Архив доступен 867 сообщений С 2021 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Госаудит по полочкам. С кем сотрудничает ВАП на международном уровне

Чтобы государственный аудит в Казахстане не отставал от актуальных профессиональных трендов, Высшая аудиторская палата активно взаимодействует с коллегами из других стран, обменивается опытом и участвует в совместных проверках.

Здесь существует два ключевых формата

Совместная проверка проводится органами аудита нескольких странодновременно по единой программе и в согласованные сроки. Аудиторы работают как одна команда и по итогам готовят общий документ с выводами и рекомендациями

Параллельная проверка предполагает, что каждая страна проводит аудит самостоятельно, но по заранее согласованным вопросам. После завершения работы участники обмениваются результатами и сопоставляют полученные выводы.

Высшая аудиторская палата уже более 20 лет является частью международного аудиторского сообщества. С 2000 года ведомство входит в состав Международной организации высших органов аудита – ИНТОСАИ, а также ее региональных объединений – АЗОСАИ и ЕВРОСАИ.

Активное сотрудничество также ведется по линии СНГ, ШОС и ЭКОСАИ. В частности, в рамках экспертно-аналитических мероприятий.

Еще одним важным направлением является взаимодействие с международными организациями развития, среди которых Азиатский банк развития, Всемирный банк и ПРООН. Такое партнерство помогает ВАП внедрять современные подходы к аудиту, повышать квалификацию специалистов и использовать лучшие мировые практики в сфере финансового контроля.

Одним словом, международное сотрудничество позволяет Высшей аудиторской палате не только обмениваться опытом, но и делать госаудит в Казахстане более эффективным, прозрачным и соответствующим мировым стандартам.

@auditpalatasy

Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Жоғары аудиторлық палатаның халықаралық серіктестері кімдер?

Қазақстандағы мемлекеттік аудиттің заманауи кәсіби үрдістерден кенже қалмауы үшін Жоғары аудиторлық палата шетелдік әріптестерімен белсенді ынтымақтастық орнатты. Сонымен қатар тәжірибе алмасып, бірлескен аудиттерге қатысады.

Бұл бағыттағы жұмыстың екі негізгі форматы бар

Бірлескен аудит – бірнеше мемлекеттің жоғары аудит органдары бірыңғай бағдарлама бойынша белгіленген мерзімде аудит жүргізеді. Аудиторлар бір команда ретінде жұмыс істеп, қорытындысында тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын ортақ құжат әзірлейді.

Параллель аудит – әрбір мемлекет аудитті өзі жүргізеді, алайда тексерілетін мәселелер алдын ала келісіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін қатысушылар нәтиже алмасып, қорытындыны салыстырады.

Жоғары аудиторлық палата 20 жылдан астам уақыт бойы халықаралық аудит қауымдастығының мүшесі болып келеді. 2000 жылдан бері ведомство Жоғары аудит органдарының халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ), сондай-ақ оның өңірлік құрылымдары Азия жоғары аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ) және Еуропа жоғары аудит органдары ұйымының (ЕВРОСАИ) құрамына кіреді.

Сондай-ақ ТМД, ШЫҰ және ЭКОСАИ шеңберінде де белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. Атап айтқанда, сараптамалық-талдамалық іс-шаралар аясында өзара тәжірибе алмасады.

Тағы бір маңызды бағыт – халықаралық даму ұйымдарымен қарым-қатынас. Олардың қатарында Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) бар. Мұндай әріптестік Жоғары аудиторлық палатаға аудиттің заманауи тәсілдерін енгізуге, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және қаржылық бақылау саласындағы озық халықаралық тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, халықаралық ынтымақтастық Жоғары аудиторлық палатаға тәжірибе алмасу үшін ғана емес, Қазақстандағы аудит тиімділігін арттыруға, халықаралық стандарттарға сәйкестігін нығайтуға ықпал етеді.

@auditpalatasy

Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Высшей аудиторской палаты Алихана Смаилова

Глава государства заслушал отчет об итогах работы Высшей аудиторской палаты за первое полугодие 2026 года.

Алихан Смаилов

сообщил, что за отчетный период проведено 13 крупных государственных аудитов с охватом финансовых средств на сумму 5,8 трлн тенге.

Проверки затронули местные исполнительные органы отдельных регионов, АО «Фонд проблемных кредитов», АО «Аграрная корпорация», АО «Казпочта», АО «Актауский морской порт», инфраструктуру системы здравоохранения и ряд государственных органов.

доложил, что в результате устранения выявленных нарушений в бюджет государства возвращено 128 млрд тенге.

Правительству и объектам аудита направлено 35 рекомендаций и 413 пунктов предписаний.

В рамках исполнения поручений Главы государства по совершенствованию бюджетного процесса в национальное законодательство внедрен ряд инициатив Высшей аудиторской палаты.

В частности, приняты новые правила формирования макроэкономического прогноза, усилен казначейский контроль за расходованием государственных средств, внедрен запрет на корректировку бюджета в четвертом квартале.

проинформировал о мерах по повышению прозрачности и эффективности процедур приватизации, а также по усовершенствованию механизма регулирования агропромышленного комплекса.

сообщил, что во втором полугодии 2026 года планируется завершить 20 государственных аудитов, четыре из них будут проведены по прямому поручению Президента.

Это аудиторские проверки г. Шымкента, Карагандинской и Восточно-Казахстанской областей, а также механизмов поддержки производителей фармацевтической продукции.

Проверки также затронут газовую отрасль, инвестиционную сферу, деятельность АО «Жасыл Даму» и АО «НК «ҚазАвтоЖол», отдельные национальные проекты, проект «Ауыл – Ел бесігі» и ряд других направлений.

В рамках взаимодействия с новым Курултаем будет проведена оценка проекта республиканского бюджета на 2027-2029 годы.

Президент

дал ряд поручений по совершенствованию системы государственного аудита с акцентом на внедрение современных цифровых решений и технологий искусственного интеллекта.

t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның биылғы алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы есепті тыңдады.

Әлихан Смайылов

аталған кезеңде сомасы 5,8 триллион теңгені құрайтын 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізілгенін айтты.

Тексеру жұмыстары жекелеген өңірлердің жергілікті атқарушы органдарын, «Проблемалық кредиттер қоры», «Аграрлық корпорация», «Қазпошта», «Ақтау теңіз порты» акционерлік қоғамдарын, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы мен бірқатар мемлекеттік органдарды қамтыды.

анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде мемлекет бюджетіне 128 миллиард теңге қайтарылғаны жөнінде баяндады.

Үкімет пен аудит нысандарына 35 ұсыным мен 413 нұсқама жіберілді.

Мемлекет басшысының бюджет үдерісін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұлттық заңнамаға Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен бірқатар өзгеріс енгізілді.

Атап айтқанда, макроэкономикалық болжам қалыптастырудың жаңа ережесі қабылданып, мемлекет қаражатын жұмсауға қатысты қазыналық бақылау күшейтілді және төртінші тоқсанда бюджетке түзету енгізуге тыйым салынды.

жекешелендіру үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру шаралары, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін реттеу тетігін жетілдіру жөнінде мәлімет берді.

биыл екінші жартыжылдықта 20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланғанын жеткізді.

Оның төртеуі Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған. Яғни Шымкент қаласына, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау тетіктеріне тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ газ бен инвестиция салалары, «Жасыл даму» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметі, жекелеген ұлттық жобалар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы және басқа да бағыттар тексеруден өтпек.

Жаңа Құрылтаймен өзара іс-қимыл аясында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бағаланатын болады.

Президент

заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық бере отырып, мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

t.me/aqorda_resmi

по полочкам. Что происходит после проверки?

Вопреки распространенному мнению, после завершения государственного аудита работа не заканчивается. Напротив, именно после проверки наступает один из самых важных и ответственных этапов – контроль за исполнением рекомендаций и предписаний, выданных аудиторами.

Организация, которую проверяли, обязана не просто ознакомиться с выводами, а в установленные сроки отчитаться о проделанной работе и подтвердить это документами. Если аудиторы выявили нарушения или системные проблемы, организация должна показать, какие именно меры приняты для их устранения.

За неисполнение предписаний для должностных лиц предусмотрена прямая ответственность. Поэтому, если организация заявляет, что проблема решена, аудиторы обязательно проверяют, соответствует ли это реальности. И только после этого рекомендации и предписания могут быть сняты с контроля.

Таким образом, Высшая аудиторская палата на постоянной основе отслеживает три вещи

действительно ли требования исполнены полностью и достоверно

обоснованно ли организация просит продлить сроки исполнения

есть ли основания снять поручение с контроля.

Государственный аудит работает ради реального повышения эффективности проверяемых госорганов и организаций, в интересах всех казахстанцев. Поэтому контроль над исполнением такая же неотъемлемая часть рабочего процесса аудиторов, как и сама проверка.

@auditpalatasy

Мемлекеттік қадам-қадаммен. Тексеру аяқталды, келесі кезең қандай?

Кең таралған пікірге қарамастан, мемлекеттік аудит аяқталғаннан кейін де жұмыс бітпейді. Керісінше, дәл осы кезеңде аудиторлар берген ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуын бақылау сияқты ең маңызды әрі жауапты кезеңдердің бірі басталады.

Тексеруден өткен ұйым аудит қорытындыларымен танысып қана қоймай, белгіленген мерзімде атқарылған жұмыс туралы есеп беруге және оны тиісті құжаттармен растауға міндетті. Егер аудиторлар заң бұзушылықтарды немесе жүйелі мәселелерді анықтаса, ұйым оларды жою үшін қандай нақты шаралар қабылданғанын көрсетуі тиіс.

Нұсқамаларды орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға заңнамада тікелей жауапкершілік көзделген. Сондықтан ұйым мәселе шешілді деп мәлімдесе, аудиторлар оның орындалғанын міндетті түрде тексереді. Тек содан кейін ғана ұсынымдар мен нұсқамалар бақылаудан алынуы мүмкін.

Осылайша, Жоғары аудиторлық палата мына үш мәселені әрдайым бақылауда ұстайды

қойылған талаптардың толық әрі дұрыс орындалуы

орындау мерзімдерін ұзарту туралы ұйымның өтінішінің негізділігі

тапсырманы бақылаудан алу үшін негіздердің жеткіліктілігі.

Мемлекеттік аудит тексерілетін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет сапасын арттыруға, ел мүддесіне қызмет етуге бағытталған. Сондықтан ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуын бақылау тексеріспен тең дәрежедегі жұмыс болып табылады.

@auditpalatasy

Алихан Смаилов дал старт Президентским тестам в Астане

В Астане на базе Легкоатлетического спортивного комплекса начались официальные Президентские тесты физической подготовленности населения. Соревнование является одним из главных массовых спортивных стартов в Казахстане.

Мероприятие проводится под эгидой Федерации по Президентским тестам и Президентским многоборьям РК, которая в 2026 году полноценно возобновила свою деятельность.

В торжественной церемонии открытия соревнования приняли участие президент Федерации Алихан Смаилов и министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов.

Участникам со всех регионов республики предстоит выполнить такие упражнения, как поднимание туловища из положения лежа, подтягивание на перекладине, прыжок в длину, бег на короткую дистанцию и бег на выносливость.

В целом Президентские тесты направлены на укрепление здоровья граждан, повышение интереса к занятиям физической культурой, формирование здорового и активного образа жизни.

«Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев уделяет особое внимание развитию спорта в нашей стране. Массовый спорт имеет огромное значение для того, чтобы наша молодежь росла здоровой, сильной и крепкой, а также для укрепления здоровья всей нации. В этом контексте Президентские тесты, безусловно, являются действенной и мотивирующей системой для наших граждан», — сказал Алихан Смаилов, обращаясь к участникам соревнований.

Он напомнил, что в 2025 году в сдаче Президентских тестов по всей республике приняли участие около 2,8 млн человек. Из них более 160 тыс. выполнили нормативы президентского уровня, более 200 тыс. – национального уровня и свыше 445 тыс. – уровня начальной подготовки.

«Наша цель – создать каждому казахстанцу условия для регулярных занятий физической культурой и спортом. Желаю всем вам успешно пройти Президентские тесты!» — заключил Алихан Смаилов.

Отметим, масштабное спортивное мероприятие в Астане будет проходить в течение двух дней – 29 и 30 июня.

@auditpalatasy

Әлихан Смайылов Астанада Президенттік тестілерді бастап берді

Астанада Жеңіл атлетика спорт кешені базасында Халықтың дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер басталды. Жарыс – Қазақстандағы басты бұқаралық спорт шараларының бірі.

Іс-шара 2026 жылы қызметін толық қалпына келтірген ҚР Президенттік тестілері және президенттік көпсайыс федерациясының қолдауымен өткізілуде.

Жарыстың ашылу салтанатына Федерация президенті Әлихан Смайылов пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

Республиканың барлық өңірінен келген қатысушылар шалқалап жатып кеудені көтеру, биік кермеде тартылу, ұзындыққа секіру, қысқа қашықтыққа жүгіру және шыдамдылыққа жүгіру сияқты жаттығуларды орындауы керек.

Жалпы президенттік тестілер азаматтардың денсаулығын нығайтуға, дене шынықтырумен айналысуға қызығушылықты арттыруға, салауатты және белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде спортты дамытуға ерекше мән береді. Жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі үшін және ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Ал президенттік тестілер – азаматтарымызды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратын тиімді жүйе», — деді Әлихан Смайылов.

2025 жылы республика бойынша президенттік тестілерді тапсыруға шамамен 2,8 млн адам қатысты. Оның ішінде 160 мыңнан астамы президенттік деңгейдегі, 200 мыңнан астамы ұлттық деңгейдегі және 445 мыңнан астамы бастапқы даярлық деңгейіндегі нормативтерді орындады.

«Біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандыққа дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау. Баршаңызға президенттік тестілерден сәтті өтуге тілектеспін!» — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.

Ауқымды спорттық іс-шара 29-30 маусым күндері өтеді.

@auditpalatasy

Высшая аудиторская палата поздравила выпускников специальности «Государственный аудит»

В Евразийском национальном университете имени Л.Н. Гумилева состоялась церемония вручения дипломов выпускникам образовательной программы «Государственный аудит». В этом году обучение по программе бакалавриата завершили 25 молодых специалистов. От имени Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан выпускников поздравил член ВАП Нурлан Нуржанов.

В этом году Высшая аудиторская палата отмечает 30-летие своей деятельности. На протяжении всех этих лет одним из ключевых направлений ее работы остается подготовка квалифицированных кадров для системы государственного аудита.

Кафедра «Государственный аудит» в ЕНУ была создана в 2018 году по инициативе Высшей аудиторской палаты (на тот момент – Счетного комитета). Специалисты ВАП регулярно участвуют в образовательном процессе, читают лекции, а также содействуют организации практики студентов и их научно-исследовательской деятельности.

Большое внимание уделяется поддержке молодых специалистов. По инициативе Высшей аудиторской палаты был издан учебник «Государственный аудит в Республике Казахстан». Кроме того, выпускники образовательной программы освобождены от сдачи экзамена по дисциплине «Государственный аудит и финансовый контроль» при получении сертификата государственного аудитора. За последние два года около 20 выпускников программы «Государственный аудит» пополнили коллектив Высшей аудиторской палаты.

«Никогда не переставайте совершенствовать свои знания и повышать профессиональную квалификацию. В какой бы сфере вы ни работали, всегда руководствуйтесь принципами честности и справедливости. Желаю вам крепкого здоровья, профессиональных успехов и светлого будущего», — обратился к выпускникам Н. Нуржанов.

@auditpalatasy

Жоғары аудиторлық палата «Мемлекеттік аудит» мамандығының түлектерін құттықтады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Осы жылы бакалавриат бағдарламасы бойынша 25 жас маман оқуын аяқтаған. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының атынан түлектерді Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов құттықтады.

Биыл Жоғары аудиторлық палата 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар бойы мемлекеттік аудит жүйесі үшін білікті кадрлар даярлау Палата қызметінің басым бағыттарының бірі болып келеді.

Атап айтқанда, ЕҰУ-дағы «Мемлекеттік аудит» кафедрасы 2018 жылы Жоғары аудиторлық палатаның (сол кездегі Есеп комитетінің) бастамасымен құрылды. Аудиторлар студенттерге дәріс оқып, оқу процесіне тұрақты түрде қатысады, сондай-ақ білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыруға және ғылыми-зерттеу қызметіне қолдау көрсетеді.

Ең маңыздысы, жас мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2025 жылы Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен студенттер мен жас мамандарға нұсқаулық болатын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит» атты оқулық жарық көрді. Сонымен қатар мемлекеттік аудитор сертификатын алу үшін үміткерлерді оқыту және біліктілік емтихандары шеңберінде осы мамандықты тәмамдағандар «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады. Ал соңғы екі жылда Университеттің «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 20-ға жуық түлегі Жоғары аудиторлық палатаның ұжымына қосылды.

«Білімдеріңізді үнемі жетілдіріп, кәсіби біліктіліктеріңізді арттырудан ешқашан жалықпаңыздар. Қай салада еңбек етсеңіздер де, адалдықты және әділдікті басты қағидат етіп ұстаныңыздар», — деп түйіндеді Нұрлан Нұржанов.

@auditpalatasy

Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz

Парламент рассмотрел заключение ВАП к отчету Правительства об исполнении бюджета за 2025 год

Заключение Высшей аудиторской палаты РК к отчету Правительства об исполнении республиканского бюджета за 2025 год рассмотрено на совместном заседании обеих палат Парламента в пятницу, 26 июня.

В прошлом году исполнение бюджета велось уже в условиях нового Бюджетного кодекса. В частности, госорганам была предоставлена возможность корректировать свои бюджеты без уточнения в пределах

15% лимита. Однако ВАП считает необходимым ограничить объемы таких корректировок, так как на практике размер перераспределений по отдельным программам доходил до 90%.

По мнению госаудиторов, несмотря на стабильный кредитный рейтинг и соблюдение бюджетных параметров, требуется продолжить совершенствование системы управления госдолгом. В числе предложений ВАП: усилить ограничения, точнее считать нагрузку на собственные доходы бюджета, а также проводить оценку влияния займов на рост производительности и экспорта.

Отдельный блок рекомендаций ВАП касается повышения эффективности управления Нацфондом. Палата считает необходимым обеспечить цифровую прослеживаемость средств до конечного получателя, автоматизировать все процессы – от планирования до мониторинга результатов их использования, а также четко регламентировать механизм возврата неиспользованных средств обратно в Нацфонд.

«Благодаря стратегическому решению Главы государства принята программа участия подрастающего поколения в распределении национальных ресурсов «Нацфонд – детям». Полагаем, что неиспользованные средства граждан, достигших совершеннолетия, должны инвестироваться для защиты от инфляционных процессов. Такая практика применяется по невостребованным пенсионным активам», — озвучил председатель ВАП Алихан Смаилов в ходе заседания.

При этом инвестиционный доход, по мнению специалистов ВАП, должен поступать на счет совершеннолетнего владельца накоплений.

Госаудиторы также считают необходимым установить единые требования к расчету стоимости госзаданий – с исключением расходов

не связанных с достижением результата. В частности, из состава госзаданий должны исключаться услуги, представленные на конкурентном рынке, или часть, передаваемая на субподряд.

Еще один актуальный вопрос связан с обеспечением прозрачности финансовых потоков, идущих вне бюджетной системы. ВАП настаивает на том, что годовая отчетность должна содержать сведения по всем внебюджетным фондам. Это позволит сделать корректные выводы об их устойчивости, оценить полноту доходов и прозрачность расходов.

Кроме того, ВАП считает важным отражать в годовом отчете Правительства сведения о достигнутых результатах квазигоссектора, в том числе о целях заимствований, объемах и эффектах господдержки. Главным критерием оценки, по мнению госаудиторов, должно стать повышение благосостояния казахстанцев и экономический рост.

По всем системным проблемам ВАП выработано

26 основных рекомендаций. Предлагаемые меры позволят повысить эффективность использования национальных ресурсов и госуправления в целом.

@auditpalatasy

Парламент 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қарады

2026 жылғы 26 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қорытындысы қаралды.

Өткен жылы бюджеттің атқарылуы жаңа Бюджет кодексі жағдайында жүзеге асырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарға өз бюджеттерін 15% лимит шегінде нақтылаусыз түзету мүмкіндігі берілді. Алайда Жоғары аудиторлық палата мұндай түзетулердің көлемін шектеу қажет деп санайды, өйткені іс жүзінде жекелеген бағдарламалар бойынша қаражатты қайта бөлу көлемі 90%-ға дейін жеткен.

Мемлекеттік аудиторлардың пікірінше, кредит рейтингінің тұрақтылығына және бюджет параметрлерінің сақталғанына қарамастан, мемлекеттік борышты басқару жүйесін одан әрі жетілдіру қажет. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата шектеулерді күшейтуді, борыш жүктемесінің бюджеттің меншікті кірістеріне әсерін дәлірек есептеуді, сондай-ақ қарыздардың еңбек өнімділігінің артуына, экспорт көлемінің ұлғаюына ықпалын бағалауды ұсынады.

Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарының жеке бөлігі Ұлттық қорды басқару тиімділігін арттыруға қатысты. Палата Ұлттық қор қаражатының түпкілікті алушыға дейінгі қозғалысын цифрлық форматта толық қадағалауды қамтамасыз етуді, қаражатты жоспарлаудан бастап оны пайдалану нәтижелерін бақылауға дейінгі барлық процесті автоматтандыруды, сондай-ақ игерілмеген қаражатты Ұлттық қорға қайтару механизмін нақты регламенттеуді қажет деп санайды.

«Мемлекет басшысының стратегиялық шешімінің арқасында өскелең ұрпаққа ұлттық ресурстарды бөлуге қатысуға мүмкіндік беретін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қабылданды. Кәмелетке толған азаматтардың шоттарында пайдаланылмаған қаражатты инфляциялық процестерден қорғау үшін инвестициялау керек деп есептейміз. Мұндай тәжірибе зейнетақы активтері бойынша қолданылады», — Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Аудиторлардың пікірінше, инвестициялық кіріс кәмелетке толған жинақ иесінің шотына түсуі тиіс.

Сондай-ақ мемлекеттік аудиторлар нәтижеге қол жеткізуге байланысты емес шығыстарды енгізбей, мемлекеттік тапсырмалардың құнын есептеудің бірыңғай талаптарын енгізу қажет деп санайды. Мемлекеттік тапсырмалар құрамынан бәсекелестік нарықтағы бар қызметтер немесе қосалқы мердігерлікке берілетін тапсырыстар алынып тасталуы керек.

Тағы бір өзекті мәселе – бюджет жүйесінен тыс қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз ету. Жоғары аудиторлық палата жылдық есепте бюджеттен тыс қорларға қатысты мәліметтер толыққанды қамтылуы тиіс деп есептейді. Бұл олардың тұрақтылығы туралы қорытынды жасауға, кірістердің толықтығын, шығыстардың айқындығын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата Үкіметтің жылдық есебінде квазимемлекеттік сектор қызметінің нәтижелері, оның ішінде қарыз алу мақсаттары, мемлекеттік қолдаудың көлемі мен оның тиімділігі туралы ақпараттың болуы маңызды деп санайды. Оларды бағалаудың басты критерийі азаматтардың әл-ауқатын арттыру және экономикалық өсу болуы тиіс.

Қорытындылай келе, жүйелі сипаттағы барлық мәселе бойынша Жоғары аудиторлық палата 26 ұсыным берді. Ұсынылып отырған шаралар ұлттық ресурстарды пайдалану тиімділігін және жалпы мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

@auditpalatasy

Коммерческие площади в аэропортах Казахстана будут сдавать только на конкурсной основе после аудита ВАП

По предписанию Высшей аудиторской палаты РК внесены изменения в правила ведения коммерческой деятельности на территории аэропортов. Доступ предпринимателей к арендным площадям теперь регулируется едиными конкурсными условиями.

Необходимость в мерах была выявлена в результате аудита эффективности использования государственных ресурсов в городе Астана.

По итогам проверки ВАП поручила Министерству транспорта внести изменения в правила доступа и оказания услуг на территории аэропортов (аэродромов), не относящихся к аэропортовской деятельности. А именно – закрепить передачу арендных площадей для объектов общественного питания и автоматов по продаже продуктов и упаковке багажа исключительно на конкурсной основе.

Конкурсный отбор создаст прозрачные и равные условия для всех потенциальных арендаторов, снизит риски необоснованного выбора поставщиков услуг и повысит эффективность использования имущества аэропортов. Кроме того, выбор наиболее выгодных предложений увеличит собственные доходы аэропортов от аренды.

Исполнение других поручений и рекомендаций ВАП по итогам проведенного аудита остается на контроле.

@auditpalatasy

Қазақстан әуежайларындағы коммерциялық алаңдар Жоғары аудиторлық палата аудитінен кейін конкурстық негізде ғана берілетін болады

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша әуежайлар аумағында коммерциялық қызметті жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Кәсіпкерлердің жалдау алаңдарына қолжетімділігі енді бірыңғай конкурстық шарттармен реттеледі.

Мұндай шараларға қажеттілік Астана қаласында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесінде анықталды.

Жоғары аудиторлық палата тексеру қорытындысы бойынша Көлік министрлігіне әуежайдың (әуеайлақ) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларына өзгерістер енгізуді тапсырды. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану объектілері мен азық-түлік сату және багажды орау автоматтары үшін жалға берілетін алаңдардың тек конкурстық негізде берілуін бекітуді тапсырылды.

Конкурстық іріктеу барлық жалға алушы үшін тең жағдай жасап, қызмет көрсетушілерді негізсіз таңдау тәуекелдерін азайтады және әуежайлардың мүлкін пайдалану тиімділігін арттырады. Сонымен қатар ең тиімді ұсыныстарды таңдау әуежайлардың жалға беруден түсетін меншікті кірістерін арттырады.

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның басқа да тапсырмалары мен ұсынымдарының орындалуы бақылауда болады.

@auditpalatasy

Правовые акты, регулирующие меры государственной поддержки частного предпринимательства, актуализированы в Казахстане

В Казахстане актуализированы правовые акты, регулирующие меры государственной поддержки промышленности, по которым компании-получатели берут на себя встречные обязательства перед государством. Соответствующая работа проведена по предписанию Высшей аудиторской палаты.

Необходимость в принятии таких мер была выявлена по итогам аудита эффективности господдержки бизнеса, который ВАП провела в 4 квартале 2025 года.

Министерству торговли и интеграции РК было поручено обновить правила предоставления господдержки промышленным предприятиям. А именно: четко прописать встречные обязательства для компаний, получающих меры поддержкив виде экспортного и предэкспортного финансирования, страхования, перестрахования и гарантирования сделок по продвижению несырьевого экспорта.

На сегодняшний день все необходимые поправки уже вступили в силу.

Помимо этого, по предписанию ВАП Министерством торговли также были внесены поправки в правила оказания господдержки субъектам внутренней торговли, вводимые в действие с 12 июля 2026 года. В частности, определен полный перечень документов, необходимых для получения поддержки, внесены изменения в типовые формы договоров субсидирования части ставки вознаграждения и гарантирования по кредитам, а также порядок мониторинга исполнения встречных обязательств субъектами внутренней торговли.

Озвученные изменения направлены на повышение прозрачности господдержки, снижение риска ее формального использования и рост отдачи от бюджетных вложений.

@auditpalatasy

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын реттейтін құқықтық актілер өзектендірілді

Қазақстанда өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шараларын реттейтін құқықтық актілер өзектілендірілді. Оған сәйкес қолдау алған компаниялар мемлекет алдында қарсы міндеттемелер қабылдайды. Тиісті жұмыс Жоғары аудиторлық палата нұсқамасы бойынша жүргізілді.

Мұндай шаралар қабылдау қажеттілігі Жоғары аудиторлық палата жүргізген бизнесті мемлекеттік қолдау тиімділігіне аудит қорытындысы бойынша анықталды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігіне өнеркәсіптік кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларын жаңарту тапсырылды. Атап айтқанда: экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру, сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру түріндегі қолдау шараларын алатын компаниялар үшін қарсы міндеттемелерді нақты белгілеу тапсырылды.

Бүгінгі таңда барлық қажетті түзету күшіне енді.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата ұсынымы бойынша Сауда министрлігі ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларына түзетулер енгізді. Олар 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енеді. Атап айтқанда, қолдау алу үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі анықталды, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру шарттарының үлгілік нысандарына, сондай-ақ ішкі сауда субъектілерінің қарсы міндеттемелерді орындауын бақылау тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қолдаудың ашықтығын арттыруға, оның формальді пайдаланылу тәуекелін төмендетуге және бюджеттік салымдардан түсетін қайтарымды арттыруға бағытталған.

@auditpalatasy

Госаудит по полочкам. Как проверяется качество государственного аудита в Казахстане

Чтобы аудит был объективным и корректным, он обязательно проходит внутреннюю проверку качества. Проводят ее аудиторы, которые не участвовали в самой аудиторской проверке, чтобы полностью исключить предвзятость.

Контроль качества строится на следующих принципах

независимость – никто не вправе давить на того, кто проводит проверку. Аудитор по качеству работает без внешнего влияния

объективность – строгое следование законодательству РК, единый подход ко всем проверкам, никакого конфликта интересов. Каждый вывод должен быть подкреплен документами

прозрачность – результаты внутреннего контроля должны излагаться понятно, чтобы любая заинтересованная сторона могла в них разобраться

компетентность – проверять качество могут только те, кто обладает необходимыми профессиональными знаниями и навыками

достоверность – все выводы должны подтверждаться оригиналами документов или их скан-копиями, а также ссылками на конкретные нормы закона, которые были нарушены.

Под контроль попадают все этапы аудиторской деятельности и следующие документы

– материалы предварительного изучения объекта аудита и проект программы аудита

– проекты аудиторских отчетов с подтверждающими документами, реестры выявленных нарушений, таблицы системных недостатков

– заключения привлеченных экспертов

– проекты аудиторского заключения, постановления и предписаний, сводные реестры нарушений

– отчеты о том, как объекты аудита исполняют выданные рекомендации и предписания.

Иными словами, во время контроля качества государственного аудита проверяется все – от первого шага в рамках проведенной проверки до финального исполнения итоговых поручений. Такой подход гарантирует, что аудит в Казахстане проводится объективно и в соответствии со всеми стандартами.

@auditpalatasy

Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Мемлекеттік аудит сапасы қалай тексеріледі?

Аудит объективті әрі сапалы жүргізілуі үшін ол міндетті түрде ішкі сапа бақылауынан өтеді. Бұл бақылауды сол аудитке қатыспаған аудиторлар жүзеге асырады. Осылайша субъективтілік пен біржақтылыққа жол берілмейді.

Сапаны бақылау мынадай қағидаттарға негізделеді

тәуелсіздік – тексерісті жүзеге асыратын тұлғаға ешкім қысым көрсете алмайды. Сапа тексерісін жүргізетін аудитор сыртқы ықпалға тәуелсіз жұмыс істейді

объективтілік – ҚР заңнамасын қатаң сақтау, барлық тексеруге бір тәсілді қолдану және мүдделер қақтығысына жол бермеу. Әрбір қорытынды тиісті құжаттармен расталады

ашықтық – ішкі бақылау нәтижелері кез келген мүдделі тарапқа түсінікті болуы үшін нақты баяндалуы қажет

құзыреттілік – сапаны тек қажетті кәсіби білімі мен тәжірибесі бар мамандар ғана тексере алады

сенімділік – нәтиже құжаттардың түпнұсқаларымен немесе олардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ бұзылған заңнама нормаларына нақты сілтемелермен расталуы тиіс.

Сапаны бақылау барысында аудиторлық қызметтің барлық кезеңі және мына құжаттар тексеріледі

– аудит объектісін алдын ала зерделеу материалдары және аудит бағдарламасының жобасы

– аудиторлық есептердің жобалары және оларды растайтын құжаттар, анықталған бұзушылықтардың тізілімдері, жүйелік кемшіліктер кестелері

– сарапшылардың қорытындылары

– аудиторлық қорытындының, қаулының және нұсқамалардың жобалары, бұзушылықтардың жиынтық тізілімдері

– аудит объектілерінің берілген ұсынымдар мен нұсқамаларды орындауы туралы есеп.

Яғни, мемлекеттік аудит сапасын бақылау барысында жұмыстың алғашқы кезеңінен бастап қорытынды тапсырмалардың орындалуына дейін толық тексеріледі. Мұндай тәсіл мемлекеттік аудиттің объективті түрде және барлық белгіленген стандартқа сәйкес жүргізілуіне кепілдік береді.

@auditpalatasy