экономики, повышению качества жизни жителей и созданию новых возможностей для каждого жителя Карагандинской области.

«Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы нәтижесінде Қарағанды облысы барлық негізгі бағыттар бойынша тұрақты даму мен оң өсім көрсетуде.

Соңғы үш жылда

өңірлік жалпы өнім көлемі 27%-ға өсіп, 6,4 трлн теңгеден асты

13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

13 жаңа мектеп пен 92 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді

5,7 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам жаңа ауылдық кәсіпкерлік субъектісі құрылды

спорттық, мәдени және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды.

«AMANAT» партиясының бастамалары өңір экономикасының нығаюына, халықтың өмір сүру сапасының артуына және әрбір тұрғын үшін жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына ықпал етуде.

Жиын басталар алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін және «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылған табысты бастамаларын таныстырды.

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды.

Iс-шара барысында бірқатар ауыл шаруашылығы өкілдері мен жоба қатысушыларына «AMANAT» партиясының мүшелік билеттері табысталып, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін белсенді азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңес пен «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында бірлескен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, аудан әкімдіктерінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және жоба қатысушылары қатысты.

Дөңгелек үстел басталар алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған ең тиімді қолдау құралдарының бірі екенін атап өтті.

На площадке IT-Hub «Terricon Valley» г.Караганды в рамках проекта «Цифрлық қоғам» партии AMANAT состоялось мероприятие «Неконференция», объединившее ведущих специалистов, представителей IT-сообщества, бизнеса и digital-сферы Казахстана и стран СНГ.

В ходе мероприятия участники обсудили актуальные вопросы развития искусственного интеллекта, аналитики данных, цифровизации бизнеса, современные digital-подходы, а также перспективы развития IT-индустрии.

В числе участников мероприятия

— Упабеков А.Е. амбассадор проекта «Цифрлық қоғам» по Карагандинской области, депутат городского маслихата

— Дуйсембаева С.Ж. куратор по цифровизации Женского крыла городского филиала партии «AMANAT», депутат городского маслихата.

«Неконференция» стала эффективной площадкой для обмена опытом, обсуждения актуальных цифровых решений и укрепления профессиональных связей.

Бүгін Қарағанды облысының Ақтас кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Заманауи спорт нысаны AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында салынды.

Кешен құрылысы 2023 жылы басталған болатын.

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені бір мезетте 150-ден астам адамды қабылдай алады. Кешенде футзал және басқа да командалық спорт түрлеріне арналған әмбебап ойын залы, жекпе-жек залы, тренажер залы, сондай-ақ киім ауыстыру және қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, AMANAT партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, спорт қауымдастығының өкілдері, кент тұрғындары мен жастар қатысты.

@akimat09

Достар!

Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет.

Бала – шаңырақтың шаттығы ғана емес, мемлекеттің болашағы. Рухты, отаншыл балақайларымыз түрлі салада биік белестерді бағындырып, елімізді әлем жұртшылығына танытып келеді. Олардың дара қабілеті мен тың идеялары төрткүл дүние жүзін таңқалдыруда.

Әрдайым балдырғандарымыздың арманы асқақ, ойы ұшқыр және болашағы баянды болғай.

Өскелең ұрпақ бейбіт аспан астында алаңсыз ғұмыр кеше берсін!

Достар!

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдың бірінші жартысында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған адамдардың рухына тағзым етеміз.

Зобалаң жылдары миллиондаған отандасымыз репрессия мен алапат ашаршылықтан жазықсыз жапа шекті. Соның салдарынан қаракөздеріміз дүние жүзіне тарыдай шашылды. Солақай саясаттың зардабын тартқан азаматтардың қайғы-қасіреті ұлт жадынан мәңгі өшпейді.

Нәубет жылдар қайталанбасын. Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!

«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалында партияның облыстық филиалының төрағасы Б.Қ. Алтынбеков азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында облыс тұрғыны жеке мәселесі бойынша өтініш білдірді. Өтініш бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді.

В Карагандинском областном филиале партии «AMANAT» состоялся прием граждан председателем Карагандинского областного филиала партии Б.К. Алтынбековым.

В ходе приема житель области обратился по вопросу личного характера. По обращению были даны соответствующие разъяснения и консультация.

Құрметті достар!

1 маусым күні сағат 13:00–17:00 аралығында Орталық саябақта экологиялық акция өтеді!

Өзіңізбен бірге пластик бөтелкелер алып келіңіз

5 бөтелке = 1 балмұздақ

Табиғатты таза ұстауға бірге үлес қосайық!

Сізді және достарыңызды күтеміз

Экоакция

Партия AMANAT поддерживает инициативы молодежи.