Архив доступен 3 121 сообщений С 2020 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

ТЖМ басшысы Душанбеде өткен климаттық қауіпсіздік халықаралық форумына қатысты

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Душанбеде өтіп жатқан «Су және климаттық тәуекелдер: ғылым, мониторинг және басқару» халықаралық форумында қазақстандық делегацияны басқарды. Төтенше ведомстволардың басшылары, халықаралық ұйымдар өкілдері мен ғылыми қауымдастық мүшелері осы алаңда климаттық қауіпсіздік пен дүлей зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту мәселелерін талқылау үшін бас қосты.

Форумға 10 халықаралық ұйымның өкілдері мен 7 елдің делегациялары қатысуда. Олардың қатарында Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан төтенше ведомстволарының басшылары бар. Қазақстанның ТЖМ делегациясы ерте ескерту жүйелерін дамыту, табиғи қауіп-қатерлерге мониторинг жүргізу және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мәселелерін талқылауға қатысуда. Қатысушылар халықты қорғау, таулы аумақтардың қауіпсіздігі және өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударуда.

Форум «2018–2028 жылдарға арналған Су тұрақты даму үшін» іс-қимылдарың халықаралық онжылдығының жоғары деңгейдегі төртінші халықаралық конференциясы аясында өтіп, Сарез көлінің 115 жылдығына арналды. Қатысушылар климаттық сын-қатерлерге ден қоюдың заманауи тәсілдерін, мониторингтің жаңа технологияларын енгізу және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу мәселелерін қарастыруда.

Форум қорытындысы табиғи қауіп-қатерлердің алдын алу және климаттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға негіз болады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Глава МЧС принял участие в международном форуме по климатической безопасности в Душанбе

Министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан генерал-лейтенант Чингис Аринов возглавил казахстанскую делегацию на международном форуме «Водные и климатические риски: наука, мониторинг и управление», который проходит в Душанбе. Площадка объединила руководителей чрезвычайных ведомств, представителей международных организаций и научного сообщества для обсуждения вопросов климатической безопасности и снижения рисков стихийных бедствий.

В форуме принимают участие представители 10 международных организаций и делегации из 7 стран, включая руководителей чрезвычайных ведомств Таджикистана, Узбекистана и Кыргызстана. Делегация МЧС Казахстана участвует в обсуждении развития систем раннего предупреждения, мониторинга природных угроз и повышения готовности к чрезвычайным ситуациям. Особое внимание участники уделяют вопросам защиты населения, безопасности горных территорий и развитию регионального взаимодействия.

Форум проходит в рамках Четвертой Международной конференции высокого уровня по Международному десятилетию действий «Вода для устойчивого развития 2018–2028» и посвящен 115-летию Сарезского озера. Участники рассматривают современные подходы к реагированию на климатические вызовы, внедрение новых технологий мониторинга и обмен международным опытом в сфере предупреждения чрезвычайных ситуаций.

Итоги форума станут основой для дальнейшего укрепления международного сотрудничества в сфере предупреждения природных угроз и климатической безопасности.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

АҚПАРАТ

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында: 26 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтілетіні туралы хабарлайды.

Департамент по чрезвычайным ситуациям города Астаны сообщает, что по данным РГП «Казгидромет» в г.Астана: 26 мая днем ожидаются кратковременный дождь, гроза.

Уважаемые жители и гости столицы

25 мая 2026 года в 15:00 ч. в Бизнес центре ««Emerald Tower», расположенного по улице Д.Кунаева 10 будут проведены пожарно-тактические учения по тушению условного пожара и эвакуации людей из здания.

В ходе отработки учений будет применена различная пожарная техника, в том числе пожарные автолестницы и подъемники. Всего в учениях будут задействованы 7 единиц техники и 32 человека личного состава Департамента по ЧС г.Астаны.

В связи с этим Департамент по ЧС просит жителей и гостей города с пониманием отнестись к данным учениям, не поддаваться панике и не распространять недостоверную информацию.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылғы 25 мамырда сағат 15.00-де Д. Қонаев көшесі 10 мекенжайында орналасқан «Emerald Tower» бизнес орталығының ғимаратында өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізілетін болады.

Оқу жаттығу кезінде Астана қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 32 адам және 7 бірлік өрт сөндіру техникалары, оның ішінде өрт автосатысы мен көтергіштері қолданылатын болады.

Осыған байланысты, Астана қаласының ТЖ Департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан аталмыш оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды сұрайды.

Астанада балалар ауруханасындағы өрт жедел сөндірілді

Астана қаласы Сарайшык ауданында, Кошкарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шықты.

Хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемеге орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

В Астане оперативно ликвидировали возгорание в детской больнице

В районе Сарайшык города Астаны по улице Кошкарбаева в здании детской больницы произошло возгорание электрощитовой в подвальном помещении.

В течение 2 минут после поступления сообщения первые пожарные подразделения прибыли на место и незамедлительно приступили к тушению пожара. В целях безопасности персонал и пациенты были эвакуированы и временно размещены в других расположенных поблизости медицинских учреждениях. Был создан штаб пожаротушения и организован пункт обогрева.

