Архив доступен 9 398 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қазақстанның әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров соңғы күндері қоғамда қызу талқыланған сұхбатынан кейін әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлеріне арнайы үндеу жасады.

Үндеуінің соңында спортшы ерекше бастамасын жариялады. Егер маусымға қажетті қаржыландыру толық шешіліп, барлық дайындық жұмыстары қамтамасыз етілсе, бес айдан бері төленбей отырған жалақысының барлығын Балаларды қорғау күніне орай балаларға көмек көрсетуге бағыттайтынын мәлімдеді.

«Бұл менің және маған қолдау білдірген барлық қазақстандықтардың балаларға арналған сыйлығы болсын. Балалар – біздің болашағымыз. Оларды бағалап, қолдауымыз керек»

– деп түйіндеді Михаил Шайдоров.

«Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов Өзбекстан ұлттық құрамасының АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қосылды.

Футболшыны Нью-Йорк әуежайында ерекше қарсы алып, ұлттық құраманың символы саналатын сұр қасқыр бейнесіндегі ойыншық табыстады. Кейін Хусанов полицияның арнайы сүйемелдеуімен команда орналасқан базаға жеткізілді.

Өзбекстан құрамасы алдағы күндері екі жолдастық матч өткізеді. Команда 1 маусымда Канадамен, ал 8 маусымда Нидерланд құрамасымен кездеседі. Ал 11 маусымда АҚШ-та өтетін әлем чемпионаты басталады.

Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне бұрынғы үміткер Алтай Даумов ҚПЛ-дің 12-турындағы «Ордабасы» – «Қайрат» матчын бірінші айналымның басты ойыны деп бағалап, қақпашы Темірлан Анарбековті сынға алмауға шақырды.

Оның айтуынша, жас қақпашының қателіктері қалыпты жағдай, сондықтан дәл қазір оған қолдау қажет. Сонымен қатар Даумов «Ордабасының» тұрақты ойын көрсетіп жүргенін атап өтіп, шымкенттік клубты чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі деп атады.

12 турдан кейін «Ордабасы» 28 ұпаймен көш бастаса, «Қайраттың» еншісінде 26 ұпай бар.

Ордабасы – ҚПЛ үздігі. Қайрат ойыншылары әбден шаршаған. Астананың сәтсіздігі қашан аяқталады?

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко келесі жекпе-жегін өткізетін болды.

Дычко 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 7 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген британдық Харви Дайкс болмақ. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Бұл кездесу қазақстандық боксшы үшін ерекше мәнге ие. Өйткені ол 2025 жылдың қыркүйегінде америкалық Джермейн Франклиннен жеңілгеннен кейін алғаш рет рингке шыққалы отыр. Аталған жеңіліс Дычконың кәсіби мансабындағы алғашқы сәтсіздік болған еді.

Қазіргі таңда Иван Дычконың рекорды — 15 жеңіс (14 нокаут) және 1 жеңіліс. Ал Харви Дайкс кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген.

ҚФФ-ның Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті бірнеше шешім қабылдады.

Премьер-лиганың 11-турындағы «Тобыл» – «Ордабасы» матчында қарсыласына өрескел ойын көрсеткен «Тобыл» футболшысы Кирилл Глущенков екі матчқа дисквалификацияланды. Жаза 24 мамырдан бастап күшіне енді.

Ал «Алтай» клубы «Оқжетпеске» қарсы кездесуде қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Көрермендерді тексеру жұмыстарының әлсіз ұйымдастырылуына байланысты стадионға тыйым салынған заттар өткізілген. Қайталанған тәртіп бұзушылық үшін клубқа 90 АЕК көлемінде айыппұл салынып, оны 26 маусымға дейін төлеу міндеттелді.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Францияның ашық чемпионатының екінші айналымындағы матч кезінде төрешінің шешіміне наразылық білдіріп, эмоциясын жасыра алмады.

Қазақстандық теннисші колумбиялық Камила Осориомен болған тартысты кездесуде төрешінің бір шешіміне келіспей, ашуға булығып, ракеткасын кортқа қатты соқты. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

Матч үш сағат 30 минутқа созылып, Осорионың жеңісімен аяқталды – 7:5, 6:7, 7:5. Осылайша Путинцева «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің үшінші айналымына шыға алмады.

