Президент заңсыз ақпаратты бұғаттау маңызды екенін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ бірқатар мәселеге де тоқталып өтті. Соның бірі сөз еркіндігіне қатысты.
«Елімізде пікір алуандығы мен сөз еркіндігі бар, ал цензураға заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, сөз бостандығы дегеніміз жүгенсіздікке және тәртіпсіздікке жол беру деген сөз емес. Сондықтан қоғамдық пікірді өздерінің теріс пиғылына пайдаланып, медиа саласында айласын асырғысы келетіндер мына бір қарапайым қағиданы жадында ұстауы қажет: бірде-бір адам шексіз құқық иесі емес. Басқаша айтсақ, өз құқыңды білу және сақтау өзгенің құқын бұзу немесе ар-ожданын таптау деген сөз емес. Алдымызда адамдар жалған ақпараттың жетегінде кетпей, күрішті күрмектен ажыратуы үшін медиасауаттылықты барынша арттыру міндеті тұр», - деді Тоқаев.
Президент заңсыз ақпаратты жедел анықтау және бұғаттау жұмысын қолға алу өте маңызды екенін жеткізді. Ол үшін жасанды интеллект технологиясы мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, - деді.
«Біз Заң мен тәртіпке бағынатын ел ретінде құқықтық нигилизмге, әсірешілдікке, яғни, радикализмге және халқымыздың болмысына жат құндылықтарды насихаттау ісіне түбегейлі тосқауыл қоюымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет», – деді Мемлекет басшысы.
Бізге