Архив доступен 333 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар өкілдері үшін Жетісу облысы, Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды өңірдің тарихымен, мәдениетімен және рухани мұрасымен таныстыру, сондай-ақ тарихи жадыға құрмет пен Қазақстанның мәдени әралуандығына деген сыйластықты қалыптастыру.

Экскурсия барысында қатысушылар музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысып, Қаратал өңірінің тарихи даму кезеңдері, мәдени дәстүрлері мен белгілі тұлғалары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұраны сақтау және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыруға және ортақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Сотрудники РГУ «Қоғамдық келісім» Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации Республики Казахстан организовали для представителей этнокультурных объединений и общественных структур познавательную экскурсию в Каратальский районный историко-краеведческий музей области Жетісу.

Цель мероприятия – ознакомление участников с историей, культурой и духовным наследием региона, а также воспитание уважительного отношения к исторической памяти и культурному многообразию Казахстана.

В ходе экскурсии участники познакомились с уникальными экспонатами музейного фонда, получили информацию об основных этапах исторического развития Каратальского района, его культурных традициях и выдающихся личностях. Особое внимание было уделено вопросам сохранения культурного наследия, популяризации национальных ценностей и укрепления общественного согласия.

Подобные мероприятия способствуют укреплению межэтнического согласия, повышению интереса граждан к истории родного края и продвижению общих духовно-нравственных ценностей общества.

В рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» и в честь Всемирного дня окружающей среды сотрудники РГУ «Қоғамдық келісім» Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации Республики Казахстан приняли участие в субботнике на территории зелёного пояса и придорожной полосы города Астаны.

В ходе мероприятия была проведена уборка территории от мусора, а также выполнены работы по поддержанию чистоты и улучшению экологического состояния окружающей среды.

Подобные инициативы объединяют людей вокруг общих ценностей бережного отношения к природе, способствуют сохранению чистоты окружающей среды и делают городское пространство более комфортным и благоустроенным.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері Астана қаласының жасыл белдеуі мен жол жиегі аумағында өткен сенбілікке қатысты.

Іс-шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тазалықты сақтау және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілді.

Осындай бастамалар адамдарды табиғатқа ұқыпты қарау сияқты ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етеді әрі қалалық кеңістіктің жайлы әрі көрікті болуына септігін тигізеді.

Сегодня сотрудники РГУ «Қоғамдық келісім» Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации Республики Казахстан провели встречу в формате интерактивной дискуссии с коллективом КГУ «Қоғамдық келісім» области Жетісу.

В ходе встречи были обсуждены вопросы информационно-разъяснительной работы по политическим реформам, инициированным Главой государства Касым-Жомартом Токаевым, а также информационного сопровождения Конституционного закона «О Қазақстан Халық Кеңесі». Участники отметили, что новый закон направлен на укрепление взаимодействия между государством и обществом, учет общественного мнения и расширение участия граждан в процессах принятия государственных решений.

Также состоялся обмен мнениями по вопросам укрепления общественного согласия и межэтнического единства, совершенствования информационно-разъяснительной работы на региональном уровне и реализации совместных проектов.

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері Жетісу облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымымен интерактивті пікірталас форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформаларды түсіндіру жұмыстары және Президент қол қойған «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелерін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар жаңа заңның мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға, қоғамдық пікірді ескеруге және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, өңірлік деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

В Талдыкоргане стартовал семинар-тренинг для представителей этнокультурных объединений организованный РГУ «Қоғамдық келісім» КРМО МКИ РК на тему: «Организация и оценка проектов межэтнической сфере в рамках государственной политики по интеграции этносов».

С приветственным словом выступили заместитель директора РГУ «Қоғамдық келісім» Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации РК Руфина Касымовна Усанова и исполняющий обязанности директора КГУ «Қоғамдық келісім» области Жетысу Айдос Назкенулы Игенбай.

Главная цель мероприятия — повышение роли этнокультурных объединений в укреплении национального единства и гармонизации межэтнических отношений посредством государственных программ и реализации инициатив, имеющих общественную ценность.

В рамках программы Дильназ Анварбеккызы, главный менеджер департамента управления проектами НАО «Центр поддержки гражданских инициатив», проведет лекцию о практических механизмах реализации социальных проектов.

По окончании обучающего курса всем участникам будут вручены соответствующие сертификаты.

Талдықорған қаласында ҚР МАМ ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған «Этностарды интеграциялау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды ұйымдастыру және бағалау» тақырыбындағы семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Руфина Касымовна Усанова және Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Айдос Назкенұлы Игенбай ашып берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — этномәдени бірлестіктердің ұлттық бірлікті нығайтудағы және этносаралық қатынастарды үйлестірудегі рөлін күшейту; мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру арқылы олардың әлеуетін арттыру.

Бағдарлама аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жобаларды басқару департаментінің бас менеджері Дильназ Анварбекқызы әлеуметтік бастамаларды іске асырудың практикалық тетіктері бойынша дәріс өткізеді.

Оқу курсының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

5 наурыз - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Текст материала отсутствует.

4 июня 2026 года молодежь Кордайского района Жамбылской области посетила с познавательной экскурсией Музей Первого Президента в городе Астане.

Мероприятие было организовано в рамках проекта «Ұлы мекен» в соответствии с планом проведения экскурсий по историко-культурным объектам и культурно-просветительских мероприятий, а также посвящено Дню государственных символов Республики Казахстан.

