Архив доступен 7 414 сообщений С 2024 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Жастар көшесі мен Еркінқала ауылы арасындағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 15 маусым күні таңертең Құрманғазы көшесінен А. Нысанбаев көшесіне дейінгі («Көктем» базарының маңы) аралықтағы автомобиль жолы уақытша жабылады.

Осыған байланысты кейбір қоғамдық көлік бағыттарына да уақытша өзгерістер енгізілетін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, енгізіліп отырған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Атырау қаласы әкімдігі

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Медицина қызметкерлері күніне орай Атырау қаласында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қозғалыс – бұл өмір» атты веломарафон ұйымдастырылады.

Веломарафон бағыты Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінен басталып, Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына дейін жалғасады.

Іс-шараға денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, сала ардагерлері және жастардан құралған шамамен 200-ге жуық адам қатысады деп жоспарлануда.

Осыған байланысты 2026 жылғы 14 маусым күні сағат 08:30–11:00 аралығында көрсетілген бағыт бойынша жол қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаймыз.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Атырау қаласы әкімдігі

Каспий жағасында — дәстүр мен заманауи мәдениет тоғысатын ерекше фестиваль!

17 маусым күні Атырау қаласындағы Жастар саябағында

Халықаралық Балық фестивалі өтеді!

Бағдарламада

Каспий маңы елдерінің конференциясы

Гастрономиялық фестиваль

Аспаздар байқауы

Балықшылар сайысы

Балық өнімдерінің жәрмеңкесі

Шабақтандыру

Музыкалық бағдарлама

Кемелер шеруі

«Қазыналы Каспий» — халықаралық БАЛЫҚ фестивалі және мерекеге толы

күн!

17 маусым | Атырау қаласы | Жастар саябағында.

ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫНДА 50 КЕМЕ!

Қазыналы Каспий фестивалі аясында дәстүрлі «Кемелер шеруі» сайысы өтеді.

Уақыты: 17 маусым, 18:30 - 19:30

Бағыты: Алиев көпірінен Тұрғындар қалашығы көпіріне дейін

Жайық өзенінің бетінде безендірілген 50 кеме шеруі қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көрініс сыйлайды.

Келіңіз, қаламыздың ерекше сәтін бірге тамашалайық!

ҚАЗЫНАЛЫ КАСПИЙ: ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІН ШАБАҚТАНДЫРУ АКЦИЯСЫ

«Қазыналы Каспий» фестивалі аясында Жайық өзенінің экологиялық әлеуетін арттыру мақсатында бекіре тұқымдас 5000 дана шабақ табиғи мекеніне жіберіледі.

3-5 граммдық әрбір шабақ - болашақ ұрпаққа аманат, таза өзенге жасалған инвестиция.

Күні: 17 маусым, 2026 жыл

Уақыты: 18:30 - 19:30

Өтетін орны: Атырау облыстық әкімдігіне қарасты Жайық өзені жағасы

Болашақ үшін бүгін бірге қадам жасайық. Табиғатты аялайық, Жайықты сақтайық!

Жалған нөмір таққан жүргізушіге жаза бар…

Атырауда «Жалған мемлекеттік белгі» іс-шарасы аясында 60-тан астам жүргізуші жауапқа тартылды. Республика көлемінде 10-14 маусым күндері аралығында өтіп жатқан «Жалған мемлекеттік белгі» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол сақшылары көлік құралдарын «Бүркіт», «Қорғау» және өзге де ақпараттық жүйелер арқылы тексеріп, жол жүрісі қағидаларын бұзу деректерін, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану фактілерін, сондай-ақ тіркеу талаптарының сақталуын бақылауда.

Атырауда бір күнде 60-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 50-ден астам жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және мотошлем тағу жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді патрульдік полиция батальонының взвод командирі Аманжан Нығметов.

Қазыналы өңірде өнеркәсіп өнімі көлемі өсті

Облыстағы қойнауы қазынаға толы өңірлердің бірі – Жылыой ауданының экономикасы қарқынды дамып, өркендеп келеді.

Ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың бірінші тоқсанында аудандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 286,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,4 пайызға артқан. Оның 264,1 млрд теңгесі немесе 92,1 пайызы мұнай-газ өндірісінің үлесіне тиеді.

Заң үстемдігіне бастайтын маңызды қадам

Мемлекет басшысы қол қойған Конституциялық заңды құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған дәйекті реформалардың заңды жалғасы деп бағалауға болады. Ең алдымен, бұл құжат қолданыстағы конституциялық заңдардың Конституция нормаларымен толық сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құқықтық мемлекет қағидаты заңдардың өзара үйлесімділігі мен жүйелілігін талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда қабылданған түзетулер құқықтық реттеудің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам саналады.

