Архив доступен 258 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

5 маусым күні «Бәйтерек» холдингінде Астана халықаралық университетінің «Экономика» және «Менеджмент» білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесу өтті.

Baiterek Business University бастамасы аясында ұйымдастырылған іс-шараны Холдинг Аппаратының басшысы Дина Акрачкова алғы сөзімен ашты. Сондай-ақ студенттер алдында Холдинг Басқармасы төрағасының орынбасары Ерсаин Хамитов, басқарушы директор Әлия Мұрзағалиева және құрылымдық бөлімшелердің басшылары сөз сөйледі.

Кездесу барысында студенттер Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметі, қаржы және инвестиция салаларындағы мансаптық мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіби дамуға қажетті дағдылар туралы ақпарат алды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пайдалы кеңестермен бөлісті.

Осы жылдың ақпан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының ветеринариялық инфрақұрылым деңгейін одан әрі арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударылды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп ветеринариялық іс-шараларды уақтылы және тиімді жүргізуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

«Министр атап өткендей, Қазақстан аусылдан таза ел мәртебесіне ие болды. Біз алдағы уақытта да осындай мәртебеге сай болуымыз керек. Сонымен қатар мал шаруашылығының тұрақты дамуы ветеринариялық қауіпсіздік деңгейіне тікелей байланысты. Аурулардың алдын алу мен бақылаудың тиімді жүйесі болмаса, мал басының өсуін, өнімділікті арттыру және өнім сапасын жақсарту мүмкін емес. Осыған байланысты ішкі нарықтағы эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету өте маңызды»

– деп атап өтті Премьер-министр.

Әкімдіктерге базарларда ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды күшейтуді, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың қадағалануын және сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Өңірлерде ветеринариялық инфрақұрылымды салу және жаңғырту бойынша міндеттер қойылды.

«Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясат тиімділік пен аграршылардың адалдық қағидаттарына негізделіп қалыптастырылады. Сонымен қатар әкімдіктер бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстауы қажет.

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында аграрлық өндірістің барлық кезеңіне – егістіктен бастап сауда сөресіне дейін цифрлық құралдарды енгізу талап етіледі.

Сондай-ақ ауыл-аймақта жайлы өмір сүруге жағдайлар жасау маңызды. Зенченко, Ералиев, Сауэр, Құрманқұлов шаруашылықтарының ауылдары секілді мысалдар елімізде аз емес, алайда олардың саны арта түсуі тиіс. Мемлекет олардың дамуын жан-жақты қолдап, ынталандыратын болады»

— деп атап өтті Премьер-министр.

Сонымен қатар ағымдағы бірқатар өзекті мәселені шешу бойынша тапсырмалар берілді

ауыл шаруашылығының қосымша бағыттарын дамыту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» ҰБХ жылыжайлар, бау-бақша және балық шаруашылықтарын жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларын іске қосу жөнінде (жеке инвестициялар мен МЖӘ тетіктерін ескере отырып) қысқа мерзімде ұсыныстар енгізу

жеңілдетілген қаржыландыру алу кезінде мал өсірушілердің қажетті кепілінің болмауы мәселесін шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қаржы министрлігіне және «Бәйтерек» ҰБХ қарыздарға кепілдік беру тетігін жедел түрде енгізу тапсырылды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қазақстандық аграршыларды отандық минералды тыңайтқыштармен толық көлемде және тұрақты бағамен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

шегірткелердің таралуына жол бермеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп 2,2 млн гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау, зиянкестер ошақтарын оқшаулау

Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және ақпарат министрліктеріне су ресурстарын ұтымды пайдалану және су үнемдеу технологияларын қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.

«Дала мен орман өрттерінің қаупі күшейіп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп азаматтық қорғау қызметтері мен күштерінің жоғары әзірлігін қамтамасыз етуі қажет. Өрт сөндіру техникасының, байланыс жүйелерінің және жанар-жағармай қорының дайындық деңгейін тексеру керек. Сондай-ақ алдын алу шаралары аясында орман және дала алқаптарын, әсіресе елді мекендер мен егістік жерлерге жақын аумақтарды қураған шөптер мен өсімдік қалдықтарынан тазарту жұмыстарын жүргізу қажет»

— деп тапсырды Олжас Бектенов.

Аталған барлық тапсырмалардың сапалы орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігіне және облыс әкімдіктеріне жүктелді.

@KZgovernment

Шаруа қожалығының директоры сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу, АӨК-ті цифрландыру, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы білімінің сапасын арттыру, ауыл үшін кадрлар даярлау және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару мәселелерін көтерді.

Жиын қорытындысында Премьер-министр Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және АӨК-ті жоғары технологиялық экспорттық салаға айналдыру жөніндегі алға қойған міндетін жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

«Өсімдік шаруашылығы саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр, ал біздің міндетіміз – осы қарқынды сақтап, одан әрі арттыра түсу. Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және Экология министрліктері өңір әкімдіктерімен бірлесіп, әсіресе қуаңшылық қаупі бар аймақтарда егістіктерді сумен қамтамасыз ету жағдайын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және өнімді сақтап қалу үшін жедел шаралар қабылдау керек. Барлық агротехнологиялық талаптар белгіленген ғылыми нормаларға қатаң сәйкес орындалуы тиіс. Минералды тыңайтқыштарды уақтылы енгізуді қамтамасыз ету қажет. Өсімдіктерді қорғау шараларын жүргізуге ерекше назар аудару керек»

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыттарының бірі ретінде мал шаруашылығы саласының зор әлеуеті бар екені атап өтілді. Оның жүйелі дамуы үшін биыл 5 жылға арналған, бүкіл өндірістік тізбек бойынша жеңілдетілген қаржыландыруды көздейтін Кешенді жоспар бекітілді. Мал шаруашылығының барлық кіші салалары мен санаттарына 220 млрд теңге бағытталатын болады. Ірі қара және ұсақ малдың асыл тұқымды басын сатып алуға арналған «Игілік» және «Береке» жаңа кредиттік өнімдері іске қосылды, олардың бекітілген мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.

Мал айдау шаруашылығын ынталандыру мақсатында жайылым инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Жайлау» бірыңғай кредиттік өнімі іске қосылуда. Айналым қаражатын толықтыруға арналған 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы қолжетімді. Осы бағытта әкімдіктерге жұмысты күшейтіп, жер ресурстары айтарлықтай ірі шаруашылықтардың мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалану тапсырылды

Премьер-министр ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мал шаруашылығын дамытуға белсенді тарту қажеттігін атап өтті.

«Кеңес жұмысына бизнес пен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысып отырғанын пайдаланып, мына мәселеге тағы да назар аударғым келеді: ірі шаруашылықтар жыл бойғы жұмыспен қамтуды тұрақты жолға қоюы тиіс. Бұл – сіздерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Мемлекет қажетті қолдауды көрсетуде, бірақ ірі бизнес тарапынан да бірінші кезекте жыл бойғы жұмыспен қамту жөнінде қарсы міндеттемелер күтеді. Ашығын айтайын, егер осы бағытта тиісті шаралар қабылданбаса, біз сіздермен бірге бұдан әрі жұмыс істей алмаймыз, мұндай меншік иелерінен жер телімдерін кері қайтарып ала бастаймыз»

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Суды ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өткен жылы жекелеген шаруашылықтардың егіс құрылымын сақтамауы, әсіресе Түркістан және Қызылорда облыстарында су тұтынудың өсуіне әкелді. Осыған байланысты Премьер-министр су ресурстары және ирригация министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп мәселені бақылауда ұстауды, ылғал көп қажет ететін дақылдар бойынша бекітілген егіс құрылымының сақталуын қамтамасыз етуді және фермерлермен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Өңірлерде су ресурстарын ескере отырып, егіс құрылымын оңтайландыру жүргізілуде. Суды пайдаланудың белгіленген лимиттеріне сәйкес күріш алаңы 20,6 мың гектарға қысқарып, 79,9 мың гектарды құрады. Мақта шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуге баса назар аударылуда: тамшылатып суаруға арналған мақта алаңы 29,8 мың гектарға ұлғайтылып, 79,8 мың гектарға жетті, ал дәстүрлі суаруға арналған алаңдар 12 мың гектарға қысқарды.

Вегетациялық кезеңдегі ауа райы болжамы туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев баяндады. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, осы кезеңде ауа температурасы жоғары болады және жауын-шашын әр жерде әр түрлі жауады. Жалпы алғанда вегетациялық маусымның басталуы қолайлы деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, шілде-қыркүйек айларында еліміздің жекелеген өңірлерінде ылғал тапшы болуы мүмкін қаупі бар. Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз, ал Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шалғай солтүстігінде нормаға жақын деп болжанып отыр.

Бұл ретте вегетациялық маусымға жасалған алдын ала болжам уақыт өте нақтыланып, ай сайынғы мәліметтермен толықтырылып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен халыққа жеткізілетін болатыны атап өтілді.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин шаруаларды қаржылай қолдау шаралары туралы баяндады. Биыл АӨК-ті дамытуға 1,2 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның 750 млрд теңгесін егін егу және жинау жұмыстарына бағыттау жоспарлануда. Бүгінгі таңда фермерлер 573 млрд теңге қарыз алған, бұл шамамен 6,8 млн га егіс алқабын өңдеуге мүмкіндік берді. Оған қосымша «Даму» қоры 232 млрд теңгеге 1,7 мың кепілдік берді, соның арқасында аграршылар 273 млрд теңгеге несие ала алды.

«Зенченко и К» шаруа қожалығының директоры Геннадий Зенченко фермерлік қоғамдастық мемлекеттің шаруаларды қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмысын оң бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, ағымдағы шешімдер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында қолдау тауып, жаңа инвестициялық жобаларға, заманауи өндірістерге және ауылдағы жұмыс орындарына айналуда.

«Шаруалар қоғамдастығы атынан Мемлекет басшысына бүгінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға көңіл бөлініп жатқаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Жасалып отырған қолдау тетіктері бизнеске ұзақ мерзімді жобаларға сенімді инвестиция салуға, заманауи технологияларды енгізуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда фермерлерге одан әрі даму үшін барлық қажетті жағдайлар мен құралдар бар. Сонымен бірге, мемлекеттік қолдау бизнестің берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудағы жоғары жауапкершілігін де көздейді»

— деді Геннадий Зенченко.

Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндама жасады. Сонымен қатар жиында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері және аграршылар атынан «Зенченко и К» шаруа қожалығының директоры Геннадий Зенченко сөз сөйледі.

«Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының басым бағыты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саланың қарқынды дамуына ерекше назар аударып, оның ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңыздылығын, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін және экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз етудегі рөлін үнемі ерекше атап көрсетіп келеді»

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанының аяқталғаны туралы баяндады. Биыл 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 180 мың гектарға артық. Президент тапсырмасы бойынша жоғары рентабельді және әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқаптарын ұлғайта отырып, егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 15,8 млн гектарға, майлы дақылдар 4,3 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 3,3 млн гектарға егілді.

Шегірткеге қарсы күрес аясында биыл 2,2 млн гектар жер өңделеді. Бүгінде шамамен 665 мың гектарда зиянкестерге қарсы іс-шаралар аяқталды. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қабылданды: шаруалар 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етілді, 2,3 млн тонна көлемінде тұқымға қажеттілік толық жабылды, 2,3 млн тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарланған.

Төрт айда ет өндірісі 338 мың тоннаны құрады (+3,4%). Сиыр етін өндіру көлемі 112,9 мың тоннаны (+6,1%), қой еті 34,7 мың тоннаны (+8,1%), жылқы еті 41,2 мың тоннаны (+3,8%) құрады.

Мал шаруашылығын дамытудың тиімділігі ветеринариялық қауіпсіздікке тікелей байланысты. Осыған байланысты Үкімет ветеринариялық қызметті нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруда.

«Соңғы екі жылда жергілікті атқарушы органдар 9,1 млрд теңге сомасына шамамен 600 ветеринариялық нысан салды. Мемлекеттік ветеринариялық зертханаларды қосымша жарақтандыру жұмыстары жалғасуда. Республикалық бюджеттен берілетін жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде инфрақұрылымды дамытуға 66,2 млрд теңге бөлінді. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі елеулі жетістікке әкелді – Қазақстан ресми түрде аусылдан таза ел мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебе отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді»

— деп баяндады Айдарбек Сапаров.

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім үлесі 51%-дан асты, бұл саланың қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшіп жатқанын көрсетеді.

Жалпы алғанда АӨК-тегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Соңғы 2 жылда қазіргі заманғы мал шаруашылығы кешендерінен бастап терең өңдеу кәсіпорындарына дейін 540 жаңа өндіріс пайдалануға берілді. Оның ішінде 89 мал шаруашылығы кешені, 70 тауарлы-сүт фермасы, 35 астық қоймасы, 35 көкөніс қоймасы, 16 құс фабрикасы, 11 жылыжай салынды, өсімдік майларын өндіру және терең өңдеу бойынша 12 жоба жүзеге асырылды. 2026 жылы техника паркін жаңарту қарқыны 8%-ға жетпек, бұл ретте парктің тозуы 65%-ға дейін төмендейді.

@KZgovernment

@KZgovernment

Перед отраслью стоит задача повышать доходность каждого гектара за счет современных технологий и выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью. Премьер-министр ознакомился с цифровыми решениями, применяемыми в АПК, в том числе беспилотными летательными аппаратами, метеостанциями и анализаторами почвы. Их использование позволяет точнее оценивать состояние посевов, планировать агротехнические работы и повышать эффективность сельхозпроизводства. В целом в регионе достигнут высокий уровень диверсификации посевных площадей: порядка четверти всех масличных культур страны выращивается именно в Северо-Казахстанской области.

Также презентован проект строительства завода по производству гранулированной люцерны. Проект направлен на развитие кормовой базы и обеспечение животноводческих хозяйств качественными кормами с высокой питательной ценностью. Генеральный директор группы компаний «Эталон Агро» Медет Тулегенов подчеркнул, что важным условием успешной реализации проекта является развитие орошаемого земледелия, которое позволит получать до двух-трех укосов люцерны за сезон, обеспечивать стабильное качество сырья и равномерную загрузку производственных мощностей. Для круглогодичной работы завода также прорабатывается дополнительное направление – выпуск биотоплива из гранулированной льняной и пшеничной соломы.

В Петропавловске Премьер-министр посетил молокоперерабатывающий завод ТОО «Eurasian milk», где осмотрел технологический процесс и линейку выпускаемой готовой продукции. Директор Андрей Гриценко доложил, что предприятие работает по швейцарским технологиям, ориентировано на выпуск продукции с высокой степенью переработки, импортозамещение и развитие экспортного потенциала. Завод работает на казахстанском сырье, поставляемом фермерскими хозяйствами региона.

Осуществляется выпуск твердых и мягких сыров вытяжного типа свыше 7 тыс. тонн, производство более 12 тыс. тонн сливочного масла и около 12 тыс. тонн сгущенного молока в год, а также более 20 тыс. тонн сывороточного концентрата и кисломолочной продукции. До конца 2026 года планируется запуск производства нового продукта – крем-чиза мощностью более 6 тыс. тонн в год. В целом на предприятии налажен выпуск 24 наименований. Продукция поставляется на внутренний рынок, а также экспортируется в Россию, Азербайджан и Кыргызстан.

На текущем этапе производство загружено на 50% от проектной мощности. В этой связи Премьер-министр дал поручение МСХ совместно с акиматом оказать все меры поддержки для скорейшего вывода предприятия на полную мощность.

По итогам посещения объектов Премьер-министр поручил Министерству сельского хозяйства совместно с акиматом области продолжить поддержку фермеров для развития переработки, кормопроизводства и цифровизации АПК, обеспечить своевременный запуск новых молочно-товарных ферм, а также содействовать продвижению отечественной продукции на рынке.

@KZgovernment

О внедрении цифровых решений, направленных на развитие региона, и реализации проекта Digital Aimaq доложил руководитель аппарата акима Северо-Казахстанской области Руслан Алишев. На сегодня в СКО функционируют 10 районных и 3 сельских креативных IT-центра, предоставляющих жителям сел доступ к современным технологиям и возможностям цифровизации. До конца года в селах региона планируется запуск еще 11 таких центров.

На площадках SKO Hub и Qyzyljar Creative Center более 3 тыс. человек прошли обучение цифровым навыкам, проведено свыше 400 мероприятий, создано 30 стартапов, привлекаются инвестиции. Прорабатывается вопрос расширения этой работы в рамках аналогичного китайского проекта Digital village.

Руслан Алишев также доложил о планах по созданию IT-парка Digital Qyzyljar. Это позволит обеспечить условия для роста региональных IT-компаний, сформировать единый центр координации регионального проекта Digital Aimaq и ускорить цифровую трансформацию ключевых отраслей экономики области.

На территории хозяйства ТОО «Кызылжар Жем» Премьер-министр ознакомился с итогами сева и осмотрел поле с ультраранним сортом зерновых культур. Предприятие специализируется на ведении смешанного сельского хозяйства.

Директор предприятия Данияр Анафин сообщил, что на опытном поле планируется посев мягкой яровой пшеницы сорта Calixo французской селекции компании Secobra Recherches S.A. Сорт относится к раннеспелым, с вегетационным периодом в 85 дней, и обладает высоким потенциалом урожайности. Ранее Calixo успешно зарекомендовал себя в регионах Западной Сибири с почвенно-климатическими условиями, близкими к условиям Северо-Казахстанской области. Отмечено, что в благоприятные годы урожайность сорта достигала 60 ц/га.

По уровню экономической эффективности сорт способен конкурировать с рядом высокомаржинальных культур, что делает его перспективным для дальнейшего внедрения в сельскохозяйственное производство СКО. Сопровождать выращивание раннеспелой пшеницы будет Северо-Казахстанская сельскохозяйственная опытная станция.

Здесь же состоялась встреча с местными сельхозтоваропроизводителями. Олжас Бектенов поздравил аграриев с завершением посевной кампании. Казахстан входит в десятку крупнейших экспортеров пшеницы и сохраняет лидирующие позиции на мировом рынке муки.

«По поручению Президента третий год оказывается массированная поддержка аграрного сектора. В этом году общее финансирование растениеводства и животноводства достигла 1 трлн 200 млрд тенге. Мы видим отдачу: прошлые два года был хороший урожай. Наше зерно экспортируется в 70 стран мира. Мы входим в десятку мировых поставщиков. Это результат политики Главы государства Касым-Жомарта Токаева, который уделяет пристальное внимание развитию отрасли, и безусловно каждодневного труда фермеров. Работу будем продолжать»

— подчеркнул Олжас Бектенов.

«Программа «Кен дала-2» поддержала нас. Мы сегодня имеем право планировать финансирование, есть уверенность в своевременном поступлении средств – это очень здорово. Были годы, когда мы не знали, будет ли удобрение, придет ли вовремя. Сегодня мы получаем стабильно удобрения. За последние годы решены вопросы по солярке, мы практически не знаем никаких проблем. За это выражаем искреннюю благодарность Президенту. Наша задача – обеспечить хороший урожай, чтобы наши территории развивались и повышалось благосостояние населения Казахстана. При этом заработная плата наших механизаторов не уступает уровню оплаты труда в городе»

— сказал директор ТОО «СК Вагулинское» Виктор Редин.

Директор ТОО «Акселеу» Серик Малаев отметил, что важную роль в проведении полевых работ сыграли меры государственной поддержки. Аграрии своевременно получили льготные кредиты под 5%, доступ к удешевленным минеральным удобрениям и необходимым объемам горюче-смазочных материалов. Это позволило провести все агротехнологические мероприятия в оптимальные сроки и с соблюдением необходимых требований. Отдельно было отмечено значение цифровизации производственных процессов.

Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по развитию сельского хозяйства в СКО и провел встречу с аграриями

Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в Северо-Казахстанскую область проверил ход реализации поручений Президента по развитию агропромышленного комплекса, повышению производительности сельского хозяйства и углублению переработки отечественной продукции. В частности, посещены цифровая молочно-товарная ферма ТОО «Атамекен-Агро-Корнеевка», хозяйство ТОО «Кызылжар Жем», молокоперерабатывающий завод ТОО «Eurasian milk».

На сегодня Северо-Казахстанская область занимает первое место среди организованных хозяйств по производству молока и обеспечивает около 1/6 части странового объема его переработки.

В селе Корнеевка Есильского района Олжас Бектенов ознакомился с работой современной цифровой молочно-товарной фермы ТОО «Атамекен-Агро-Корнеевка». Директор предприятия Александр Фадеев сообщил, что на ферме содержится 2,5 тыс. голов КРС молочного направления, в том числе свыше 1,3 тыс. коров. Поголовье голштино-фризской породы завезено из Венгрии, Германии, Дании и Нидерландов. Первые 300 голов из Германии, адаптированных к условиям казахстанской зимы, будут реализованы сельхозпроизводителям уже осенью.

Олжас Бектенов осмотрел автоматизированный доильный зал на 40 голов немецкого производства Westfalia, а также цифровые системы управления стадом и производственными процессами. На ферме применяются решения DairyPlan и CowScout, которые позволяют вести автоматизированный учет надоев, контролировать работу оборудования, отслеживать состояние животных, их активность и продуктивность. По итогам 2025 года ферма произвела порядка 11 тыс. тонн молока. С начала текущего года объем производства составил около 3 тыс. тонн.

Первый заместитель акима Северо-Казахстанской области Марат Тасмаганбетов доложил о реализации Комплексного плана развития животноводства. В регионе функционируют 118 молочно-товарных ферм, 9 птицефабрик, в том числе 6 яичного направления мощностью свыше 600 млн яиц в год. По итогам 2025 года объем валовой продукции животноводства составил 208 млрд тенге с ростом на 6%. Производство мяса достигло 82 тыс. тонн, молока – 382 тыс. тонн, яиц – 631 млн штук.

Премьер-министр отметил, что Глава государства уделяет особое внимание мерам поддержки фермеров. Развитие молочно-товарных ферм соответствует задаче Президента по увеличению доли переработанной продукции в АПК до 70%. Такие проекты укрепляют продовольственную безопасность, расширяют сырьевую базу для переработки и создают постоянную занятость на селе.

Олжас Бектенов акцентировал внимание руководства области и МСХ на ветеринарной безопасности. По поручению Президента с 2024 года ветеринарная отрасль впервые за последние 14 лет получила необходимое финансирование для системного развития. В стране за последние два года построено порядка 600 ветеринарных объектов на сумму 9,1 млрд тенге.

«На сегодняшний день эпизоотическая ситуация остается благополучной. За последние три года мы получили снижение бруцеллезом в 12 раз, снижение неблагополучных пунктов на 7 пунктов. Минимизировано число резких вспышек заболевания. Для этого есть все условия, в этом году из республиканского бюджета выделено 1,8 млрд тенге на строительство 57 ветеринарных пунктов и 2 ветеринарные станции. Строительство ветеринарных пунктов дает существенную поддержку для ветеринарного благополучия личных подсобных хозяйств, в них проводят весь спектр ветеринарных манипуляций»

— доложил Марат Тасмаганбетов.

Справочно: Всего в стране функционируют 373 молочно-товарные фермы с совокупным объемом производства порядка 1 млн тонн молока в год. Во исполнение поручения Главы государства, данного в Послании народу Казахстана, запланировано строительство 116 современных молочно-товарных ферм с общим объемом производства около 600 тыс. тонн молока в год. Уже введена в эксплуатацию 71 ферма. До конца текущего года планируется завершить строительство еще 19 ферм.

Сондай-ақ Премьер-министрге түйіршіктелген жоңышқа зауытын салу бастамасы да таныстырылды. Жоба жемшөп базасын дамытуға және мал шаруашылығын тағамдық құндылығы жоғары сапалы жеммен қамтамасыз етуге бағытталған. «Эталон Агро» компаниялар тобының бас директоры Медет Төлегенов жобаны табысты жүзеге асырудың маңызды шарты суармалы егіншілікті дамыту болып саналатынын атап өтті, ол бір маусымда екі-үшке дейін жоңышқа шабуға, шикізаттың тұрақты сапасын және өндірістік қуаттардың біркелкі жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыттың жыл бойы жұмыс істеуі үшін қосымша бағыт – түйіршіктелген зығыр және бидай сабанынан биоотын шығару пысықталуда.

Петропавл қаласында Премьер-министр «Eurasian Milk» ЖШС сүт өңдеу зауытында өндірістің технологиялық процесімен және шығарылатын дайын өнім түрлерімен танысты. Директор Андрей Гриценко кәсіпорын швейцариялық технологиялар негізінде жұмыс істейтінін, терең өңделген өнім өндіруге, импортты алмастыруға және экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталғанын баяндады.

Зауыт өңірдегі фермерлік шаруашылықтар жеткізетін қазақстандық шикізатты пайдаланады. Мұнда жыл сайын 7 мың тоннадан астам қатты және жұмсақ ірімшік, 12 мың тоннадан астам сары май, шамамен 12 мың тонна қоюлатылған сүт, сондай-ақ 20 мың тоннадан астам сарысу концентраты мен қышқыл сүт өнімдері өндіріледі.

2026 жылдың соңына дейін жылдық қуаты 6 мың тоннадан асатын жаңа өнім – крем-чиз өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Жалпы кәсіпорында 24 түрлі өнім шығарылады. Өнімдер ішкі нарықпен қатар Ресейге, Әзербайжанға және Қырғызстанға экспортталады.

Қазіргі уақытта өндіріс жобалық қуатының 50%-ы көлемінде жұмыс істеп тұр. Осыған байланысты Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, кәсіпорынның толық қуатқа шығуын жеделдету үшін қажетті барлық қолдау шараларын көрсетуді тапсырды.

Нысандарды аралау қорытындысы бойынша Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, өңдеу, жемшөп өндірісін және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруды дамыту үшін фермерлерді қолдауды жалғастыруды, жаңа сүт-тауар фермаларын уақытылы іске қосуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ отандық өнімнің нарықтағы ілгерілеуіне жәрдемдесуді тапсырды.

@KZgovernment

Сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өтті. Олжас Бектенов шаруаларды егін егу науқанының аяқталуымен құттықтады. Қазақстан бидайды ірі экспорттаушылардың ондығына кіреді және әлемдік ұн нарығында көшбасшылық позициясын сақтап отыр.

«Президенттің тапсырмасы бойынша үшінші жыл қатарынан аграрлық секторға ауқымды қолдау көрсетілуде. Биыл өсімдік және мал шаруашылығы салаларын жалпы қаржыландыру көлемі 1 трлн 200 млрд теңгеге жетті. Нәтижесін көріп отырмыз: соңғы екі жылда жақсы өнім алынды. Бүгінде біздің астық әлемнің 70 еліне экспортталады. Қазақстан әлемдегі астық жеткізуші он елдің қатарына кіріп отыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саланы дамытуға ерекше көңіл бөлуінің және фермерлердің күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз жұмысты одан әрі жалғастырамыз»

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

«“Кең дала-2” бағдарламасы бізге қолдау көрсетті. Бүгінде біз қаржыландыруды жоспарлауға мүмкіндік алдық, қаражаттың уақтылы түсуіне сенімділік бар – бұл өте жақсы мүмкіндік. Тыңайтқыштың уақытында келетінін немесе келмейтінін білмейтін уаықттар болды. Бүгінде біз тыңайтқыштарды тұрақты түрде алып отырмыз. Соңғы жылдары дизель отынына қатысты мәселелер шешілді, біз іс жүзінде ешқандай қиындық көріп отырған жоқпыз. Бұл үшін Президент шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің міндетіміз – жақсы өнім алып, өңіріміздің дамуын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру. Сонымен қатар біздің механизаторлардың жалақысы қаладағы еңбекақы деңгейінен кем емес»

— деді «СК Вагулинское» ЖШС директоры Виктор Редин.

«Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев егіс жұмыстарының жүргізілуінде мемлекеттік қолдау шараларының маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Шаруалар 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелерді, арзандатылған минералды тыңайтқыштарға қолжетімділікті және қажетті көлемдегі жанар-жағармай материалдарын уақытылы алды. Бұл барлық агротехнологиялық шараларды оңтайлы мерзімде және талаптарға сай жүргізуге мүмкіндік берді.Өндірістік үдерістерді цифрландырудың маңызына бөлек назар аударылды.

Сала алдында әр гектардың кіріс көлемін заманауи технологиялар арқылы және жоғары қосылған құны бар өнім өндіру есебінен арттыру міндеті тұр. Премьер-министр АӨК-де қолданылып жатқан цифрлық шешімдермен, соның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарымен, метеостансалармен және анализаторлармен танысты. Оларды пайдалану егістіктің жағдайын дәлірек бағалауға, агротехникалық жұмыстарды жоспарлауға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы өңірде егіс алқаптарын әртараптандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізілді: елдегі майлы дақылдардың шамамен төрттен бірі дәл Солтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.

Өңірді дамытуға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу және Digital Aimaq жобасын жүзеге асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев баяндады. Бүгінгі таңда СҚО-да ауыл тұрғындарына заманауи технологиялар мен цифрландыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін 10 аудандық және 3 ауылдық креативті IT-орталықтары жұмыс істейді. Жыл соңына дейін өңірдегі ауылдарда осындай тағы 11 орталықты іске қосу жоспарлануда.

SKO Hub және Qyzyljar Creative Center алаңында 3 мыңнан астам адам цифрлық дағдыларға оқытудан өтті, 400-ден астам іс-шара өткізілді, 30 стартап құрылды, инвестициялар тартылуда. Аталған жұмысты осығын ұқсас қытайлық Digital village жобасы аясында кеңейту мәселесі пысықталуда.

Руслан Әлішев сондай-ақ Digital Qyzyljar IT-паркін құру жоспары туралы баяндады. Бұл өңірлік IT-компаниялардың өсуі үшін жағдай жасауға, Digital Aimaq өңірлік жобасын үйлестірудің бірыңғай орталығын қалыптастыруға және облыс экономикасының негізгі салаларының цифрлық трансформациясын жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Қызылжар Жем» ЖШС қожалығының аумағында Премьер-министр егін егу жұмыстарының қорытындысымен танысып, дәнді дақылдардың ультраерте сұрпының алқабын тексерді. Кәсіпорын аралас ауыл шаруашылығын жүргізуге маманданған.

Кәсіпорын директоры Данияр Анафин тәжірибе алаңында Secobra Recherches S.A. компаниясының француздық сұрыптаудан шыққан Calixo сұрпының жұмсақ жаздық бидайын себу жоспарланып отырғанын айтты. Сұрып ерте пісетін дақыл түріне жатады, вегетациялық кезеңі 85 күн және өнімділігі жоғары. Calixo бұған дейін топырақ-климаттық жағдайлары Солтүстік Қазақстан облысына жақын Батыс Сібір өңірлерінде жоғары тиімділігін дәлелдеген. Қолайлы жылдары аталған сұрптың өнімділігі гектарына 60 центнерге дейін жеткені атап өтілді.

Экономикалық тиімділігі бойынша бұл сұрп жоғары табысты бірқатар дақылмен бәсекелесе алады, бұл оны Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірісіне одан әрі енгізу үшін перспективалы етеді. Ерте пісетін бидайды өсіру жұмыстарын «Солтүстік-Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы сүйемелдейді.

Олжас Бектенов Президенттің СҚО ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеріп, шаруалармен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Президенттің агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және отандық өнімді терең өңдеу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС цифрлық сүт-тауар фермасы, «Қызылжар Жем» ЖШС шаруашылығы және «Eurasian milk» ЖШС сүт өңдеу зауытына барды.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы шаруашылықтар арасында сүт өндіру көлемі бойынша екінші орында тұр және еліміздегі сүт өңдеу көлемінің шамамен 1/6 бөлігін қамтамасыз етеді.

Есіл ауданы Корнеевка ауылында Олжас Бектенов «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС заманауи цифрлық сүт-тауар фермасының жұмысымен танысты. Кәсіпорын директоры Александр Фадеевтің айтуынша, фермада 2,5 мың сүтті ірі қара мал, оның ішінде 1,3 мыңнан астам сиыр бар. Голштин-фриз тұқымды мал Мажарстан, Германия, Дания және Нидерландтан әкелінген. Қазақстанның қысына бейімделген Германиядан әкелінген алғашқы 300 бас мал биыл күзде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізіледі.

Олжас Бектенов Westfalia компаниясының 40 басқа арналған автоматтандырылған сауу залын, сондай-ақ табын мен өндіріс процестерін басқарудың цифрлық жүйелерін көрді. Фермада сауылған сүт көлемінің автоматтандырылған есебін жүргізуге, жабдық жұмысын қадағалауға, жануарлардың жағдайын, олардың белсенділігі мен өнімділігін бақылауға мүмкіндік беретін DairyPlan және CowScout шешімдері қолданылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ферма шамамен 11 мың тонна сүт өндірді. Жыл басынан бері өндіріс көлемі шамамен 3 мың тоннаны құрады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы баяндады. Өңірде 118 сүт-тауар фермасы, 9 құс фабрикасы жұмыс істейді, оның ішінде қуаттылығы жылына 600 млн жұмыртқадан асатын 6 жұмыртқа бағыты бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 6% өсіммен 208 млрд теңгені құрады. Ет өндірісі 82 мың тоннаға, сүт 382 мың тоннаға, жұмыртқа 631 млн данаға жетті.

Премьер-министр Мемлекет басшысы шаруаларды қолдау шараларына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Сүт-тауар фермаларын дамыту Президенттің АӨК-дегі өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі нақты міндетіне сәйкес келеді. Мұндай жобалар азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады, қайта өңдеу үшін шикізат базасын кеңейтеді әрі ауылдық жерлерде тұрақты жұмыспен қамту ісін қалыптастырады.

Олжас Бектенов облыс басшылығы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарын ветеринариялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше аударды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдан бері ветеринария саласы кейінгі 14 жылда алғаш рет жүйелі дамуға қажетті қаржы алды. Соңғы екі жылда республика бойынша жалпы құны 9,1 млрд теңге болатын 600-ге жуық ветеринарлық нысан салынды.

«Бүгінгі таңда эпизоотиялық жағдай қолайлы болып отыр. Соңғы үш жылда біздің өңірде бруцеллез 12 есе азайды, қолайсыз пункттер 7 пунктке төмендеді деген ұйғарым алдық. Аурудың күрт өршу ошағы қысқарды. Бұл үшін барлық жағдайлар жасалған, биыл республикалық бюджеттен 57 ветеринариялық пункт пен 2 ветеринариялық станса салуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Ветеринариялық пункттердің құрылысы жеке қосалқы шаруашылықтар үшін ветеринариялық саулықты сақтауға елеулі қолдау болмақ, оларда ветеринариялық манипуляциялардың барлық спектрі жүргізіледі»

— деп баяндады Марат Тасмағанбетов.

Анықтама үшін: Елімізде жылына барлығы шамамен 1 млн тонна сүт өндіретін 373 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау үшін жылына шамамен 600 мың тонна сүт өндіретін 116 заманауи сүт-тауар фермасын салу жоспарланған. Қазірдің өзінде 71 ферма пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы 19 ферманың құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Казахстанская Жилищная Компания выдала первую гарантию в области Абай.

Появление первого проекта с гарантией КЖК свидетельствует о начале формирования в регионе легального рынка долевого строительства. По данным исследования КЖК за 2025 год, рынок долевого строительства в области Абай находился полностью в «тени».

В области Абай впервые выдана гарантия Казахстанской Жилищной Компании на завершение строительства жилого комплекса. Гарантию получил жилой комплекс «Jagalau» в городе Семей.

Жилой комплекс «Jagalau» расположен по адресу: область Абай, город Семей, улица Иртышская, 3/1. Проект предусматривает строительство 12-этажного жилого блока на 66 квартир. Застройщик проекта — ТОО «СИТЕКО», уполномоченная компания — ТОО «UK Citeco».

Гарантия КЖК обеспечивает 100% защиту средств дольщиков жилого комплекса «Jagalau». В случае если застройщик по каким-либо причинам не сможет завершить строительство в срок, КЖК возьмет на себя обязательства по завершению объекта перед дольщиками в соответствии с Законом Республики Казахстан «О долевом участии в жилищном строительстве».

Появление первого проекта с гарантией КЖК в Семее — важное событие для всей области Абай. Это не только защита средств граждан благодаря гарантии КЖК, но и важный сигнал рынку о том, что привлекать средства дольщиков можно прозрачно и в полном соответствии с требованиями законодательства - отметила Айгерим Курманбаева, директор департамента по работе с юридическими лицами КЖК.

Подробнее

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы Абай облысына алғашқы кепілдік берілді

ҚТК кепілдігі бар алғашқы жобаның пайда болуы өңірде үлестік тұрғын үй құрылысының заңды нарығын қалыптастырудың басталғанын білдіреді. Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының 2025 жылға арналған зерттеу деректеріне сәйкес, Абай облысындағы үлестік құрылыс нарығы толықтай «көлеңкеде» болған.

Абай облысында алғаш рет Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға кепілдік берді. Кепілдік Семей қаласындағы «Jagalau» тұрғын үй кешеніне тиесілі.

«Jagalau» тұрғын үй кешені Абай облысы, Семей қаласы, Иртышская көшесі, 3/1 мекенжайында орналасқан. Жоба 66 пәтерден тұратын 12 қабатты тұрғын үй блогының құрылысын салуды көздейді. Жобаның құрылыс салушысы — «СИТЕКО» ЖШС, уәкілетті компания — «UK Citeco» ЖШС.

ҚТК кепілдігі «Jagalau» тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің қаражатын 100% қорғауды қамтамасыз етеді. Егер құрылыс салушы қандай да бір себептермен құрылысты белгіленген мерзімде аяқтай алмаса, ҚТК Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес үлескерлер алдындағы объектіні аяқтау міндеттемелерін өз мойнына алады.

Семей қаласында ҚТК кепілдігі бар алғашқы жобаның пайда болуы - бүкіл Абай облысы үшін маңызды оқиға. Бұл азаматтардың қаражатын ҚТК кепілдігі арқылы қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар нарыққа үлескерлердің қаражатын ашық және қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес тартуға болатыны жөнінде маңызды белгі болып табылады, - деп атап өтті ҚТК-ның Заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Әйгерім Құрманбаева.

Машиностроение Казахстана: как формируется индустриальный рост

Машиностроение в Казахстане становится одной из ключевых отраслей, определяющих технологическую устойчивость экономики и ее долгосрочный рост.

За последние годы отрасль демонстрирует устойчивое развитие: растут объемы производства, расширяются мощности предприятий, создаются новые рабочие места и формируются промышленные кластеры.

Важную роль в этом процессе играет Холдинг «Байтерек», который обеспечивает комплексную поддержку отрасли — от финансирования новых производств до стимулирования спроса на отечественную продукцию и продвижения экспорта.

Подробнее читайте в материале Kapital.kz.

Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Национальный инвестиционный холдинг «Байтерек». Рассмотрены вопросы привлечения финансирования для реализации инвестиционных и инфраструктурных проектов, развития несырьевого экспорта, а также повышения эффективности мер государственной поддержки реального сектора экономики.

В рамках исполнения поручений Главы государства по обеспечению финансирования экономики Совет директоров принял ряд решений, направленных на расширение ресурсной базы холдинга и увеличение поддержки приоритетных отраслей.