В ходе экскурсии молодые представители дунганского этноса проявили особый интерес к истории независимости Казахстана, становлению государственности и общественно-политическому развитию страны. Участники внимательно ознакомились с музейными экспозициями, отражающими важнейшие этапы развития государства, активно задавали вопросы экскурсоводам и принимали участие в обсуждении представленных материалов.

Мероприятие позволило молодежи расширить знания об истории страны, познакомиться с историко-культурным наследием Казахстана, а также глубже осознать значение национальных ценностей, государственных символов, ответственности перед обществом и страной, патриотизма.

Подобные культурно-просветительские мероприятия способствуют укреплению общественного согласия, единства народа Казахстана и взаимопонимания среди молодежи, а также формированию культуры уважительного отношения к государственным символам Республики Казахстан.

Экскурсия оставила у участников яркие впечатления и стала одним из значимых мероприятий, направленных на укрепление духовно-нравственных ценностей, патриотическое воспитание молодежи и популяризацию историко-культурного наследия страны.

2026 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданының жастары Астана қаласындағы Бірінші Президент музейіне танымдық экскурсия жасады.

Іс-шара тарихи-мәдени нысандарға экскурсиялар мен мәдени-ағартушылық шараларды өткізу жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ұлы мекен» жобасы аясында ұйымдастырылып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне ойластырылды.

Экскурсия барысында дүнген этносының жастары Қазақстанның тәуелсіздік тарихына, мемлекеттіліктің қалыптасуына және елдің қоғамдық-саяси дамуына ерекше қызығушылық танытты. Қатысушылар мемлекеттің дамуындағы маңызды кезеңдерді бейнелейтін музей экспозицияларымен мұқият танысып, экскурсия жетекшілеріне белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсынылған материалдарды талқылауға қатысты.

Іс-шара барысында жастар еліміздің тарихы туралы білімдерін кеңейтіп, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен танысуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар ұлттық құндылықтардың, мемлекеттік рәміздердің маңызын, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті және патриотизмнің мәнін тереңірек түсінуге ықпал етті.

Осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралар қоғамдық келісімді, Қазақстан халқының бірлігі мен жастар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Экскурсия қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге және еліміздің тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Текст материала отсутствует.

Өзіңді сынап көр!

РәміздерРухы

КонституцияныңКүші

РәмізгеҚұрмет

Жетісуоблысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі мен «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында футбол турнирі өтті.

Турнирге күрд, әзербайжан, қырғыз, дүнген, ұйғыр және қарақалпақ этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысып, өзара достық пен ынтымақтастық рухында бақ сынасты.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді дәріптеу, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталған маңызды мәдени-спорттық бастама ретінде жоғары деңгейде өтті.

Жарыс барысында өздерінің шеберліктерін, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін танытқан барлық қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз.

4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

(Шымкент қ.)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Меркі ауданы әкімдігінің алдында Ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шара Әнұран орындаумен басталып, көк Ту салтанатты түрде көтерілді.

Мерекелік рәсімге Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әскери бөлімдердің сарбаздары, орталық аурухана ұжымы, Аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер ұйымдарының төрағалары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиын барысында мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышандары екені атап өтіліп, олардың ұлт бірлігі мен отансүйгіштік рухты қалыптастырудағы маңызы ерекше екендігі айтылды.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тарихын, рухани құндылықтарын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті рәміздер. Оларды қастерлеу және мәртебесін биік ұстау – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы.

«Get Ready with us» айдарының кезекті шығарылымы (ШҚО)

Татар этносының мәдениетіне саяхат жасап, олардың ұлттық киімінің ерекшеліктері таныстырылатын болады.

Татар халқының ұлттық киімі – бай тарихтың, салт-дәстүр мен мәдени құндылықтардың жарқын көрінісі. Киімнің әрбір элементі нәзік талғаммен безендірілген, ал ою-өрнектері мен сәндік бөлшектері терең мағынаға ие болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Дәстүрлі бас киімдер, әшекей бұйымдар мен ұлттық өрнектер татар мәдениетінің өзіндік болмысын айқындай түседі. Бүгінде ұлттық киім ата-баба мұрасына, тарихы мен тамырына деген құрметтің маңызды белгісі болып қала береді.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Павлодар қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік Туды көтерудің салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық құрылымдардың өкілдері және «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері қатысты.

Рәсімге қатысушылар еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіп, олардың азаматтық бірегейлікті, бірлікті және тәуелсіз Қазақстанның тарихына деген құрметті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

4 июня, в День государственных символов Республики Казахстан на площади Государственных символов в Павлодаре состоялась торжественная церемония поднятия Государственного флага.

В мероприятии приняли участие председатели этнокультурных объединений, представители общественных структур и члены РОО «Ассамблея жастары».

Участники церемонии почтили государственные символы страны и отметили их важную роль в укреплении гражданской идентичности, единства и уважения к истории независимого Казахстана.

Қарағанды облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған облыстық патриоттық форумға қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттау, оларға деген құрмет сезімін арттыру және қазақстандық патриотизм құндылықтарын дәріптеу.

Форум барысында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын, мәдени әралуандығы мен рухани тұтастығын айшықтайтын концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Патриоттық форум ел азаматтарының мемлекеттік рәміздерге деген құрметін нығайтып, түрлі этнос өкілдерінің ортақ Отанға деген сүйіспеншілігі мен берік бірлігін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Атырау қ. Ту тұғыры алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Шараның ашылуында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірлігінің басты нышандары екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, қатысушылар мемлекеттік рәміздерге тағзым етті. Мерекелік бағдарлама патриоттық әндермен және шығармашылық қойылымдармен жалғасып, елдік құндылықтарды насихаттауға арналды.