Мемлекет басшысы бірқатар конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы заңды бекітті

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Тазалыққа баулитын тағылымды бастама

Қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыру – бүгінгі қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы жастардың экологиялық санасын арттыруға, табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға зор ықпал етіп келеді.

Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы осы жауапкершілікті терең сезінуге және нақты іспен дәлелдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл бастама әр адамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, табиғатты қорғауға үндейді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кері әсер ететін, қоғамның әділдік қағидаттарына нұқсан келтіретін теріс құбылыс. Ол мемлекеттік институттарға деген сенімді төмендетіп, экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Самал» саялы баққа айналды

Атырау қаласындағы «Самал» шағынауданы – соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй алаптарының бірі. Бүгінде мұнда жаңа үйлер бой көтеріп, әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Бұдан бірнеше жыл бұрын бұл аумақтың көрінісі мүлде басқаша болатын. Қоқыс басқан, қараусыз жатқан бос жерлер көп еді. Осындай жағдайға бейжай қарамаған тұрғындар өз беттерімен шағынауданның келбетін өзгертуге кіріскен.

Есі кеткен есірткі жинайды

Облыста 5 айда есірткіге қатысты 54 құқық бұзушылық анықталды. Оның 34-і қылмыс ретінде тіркелген.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Ғабитовтің айтуынша, осы уақыт аралығында заңсыз айналымнан 10 келіден астам есірткі тәркіленген.

Мемлекет берген екінші мүмкіндік

Қоғам дамуының басты өлшемі тек экономикалық өсім немесе статистикалық көрсеткіштермен шектелмейді. Ең басты өлшем – халықтың мемлекетке деген сенім деңгейі мен заңның баршаға бірдей әрі әділ қолданылуы. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда соңғы жылдары жүргізіліп жатқан реформалар құқықтық мемлекеттің жаңа сапалық кезеңіне өтудің айқын көрінісіне айналды.

Тоқсан жастың биігінен өмір жолын шолғанда…

(Соңы. Басы газеттің 4 маусым күнгі №22 санында)

Шоланда тұрып өскенбіз

Қызығы мен қиындығы аралас студенттік шақ та қол бұлғап артта қалды. Университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдап, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жолдамасымен туған облысыма оралдым. Мен оқуға кеткенде анам Ақкенже (мен оны мама деуші едім) көкемнің Меруерт дейтін анасынан туған Жиған (Зияш) деген жиенімнің отбасымен бірге қалған. «Кемпірдің жалғыз баласы оқу бітіріп келейін деп жатыр ғой, дастархан жайып қарсы алайық» десе керек ағайын-туыстар. Бес жыл бірге оқыған маңғыстаулық досым Сержан Шәкіратовпен бірге пойыздан түсіп үйге келгенде, алдымнан ентіге басып анам шықты. Мені құшақтап, сүйіп, бауырына қысып, мауқы басылған соң

Құлсарыда «Тандау» жобасы аясында 28 кәсіпкер қолдау тапты

Admin11.06.2026 11:50 6

Құлсары қаласында «Тандау» жобасының 2026 жылғы бесінші легі аяқталды. Жоба аясында Жылыой ауданының 28 тұрғыны өз бизнесін бастау үшін қаржыландыру алды. Бұл бастама Еуразия Орталық Азия қоры (ФЕЦА) тарапынан «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен іске асырылып, өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда.

Жастар жанжалға неге бейім?

Соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы агрессия, әлімжеттік және топтық төбелес тақырыбын қалың бұқара жиі талқылайтын болды. Жуырда әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы пәтерлердің бірінде бойжеткенге жасалған қатыгездікке қатысты бейнежазба тарады. Бұдан бөлек, Жылыой ауданында бірнеше оқушының өзі қатарлы балаға күш қолданып, оны бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге жариялауы, сондай-ақ Жайық өзені жағалауындағы мәдени шара кезінде жастар арасындағы жанжалдың төбелеске ұласуы қоғам назарын аудартты.

Еңбек өтілін «жеп» қойыпты

Бүгінде еңбек заңнамаларына енгізілген өзгерістерге байланысты проблемалар туындай бастады. Әрине, жұмыс бабында өзге де мәселелер туындап жатуы түсінікті. Өйткені, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында түрлі даулы мәселелер болатынын жасыруға болмайды. Ал, еңбек өтілін есепке алу тәртібіне байланысты дау-шардың туындауына жеке кәсіпкерлердің зейнетақы құқықтарының шектелуі негіз болып отыр.

Атырауда тазалық талаптарын бұзудың 2400-ден астам дерегі анықталды

Атырау облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, тазалық талаптарының сақталуын бақылауға да мүмкіндік береді. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында камералар арқылы қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері анықталып, құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдануда.