Архив доступен 308 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

В суд Астаны поступили административные дела в отношении граждан Ш. и Н., снявших и разместивших в TikTok видеоролик. Их действия квалифицированы как мелкое хулиганство (ч.1 ст. 434 КоАП).

Судом установлено, что Ш. И Н. умышленно не воспользовавшись функцией автоматического затемнения стекла, обеспечивающей приватность, имитировали процесс пользования туалетом, демонстрируя свое поведение окружающим. Кроме того, в общественном месте они использовали нецензурную брань, чем нарушили общественный порядок и вызвали общественный резонанс.

Правонарушение было совершено впервые, вину граждане признали.

Обстоятельства дела, помимо объяснений привлекаемых к ответственности лиц, подтверждаются видеозаписью с места происшествия, рапортом инспектора и протоколом об административном правонарушении.

Указанные действия получили широкое распространение в сети Интернет, вызвали общественный резонанс и сформировали негативное общественное восприятие объекта общественной инфраструктуры, что, по мнению суда, затрагивает авторитет местных исполнительных органов, обеспечивающих его функционирование.

Санкция данной статьи предусматривает штраф в размере 20 МРП, административный арест на срок от 5 до 15 суток либо привлечение к общественным работам на срок от 20 до 60 часов.

Постановлением Специализированного межрайонного суда по административным правонарушениям г. Астаны Ш. и Н. признаны виновными в совершении правонарушения, предусмотренного ч. 1 ст. 434 КоАП, и подвергнуты административному взысканию в виде административного ареста сроком на 5 суток.

При назначении наказания суд учел характер и степень общественной опасности совершенного правонарушения. Действуя умышленно в группе лиц, правонарушители создали видеоконтент для последующего размещения в социальной сети TikTok, допустив нарушение общественного порядка в общественном месте.

Постановления суда не вступили в законную силу.

Специализированный межрайонный суд по административным правонарушениям г. Астаны

TikTok әлеуметтік желісінде бейнеролик түсіріп, жариялағаны үшін Ш. және Н. азаматтарына қатысты әкімшілік істер Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Олардың әрекеттері ұсақ бұзақылық деп сараланды (ӘҚБтК-ның 434-бабының 1-бөлігі).

Сотта анықталғандай, Ш. мен Н. құпиялылықты қамтамасыз ететін әйнектің автоматты күңгірттену функциясын әдейі пайдаланбай, дәретхананы пайдалану процесін еліктеген, өздерінің іс-әрекеттерін айналасындағыларға көрсеткен. Сонымен қатар, қоғамдық орында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған және қоғамда кең резонанс тудырған.

Құқық бұзушылық алғаш рет жасалған, азаматтар өз кінәларын толық мойындаған.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушылық мән-жайлары жауапқа тартылған тұлғалардың түсініктемелерімен қатар, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен, инспектордың рапортымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен расталған.

Аталған әрекеттер интернет желісінде кеңінен таралып, қоғамдық резонанс тудырған және қоғамдық инфрақұрылым нысаны туралы теріс қоғамдық пікір қалыптастырған. Соттың пікірінше, бұл оның жұмысын қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың беделіне нұқсан келтіреді.

Аталған баптың санкциясында 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу немесе 20 сағаттан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Ш. және Н. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескерді. Құқық бұзушылар алдын ала ойластырып, топ болып әрекет ете отырып, TikTok әлеуметтік желісіне жариялау мақсатында бейнемазмұн әзірлеген және қоғамдық орында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берген.

Соттың қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Тақырыбы: “Әкімшілік әділет: инвестицияға жаңа серпін”

“24kz” телеарнасы

Административная юстиция и её роль в обеспечении верховенства права

️ В Астане состоялся традиционный форум «Административная юстиция и её роль в обеспечении верховенства права», ставший площадкой для открытого диалога между представителями судебной власти, государственных органов, бизнеса и инвесторов.

️ В мероприятии приняли участие казахстанские и зарубежные судьи, эксперты, руководители крупных компаний и представители международного делового сообщества.