Внимание уделено поддержке отечественных экспортеров. Совет директоров одобрил заключение АО «Экспортно-кредитное агентство Казахстана» взаимосвязанных сделок для получения государственной гарантии Республики Казахстан в размере 250 млрд тенге сроком на 10 лет. Реализация данного решения позволит увеличить страховую и гарантийную емкость агентства, расширить инструменты поддержки несырьевого экспорта и повысить доступ бизнеса к экспортному финансированию. Ожидается, что по итогам 2026 года портфель страховых и гарантийных обязательств агентства достигнет 1,2 трлн тенге.

Утвержден План мероприятий по устойчивому развитию холдинга «Байтерек» на 2026–2028 годы. Документ предусматривает совершенствование инструментов «зеленого» и устойчивого финансирования, поддержку проектов, способствующих низкоуглеродному росту, повышение эффективности управления ESG-рисками, прозрачности и качества корпоративного управления. В числе приоритетов также реализация социальных инициатив, совершенствование кадровой политики и внедрение лучших международных ESG-практик.

В настоящее время холдинг учитывает 15 из 17 Целей устойчивого развития ООН и последовательно интегрирует соответствующие принципы в работу группы компаний. По итогам 2025 года международное рейтинговое агентство Sustainable Fitch повысило ESG-рейтинг холдинга с уровня «3» до уровня «2», подтвердив соответствие холдинга лучшим мировым стандартам в области устойчивого развития.

По итогам заседания утверждены Консолидированный отчет по рискам, отчет Службы внутреннего аудита и отчет Антикоррупционной комплаенс-службы за I квартал 2026 года.

Справочно: С начала 2026 года в рамках реализации задачи по финансированию экономики на сумму 8 трлн тенге холдингом оказана поддержка бизнесу на общую сумму порядка 3 трлн тенге. В том числе поддержку получили 2 975 проектов малого и среднего бизнеса на сумму порядка 875 млрд тенге. На развитие агропромышленного комплекса направлено около 685 млрд тенге, что позволило поддержать 5,2 тыс. сельхозтоваропроизводителей. Крупному бизнесу предоставлено финансирование, охватившее 380 проектов.

По линии Qazaqstan Investment Corporation профинансировано 5 инвестиционных проектов на сумму 51,5 млрд тенге, в рамках поддержки экспорта по линии Экспортно-кредитное агентство Казахстана направлено 293,5 млрд тенге для поддержки 54 отечественных экспортеров.

Таким образом, холдинг продолжает обеспечивать доступ бизнеса к финансовым инструментам, способствуя развитию предпринимательства, модернизации производства, росту экспорта и укреплению экономики страны.

@KZgovernment

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінде экономиканың нақты секторын қаржыландыруды кеңейту жөніндегі шешімдер қабылданды

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру тарту, шикізаттық емес экспортты дамыту, сондай-ақ экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысының экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Директорлар кеңесі Холдингтің ресурстық базасын кеңейтуге және басым салаларды қолдауды арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылдады.

Отандық экспорттаушыларды қолдауға баса назар аударылды. Директорлар кеңесі «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Қазақстан Республикасының 250 млрд теңге мөлшеріндегі мемлекеттік кепілдігін 10 жыл мерзімге алу үшін өзара байланысты мәмілелер жасауын мақұлдады. Бұл шешімді жүзеге асыру агенттіктің сақтандыру және кепілдік беру әлеуетін арттыруға, шикізаттық емес экспортты қолдау құралдарын кеңейтуге және бизнестің экспорттық қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша Агенттіктің сақтандыру және кепілдік міндеттемелер портфелі 1,2 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде.

«Бәйтерек» холдингін орнықты дамыту жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Құжат «жасыл» және тұрақты қаржыландыру құралдарын жетілдіруді, төмен көміртекті өсуге ықпал ететін жобаларды қолдауды, ESG-тәуекелдерді басқару тиімділігін, корпоративтік басқарудың ашықтығы мен сапасын арттыруды көздейді. Басымдықтардың қатарында әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, кадр саясатын жетілдіру және үздік халықаралық ESG-тәжірибелерді енгізу де бар.

Қазіргі уақытта холдинг БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатының 15-ін ескереді және тиісті принциптерді компаниялар тобының жұмысына дәйекті түрде біріктіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі холдингтің тұрақты даму саласындағы үздік әлемдік стандарттарға сәйкестігін растай отырып, холдингтің ESG-рейтингін «3» деңгейінен «2» деңгейіне дейін көтерді.

Отырыс қорытындысында Тәуекелдер бойынша шоғырландырылған есеп, Ішкі аудит қызметінің есебі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің 2026 жылғы I тоқсандағы есебі бекітілді.

Анықтама: 2026 жылдың басынан бері экономиканы 8 трлн теңгеге қаржыландыру бойынша міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде холдинг бизнеске жалпы сомасы 3 трлн теңгеге қолдау көрсетті. Оның ішінде шамамен 875 млрд теңгеге шағын және орта бизнестің 2 975 жобасына қолдау көрсетілді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шамамен 685 млрд теңге бағытталды, бұл 5,2 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға мүмкіндік берді. Ірі бизнеске 380 жобаны қамтитын қаржы бөлінді.

Qazaqstan Investment Corporation желісі бойынша 51,5 млрд теңгеге 5 инвестициялық жоба қаржыландырылды, экспортты қолдау шеңберінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 54 отандық экспорттаушыны қолдау үшін 293,5 млрд теңге бағыттады.

Осылайша, холдинг кәсіпкерліктің дамуына, өндірісті жаңғыртуға, экспорттың өсуіне және ел экономикасының нығаюына ықпал ете отырып, бизнестің қаржы құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.

@KZgovernment

@KZgovernment