Архив доступен 4 337 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Ауыл таныстырады: “Ауыл”партиясының белсенділері

«Ауыл — әр қазақтың тамыры. Сол тамыр үзілмеуі керек!»

«Ауыл» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Ұлан Абдыханов -қарапайым ауылда өсіп, бүгінде елордада үлкен істерді атқарып жүрген халыққа жақын азамат. Салық, кеден саласында және кәсіпкерлікте шыңдалған маман уәде беруге емес, нақты жұмыс істеуге келді!

Елге қызмет — ең басты мақсат. Қолдап, пікір қалдырыңыз! ⤵️

АуылПартиясы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің және “Ауыл” партиясының төрағасы Серік Егізбаев “Бірінші Еуразия” телеарнасына берген сұхбатында жаңа конституциялық заңдардың маңызы, Халық Кеңесінің өкілеттіктері және вице-президент институтының ерекшеліктері туралы айтты.

Депутат Мажилиса Парламента РК, Председатель Комитета по аграрным вопросам и “Ауыл” партиясы Серік Егізбаев в интервью телеканалу “Первый канал Евразия” рассказал о значении новых конституционных законов, полномочиях Халық Кенесы и особенностях института вице-президента.

«Aуыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевтің Қазақстанға ресми сапары аясында өткен кездесулерге делегация құрамында қатысты

Председатель «Ауыл» партиясы Серік Егізбаев принял участие в составе официальной делегации во встречах, состоявшихся в рамках официального визита в Казахстан Председателя Жогорку Кенеша Кыргызской Республики Марлена Маматалиева

Астаналық студент Нұртуған Бөкенбай auylym.auyl.kz платформасына өз ұсынысын жолдады. Ол өзі туып өскен «Қазақстанның 15 жылдығы» ауылында заманауи Жастар орталығы салынса деген өзекті бастаманы көтерді

Сіздің де туған ауылыңызды көркейтуге арналған идеяңыз немесе маңызды жобаңыз бар ма? Ендеше, бейжай қарамаңыз!

Профиль сипаттамасындағы (БИО) сілтеме арқылы өтіп, өз ұсынысыңызды қалдырыңыз. Әрбір идея — ауылдың жаңа тынысы!

Бүгін Астанада «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» базасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің агроғылымды дамыту мәселелеріне арналған көшпелі отырысы өтті.

Іс-шара аясында Агроазық-түлік аналитикасы және консалтинг технологияларының оқу-ғылыми орталығының салтанатты ашылуы өтті. Мәжіліс депутаттары университеттің ғылыми жетістіктері мен инновациялық жобалар көрмесімен танысып, Агротехнопарк зертханаларын аралады.

Отырыста университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің қазіргі жағдайы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған ғылыми жобалар мен технологиялық шешімдер таныстырылып, аграрлық ғылымның өзекті мәселелері талқыланды.

Сегодня в Астане на базе Казахского агротехнического исследовательского университета имени С. Сейфуллина состоялось выездное заседание Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан, посвящённое вопросам развития аграрной науки.

В рамках мероприятия состоялось торжественное открытие Учебно-научного центра агропродовольственной аналитики и консалтинговых технологий. Депутаты Мажилиса ознакомились с научными достижениями университета, выставкой инновационных проектов и посетили лаборатории Агротехнопарка.

В ходе заседания были представлены результаты научно-исследовательской и инновационной деятельности университета, перспективные проекты для агропромышленного комплекса, а также обсуждены актуальные вопросы развития аграрной науки.

Председатель «Ауыл» партиясы Серік Егізбаев принял участие в составе официальной делегации во встречах, состоявшихся в рамках первого официального визита в Казахстан Председателя Жогорку Кенеша Кыргызской Республики Марлена Маматалиева.

В ходе переговоров Председатель Мажилиса Парламента Республики Казахстан Ерлан Кошанов и глава парламента Кыргызстана обсудили вопросы дальнейшего укрепления межпарламентского сотрудничества, расширения торгово-экономических связей, а также развития взаимодействия в сферах сельского хозяйства, туризма и «зелёной» энергетики.