Еске салсақ, алғашқы айналымда қазақстандық теннисші австралиялық Талия Гибсонды жеңген болатын. Сол кездесуде Юлия алғашқы сетті ұтылғанына қарамастан, камбэк жасап, 4:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 61,7 миллион еуроны құрайды. Әйелдер арасындағы жарыстың жеңімпазы 2,8 миллион еуро сыйақы алып, WTA рейтингінің 2000 ұпайына ие болады.

@b1rinshibol

Norway Chess 2026 турнирінің 4-туры аясында норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен әлем чемпионы Д Гукешті классикалық партияда жеңді.

Бұл — былтырғы әйгілі «үстел соққысынан» кейінгі екі шахматшының алғашқы классикалық кездесуі. Ақ тастармен ойнаған Гукеш шешуші қателік жіберіп, Карлсен мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Матчтан кейін Карлсен қарсыласы туралы: «Өзі өзін қиын жағдайға қалдырды», — деп пікір білдірді.

Айта кетейік, турнирді сәтсіз бастаған Магнус үшін бұл жеңіс маңызды серпіліс болды.

Қазақстандық боксшы, WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындықтың алғашқы кезеңін бастады.

Орта салмақта әлем чемпионы атанған қазақ боксшысы белбеуін қорғау үшін шаршы алаңға биылғы желтоқсан айында оралады деп күтілуде. Қазір спортшы оқу-жаттығу процесін бастап, алдағы айқасқа тыңғылықты дайындалып жатыр.

Америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо «Ролан Гаррос» турнирінде поляк теннисшісі Хуберт Хуркачты бес сетке созылған матчта жеңгеннен кейін күтпеген жағдайға тап болды.

Матчтан соң жанкүйерлермен бірге жеңісті атап өту кезінде оның ракеткаларының бірі жоғалып кеткен. Осыған байланысты Тиафо әлеуметтік желіде үндеу жасап

«14-корттағы атмосфера керемет болды. Бірақ менің жеңісті тойлау кезінде ракеткамды алып кеткен жанкүйерге өтінішім бар. Өтінемін, оны қайтарыңыз. Есесіне келесі матчыма екі билет сыйлаймын», – деп жазды.

Көп ұзамай жоғалған ракетка иесіне қайтарылды. Тиафоның айтуынша, бұл оның «сәтті ракеткасы» болған, өйткені дәл осы ракеткамен Хуркачқа қарсы маңызды жеңіске жеткен.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтып, соңғы күндері қоғамда талқыланған мәселелерге қатысты пікір білдірді.

«Мен ешқандай мемлекеттік органмен жанжалға барғым келмейді. Бірақ өз атымды көпшілік алдында қаралауға жол бере алмаймын», – деді спортшы.

Ол 2026 жылға арналған келісімшарттағы кейбір талаптардың қисынсыз екенін атап өтті.

«2026 жылы отырып, төрт жылдан кейін өтетін Олимпиадада медаль алуға кепілдік беру мүмкін емес», – деді Шайдоров.

Ол қаржыландыру мәселесі толық шешілген жағдайда, бес айдан бері төленбей отырған жалақысының барлығын Балаларды қорғау күніне орай балаларға көмек көрсетуге аударатынын мәлімдеді.

«Бұл менің және маған қолдау білдірген барлық қазақстандықтардың балаларға арналған сыйлығы болсын. Балалар – біздің болашағымыз», – деп түйіндеді спортшы.

Лионель Месси Аргентина құрамасының әлем чемпионатына арналған тізіміне енді. Бұл — әлем жұлдызының мансабындағы алтыншы мундиалі болмақ.

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері бұған дейін 2006, 2010, 2014, 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарына қатысып, Қатардағы турнирде Аргентина құрамасын чемпиондыққа бастаған еді.

Топтық кезеңде аргентиналықтар Алжир, Австрия және Иордания құрамаларымен ойнайды. Әлем чемпиондары алғашқы матчын 16 маусым күні Алжирге қарсы өткізеді.

Құрамаға сондай-ақ Эмилиано Мартинес, Лаутаро Мартинес, Хулиан Альварес және Энцо Фернандес сынды футболшылар шақырту алды.

Иван Дычко келесі жекпе-жегін 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 7 турнирінде өткізеді.

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшының қарсыласы — кәсіби рингте әлі жеңілмеген британиялық Харви Дайкс. Он раундқа жоспарланған кездесу алдын ала кард аясында өтеді.

