Архив доступен 5 437 сообщений С 2020 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Конституция – жаңа Қазақстанның іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Заң» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, Шымкент қаласы Әділет департаментінің өкілдері, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов және өзге де сала мамандары қатысты.

Жиында 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияның ерекшеліктері талқыланып, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтудың маңызы айтылды. Сондай-ақ жаңа Конституцияда айқындалған адами капиталды дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, білім мен ғылымның стратегиялық рөлін арттыру мәселелері сөз болды. Қатысушылар жаңа және қолданыстағы Конституцияларға салыстырмалы-құқықтық талдау жасап, негізгі өзгерістердің қоғамдық-саяси маңызына тоқталды.

«Заң» факультетінің деканы, з.ғ.к. Мақсат Елікбай Конституцияның мемлекет тұрақтылығы мен азаматтық қоғамның дамуына негіз болатын маңызды құжат екенін атап өтті.

– Конституцияны құрметтеу және оның талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті. Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін оның нормаларын түсіндіру және жүзеге асыру бағытында тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, – деді ол.

«Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасы ұйымдастырған іс-шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және конституциялық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫ СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕРГЕ ЖАЛҒАСТЫ

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өтіп жатқан «Химия – 2026: Ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция секциялық отырыстар форматында жалғасты. Барлығы 8 секция бойынша химия ғылымының өзекті бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, қазіргі химияның іргелі және қолданбалы аспектілері, бейорганикалық заттар мен материалдардың инновациялық технологиялары, органикалық синтез және мұнай химиясы, фармацевтикалық инженерия мен биотехнологиялық процестер, экология және жасыл химия, сондай-ақ химиялық өндірістердің тұрақты дамуы мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар силикатты, металлургиялық және композициялық материалдар, мұнай-газ технологиялары мен шикізатты өңдеудің химиялық процестері және педагогикалық химия мен химиялық білім берудің заманауи трендтері секілді бағыттар бойынша да мазмұнды пікір алмасу өтті.

Секциялық отырыстар барысында студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар құрамы өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынып, нәтижелерін талқылауға салды. Ғалымдар мен сарапшылар ұсынылған зерттеулерге баға беріп, олардың практикалық маңызы мен даму перспективаларын атап өтті.

ҒЫЛЫМҒА ТАҒЗЫМ: «ХИМИКТЕР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Бүгінгі күн Әуезов университетінің тарихындағы айтулы әрі ерекше күндердің бірі ретінде есте қалды. «Химия–2026: ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында университет аумағында жаңа нысан – «Химиктер аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аллеяның ашылуына елімізге және шетелге танымал ғалымдар, академиктер, конференция қонақтары қатысты. Бұл игі бастама химия ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымдардың еңбегін ұлықтауға, жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға және ғылыми сабақтастықты нығайтуға бағытталған.

Алдымен қонақтар академик Сұлтан Сүлейменовтың рухына тағзым етіп, ескерткіштеріне гүл қойды.

«Мұнай өңдеу және мұнай химиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры, ҚР ҰҒА Құрметті президенті, академик, профессор, х.ғ.д., ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, университетіміздің түлегі Жұрынов Мұрат Жұрынұлы құттықтау сөзінде аллеяның ғылым мен білімге құрметтің символына айналатынын, оның студенттер мен жас зерттеушілерге шабыт беретін ерекше орын болатынына сенім білдірді.

Университетіміздің 1988–1991 жылдары аралығында ректоры болған, х.ғ.д., профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Наурызбаев Михаил Касымович бұл ғалымдарға көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

«Химиктер аллеясы» – химия ғылымының өткенін дәріптеп қана қоймай, болашақ ғылыми жетістіктерге жол ашатын тағылымды кеңістік ретінде университет тарихынан орын алатыны сөзсіз.

Academician of the NAS RK M.M. Burkitbaev delivered the next speech. In his report on the topic 'Academician A.B. Bekturov — the founder of chemical science and education in Kazakhstan', he provided a detailed overview of domestic chemical science and the scientist's work.

During the conference, a ceremony was held to sign memorandum of partnership with 'EcoPharm International' LLP, 'Shymkentcement' LLP and 'Shymkent Chemical Company' LLP. The aim of this partnership is to strengthen the relationship between science and industry.

The international conference was attended by scientists and experts from Kazakhstan, China, Poland and Pakistan, who shared their experiences of sustainable scientific, innovative and industrial development. Plenary speakers

Abdurasul Aldashevich Zharmenov – Academician of the NAS RK, Doctor of Technical Sciences, Professor, Laureate of the State Prize of the Republic of Kazakhstan.

Saltanat Orazalievna Teleuova – Executive Director of the Branch of the D. Mendeleev University of Chemical Technology of Russia in Taraz.

Rashid Kazimovich Nadirov – Candidate of Chemical Sciences, Professor, Director General of the RSE "Institute of Combustion Problems" of the Science Committee of the Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan.

«ХИМИЯ – 2026: ОСНОВА УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ НАУКИ И ПРОИЗВОДСТВА»: НАЧАЛАСЬ МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ, ОБЪЕДИНИВШАЯ ОТЕЧЕСТВЕННЫХ И МИРОВЫХ УЧЕНЫХ

Химическая отрасль является одним из важнейших направлений экономики Казахстана. Для укрепления связи между наукой и производством в данном направлении в Южно-Казахстанском университете имени М. Ауэзова началась международная научно-практическая конференция «Химия – 2026: Основа устойчивого развития науки и производства».

На церемонии открытия мероприятия Председатель Правления – ректор Дархан Ахмед-Заки зачитал поздравление Министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбека и пожелал плодотворной работы участникам конференции.

Следующим выступил академик НАН РК М.М. Буркитбаев. В своем докладе на тему «Академик АН КазССР А.Б. Бектуров — основатель химической науки и образования в Казахстане» он подробно рассказал об отечественной химической науке и трудах ученого.

Гости международного форума

академик НАН РК, профессор, д.х.н. М.Ж. Журинов

академик НАЕН РК, д.т.н., профессор М.. Наурызбаев

Академик НАН РК, профессор, д.х.н. А.Б. Баешов выступил с приветственным словом и отметил современные достижения в химической науке и ее важность для развития экономики страны. Также свои поздравления в онлайн-формате передали профессор Назарбаев Университета, PhD (Chemistry) Н. Нурай, директор филиала Российского химико-технологического университета имени Д.И. Менделеева в городе Тараз Н.А. Макаров и ведущий научный сотрудник Arizona State University (США), PhD А.О. Балабиев.

В рамках конференции состоялась церемония подписания меморандумов о партнерстве с ТОО «ЭкоФарм Интернейшнл», ТОО «Шымкентцемент» и ТОО «Шымкентская химическая компания», направленных на укрепление взаимного сотрудничества между наукой и производством.

В международной конференции приняли участие ученые и эксперты из Казахстана, Китая, Польша и Пакистана, которые поделились своим опытом в области устойчивого развития науки, инноваций и производства. Пленарные докладчики

Жарменов Абдурасул Алдашевич – академик НАН РК, д.т.н., профессор, лауреат Государственной премии РК.

Тони Чжу – заместитель директора Международного департамента Центра международного обмена и услуг (IESC) (Китай).

Дэвид Янас – профессор Силезского технологического университета, заместитель декана по науке и сотрудничеству, руководитель исследовательской группы функциональных наноматериалов (Польша).

Лу Сяолинь – директор Национального научного парка Баошань Фуданьского университета (Китай).

Икбал М. Чоудхари – PhD, лауреат премии Мустафы (PBUH), генеральный координатор COMSTECH (Пакистан).

Ли Сируй – профессор Усунской лаборатории материалов (Китай).

Телеуова Салтанат Оразалиевна – исполнительный директор филиала Российского химико-технологического университета имени Д.И. Менделеева в городе Тараз.

Надиров Рашид Казимович – к.х.н., профессор, генеральный директор РГП «Институт проблем горения» Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК.

Айменов Жамбыл Талхаевич – д.т.н., профессор, академик Национальной академии естественных наук РК, академик РААСН (РФ).

_

"CHEMISTRY – 2026: THE FOUNDATION FOR SUSTAINABLE DEVELOPMENT OF SCIENCE AND INDUSTRY" INTERNATIONAL CONFERENCE HAS BEGUN

The chemical industry is one of the most vital sectors of the Kazakhstani economy. In order to strengthen the relationship between science and industry in this sector, the international scientific and practical conference 'Chemistry – 2026: The Foundation of Sustainable Development of Science and Industry' has begun at M. Auezov South Kazakhstan University.

At the opening ceremony, the Chairman of the Board and Rector, Darkhan Ahmed-Zaki, read out a congratulatory message from Sayasat Nurbek, the Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan, and wished the conference participants fruitful work.

«ХИМИЯ – 2026: ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ»: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

Қазақстан экономикасының маңызды бағыттарының бірі – химия саласы. Осы бағыттағы ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Химия – 2026: Ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шараның ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед Заки

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын жеткізіп, ғылыми конференцияның жұмысына сәттілік тіледі.

Кезекті сөз алған ҚР ҰҒА академигі М.М.Бүркітбаев «ҚазКСР ҒА академигі А.Б. Бектұров - Қазақстандағы химия ғылымы мен білімінің негізін қалаушы» тақырыбында баяндамысында отандық химия ғылымына және акдемиктің еңбегіне терең тоқталды.

Халықаралық жиынның қонақтары

ҚР ҰҒА академигі, профессор, х.ғ.д. - М.Ж.Жұрынов

ЖҒҰА академигі, т.ғ.д., профессор, - М.Қ.Наурызбаев

ҚР ҰҒА академигі, профессор, х.ғ.д., - Ә.Б.Баешов құттықтау сөз сөйлеп, химия ғылымындағы заманауи жетістіктер мен оның ел экономикасын дамытудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ құттықтау сөздерін Назарбаев университетінің PhD (Chemistry), профессор - Н.Нурай, Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің филиалының директоры - Н.А.Макаров, АҚШ-тағы Arizona State University жетекші ғылыми қызметкері, PhD - А.О. Балабиев онлайн арқылы жеткізді.

Конференция аясында «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС, «Шымкентцемент» ЖШС, «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС-мен ғылым мен өндіріс арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған серіктестік туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Халықаралық конференцияға Қазақстан, Қытай, Польша және Пәкістан елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар қатысып, ғылым, инновация және өндірістің тұрақты дамуына қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Пленарлық баяндамашылар

Жарменов Абдурасул Алдашұлы – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ,д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Тони Чжу – Халықаралық алмасу және қызмет көрсету орталығының (IESC) Халықаралық департаменті директорының орынбасары (Қытай).

Дэвид Янас – Силезия технологиялық университетінің профессоры, ғылым және ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары, функционалды наноматериалдар зерттеу тобының жетекшісі (Польша).

Лу Сяолинь – Фудан университетінің Баошань ұлттық ғылыми паркінің директоры (Қытай).

Икбал М. Чоудхари – PhD, Мұстафа сыйлығының лауреаты (PBUH), COMSTECH Бас үйлестірушісі (Пәкістан).

Ли Сируй – Усун материалдар зертханасының профессоры (Қытай).

Телеуова Салтанат Оразалықызы – Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университеті филиалының атқарушы директоры.

Надиров Рашид Казимұлы – х.ғ.к., профессор, ҚР ҒЖБ министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемалары институты» РМК Бас директоры

Айменов Жамбыл Талхаұлы – т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, РААСН (РФ) академигі.

КОЛЛЕКТИВ АУЭЗОВ УНИВЕРСИТЕТА С УВАЖЕНИЕМ ПРОВОДИЛ ДАРХАНА АХМЕДА-ЗАКИ

Сегодня состоялось внеочередное заседание Ученого совета под председательством Председателя Правления-ректора Дархана Ахмеда-Заки. На заседании совета была презентована стратегия цифровой трансформации университета и представлен список кандидатов на присуждение стипендии Президента РК. Предложения были единогласно поддержаны.

Получив слово, Дархан Ахмед-Заки сообщил, что ему была предложена новая ответственная должность, и выразил искреннюю признательность всем коллегам за совместный труд и их вклад в развитие учебного заведения.

К встрече в онлайн-формате подключился министр науки и высшего образования Республики Казахстан Саясат Нурбек. Он дал высокую оценку достижениям университета за последние годы и особо отметил заслуги Дархана Жумакановича в развитии сферы образования и науки, повышении международного авторитета вуза. Также министр поздравил Д. Ахмеда-Заки с получением почетного нагрудного знака «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан». Награду в торжественной обстановке вручила вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова.

За период руководства Дархана Жумакановича в университете реализованы масштабные проекты и важные инициативы. Качество образования поднялось на новый уровень, увеличились темпы научно-исследовательской работы. Расширено международное сотрудничество, модернизирована материально-техническая база университета.

В этот период проводилась системная работа по открытию филиала одного из престижных вузов мира - Университет штата Аризоны, была заложена капсула важного проекта. Также укрепились партнерские связи с ведущими вузами Китая, открылись новые возможности международного академического сотрудничества.

В ходе совещания представители ППС вуза отметили профессиональную квалификацию Д. Ахмеда-Заки, его новаторские инициативы и вклад в развитие университета. Они пожелали ему дальнейших успехов в новой должности и профессиональных достижений.

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ДАРХАН ЖҰМАҚАНҰЛЫН ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Закидің төрағалығымен ғылыми кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Кеңес отырысында университеттің цифрлық трансформация стратегиясының жүзеге асырылуы, ҚР Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлердің тізімі ұсынылып, ұсыныстар қолдау тапты.

Кезекті сөз алған Дархан Ахмед-Заки өзіне жаңа жауапты қызметтің ұсынылғанын жеткізіп, осы уақытқа дейін бірге еңбек етіп, оқу орнының дамуына үлес қосқан әріптестеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Басқосуға онлайн қосылған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттің соңғы жылдардағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, Дархан Жұмақанұлының білім мен ғылым саласын дамытудағы, оқу орнының халықаралық беделін арттырудағы еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар министр отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Дархан Жұмақанұлын «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісімен марапатталуымен құттықтады. Марапатты салтанатты түрде жиынға арнайы қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім вице министрі Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы табыстады.

Дархан Жұмақанұлының басшылығы кезеңінде университетте ауқымды жобалар мен маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Білім беру сапасы жаңа деңгейге көтеріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарқыны артты. Халықаралық ынтымақтастық кеңейіп, университеттің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды.

Осы кезеңде әлемдегі беделді жоғары оқу орындарының бірі – Аризона университетінің филиалын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде маңызды жобаның капсуласы қаланды. Сондай-ақ Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстар нығайып, халықаралық академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ашылды.

Жиын барысында әріптестер басшының кәсіби біліктілігін, жаңашыл бастамаларын және университеттің дамуына қосқан еңбектерін атап өтіп, алдағы жауапты қызметіне табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тіледі!

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің белсенді студенттері арнайы қонақ ретінде Әуезов университетіне келді. Қонақтарды университеттің Жастар орталығының директоры Е. Анарханұлы мен белсенді студенттері қарсы алды.

Кездесу барысында екі жоғары оқу орнының студенттік ұйымдары өзара тәжірибе алмасып, көшбасшылықты дамыту, ұйымшылдықты нығайту және студенттік өмірді жандандыру бағытында жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, қонақтар университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, оқу орнының заманауи инфрақұрылымы мен студенттердің белсенді қоғамдық өміріне жоғары бағаларын берді.

Аталған кездесу екі университет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға жол ашқан маңызды алаңға айналды. Осындай кездесулер жастардың жан-жақты дамуына серпін беріп, жаңа идеялар мен тың бастамалардың жүзеге асуына ықпал етеді.

Алдағы уақытта да екі оқу орны арасындағы байланыс нығайып, бірлескен жобалар мен нәтижелі ынтымақтастық жалғасады деп сенеміз.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР: БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ, ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ САЯСАТ

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде университеттің білім беру қызметін жетілдіру, қабылдау науқанын ұйымдастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, кадрлық саясатты жүзеге асыру және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе бойынша Академиялық мәселелер және оқу үдерісінің сапасы жөніндегі департамент директоры Наукенова А.С. университеттің жоғары мектептері мен факультеттерінде оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерінің қолданылуы туралы кеңінен баяндады. Мұнда білім беру үдерісін цифрландыру, интерактивті оқыту құралдарын енгізу және білім сапасын арттыру бағытындағы жүзеге асырылып жатқан жұмыстар талқыланды. Мұнан соң Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры Заурбеков Т.Т. университеттің 2026 жылғы қабылдау науқанын өткізуге дайындық барысы жөнінде баяндап, талапкерлерді тарту және кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту мәселелеріне тоқталды.

Жастар орталығының директоры Анарханұлы Е. мен студенттік омбудсмен Сағынтай С.Қ. 2025-2026 оқу жылындағы студенттік кеңестің атқарған жұмыстары мен студенттік өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі міндеттері туралы баяндады. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Жұмысқа орналастыру және құзыреттілік орталығының директоры Аубакирова Т.С. университеттің даму стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Alumni Upgrade» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, жаңа бағдарламалармен таныстырды.

Адами ресурстарды дамыту департаментінің директоры Даулетов А.М. университеттің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, кадрлық әлеуетті нығайту және қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету шараларына тоқталды.

Сонымен қатар отырыста Ғылыми кеңес құрамына өзгерістер енгізу, университет ОПҚ-ны «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына ұсыну, ОПҚ-ның монографияларын, оқулықтары мен оқу құралдарын баспадан шығаруға ұсыну, диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру, докторантураның БББ-сы топтарына қабылдау емтихандарының сұрақтары мен эссе тақырыптарын бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қарастырылды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА МҮМКІНДІКТЕРІН ТАНЫСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғалымдарға көрсетілетін қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Отандық ғалымдар мен жас зерттеушілерге халықаралық білім беру және ғылыми тағылымдама мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған іс-шараға профессор-оқытушылар, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттары қатысты.

Университеттің Басқарма мүшесі-бірінші проректор Кұрманғалы Сарыкулов іс-шараны ашып, ақпараттық кездесудің маңыздылығына тоқталды. Кездесудің спикері, Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Қайсар Еркінбаев «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін 14 мыңнан астам түлек даярланғанын айтып, бағдарламаның еліміздегі кадрлық әлеуетті дамытуға қосып отырған үлесіне тоқталды.

Қайсар Қайратұлы «Болашақ» бағадрламасы және ғылыми тағыламдама бағытын кеңінен түсіндіріп, соңғы өзгерістерді таныстырды. Мәселен, «Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысушылар үшін кепілдік қамтамасыз ету тетіктерінің жеңілдетілгенін, үміткерлерден жылжымайтын мүлікті кепілге қою талабы алынып тасталған жеткізді. Сонымен қатар конкурсқа қатысу талаптары, қатысушылардың санаты, іріктеу кезеңдері, үміткерлерге қойылатын негізгі критерийлер және құжаттарды рәсімдеу тәртібін егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу барысында университеттің магистранттары мен докторанттары «Болашақ» бағдарламасына қатысты тілдік талаптар, стипендия мөлшері, шетелдік жоғары оқу орындарын таңдау критерийлері, университеттердің рейтингі және құжат тапсыру тәртібі жөнінде сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауап алды.

НАГРАЖДЕНЫ ЛУЧШИЕ СТУДЕНТЫ УНИВЕРСИТЕТА АУЭЗОВА

Студенты ЮКУ имени М. Ауэзова ежегодно демонстрируют высокие результаты на предметных олимпиадах, конкурсах научных проектов, творческих и спортивных соревнованиях республиканского и международного уровней. В этом году наша молодежь также заняла призовые места в различных соревнованиях и пополнили копилку университета очередными победами.

В связи с этим в Университете Ауэзова прошла церемония награждения лучших студентов, которые отличились на предметных, научных и спортивных соревнованиях республиканского и международного масштаба, тем самым высоко подняв авторитет вуза.

В ходе мероприятия проректор по академическим вопросам Ернар Имангалиев поздравил студентов с их достижениями и отметил, что главная цель встречи — собрать гордость университета вместе, познакомить их друг с другом и создать возможность для дружбы.

Мы желаем молодежи, защищающей честь университета, огромных успехов и новых побед в будущем!

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚУ-де университетінің студенттері жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында, шығармашылық және спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, оқу орнының абыройын асқақтатып келеді. Биыл да талантты жастар түрлі додада топ жарып, университет қоржынына кезекті жеңістерін салды.

Осы орайда Әуезов университетінде республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік, ғылыми және спорттық жарыстарда топ жарып, оқу орнының мерейін асқақтатқан үздік студенттерді марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Иманғалиев студенттерді жарқын жетістіктерімен құттықтап, кездесудің басты мақсаты – университет мақтаныштарын бір ортаға жинап, өзара таныстырып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасау екенін атап өтті.

Университет абыройын асқақтатып жүрген белсенді жастарға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

The value of such international forums lies not only in presentations and debates, but also in the opportunity to bridge higher education institutions across different countries, cultures, and educational systems. Through the exchange of experience, professional dialogue, and partnership development, universities discover new approaches to addressing global challenges in higher education.

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ СИНГАПУРДА ӨТКЕН QS EDUDATA SUMMIT 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 3–4 маусым күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің делегациясы Сингапурда өткен QS EduData Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты. Халықаралық саммит әлемнің түкпір-түкпірінен келген университет басшыларын, ғалымдарды, білім беру саясатын қалыптастырушыларды, білім беру деректері саласының мамандарын және білім беру инновацияларының өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.

Саммит барысында университет өкілдері жоғары білім берудегі цифрлық трансформациялау, білім беру деректерін талдау, халықаралық рейтингтер, академиялық беделді арттыру, сондай-ақ жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері сияқты өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

Іс-шара аясында білім беру деректері мен жасанды интеллект саласының болашағын айқындайтын жаңа үрдістер мен инновациялық шешімдер таныстырылып, саммит барысында көтерілген маңызды тақырыптарға жан-жақты талдау жасалды.

Халықаралық деңгейдегі іс-шара маңызы тек баяндамалар мен пікірталастармен шектелген жоқ. Олар әртүрлі елдердің ЖОО, мәдениеттерін және білім беру жүйелерін өзара жақындастырып, тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог орнатуға және серіктестік байланыстарды нығайтуға кең мүмкіндік берді. Осындай өзара ықпалдастықтың нәтижесінде университеттер жоғары білім беру саласының алдында тұрған жаһандық өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіріп, тиімді тәжірибелерді қалыптастырады.

ДЕЛЕГАЦИЯ ЮКУ ИМ. М. АУЭЗОВА ПРИНЯЛА УЧАСТИЕ В МЕЖДУНАРОДНОМ САММИТЕ QS EDUDATA SUMMIT 2026 В СИНГАПУРЕ

3–4 июня 2026 года делегация Южно-Казахстанского университета им. М. Ауэзова приняла участие в международном саммите QS EduData Summit 2026, проходившем в Сингапуре. Это масштабное мероприятие объединило руководителей вузов, исследователей, экспертов в сфере образовательной политики, специалистов по анализу данных и инноваторов в области образования со всего мира.

В ходе саммита представители ЮКУ им. М. Ауэзова активно участвовали в дискуссиях, посвящённых цифровой трансформации высшего образования, анализу образовательных данных, международным рейтингам и укреплению академической репутации. Особое внимание было уделено внедрению искусственного интеллекта в образовательный процесс, включая его новые возможности и потенциальные вызовы.

На площадках форума были представлены передовые тенденции и инновационные решения, формирующие будущее сферы данных и ИИ, что задало вектор для ключевых дискуссий мероприятия.

Ценность подобных международных встреч заключается не только в презентациях и докладах, но и в возможности объединить высшие учебные заведения разных стран, культур и образовательных систем. Благодаря обмену опытом, профессиональному диалогу и развитию партнёрских связей университеты находят новые подходы к решению глобальных задач, стоящих перед мировым высшим образованием.

DELEGATION OF M. AUEZOV SKU ATTENDED THE INTERNATIONAL QS EDUDATA SUMMIT 2026 IN SINGAPORE

On June 3–4, 2026, a delegation from the M. Auezov South Kazakhstan University participated in the international QS EduData Summit 2026 in Singapore. The event brought together university leaders, researchers, education policy-makers, educational data specialists, and innovators from around the world.

During the summit, the university representatives took an active part in discussions focusing on the digital transformation of higher education, educational data analysis, international rankings, academic reputation, and the integration of artificial intelligence into the educational process, including its opportunities and potential challenges.

The summit highlighted emerging trends and innovations shaping the future of data and artificial intelligence, setting the tone for the core topics discussed throughout the event.

«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Әуезов университетіне «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінен 80-ге жуық оқушы арнайы келді. Бұл тағылымды жоба аясында бір жыл бойы оқу мен қоғамдық өмірде жоғары нәтижелер көрсеткен үздік оқушыларға еліміздің өзге өңірлеріне зерттеу сапарына шығу мүмкіндігі беріледі.

Шымкентке жолдама алған дарынды жастар Әуезов университетінің музейін аралап, оқу орнының бай тарихы, жетістіктерімен танысты.

Сонымен қатар, экспедиция барысында оқушылар қаланың тарихи-мәдени мұрасын тереңірек тану мақсатында Шымкенттегі маңызды нысандарды аралап, өңірдің өткені мен бүгінін зерттейтін болады. Бұл сапар жас зерттеушілердің таным көкжиегін кеңейтіп, туған елдің тарихы мен құндылықтарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

М. Әуезов университетінің командасы республикалық волейбол турнирінің жеңімпазы атанды

2026 жылғы 4–6 маусым аралығында Шымкент қаласында профессор, академик Әбдімұса Қуатбековті еске алуға арналған волейболдан республикалық турнир өтті. Дәстүрлі спорттық додаға еліміздің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамаларынан жасақталған командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Аталған жарысқа Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамасы да қатысып, жоғары шеберлік пен ұйымшылдық танытты. Турнир барысында барлық қарсыластарынан басым түсіп, нәтижесінде команда І орынға ие болды.

Бұл жеңіс университет ұжымының спортқа деген ерекше ықыласын, салауатты өмір салтын насихаттаудағы белсенділігін және командалық бірлігінің жоғары деңгейін айқын көрсетті.

Жеңімпаздарды айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Әуезов университетінде Халықаралық экологтар күніне арналған дөңгелек үстел өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Халықаралық экологтар күніне» арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебіне қарасты «Экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркістан өңірінің экологиялық жағдайын бағалау және жасыл технологияларды енгізу арқылы тұрақты дамуын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер белсенді қатысты.

Мерекелік жиынға экология саласында табысты еңбек етіп жүрген кафедраның әр жылдардағы түлектері арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар қоршаған ортаны қорғау ісіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, табиғатты аялаудың маңызын атап өтті.

Атап айтқанда, дөңгелек үстелде Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің директоры Е. Қозыбаев, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының директоры Б.Қырықбаев, «Қазгидромет» РМК Шымкент қаласы бойынша инженер-химигі Е. Матегова, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының ғылыми қызметкері Б. Мәлік, сондай-ақ «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының қызметкері Ғ. Назарбек мазмұнды баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, кафедра ғалымдары да экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелеріне арналған ғылыми баяндамаларын ұсынды.

«Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, партия атынан экология саласының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

«Экология» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Асұлу Абдуованың кәсіби еңбегі мен ғылымдағы жетістіктері лайықты бағаланып, оған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Бұл кездесу экологиялық мәдениетті нығайту мен мамандар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді.

В УНИВЕРСИТЕТЕ АУЭЗОВА ПРОШЕЛ ВЕЧЕР «АКТИВНЫЙ ВЫПУСКНИК – 2026»

В университете прошел особый вечер, посвященный самым ярким и инициативным студентам, которые на протяжении четырех лет были в самом центре университетской жизни и украшали своими талантами каждое мероприятие!

Традиционный вечер «Активный выпускник – 2026» был организован в Южно-Казахстанском исследовательском университете имени М. Ауэзова и собрал выпускников, переступающих порог новой жизни, и позволил им вновь пережить самые яркие моменты студенческих лет.

Этот вечер стал не просто выпускным, а настоящим праздником признания, почета и благодарности ребятам, которые четыре года активно участвовали в общественной жизни университета и вели за собой других в самых разных проектах.

С теплыми поздравлениями выступил проректор по социальной и воспитательной работе Гани Бесбаев. Он высоко оценил их вклад, лидерство и труд и пожелал им больших успехов, покорения новых вершин и блестящего будущего.

Самые яркие моменты вечера

Торжественное награждение лучших активистов университета

Официальное представление нового председателя Студенческого парламента

Яркие выступления талантливых творческих коллективов

Стильная фотозона и красивая праздничная аллея для памятных снимков

Вкусный фуршет и душевное общение

Зажигательные танцы, невероятная атмосфера и незабываемые эмоции!

Этот вечер, полный тепла, воспоминаний и трогательных моментов, навсегда останется в сердцах наших выпускников. Ведь именно эти студенты все эти годы были главной движущей силой культурной, общественной и творческой жизни университета.

Мы желаем всем активным выпускникам грандиозных успехов на жизненном пути, амбициозных целей и ярких побед! Пусть ваши мечты будут высокими, а шаги – уверенными!

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «БЕЛСЕНДІ ТҮЛЕК – 2026» КЕШІ ӨТТІ

Төрт жыл бойы университет өмірінің қайнаған ортасында жүріп, әрбір іс-шараның сәнін келтірген белсенді студенттерге арналған ерекше кеш өтті!

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ұйымдастырылған дәстүрлі «Белсенді түлек-2026» кеші студенттік өмірдің ең жарқын сәттерін еске түсіріп, жаңа өмір жолына қадам басқан түлектердің басын қосты.

Бұл кеш – жай ғана бітіру кеші емес, 4 жыл бойы университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі жобалар мен іс-шараларда алдыңғы қатардан көрінген белсенді жастарға көрсетілген құрмет пен алғыс кеші болды.

Кеш барысында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев түлектерге жылы лебізін білдіріп, олардың белсенділігі мен еңбегіне жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, жастарға үлкен өмір жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тіледі.

Кештің ең жарқын сәттері

Белсенді студенттерді салтанатты марапаттау

Студенттік Парламенттің жаңа төрағасын таныстыру

Талантты жастардың керемет өнер көрсетуі

Естелікке толы фотозона мен әсем аллея

Дәмді фуршет пен жылы жүздесулер

Би, көңіл-күй және ұмытылмас эмоциялар!

Жылылыққа, естелікке, әсерлі сәттерге толы бұл кеш әрбір белсенді түлектің жүрегінде ерекше орын алары сөзсіз. Себебі дәл осы жастар университеттің мәдени, қоғамдық және шығармашылық өмірінің қозғаушы күші болды.

Барша белсенді түлектерге алдағы өмір жолында толағай табыстар, биік мақсаттар мен жарқын жеңістер тілейміз! Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!