По итогам встречи стороны подтвердили готовность продолжать обмен законодательным опытом и поддерживать конструктивный диалог по актуальным вопросам региональной повестки.

Казахстан и Кыргызстан остаются надёжными партнёрами, объединёнными общей историей, добрососедством и стремлением к устойчивому развитию.

«Aуыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевтің Қазақстанға ресми сапары аясында өткен кездесулерге делегация құрамында қатысты.

Сапар барысында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов пен Қырғызстан Парламентінің басшысы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, ауыл шаруашылығы, туризм және «жасыл» энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысында тараптар заң шығару саласында тәжірибе алмасуды жалғастырып, өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен стратегиялық әріптестік бауырлас халықтардың игілігі жолында нығая береді.

Парламентаралық диалог: Қырғызстан Жогорку Кеңешінің Төрағасы Астанаға келді

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырлас әрі стратегиялық қатынастар достық пен тату көршілік рухында нығаюын жалғастыруда. Бүгін елімізге Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңешінің Төрағасы Марлен Абдырахманұлы Маматалиев бастаған делегация ресми сапармен келді.

Елорда әуежайында мәртебелі қонақтарды Мәжіліс Төрағасының орынбасары Альберт Рау, сондай-ақ ресми делегация мүшелері қарсы алды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің және «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев бар.

Ресми сапар аясында парламентаралық өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін талқылау, заң шығару тәжірибесімен алмасу және екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жоспарланған. Оның ішінде аграрлық саланы дамыту мен шекара маңы өңірлеріндегі әріптестікті кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Қазақстанға қош келдіңіздер!

Межпарламентский диалог: Председатель Жогорку Кенеша Кыргызстана прибыл в Астану

Братские и стратегические отношения между Казахстаном и Кыргызстаном продолжают укрепляться в духе дружбы и добрососедства. Сегодня с официальным визитом в нашу страну прибыла делегация во главе с Председателем Жогорку Кенеша Кыргызской Республики Марленом Абдырахмановичем Маматалиевым.

В столичном аэропорту высоких гостей встретили заместитель Председателя Мажилиса Альберт Рау, а также члены официальной депутации, в числе которых депутат Мажилиса Парламента РК и Председатель Комитета по аграрным вопросам и «Ауыл» партиясы Серік Егізбаев.

В рамках официального визита планируется обсуждение ключевых вопросов межпарламентского взаимодействия, обмена законодательным опытом и углубления двустороннего сотрудничества, включая развитие аграрной сферы и приграничных регионов.

Добро пожаловать в Казахстан!

«Ауыл» партиясы искренне поздравляет нашего чемпиона, нашу гордость -Геннадия Головкина с включением в Международный зал боксёрской славы!

Для членов нашей партии это особый повод для радости и гордости. Геннадий Головкин своим талантом, трудолюбием, стойкостью и несгибаемой волей к победе прославил Казахстан на весь мир и стал настоящим примером для молодого поколения.

Мы гордимся тем, что впервые в истории независимого Казахстана Геннадий Головкин удостоен столь высокой и почётной международной награды. Это выдающееся достижение является предметом нашей общей гордости и ещё одним подтверждением мирового признания казахстанского спорта.

Геннадий Головкин -человек высоких принципов и ценностей, которые во многом созвучны идеалам и общественным приоритетам «Ауыл» партиясы. Его жизненный путь, преданность своему делу и любовь к Родине заслуживают самого глубокого уважения.

«Ауыл» партиясы желает Геннадию Геннадьевичу крепкого здоровья, благополучия, новых достижений и дальнейших успехов в деятельности на благо нашей страны.

Мы гордимся нашим чемпионам и уверены, что слава казахстанского спорта будет и дальше расти и укрепляться!

«Ауыл» партиясы чемпиондарымыздың мақтанышы, еліміздің абыройын асқақтатқан Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл – партия мүшелері үшін ерекше қуаныш пен зор мақтаныш. Геннадий Головкин өзінің талантымен, еңбекқорлығымен, қайсарлығымен және жеңіске деген жігерімен Қазақстанның атын әлемге танытып, жас ұрпаққа үлгі бола білді.

Геннадий Головкиннің Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет осындай жоғары әрі мәртебелі халықаралық құрметке ие болуы – баршамыз үшін үлкен мақтаныш. Бұл айтулы жетістік қазақстандық спорттың әлемдік деңгейде мойындалғанының тағы бір айқын дәлелі.

Геннадий Головкин – биік адамгершілік қағидаттары мен құндылықтарды ұстанатын азамат. Оның өмір жолы, өз ісіне адалдығы және Отанға деген сүйіспеншілігі «Ауыл» партиясының идеалдары мен қоғамдық басымдықтарымен үндеседі және зор құрметке лайық.

«Ауыл» партиясы Геннадий Геннадьевичке зор денсаулық, отбасы амандығын, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы қызметіне толағай табыс тілейді.

Біз өз чемпионымызды мақтан тұтамыз және қазақстандық спорттың даңқы бұдан әрі де артып, нығая беретініне сенімдіміз!

Құрметті, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды «ЖАСТЫҚ ШАҚТЫҢ ӘУЕНДЕРІ» ретро-концертіне шақырамыз!

Көкшетау қаласы, Мәдениет сарайы

12 маусым, 18:00-де

Серік Егізбаев Жоғары аудиторлық палатаның есебіне пікір білдірді

«Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қатысты баяндама жасады

Какие механизмы будут внедрять?

Депутат Мажилиса, член фракции «Ауыл» партиясы» Николай Арсютин задал вопрос представителю Министерства торговли и интеграции об обеспечения экспортного потенциала мясного животноводства

Берешек қашан өтеледі?

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы» фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаев Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдеріне субсидиялар бойынша сұрақ қойды.

Қаражат не себепті толық игерілмеген?

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы» фракциясының мүшесі Анас Баққожаев Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктерінің өкілдеріне ауыл шаруашылығы саласына бюджеттен бөлінген қаражаты бойынша сұрақ қойды.

Мерзімдер бұзылғанына кім жауап береді?

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы» фракциясының мүшесі Қарақат Абден «Самұрық-Қазына» қорының өкіліне вагондардың жеткізу мерзімдерінің бұзылуына нақты кімдердің жауапты екені туралы сұрақ қойды.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер, сондай-ақ кедендік реттеу, экология және Қырғызстанмен дипломатиялық ғимараттарды өзара алмасу мәселелері талқыланады

Сегодня на пленарном заседании Мажилиса ожидается обсуждение отчетов об исполнении республиканского бюджета за 2025 год, а также вопросов таможенного регулирования, экологии и взаимного обмена дипломатическими зданиями с Кыргызстаном

Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, «Ауыл» фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев төрағалық еткен комитеттің кезекті отырысында Үкімет пен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы алдағы есебіне қатысты мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, комитеттің алдағы іс-шараларына дайындық барысы талқыланды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 11 маусымда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында өтетін комитеттің көшпелі отырысына дайындық жұмыстары пысықталды. Аталған жиында аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланбақ.

Жиын аясында басқа комитеттерден келіп түскен заң жобалары бөлініп, Мәжіліс Бюросы отырысының қорытындылары қаралды.

Сегодня состоялось заседание Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента РК под руководством председателя комитета, руководителя депутатской фракции «Ауыл» Серіка Егізбаева. В ходе заседания были рассмотрены вопросы предстоящего отчета Правительства и Высшая аудиторская палата Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год.

Также были рассмотрены вопросы подготовки к предстоящим мероприятиям комитета. Отдельное внимание было уделено подготовке выездного заседания комитета, которое пройдет 11 июня 2026 года на базе Казахского агротехнического университета имени Сакена Сейфуллина. На выездном заседании планируется обсуждение вопросов развития аграрной науки.

В рамках заседания также были распределены законопроекты, поступившие из других комитетов, и обсуждены итоги заседания Бюро Мажилиса.

Подключайтесь к сайту auylm.auyl.kz и предлагайте идеи для развития своего села!

Авторы 10 предложений, набравших наибольшее количество голосов, получат для своих сёл комплекты Starlink с бесплатным доступом к интернету сроком на один год.

Ваш голос и ваша идея могут изменить будущее вашего села!

«Ауыл» партиясының ресми делегациясы Душанбедегі «Female Founders Forum 2026» халықаралық форумына қатысты.

«Ауыл» партиясының ресми делегациясы Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында өткен «Female Founders Forum Tajikistan 2026» ауқымды халықаралық форумының жұмысына қатысты. Халықаралық алаң Орталық Азия елдерінен, Ұлыбритания мен БАӘ-ден келген әйел көшбасшылардың, кәсіпкерлердің, инвесторлардың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдерінің басын қосты.

Ауқымды халықаралық форумда Қазақстанның ресми делегациясын «Ауыл» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары, партияның Әйелдер қанатының жетекшісі, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Айгерім Сарсенбаева бастап барды.

Форумның жұмыс күн тәртібі аясында ол негізгі баяндама жасап, Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың мүмкіндіктері мен қазіргі қоғамдағы өсіп келе жатқан рөлі туралы жан-жақты ақпаратты ұсынды. Спикер өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды конституциялық реформаларына ерекше тоқталды. Мемлекеттік қайта құрулардың әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ олардың елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі маңызды шешімдерді қабылдау процестеріне белсенді араласуына тікелей әсері егжей-тегжейлі ашып көрсетілді.

Баяндамада ауыл әйелдерінің жағдайын, әлеуетін және оларды жан-жақты қолдау мәселелерін жария ету бөлек әрі негізгі блок ретінде қамтылды. Партия тарапынан іске асырылып жатқан шаралар мен бастамалар айтылып, ауылдық аумақтарды дамытудың өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігі мен көшбасшылығын ілгерілету үшін стратегиялық маңызды әрі перспективалы бағыт ретіндегі әлеуеті белгіленді.

Делегацияның форумға қатысудағы басты мақсаттары -Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту, әйелдер көшбасшылығы институттарын ілгерілету және халықаралық деңгейде цифрлық трансформация мен кәсіпкерлік бастамаларды қолдау саласындағы озық тәжірибелермен алмасу болды.

Официальная делегация «Ауыл» партиясы приняла участие в международном форуме «Female Founders Forum 2026» в Душанбе

Официальная делегация «Ауыл» партиясы приняла участие в работе масштабного международного форума «Female Founders Forum Tajikistan 2026», который прошел в столице Республики Таджикистан -городе Душанбе. Международная площадка объединила женщин-лидеров, предпринимателей, инвесторов, представителей государственных органов, международных организаций и политических партий из стран Центральной Азии, Великобритании и ОАЭ.

Казахстанскую официальную делегацию на масштабном международном форуме возглавила заместитель руководителя Центрального аппарата «Ауыл» партиясы,руководитель женского крыла партии, а также член Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК Айгерим Сарсенбаева.

В рамках рабочей повестки форума она выступила с основным докладом, в котором представила комплексную информацию о социально-политическом положении женщин в Казахстане, их возможностях и растущей роли в современном обществе. В своем выступлении спикер сделала особый акцент на масштабных конституционных реформах Президента Касым-Жомарта Токаева. Было подробно раскрыто, как государственные преобразования напрямую влияют на расширение прав женщин, а также на их активное вовлечение в процессы принятия ключевых решений в политической, экономической и социальной жизни страны.

Отдельным ключевым блоком в выступлении стало детальное освещение положения, потенциала и всесторонней поддержки сельских женщин. Были озвучены реализуемые партией меры и инициативы, а также обозначены перспективы развития сельских территорий как стратегически важных и многообещающих ниш для развития женского предпринимательства и лидерства в регионе.

Главными целями участия делегации в форуме стали укрепление регионального сотрудничества в Центральной Азии, продвижение институтов женского лидерства и обмен передовым опытом в сфере цифровой трансформации и поддержки предпринимательских инициатив на международном уровне.