Дычко соңғы рет 2025 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста жұдырықтасып, америкалық Джермейн Франклинге төрешілер шешімімен есе жіберген еді. Бұл оның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бірнеше ай бойы жалақы ала алмағанын айтып, оған қолдау білдірді.

Лукас Instagram желісінде мұндай жағдайдың өзіне де таныс екенін жазды. Оның айтуынша, ұлттық құрама көшбасшыларының бірі бола тұра, кезінде небәрі 50 мың теңге жалақы алған.

Боксшы спортта шындықты айтатын немесе қиындыққа қарамастан нәтиже көрсететін спортшыларға қысым жасалатынын айтып, өзі туралы да теріс ақпарат таратуға әрекет болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол өзінің жетістіктері лайықты бағаланбағанын, ал уәде етілген қаржылық қолдаудың көрсетілмегенін жеткізді. Лукас кәсіби спортқа қолдау жоқ деген пікірмен келіспейтінін айтып, Жәнібек Әлімханұлы мен Шавкат Рахмонов мысалын келтірді.

Еске салайық, бұған дейін Михаил Шайдоров Олимпиададан кейін бірнеше ай бойы жалақы алмағанын айтып, спорт саласындағы қаржыландыру мәселесін көтерген болатын.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 турнирінің төртінші турында әйелдер арасындағы әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньн жеңді.

Негізгі партия тең аяқталғаннан кейін, жеңімпаз армагеддон форматында анықталды. Ақ тастармен ойнаған Асаубаева қарсыласын 6 минут 23 секундта тізе бүктіріп, турнир қоржынына 1,5 ұпай қосты.

Төрт турдан кейін қазақстандық шахматшы 7 ұпаймен Norway Chess Women-2026 турнирінің жеке көшбасшысы атанып отыр. Турнир Осло қаласында өтіп жатыр.

«Ордабасының» қай жылғы құрамын таңдар едіңіз?

2023 -

2026 -

Қайрат Ордабасыдан неге жеңілді? Ақтөбе мен Тобылға не болды? Қызылжар сәтсіз серияны қалай үзді?

ҚПЛ-дің 12-турында «Ордабасы» фаворит саналған «Қайратты» жеңіп, турнир кестесінде көш бастады. Fonteam-ның жаңа шығарылымында резиденттеріміз осы оңтүстік дербиі мен турдың басқа да матчтарын талдайды. Видеоны соңына дейін көріп, пікір қалдырыңыз!

https://youtu.be/1NjEs7UVoUE

Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қазақстан Премьер-Лигасының 12-туры аясында Алматының «Қайратын» қабылдап, маңызды матчта жеңіске жетті.

Кездесу барысында есепті алғаш болып алматылықтар ашты. 14-минутта Жоржиньо мергендігімен көзге түсті. Алайда шымкенттіктер үзіліске дейін таразы басын теңестіріп үлгерді — 28-минутта Ги-Марселин Килама гол авторы атанды.

Екінші таймда алаң иелері шабуылды үдете түсіп, 64-минутта Эльхан Астанов жеңіс голын соқты — 2:1.

Осылайша, «Ордабасы» 28 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастады. Ал «Қайрат» 26 ұпаймен екінші орынға сырғыды.

Қазақстан құрамасының жас футболшысы Ғалымжан Кенжебектің «Ахмат» сапындағы алғашқы голы мамыр айының үздік добы деп танылды.

Кенжебек бұл голын 10 мамыр күні Ресей Премьер-лигасының 29-туры аясында махачкалалық «Динамо» қарсы матчта соқты. Ол 60-минутта алаңға шығып, 83-минутта есепті теңестіріп, кездесудің қорытынды нәтижесін орнатқан еді — 1:1.

23 жастағы футболшы «Ахмат» клубына биыл қаңтарда еркін агент ретінде ауысқан. Содан бері ол жеті матч өткізіп, бір гол авторы атанды.

Турдың орталық матчына болжам

«Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы кездесу — жай ғана матч емес, чемпиондық тағдырына әсер ететін нағыз «алты ұпайлық» шайқас. Әлімжан Асқардың пайымдауынша, бұл текетіресте екі команда да голсыз кетпейді

IPHONE 17 ұтып алғыңыз келе ме? Қатысу шарттарымен сайтында мына сілтеме бойынша танысыңыз: https://fnbt.link/223e3