️ С ключевым докладом выступил Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев. Глава государства подчеркнул значение эффективной институциональной среды как одного из главных факторов инвестиционной привлекательности страны. Особое внимание было уделено необходимости поддержания справедливого баланса между интересами государства и ожиданиями бизнеса и инвесторов.

️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев сделал акцент на роли судебной системы и специализированных институтов в обеспечении прозрачности административных процедур, защите предпринимателей и эффективном разрешении споров, связанных с инвестиционной деятельностью.

️ Практическим опытом и взглядом инвесторов на развитие казахстанской юрисдикции поделились председатель Совета директоров Cove Capital Пини Альтхаус, управляющий директор Alstom в Западной и Центральной Азии Жером Бойе, глава Представительства германской экономики в Центральной Азии Эдуард Кинсбрунер и генеральный директор Freedom Holding Corp Тимур Турлов. Они обозначили актуальные вызовы, с которыми сталкиваются инвесторы, и отметили важность дальнейшего совершенствования правовых механизмов защиты бизнеса.

️ Тему формирования прозрачной и предсказуемой правовой среды продолжили председатель НПП «Атамекен» Канат Шарлапаев, генеральный директор ТОО «Тенгизшевройл» Уильям Лакоби, исполнительный директор UBM Kazakh Investment Золтан Нитрай и председатель Ассоциации инвесторов Казахстана Рустам Журсунов. Была подчеркнута необходимость снижения регуляторной неопределённости и укрепления доверия между государством и бизнесом.

️ Отдельное внимание участники уделили результатам работы административной юстиции, созданной по инициативе Президента Казахстана. О её эффективности и влиянии на инвестиционный климат рассказали региональный старший вице-президент компании Wabtec Канат Алпысбаев и генеральный директор Kazak Protein Коксал Салих Юлдыз.

️ В ходе форума представители высших судебных органов Казахстана, Узбекистана и Кыргызстана — Аслан Тукиев, Шухрат Полванов и Нургуль Бакирова, судья Верховного суда Азербайджана Сайяд Каримов, судья Конституционного Суда РК Роман Подопригора, руководитель отдела комплаенса GIZ Йорк Пуделька, депутат Мажилиса РК Марат Башимов и председатель Кассационного суда РК Берик Нажмиденов обсудили перспективы развития административной юстиции на евразийском континенте. В центре внимания находились вопросы совершенствования правоприменительной практики, судебных процедур и укрепления международного сотрудничества с учётом лучших мировых стандартов.

️ Подводя итоги, участники отметили высокий уровень экспертной дискуссии, атмосферу конструктивного взаимодействия и практическую значимость форума.

️ Было подчеркнуто, что дальнейшее развитие административной юстиции остаётся важным условием укрепления верховенства права, повышения инвестиционной привлекательности и устойчивого экономического развития Казахстана.

Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі

️ Астанада сот билігі, мемлекеттік органдар, бизнес және инвесторлар арасындағы ашық диалог алаңына айналған «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты дәстүрлі форум өтті.

️ Іс-шараға қазақстандық және шетелдік судьялар, сарапшылар, ірі компаниялардың басшылары және халықаралық іскерлік қоғамдастық өкілдері қатысты.

️ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Мемлекет басшысы елдің инвестициялық тартымдылығының басты факторларының бірі ретінде тиімді институционалдық ортаның маңыздылығын атап өтті. Мемлекет мүдделері мен бизнес пен инвесторлардың күтулері арасындағы әділ теңгерімді сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылады.

️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев әкімшілік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етудегі, кәсіпкерлерді қорғаудағы және инвестициялық қызметке байланысты дауларды тиімді шешудегі сот жүйесі мен мамандандырылған институттардың рөліне назар аударды.

️ Қазақстандық юрисдикцияны дамытуға инвесторлардың практикалық тәжірибесі мен көзқарасымен Cove Capital директорлар кеңесінің төрағасы Пини Альтхаус, Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойе, Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Эдуард Кинсбрунер және Freedom Holding Corp Бас директоры Тимур Турлов бөлісті. Олар инвесторлар алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді белгілеп, бизнесті қорғаудың құқықтық тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

️ Ашық және болжамды құқықтық ортаны қалыптастыру тақырыбын «Атамекен» ҰКП Төрағасы Қанат Шарлапаев, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Бас директоры Уильям Лакоби, «UBM Kazakh Investment» ЖШС-нің Бас атқарушы директоры Золтан Нитрай және «Қазақстан Инвесторлар қауымдастығының» Басқарма төрағасы Рустам Жүрсінов жалғастырды. Мемлекет пен бизнес арасындағы тұрақты белгісіздікті төмендету және сенімді нығайту қажеттігі атап өтілді.

️ Қатысушылар Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған әкімшілік әділет жұмысының нәтижелеріне ерекше назар аударды. Оның тиімділігі мен инвестициялық климатқа әсері туралы «Wabtec» компаниясының аймақтық аға вице-президенті Қанат Алпысбаев пен «Kazak Protein» ЖШС-нің Бас директоры Коксал Салих Юлдыз айтып берді.

️ Форум барысында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның жоғары сот органдарының өкілдері - Аслан Түкиев, Шухрат Полванов және Нұргүл Бакирова, Әзербайжан Жоғарғы Сотының судьясы Сайяд Кәрімов, ҚР Конституциялық сотының судьясы Роман Подопригора, GIZ қоғамының комплаенс бөлімінің басшысы Йорк Пуделька, ҚР Мәжілісінің депутаты Марат Башимов және ҚР әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының төрағасы Берік Нәжімиденов Еуразия құрлығындағы әкімшілік әділетті дамыту перспективаларын талқылады. Құқық қолдану практикасын, сот рәсімдерін жетілдіру және озық әлемдік стандарттарды ескере отырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері басты назарда болды.

️ Қорытындылай келе, қатысушылар сараптамалық пікірталастың жоғары деңгейін, сындарлы өзара іс-қимыл атмосферасын және форумның практикалық маңыздылығын атап өтті. Әкімшілік әділетті одан әрі дамыту құқық үстемдігін нығайтудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың және Қазақстанның орнықты экономикалық дамуының маңызды шарты болып қала беретіні атап өтілді.

️ Ынтымақтастықтың жаңа форматы судьяларды, ғалымдар мен сарапшыларды тәжірибе алмасу, кәсіби диалогты дамыту және еуразиялық кеңістікте әкімшілік сот ісін жүргізудің үздік практикасын ілгерілету үшін біріктіруге арналған.

Союз судей и Специализированный межрайонный суд по делам несовершеннолетних города Астаны поздравили детей с Международным днем защиты детей

В рамках Международного дня защиты детей представители Союза судей и Специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних г. Астаны организовали ряд благотворительных и праздничных мероприятий.

С праздником были поздравлены дети, проживающие в общежитии, а также воспитанники специализированного дома ребенка. Для них были подготовлены подарки и проведены праздничные мероприятия, направленные на создание радостной и теплой атмосферы.

Кроме того, среди детей судей и работников судов был проведен творческий конкурс рисунков на тему «Мир глазами детей». Юные участники представили свои работы, продемонстрировав творческие способности, богатое воображение и искреннее восприятие окружающего мира.

Проведенные мероприятия стали частью деятельности Союза судей, направленной на поддержку детей, развитие их творческого потенциала, а также укрепление семейных ценностей и воспитание духовно-нравственных ориентиров.

По итогам конкурса все участники были награждены благодарственными дипломами и памятными подарками, а победителям вручены заслуженные награды.

Подобные инициативы способствуют формированию у подрастающего поколения чувства заботы и поддержки, а также напоминают о важности защиты прав и законных интересов каждого ребенка.

Пресс-служба суда г.Астаны

Судьялар одағы мен Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Судьялар одағы мен Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері бірқатар қайырымдылық және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.

Мереке қарсаңында жатақханада тұратын балалар мен мамандандырылған сәбилер үйінің тәрбиеленушілері құттықталды. Олар үшін сыйлықтар әзірленіп, қуаныш, қамқорлық пен мейірімге толы мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Сонымен қатар судьялар мен сот қызметкерлерінің балалары арасында «Балалар көзімен әлем» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Жас қатысушылар өз жұмыстарын ұсынып, шығармашылық қабілеттерін, бай қиялын және қоршаған ортаға деген шынайы көзқарасын көрсетті.

Өткізілген іс-шаралар Судьялар одағының балаларды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайтуға және рухани-адамгершілік тәрбиені дәріптеуге бағытталған қызметінің бір бөлігі болды.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алғыс дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды, ал жеңімпаздарға лайықты жүлделер табысталды.

Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың бойында қамқорлық пен қолдау сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ әрбір баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңыздылығын еске салады.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

В Астане состоялся конкурс детских рисунков «Мир глазами детей»

В преддверии Международного дня защиты детей столичным филиалом Союза судей Республики Казахстан совместно со Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних города Астаны проведен конкурс детских рисунков на тему «Мир глазами детей».

Мероприятие объединило детей судей и сотрудников судов города Астаны в возрасте от 5 до 14 лет.

Основной целью конкурса стало развитие творческих способностей детей, поддержка их талантов, а также привлечение внимания к вопросам защиты прав и интересов ребенка через художественное творчество.

Торжественное мероприятие с участием юных конкурсантов состоялось в здании Детской художественной школы-клуба ЮНЕСКО города Астаны. Участники продемонстрировали свое видение окружающего мира, семьи, дружбы, добра и детского счастья, отразив в рисунках искренний взгляд на мир глазами ребенка.

Всем участникам были вручены памятные дипломы и подарки.

Проведение подобных мероприятий способствует созданию благоприятной среды для развития детей, укреплению семейных ценностей и поддержке творческого потенциала подрастающего поколения.

Пресс-служба суда г.Астаны

Астанада «Балалар көзімен көрген әлем» атты балалар сурет байқауы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Астана қалалық филиалы мен Астана қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірлесіп «Балалар көзімен бейбіт әлем» тақырыбында балалар сурет байқауын өткізді.

Іс-шараға Астана қаласы соттарының судьялары мен сот қызметкерлерінің 5 пен 14 жас аралығындағы балалары қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың таланттарын қолдау, сондай-ақ көркем шығармашылық арқылы баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару.

Жас қатысушылардың қатысуымен өткен салтанатты шара Астана қаласындағы ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубының ғимаратында ұйымдастырылды. Қатысушылар өз жұмыстарында қоршаған ортаға, отбасыға, достыққа, мейірімділік пен бақытты балалық шаққа деген көзқарастарын бейнелеп, әлемді бала көзімен қалай көретіндерін шынайы түрде көрсетті.

Байқауға қатысқан барлық балаларға естелік дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Осындай іс-шараларды өткізу балалардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қолдауға ықпал етеді.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Ежегодная спартакиада среди государственных служащих

23 мая 2026 года в честь празднования Дня государственных служащих Акимат г.Астаны совместно с Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Астане и дирекции по проведению спортивно-массовых мероприятий акимата г.Астаны организовали Спартакиаду среди гос.служащих г.Астаны.

На открытии мероприятия с приветственным словом выступил руководитель отдела спорта управления физической культуры и спорта Азамат Агзамов и пожелал всем участникам удачи.

В мероприятии приняли участие более 300 госслужащих.

Специалисты судов г.Астаны приняли участие по следующим видам спорта: футбол, волейбол, киберспорт (футбол), «тоғызқұмалақ», «қазақ күресі», настольный теннис, плавание и шахматы.

По итогам Спартакиады

Волейбол – 3 место (командная игра)

Киберспорт (футбол)

1 место - главный специалист-секретарь судебного заседания межрайонного суда по гражданским делам А.Ермұқан

Настольный теннис

2 место - Руководитель ДСА Военного суда А.Балгабаев

Плавание

2 место - главный специалист-секретарь судебного заседания межрайонного суда по гражданским делам Б.Малікова

«Қазақ күресі»

3 место – руководитель отдела информационных технологий А. Жунусов (до 74 кг.).

В завершении мероприятия призеры награждены кубками и благодарственными письмами.

Пресс-служба суда г.Астаны

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы жыл сайынғы спартакиада

2026 жылғы 23 мамырда мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу құрметіне Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментімен және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен» бірлесе отырып, елордалық мемлекеттік қызметшілер арасында Спартакиада ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылу салтанатында Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шараға 300-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты.

Астана қаласы соттарының мамандары спорттың келесі түрлері бойынша қатысты: футбол, волейбол, киберспорт (футбол), тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, жүзу және шахмат.

Спартакиада қорытындысы бойынша

Волейбол – 3 орын (командалық ойын)

Киберспорт (футбол)

1 орын – азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы А. Ермұқан

Үстел теннисі

2 орын – Әскери сот Әкімшісінің басшысы А. Балғабаев

Жүзу

2 орын – азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Б. Малікова

Қазақ күресі

3 орын – ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А. Жүнісов (74 кг дейінгі салмақ дәрежесінде).

Іс-шара соңында жүлдегерлер кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Межрайонным судом по гражданским делам города Астаны рассмотрено гражданское дело по иску гражданки М. к АО о признании факта оказания услуги ненадлежащего качества, взыскании компенсации морального вреда и стоимости билета.

Судом установлено, что 7 марта 2026 года в пути следования пассажирского поезда сообщением «Астана (Нурлы Жол) – Петропавловск» вследствие технического сбоя санитарного узла вагона произошел аварийный выброс содержимого туалетной системы, в результате чего нечистоты попали на истца, причинив ему физический дискомфорт, нравственные страдания, моральное унижение, а также повлекли порчу одежды и личных вещей.

Доводы истца подтверждены материалами проверки РГУ «Инспекция транспортного контроля по городу Астана», фотоматериалами и административным протоколом, составленным в отношении ответчика.

Оценив представленные доказательства в совокупности, суд пришел к выводу о подтверждении факта оказания услуги ненадлежащего качества.

При вынесении решения суд руководствовался положениями Закона Республики Казахстан «О защите прав потребителей» и статьей 951 ГК.

Решением суда иск удовлетворен частично.

С перевозчика в пользу истца взыскана компенсация морального вреда в размере 3 млн. тенге.

Решение суда не вступило в законную силу.

Межрайонный суд по гражданским делам г.Астаны

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты тұтынушының көлік қызметін алу құқығын қорғау туралы азаматтық істі қарады.

Сотта азаматша М.-ның АҚ-ға қатысты көрсетілген қызметтің сапасыз болғанын тану, моральдық зиянды және билет құнын өндіру туралы талап қоюы қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2026 жылғы 7 наурызда «Астана (Нұрлы жол) – Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызы жолда келе жатқан кезде вагонның санитарлық торабының техникалық ақауына байланысты дәретхана жүйесіндегі қалдықтардың апатты түрде сыртқа шығуы орын алған. Соның салдарынан лас қалдықтар талап қоюшыға шашырап, оған физикалық қолайсыздық, жан күйзелісі мен моральдық қорлану келтірген, сондай-ақ киімі мен жеке заттарының бүлінуіне әкеп соққан.

Талап қоюшының уәждері «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ жүргізген тексеру материалдарымен, фотоматериалдармен және жауапкерге қатысты жасалған әкімшілік хаттамамен расталды.

Сот ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығын бағалай отырып, сапасыз қызмет көрсету фактісі дәлелденді деген қорытындыға келді.

Шешім шығару кезінде сот Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының ережелерін және Азаматтық кодекстің 951-бабын басшылыққа алды.

Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды.

Тасымалдаушыдан талап қоюшының пайдасына 3 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты

Ұлттық сот төрелігі және халықаралық стандарттар: балалардың мүдделерін қорғау

телеканал «Хабар»

Национальное правосудие и международные стандарты: защита интересов детей

телеканал «Хабар»

21 мая 2026 года года межрайонным судом по уголовным делам г.Астаны оглашен обвинительный приговор в отношении С.

Органом уголовного расследования С. обвинялась в совершении 124 эпизодов мошенничества, то есть хищения чужого имущества, путем обмана и злоупотребления доверием, совершенного неоднократно, в крупном и особо крупном размерах. (ст.190 ч.4 п.2) УК)

Судом установлено

С., являясь директором ТОО А. и ТОО П. (зарегистр.на имя своей мамы), с целью хищения денежных средств разработала схему, придавая ей вид оказания юридических услуг, распространяя ложные сведения о возможности получения долгосрочных виз (в США, Великобританию и страны шенген зоны) и миграционных услуг (получение ВНЖ и гражданства). Сумма общего ущерба, причиненного всем потерпевшим составила 896 008 755 тенге.

Позиция сторон

Прокурор просил назначить подсудимой наказание по ст. 190 ч. 4 п. 2) УК, в виде лишения свободы, с дополнительным запретом заниматься предпринимательской деятельностью в сфере туризма и миграции сроком на 5 лет.

Подсудимая вину признала частично, сторона защиты просила назначить минимальный срок наказания.

Вина подсудимой доказывается: показаниями потерпевших, квитанциями о перечислении денежных средств договорами об оказании юридических услуг, договорами займа, квитанциями к приходным-кассовым ордерам, расписками, переписками с мессенджеров.

Санкция суда

Санкция ст.190 ч.4 п.2) УК предусматривает наказание в виде штрафа от трехкратного до пятикратного размера похищенного имущества либо лишением свободы на срок от 5 до 10 лет с конфискацией имущества, с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до десяти лет или без такового.

В соответствии с ч. 2 ст. 55 УК РК, при наличии смягчающих и отсутствии отягчающих обстоятельств наказание за тяжкое преступление не может превышать двух третей максимального срока наиболее строгого вида наказания, предусмотренного соответствующей статьей УК.

В обвинительном акте в качестве смягчающего обстоятельства признано чистосердечное раскаяние, в связи с чем суд не вправе самостоятельно исключать данное обстоятельство и тем самым ухудшать положение С.

Отягчающих обстоятельств по делу не имеется.

Учитывая обстоятельства совершенного тяжкого преступления против собственности, наличие смягчающих и отсутствие отягчающих обстоятельств, суд назначил подсудимой наказание в виде 6 лет 8 месяцев лишения свободы, с назначением доп.наказания в виде запрета заниматься предпринимательской деятельностью в сфере туризма и миграции сроком на 5 лет, с отбыванием наказания в учреждениях уголовно-исполнительной системы средней безопасности.

Приговор не вступил в законную силу.

Межрайонный суд по уголовным делам г.Астаны

2026 жылғы 21 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында С.-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Қылмыстық қудалау органы С.-ны бірнеше рет, ірі және аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жымқырудың 124 эпизодын жасады деп айыптады (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағы).

Сотпен анықталғаны

С. өзінің анасының атына тіркелген «А.» ЖШС және «П.» ЖШС-нің директоры бола отырып, ақша қаражатын иемдену мақсатында заң көмегін көрсету түрінде алаяқтық схема ұйымдастырған. Ол АҚШ, Ұлыбритания және Шенген аймағы елдеріне ұзақ мерзімді визалар рәсімдеуге, сондай-ақ көші-қон қызметтерін (ықтиярхат пен азаматтық алу) көрсетуге мүмкіндік бар екені туралы жалған мәліметтер таратқан.

Барлық жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық залал 896 008 755 теңгені құрады.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор сотталушыға ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындап, қосымша жаза ретінде туризм және көші-қон саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыруды сұрады.

Сотталушы кінәсін ішінара мойындады, қорғау тарапы ең төменгі мерзімдегі жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, ақша қаражатын аудару туралы түбіртектермен, заң қызметтерін көрсету шарттарымен, қарыз шарттарымен, кіріс-кассалық ордерлерге түбіртектермен, қолхаттармен және мессенджерлердегі хат алмасулармен дәлелденді.

Жаза

ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағының санкциясы ұрланған мүліктің үш еселенгеннен бес еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салуды не 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, мүлкін тәркілеумен, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейін айырумен немесе онсыз жазаны көздейді.

ҚР ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігіне сәйкес, жеңілдететін мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс үшін жаза осы бапта көзделген неғұрлым қатаң жаза түрінің ең жоғары мерзімінің үштен екісінен аспауға тиіс.

Айыптау актісінде шын жүректен өкіну жеңілдететін мән-жай ретінде танылғандықтан, сот бұл мән-жайды өз бетінше алып тастап, С.-ның жағдайын нашарлатуға құқылы емес.

Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот меншікке қарсы ауыр қылмыстың мән-жайларын, жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сотталушыға 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, туризм және көші-қон саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты

️ *Сот жүйесінің өзекті жаңалықтары. QR-кодты сканерлеп, ҚР Жоғарғы Сотының Telegram-арнасына

️ Специализированный суд по делам несовершеннолетних г.Астаны рассмотрел дело, затрагивающее проблему, знакомую многим семьям, – конфликт между подростками.

️ В рамках административного производства гражданка Б. – законный представитель одного из подростков – зачинщика хулиганских действий была признана виновной по ст.435 КоАП (хулиганство, совершенное несовершеннолетним в возрасте от 14 до 16 лет) и привлечена к административной ответственности в виде штрафа в размере 19 тыс. тенге.

️ Отец пострадавшего 12-летнего подростка А. обратился в суд с иском о компенсации морального вреда.

️ По его словам, случившееся причинило его сыну не только физическую боль, но и серьезные эмоциональные переживания: страх, унижениеи психологический дискомфорт.

️ Суд, изучив видеозаписи с камер наблюдения, объяснения участников и свидетелей, установил, что сын А. пытался избежать конфликта, отходил в сторону и не вступал в ссору, тогда как подросток-зачинщик продолжал преследование, вел себя агрессивно и игнорировал попытки окружающих прекратить происходящее.

️ Суд отметил, что ответственность за действия несовершеннолетнего несет не только сам подросток, но и его законный представитель.

️ При этом вина подростка-зачинщика в неправомерном поведении уже была установлена в рамках административного производства и не требовала повторного доказывания.

️ Суд, оценив обстоятельства конфликта, характер причинения пострадавшему ребенку переживаний, поведение сторон и представленные доказательства, взыскал с Б. компенсацию морального вреда в размере 314 тыс. тенге.

️ Решение вступило в законную силу.

️ Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты

көптеген отбасыларға таныс мәселе - жасөспірімдер арасындағы қақтығыс туралы істі қарады.

️ Әкімшілік іс жүргізу шеңберінде бұзақылықты қоздырған жасөспірімдердің бірінің заңды өкілі Б. ханым Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы (14 пен 16 жас аралығындағы кәмелетке толмағанның бұзақылығы) бойынша кінәлі деп танылып, 19 мың теңге айыппұл салынды.

️ 12 жасар жәбірленуші А.-ның әкесі моральдық залалды өтеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

️ Оның айтуынша, орын алған жағдай ұлына тек физикалық ауырсынуды ғана емес, сонымен қатар ауыр эмоционалдық күйзелістерді: қорқыныш, қорлау және психологиялық күйзелісті де әкелген.

️ Сот бейнебақылау жазбаларын және қатысушылар мен куәлердің мәлімдемелерін қарап шыққаннан кейін А.-ның ұлы қақтығыстан аулақ болуға тырысқанын, кетіп қалғанын және дауласпағанын, ал қақтығысты қоздырған жасөспірім оны қудалауды жалғастырғанын, агрессивті мінез-құлық танытқанын және айналасындағылардың оқиғаны тоқтату әрекеттерін елемегенін анықтады.

️ Сот кәмелетке толмағанның әрекеттері үшін жауапкершілік тек жасөспірімге ғана емес, сонымен қатар оның заңды өкіліне де жүктелетінін атап өтті.

️ Сонымен қатар, жасөспірімнің заңсыз мінез-құлықтағы кінәсі әкімшілік іс жүргізу барысында анықталған және қайта дәлелдеуді қажет етпеген.

️ Сот жанжалдың мән-жайын, зардап шеккен балаға келтірілген жарақаттың сипатын, тараптардың мінез-құлқын және ұсынылған дәлелдемелерді бағалап, Б.-ға 314 мың теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндірді.

️ Шешім заңды күшіне енді.