Слаженными действиями спасателей пожар был полностью ликвидирован на площади 10 кв. м. Пострадавших нет, причина устанавливается.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Астанада тұрғын үй кешеніндегі балконның жануы жедел сөндірілді

Нұра ауданында Сығанақ көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің балконы өртенді.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оттың пәтер ішіне таралуына жол бермей, өртті тез арада сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

В Астане сотрудники МЧС оперативно потушили возгорание балкона в жилом комплексе

В районе Нура по улице Сыганак на пятом этаже многоэтажного жилого дома загорелся балкон квартиры.

Оперативно прибывшие спасатели, не допустив распространения огня в квартиру, быстро ликвидировали пожар.

Пострадавших нет. Причина происшествия устанавливается.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

АҚПАРАТ

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында: 25 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтілетіні туралы хабарлайды.

Департамент по чрезвычайным ситуациям города Астаны сообщает, что по данным РГП «Казгидромет» в г.Астана: 25 мая днем ожидаются кратковременный дождь, гроза.

Астана қаласының халықаралық әуежайында шартты авиациялық оқиғаның салдарын жою бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізілді.

Астана қаласы ТЖД-ның жеке құрамы алға қойылған міндеттерді орындау барысында жоғары дайындық деңгейін, жеделдік пен іс-қимылдардың үйлесімділігін көрсетті.

Оқу-жаттығудың барлық кезеңдері сәтті пысықталып, қызметтердің өзара іс-қимылы тиісті деңгейде ұйымдастырылды.

@112astana

В международном аэропорту г. Астана проведено межведомственное учение по ликвидации последствий условного авиационного происшествия.

Личный состав ДЧС г. Астаны продемонстрировал высокий уровень подготовки, оперативность и слаженность действий при выполнении поставленных задач.

Все этапы учения отработаны успешно, взаимодействие служб организовано на должном уровне.

АҚПАРАТ

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында: 24 мамырда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтілетіні туралы хабарлайды.

Департамент по чрезвычайным ситуациям города Астаны сообщает, что по данным РГП «Казгидромет»в г.Астана: 24 мая ночью ожидаются дождь, гроза, днем небольшой дождь, гроза. Ветер северо-западный с переходом на северо-восточный ночью порывы 15-18 м/с.

ТЖМ қызметкерлері 15 адамды эвакуациялады

Астанада Байқоңыр ауданындағы С. Жүнісов көшесінде орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатындағы бөлмеде тұрмыстық заттар өртенді.

ТЖМ күштерімен ғимараттан 15 адам эвакуацияланды. Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Сотрудники МЧС эвакуировали 15 человек

В Астане, в районе Байконыр по улице С. Жунисова, в двухэтажном административном здании произошло возгорание домашних вещей в помещении на втором этаже

Силами МЧС из здания были эвакуированы 15 человек. Пожар оперативно ликвидирован. Пострадавших нет.

МЧС напоминает о необходимости соблюдения правил пожарной безопасности.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

АҚПАРАТ

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында: 23 мамырда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтілетіні туралы хабарлайды.

Департамент по чрезвычайным ситуациям города Астаны сообщает, что по данным РГП «Казгидромет» в г.Астана: 23 мая ночью на поверхности почвы ожидаются заморозки 1 градуса.

Астанада «Жас құтқарушы» қалалық слеті өтті

Елордалық ТЖД ұйымдастыруымен қала мектептерінің «Жас құтқарушы» жасақтары арасында қалалық слет өтті.

Іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру және құтқарушы мамандығын насихаттау.

Слет барысында қатысушылар Александров арқанымен жұмыс істеу, алғашқы медициналық көмек көрсету, табиғи ортада іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ шартты төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету бойынша өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша

1-орын — №65 мектеп-гимназия

2-орын — №28 мектеп-лицей

3-орын — №59 мектеп-гимназия иеленді.

№65 мектеп-гимназиясының «Жас құтқарушылар» командасы Көкшетау қаласында өтетін «Жас құтқарушылар» республикалық слетінде елорда намысын қорғайтын болады.

Терек мамығы - аса қауіпті!

Соңғы аптада Астанада терек мамығының жануының 45-тен аса фактісі тіркелген.

Терек мамығы бір сәтте жанып, өрттің үлкен аумаққа таралуына себеп болуы мүмкін.

Әсіресе балалардың мамықты әдейі өртеуі, темекі тұқылын тастау ауыр салдарға әкеледі.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз

терек мамығын өртемеу

темекі тұқылын жерге тастамау

аулалар мен құрғақ шөп маңында от жақпау

балаларға өрттің қауіптілігін түсіндіру.

Қауіптің алдын алу — әркімнің жауапкершілігі!

Тополиный пух - серьезная опасность!

За последнюю неделю в Астане зарегистрировано более 45 фактов возгорания тополиного пуха.

Тополиный пух вспыхивает за считанные секунды и может стать причиной быстрого распространения огня на большие территории. Особенно опасны поджоги пуха детьми и брошенные окурки.

Соблюдайте правила пожарной безопасности

не поджигайте тополиный пух

не бросайте окурки на землю

⁠ не разводите огонь во дворах и рядом с сухой травой

⁠объясняйте детям опасность игр с огнем.

АҚПАРАТ

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында: 22 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтілетіні туралы хабарлайды.

Департамент по чрезвычайным ситуациям города Астаны сообщает, что по данным РГП «Казгидромет» в г.Астана: 22 мая ночью на поверхности почвы ожидаются заморозки 2 градуса.

Терек мамығы елордада өрт қаупін тудырды...

Бір сағат бұрын елордалық ТЖД кезекшінің пультіне Алматы ауданында түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Қадырғали Жалайыри көшесінде терек мамығы жанып, қоғамдық тамақтану орындарының бірінің ғимаратының сыртқы қаптамасының астындағы жылуоқшаулағыш материалдың бықсуына әкелген.

Қасбеттің тығыз құрылымының арқасында өрт өздігінен сөніп, таралып үлгермеген. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына келген Астана қаласы ТЖД өрт сөндірушілері қайта тұтану қаупін толық болдырмау үшін құрылымдарға мұқият су шашу жұмыстарын жүргізді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

И снова тополинный пух...

Час назад на пульт дежурного столичного ДЧС поступило сообщение о задымлении в районе Алматы. По улице Кадыргали Жалайыри произошло возгорание тополинного пуха, которое привело к тлению утеплителя под наружной обшивкой здания одного из пунктов общественного питания.

По причине плотной конструкции фасада огонь самозатух, не успев распространиться. Пострадавших нет.

Прибывшие на место огнеборцы ДЧС г. Астана провели тщательную контрольную проливку конструкции, чтобы полностью исключить риск повторного загорания.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

АҚПАРАТ

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында: 21 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтілетіні туралы хабарлайды.

Департамент по чрезвычайным ситуациям города Астаны сообщает, что по данным РГП «Казгидромет» в г.Астана: 21 мая ожидаются временами дождь, гроза, град, шквал. Ветер северо-восточный, порывы 15-20 м/с.

ТЖМ терек мамығының қауіптілігі туралы еске салды

Жаздың басталуымен аулаларда, тротуарларда және ғимараттардың жанында жиналатын терек мамығынан өрт қаупі күрт артады. Ол тез тұтанғыш, тіпті кездейсоқ лақтырған сіріңке немесе темекі тұқылдары өртке әкелуі мүмкін.

Мамықты өртеу ерекше қауіп төндіреді, оны балалар ойын ретінде қабылдайды. Көбінесе өрт тез таралып, машиналарға, ғимараттарға және тұрғын үйлерге ауысады.

Қауіпсіздік шаралары

біреудің мамықты өртеп жатқанын көрсеңіз, назардан тыс қалдырмаңыз

балаларға «отпен ойнау» қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз

жиналған мамықты жинаңыз. Су төгіңіз, өртемеңіз!

құрғақ жерлер мен мамықтың жанында темекі шекпеңіз, от жақпаңыз

Бей-жай қарамаңыз, терек мамығы бірнеше секунд ішінде өртке ұласып, оның зияны орасан зор болуы мүмкін.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

МЧС напоминает об опасности тополиного пуха

С началом лета резко возрастает риск возникновения пожаров из-за тополиного пуха, который скапливается во дворах, на тротуарах и у зданий. Он легко воспламеняется, и даже случайно брошенная спичка или окурок могут привести к серьезному возгоранию.

Особую опасность представляют поджоги пуха, которые дети воспринимают как развлечение. Нередко огонь распространяется по пуху с большой скоростью и переходит на машины, постройки и жилые дома.

Меры безопасности

не проходите мимо, если видите, как кто-то поджигает пух

объясните детям, что «игра с огнём» может закончиться бедой

убирайте скопления пуха, смачивайте водой, не сжигайте!

не курите и не разводите открытый огонь рядом с сухими участками и пухом.

Не будьте равнодушны, тополиный пух может вспыхнуть за секунды, а ущерб от него может быть огромным.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға

балаларды қараусыз қалдырмауға

москиттік торларды қорғаныс құралы ретінде пайдаланбауға

терезелерге арнайы қорғаныш құрылғыларын міндетті түрде орнатуға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі - баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Қайғылы жағдайлардың алдын алу - әр отбасының басты міндеті.

Астанада өрт кезінде 36 адам эвакуацияланды

Бүгін Астананың Алматы ауданында Манас көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үй кешенінің 4-қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаз өртенді.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына бірден кірісті.

Құтқару жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 6 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Сонымен қатар ғимараттан 30 адам эвакуацияланды. Өрт 25 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

В Астане эвакуировали 36 человек при пожаре

Сегодня в районе Алматы, по улице Манаса, в пятиэтажном жилом комплексе произошло возгорание домашних вещей и мебели в квартире на 4-м этаже.

На место происшествия оперативно прибыли подразделения МЧС и незамедлительно приступили к тушению пожара.

В ходе спасательных работ звеном газодымозащитной службы были спасены 6 человек, в том числе 2 детей. Кроме того, из здания эвакуированы 30 человек. Пожар полностью ликвидирован на площади 25 кв. м.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе